Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»


«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясы



бет3/5
Дата05.11.2016
өлшемі1,26 Mb.
#657
1   2   3   4   5

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясы

Бұл – халықты қайғыға душар еткен дүрбелең басылып, ел етегін жауып, есі кіре бастаған уақыт еді. Әйгілі опера және балет театры ашылып, еңсесін көтерген ел өнердің жаңа түріне керемет құштарлық танытқан тұс болатын. Қаламгерлер де уақыт талабына сай көптеген пьеса, либретто жаза бастаған. Соны өнердің бір саласы халқымыздың орасан бай, алуан түрлі жыр дастанын қайта түлетіп қалын жұрттың жаратуға кіріскен.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» 1939 жылғы трагедиясы Ғабит Мүсіреповтың ең құнарлы, жемісті дәурін – үшінші кезеңін бастайды. Ел таныған әйгілі туындыларының басым көпшілігі осы уақытта дүниеге келген еді.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясына халықтың сүйікті көркем жыры өзек болғаны баршамызға аян. Бұрынғы балан, жас сана-сезімнің туындысы оскелең реалистік әдебиет талабына сай өрнектелген соң, бағзы заман, бұлдыр тарих еншісі емес, ұзақ дәурлеп кеше ғана өткен күрделі қоғамның шыншыл бейнесін танытып, көрер мен қуымен жылы ұшырай қауышты. Армандай елестеген Қозы мен Баяннын сахнада көрген жұрт та Ғабене алғыс-рақытымен жаулырғанды. Қаһармандары толысып, реалистік сипатқа ие болғандықтан, шығарманың зері де, зердесі де – бүкіл құрылысы да жаңа сыр-сымбатқа ие болды.

Егер жырда тартысқа негіз болған шытырман оқиға ескі салт-тумай жатып атастырудан жатса, енді Қозы мен Баянның табиғи сезіміннен өрбіп, адамгершілікпен жауыздық, шынайы махаббат пен содыр-сойқан зұлымдық арасындағы домбыраның қатты тартылған ішегіндей шарықтады.

Опасыз заманда Қарабайлар сенім тамырына балта шапса да, Баян мен Қозы адамға сеніп өледі. Сондықтанда драматург жырдың жан тебірінтер азалы шешімін сол күйінде сақтаған: өзін өлімге қиған Баян ғашықтарға мәңгі адалдық, тазалық, сеніс ескерткіші болып қалды. Таңсық жанында өзенінің бойындағы (Семей облысы) Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың мәнгі ұйқыға көз жұмған жері күні бүгінге дейін ел ардақтап, тағзым ететін жер – мавзолей.

Баян трагедиясы – адамгершілікті аңсаған жас қауым трагедиясы. Өмір шындығы бұл. Қозы мен Баян бақытсыз қазақ ұл-қыздарының барша қызыметін бойына жинап, арман елесіндей ел көркірегінде сақталып қалды, сол күйінде, сол болмысында жырдан сахнаға шығып, бізге қол созды, сыр – арманын шертті. Ромео мен Джульетта құрбылары Еңлік пен Кебек, Қарагөз бен Сыпым, Жібек пен Төлеген, Қозы мен Баян...туған халықтың керемет сыршылдығына, жыршылдығына куә.

«Алдар Көсе» комедиясы

Бұл – көшпелі халықтың ерекше ұнатқан кейіпкері. Алдар – шешен ғана емес, өте қу, айлакер. Оның халық ұнатпас Шығайбайдай байды әбден алдап, асын қулықпен жеп, кетерінде Бізбикеш қызын алып кетуі соны көрсетеді.

Алдар Көсе сараңдардың ғана емес, ел қорқар сайтанның да сазайын тартқызды, Түлен мен Құланды құр сүлдерін қалдырып ақымақ етуі, оның зымиян күштерден бәрі бір ақылы артық екенін көрсетеді. Немесе шайтан секілді сырт күштер жоқ, болса әлсіз, оны жеңу адамның, Алдардың қолынан келеді деп көрсетеді.

«Кек» драмасы

Ілияс Жансүгіров алғашқыда драматургия саласында шағын формаларды игеру, жанр техникасына нақыштаумен болса. «Кек» пьесасын жазу үстінде таