Мамандық: 0304000 «Стоматология» Курс: I i I семестр: V, VI



бет1/8
Дата28.01.2018
өлшемі4,9 Mb.
#35607
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академия
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы


Молекулалық биология, медициналық генетика пәнінен Теориялық сабақтан әдістемелік өңдеу
Мамандық: 0304000 «Стоматология»

Курс: I I I

Семестр: V, VI

Құрастырғандар:

Алипбаева Г.С.

Жазыкбаева Г.Т.

ШЫМКЕНТ 2014

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді:


Хаттама № « 24 » 29. 05. 2014 ж


Кафедра меңгерушісі: Есіркепов М.М



V- семестр
1.Сабақтың тақырыбы: ДНҚ - диагностикалаудың әдістері

Сағат саны: 90 мин (100%)

Сабақ түрі: Теория – тақырып таныстыру сабақ

Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Оқушыларға молекулалық – цитогенетикалық әдістер-хромосомаларды зерттеудегі жаңа әдіс болып саналатынын, ДНҚ - зонд - биотин не дигоксигенин жалғанған ДНҚ -ның бір тізбегі болып табылатынын, люминесцентті микроскоп арқылы боялмаған хромосомалар арасынан боялған хромосомаларды айқын көріп, бақылауға, әрі қарай зерттеуге болатынын, FISH әдісі арқылы геннің орналасу орнын анықтаудан бастап бірнеше хромосома аралық күрделі қайтақұрылымдарды ажыратуға мүмкін болатынын оқушыларға түсіндіру.

тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

Оқыту әдісі: Тақырыппен таныстыру (презентация), плакаттар жинағы, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а)техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Плакаттар жинағы, слайдтар.

б) оқыту орны : 413, 427 б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика» - Оқулық.Шымкент – «АСҚАРАЛЫ» баспасы,2008ж.

1.Медицинская биология и генетика / Под. Редакцией Куандыкова Е.У. – Алматы,2004

2. Мушкамбаров Н.Н.Кузнецов С.Н.Молекулярная биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов – Москва: Наука,2003,544с.

3. Ньюссбаум Р.И.др.Медицинская генетика: учебное пособие / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П – М.,2010. – 624с.

4. Притчарт Д.Дж., Корф Б.Р.Наглядная медицинская генетика / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П. – М.,2009 – 200с.


Қосымша әдебиеттер:

1.Введение в молекулярную медицину / под.ред.Пальцева М.А. – М.,Медицина,2004

2. Генетика. Учебник / под.ред.академика РАМН Иванова В.И. – М., ИКЦ «Академкнига»,2006 .

3.Гинтер Е.К.Медицинская генетика – М.,Медицина,2003.

4. Казымбет П.К., Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие – Астана,2006,2007.

5. Медицинская паразитология.Учебное пособие.Барышников Е.Н. – М., ВААДОС – пресс,2005.

6. Пехов А.П.Биология и общая генетика. Учебник – СПб,2006.

7. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей. Пер с англ. – М.: БИНОМ – Пресс,2003.


Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру


Жаңа сабақ түсіндіру 65 мин (30%)

  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.


Цитогенетикалық әдістердің мәні-микроскоп арқылы адам хромосомаларын зерттеу болып табылады. Бұл әдіс ХІХ ғ. аяғынан қолданылып келеді.

Цитогенетикалық әдістер арқылы-хромосома санының не жеке хромосомалардың құрылымын жарық микроскоп арқылы зерттейді.

Цитогенетикалық зерттеулер объекті- бөлінуші (митоз, мейоз) не интерфазалық жасушалар болып табылады.



Молекулалық –цитогенетикалық әдістер-хромосомаларды зерттеудегі жаңа әдіс болып саналады, оны-флюоресцентті будандастыру (гибридтеу) (FISH) деп атайды. Бұл әдіс бірнеше сатылардан тұрады:

1) Алғаш зерттелінетін хромосомамен не оның бір учаскесімен будандасатын ДНҚ-зонд дайындалады. ДНҚ-зонд-биотин не дигоксигенин жалғанған ДНҚ-ның бір тізбегі болып табылады.

2) Микроскопиялық препараттағы хромосома ДНҚ-сын сілті ерітіндісімен өңдеп оны денатурациялайды, яғни ДНҚ жіпшелері арасындағы сутектік байланыстарды үзеді де ДНҚ жіпшелерін бір-бірінен ажырастырады.

3) Препаратқа ДНҚ-зондты енгізеді. Осы кезде ДНҚ-зонд нуклеотидтері зерттелетін хромосоманың ДНҚ тізбегіндегі нуклеотидтермен комплиментарлық байланысады, яғни ДНҚ ренатурацияланады.

4) Осыдан кейін препараттағы биотин не дигоксигенинді олармен таңдамалы қосылатын затпен (биотин үшін-стрептовидин, дигоксигенин үшін-антидигоксигенин) әрекеттестіреді, содан кейін бұл заттарға 1-2 кезеңмен флюоросцентті бояуларды (қызыл түсті бояу-родамин, жасыл түсті-изотиоцианат флюоресцин) қосады.

5) Люминесцентті микроскоп арқылы боялмаған хромосомалар арасынан боялған хромосомаларды айқын көріп, бақылауға, әрі қарай зерттеуге болады. FISH әдісі арқылы геннің орналасу орнын анықтаудан бастап бірнеше хромосома аралық күрделі қайтақұрылымдарды ажыратуға мүмкін болады. FISH әдісі анеуплоидияларды анықтау үшін де қолданылады.



Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс) 10 мин (10%)

  • Оқущылардың білімін жан жақты тексеру

  • Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру

Жаңа тақырыпты бекіту 5 мин (10%)

Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау



Үйге тапсырма беру 3 мин (2%)

Аралық бақылау




2. Сабақтың тақырыбы: Аралық бақылау.

Сағат саны: 90 мин ( 100%)

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.

тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

Оқыту әдісі: кеспе сұрақтар, тест сұрақтары, ситуациялық есептер.

Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а)техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Плакаттар жинағы, слайдтар.

б) оқыту орны : 413, 427 б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика» - Оқулық.Шымкент – «АСҚАРАЛЫ» баспасы,2008ж.

1.Медицинская биология и генетика / Под. Редакцией Куандыкова Е.У. – Алматы,2004

2. Мушкамбаров Н.Н.Кузнецов С.Н.Молекулярная биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов – Москва: Наука,2003,544с.

3. Ньюссбаум Р.И.др.Медицинская генетика: учебное пособие / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П – М.,2010. – 624с.

4. Притчарт Д.Дж., Корф Б.Р.Наглядная медицинская генетика / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П. – М.,2009 – 200с.


Қосымша әдебиеттер:

1.Введение в молекулярную медицину / под.ред.Пальцева М.А. – М.,Медицина, 2004

2. Генетика. Учебник / под.ред.академика РАМН Иванова В.И. – М., ИКЦ «Академкнига», 2006 .

3.Гинтер Е.К.Медицинская генетика – М.,Медицина,2003.

4. Казымбет П.К., Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие – Астана, 2006, 2007.

5. Медицинская паразитология.Учебное пособие.Барышников Е.Н. – М., ВААДОС – пресс,2005.

6. Пехов А.П.Биология и общая генетика. Учебник – СПб,2006.

7. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей. Пер с англ. – М.: БИНОМ – Пресс,2003.


Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білімін тексеру.

Бақылау сұрақтары 75 мин (35%)
1.Тест сұрағына жауап беру

2. Ситуациялық есептерді шығару

3. Тақырып бойынша карточка толтыру

4. Ауызша жауап беру


Сабақты қорытындылау 5 мин (2%)

Үйге тапсырма беру 5 мин (2%)

Жасушаның молекулалық биологиясы. Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметі және молекулалық құрылымы.




3. Сабақтың тақырыбы: Жасушаның молекулалық биологиясы. Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметі және молекулалық құрылымы.

Сағат саны: 90 мин ( 100%)

Сабақ түрі: Теория – тақырып таныстыру сабақ

Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Оқушыларға жасуша туралы түсінікті, жасушаның негізгі компоненттерін, жасуша қағидаларын, жасуша органеллаларын (ядро, цитоплазма, лизосома, рибосома, ЭПТ, гольджи комплексі) оқыту.

тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

Оқыту әдісі: Тақырыппен таныстыру (презентация), плакаттар жинағы, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а)техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Плакаттар жинағы, слайдтар.

б) оқыту орны : 413, 427 б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика» - Оқулық.Шымкент – «АСҚАРАЛЫ» баспасы,2008ж.

1.Медицинская биология и генетика / Под. Редакцией Куандыкова Е.У. – Алматы,2004

2. Мушкамбаров Н.Н.Кузнецов С.Н.Молекулярная биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов – Москва: Наука,2003,544с.

3. Ньюссбаум Р.И.др.Медицинская генетика: учебное пособие / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П – М.,2010. – 624с.

4. Притчарт Д.Дж., Корф Б.Р.Наглядная медицинская генетика / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П. – М.,2009 – 200с.


Қосымша әдебиеттер:

1.Введение в молекулярную медицину / под.ред.Пальцева М.А. – М.,Медицина,2004

2. Генетика. Учебник / под.ред.академика РАМН Иванова В.И. – М., ИКЦ «Академкнига»,2006 .

3.Гинтер Е.К.Медицинская генетика – М.,Медицина,2003.

4. Казымбет П.К., Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие – Астана,2006,2007.

5. Медицинская паразитология.Учебное пособие.Барышников Е.Н. – М., ВААДОС – пресс,2005.

6. Пехов А.П.Биология и общая генетика. Учебник – СПб,2006.

7. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей. Пер с англ. – М.: БИНОМ – Пресс,2003.


Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру


Жаңа сабақ түсіндіру 65 мин (30%)

  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.

Жасуша - тіршіліктің ең ұсақ және маңызды құрылымдық-қызметтік бірлігі болып табылады, себебі кез-келген ағзалар денесі жасушалардан құрылған, тіршіліктің негізгі қасиеттері мен қызметтері жасушаларда жүзеге асады. Жасушаны 1665 ж. Голландия оқымыстысы Р.Гук ашқан, ал жасуша теориясын 1938 ж. -1939 жж. Неміс ғылымдары Т.Шванн және М.Шлейден қалыптастырды. Жасуша теориясының негізгі қағидалары төмендегідей:

1. Барлық тірі ағзалар жасушалардан тұрады. Жасуша тіршіліктің ең ұсақ құрылымдық –қызметтік бірлігі;

2. Барлық жасушалардың құрылысы, жалпы алғанда, ұқсас жоба бойынша құрылған;

3. Жасуша тек жасушалардан, олардың бөлінуі нәтижесінде, пайда болады (Р.Вирхов, 1858) «Omni cеllula a cellula». Қазіргі кезде жасушалардың 2 үлкен тобы белгілі: прокариоттық және эукариоттық жасушалар.

Прокариоттық жасушалар - бактерияларға және көк-жасыл балдырларға, ал эукариоттық жасушалар - өсімдіктерге, жануарларға және саңырауқұлақтарға тән.

Эукариоттық жасушалар құрылысы төмендегі сызбанұсқаға сәйкес болады:





жасуша қабықшасы

ядро



жасуша




протопласт

(жасушаның негізгі заты)


Гиалоплазм

цитоплазма
органеллалар




      • вакуоля
        ядро

митохондрия

      • ЭПТ

                  • Гольджи кешені

пероксисома

                  • лизосома

                  • рибосома

                  • цитоскелет


Эукариоттық жасуша құрылысының жобасы


Белгілер

Құрылысы және қызметі


Мембраналар

Барлық органеллалар ақуыз-липидті мембраналармен қапталған.

Жасуша ішілік қозғалыс

Жасушада заттар бір органелладан екіншісіне көпіршіктер арқылы өтіп, қозғалып отырады (заттар ағыны). Заттардың тасымалдануы және миграциясы, ақуыз ағыны не визикула ағыны, негізінде жүзеге асады.

Жасуша органеллаларының қалыптасуы

Жасуша органеллалары-динамикалық құрылымдар, олар өсіп, (өлшемдері үлкейіп не кішірейіп), ыдырап жойылып не жаңадан түзіліп отырады.

Органеллалардың жасуша ішінде орналасуы

Органеллалар жасушада қалай болса солай, ретсіз орналаспайады; әрбір органелла атқаратын қызметіне сай орналасады.


Органеллалар дегеніміз жасушада үнемі, тұрақты түрде кездесетін,

белгілі бір құрылысқа ие және нақтылы қызметтерді атқаратын

құрылымдар. Олардың түрлері және негізгі атқаратын қызметтері төменде

келтірілген.



Органеллалар

Негізгі қызметтері


Ядро

Хромосомалар (хроматин шумағы) орналасатын және РНҚ синтезделінетін жер.

Митохондрия

Трикарбон қышқылдарының (Кребс циклы), тотықтыра фосфорлау.

Рибосома

Ақуыз синтезі.

Эндоплазмалық тор (ретикулум) (ЭПТ)

Ақуыз синтезі (кедір-бұдыр ЭПТ). Липидтер синтезі (тегіс ЭПТ). Көптеген ксенобиотиктердің тотықтануы (цитохром Р-450).

Гольджи кешені

Ақуыздардың жасушаішілік іріктелуі. Гликозилдену, сульфаттану реакциялары.

Пероксисома

Кейбір май қышқылдарының және амин қышқылдарының ыдырауы. Сутек асқын тотығының түзілуі және ыдырауы.

Лизосома

Көптеген гидролазалар орналасқан жер (заттардың жасушаішілік ыдырауы).

Цитоплазмалық мембрана (плазмолемма)

Молекулаларды жасуша ішіне және жасушадан сыртқа өткізу. Жасушааралық адгезия және байланысу.

Цитоскелет (цитоқаңқа)

Микротүтікшелер, микрофиламенттер-органеллалардың және басқа-да құрылымдардың (хроматин, бөліну жіпшелерінің) тірегі, органеллалардың мақсатты қозғалуы.




Эукариоттық жасуша органеллалары (Фаллер, Шилдстан, 2006)

Ядро (nucleus) – жасушаның ең үлкен органелласы. Оны 1931 ж. ағылшын оқымыстысы Р.Броун ашқан. Ядро пішіні домалақ, кейде сопақша тәрізді болып келеді. Ол жасушаның ортасына жақын орналасқан, өлшемі-10-25 мкм шамасында. Ядро-ядро қабықшасынан, ядро матриксінен, хроматиннен, ядро шырынынан (кариоплазма) және бір немесе бірнеше ядрошықтардан тұрады. Ядро қабықшасы-қос қабат мембранадан (сыртқы және ішкі) құрылған, ол хроматинді қоршап тұрады. Екі мембрана арасында қалыңдығы 20-50нм перинуклеарлық кеңістік болады. Сыртқы мембрананың цитоплазмалық бетінде рибосомалар болуы мүмкін. Ядроның сыртқы мембранасы біртіндеп эндоплазмалық тор мембранасына ұласады.

Ядро қабықшасының ішкі мембранасының ішкі бетімен ламина деп аталатын жұқа ақуыздық тақта байланысқан.



Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс) 10 мин (10%)


  • Оқущылардың білімін жан жақты тексеру

  • Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру

Жаңа тақырыпты бекіту 5 мин (10%)

Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау



Үйге тапсырма беру 3 мин (2%)

Жасуша тіршілігіндегі жарғақшаның рөлі.



4. Сабақтың тақырыбы: Жасуша тіршілігіндегі жарғақшаның рөлі.

Сағат саны: 90 мин ( 100%)

Сабақ түрі: Теория – тақырып таныстыру сабақ

Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Оқушыларға жасуша тіршілігіндегі жарғақшаның рөлін, жарғақша арқылы тасымал түрлерін, жарғақша липидтерін, жарғақша ақуыздарының түрлерін (құрылымдық ақуыздар,тасымалдаушы ақуыздар) оқыту

тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

Оқыту әдісі: Тақырыппен таныстыру (презентация), плакаттар жинағы, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а)техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Плакаттар жинағы, слайдтар.

б) оқыту орны : 413, 427 б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика» - Оқулық.Шымкент – «АСҚАРАЛЫ» баспасы,2008ж.

1.Медицинская биология и генетика / Под. Редакцией Куандыкова Е.У. – Алматы,2004

2. Мушкамбаров Н.Н.Кузнецов С.Н.Молекулярная биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов – Москва: Наука,2003,544с.

3. Ньюссбаум Р.И.др.Медицинская генетика: учебное пособие / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П – М.,2010. – 624с.

4. Притчарт Д.Дж., Корф Б.Р.Наглядная медицинская генетика / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П. – М.,2009 – 200с.


Қосымша әдебиеттер:

1.Введение в молекулярную медицину / под.ред.Пальцева М.А. – М.,Медицина,2004

2. Генетика. Учебник / под.ред.академика РАМН Иванова В.И. – М., ИКЦ «Академкнига»,2006 .

3.Гинтер Е.К.Медицинская генетика – М.,Медицина,2003.

4. Казымбет П.К., Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие – Астана,2006,2007.

5. Медицинская паразитология.Учебное пособие.Барышников Е.Н. – М., ВААДОС – пресс,2005.

6. Пехов А.П.Биология и общая генетика. Учебник – СПб,2006.

7. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей. Пер с англ. – М.: БИНОМ – Пресс,2003.


Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру


Жаңа сабақ түсіндіру 65 мин (30%)

  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.

Цитология ғылымының соңғы 30–40 жылдағы негізгі жетістіктердің бірі–цитоплазманың мембраналық құрылыс принципінің тұжырымдалуы болып табылады. Бұл тұжырымның негізгі мәні–цитоплазманың және оның органеллаларының биомембраналардан тұратындығын, олардың қызметтері мен қасиеттерінің биомембраналарға байланысты екендігін көрсету. Қазіргі кезде адам ағзасында құрылысы, қызметтері түрліше болып келетін 200–ге жуық жасушалар типі сипатталған, демек биомембраналардың да көптеген түрлері болатындығы сөзсіз. Шынында да цитоплазманың құрғақ затының 90% -биомембраналар болып табылады, яғни гиалоплазма екі мембранамен шектелген (плазмолемма, тонопласт), ядро қабықшасының сыртқы және ішкі мембраналары, митохондриялардың сыртқы және ішкі мембраналары, ЭПТ (эндоплазмалық тор), Гольджи кешенінің, лизосомалардың, пероксисомалардың және жасушаның басқа да мембраналық құрылымдары. Биомембраналардың бәрінің құрылысы, жалпы алғанда, ұқсас жоба күйінде құрылған. Биомембраналардың негізі болып амфифильдік (екі ұшы екі түрлі –гидрофильді және гидрофобты) липидтердің қос қабаты саналады




Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет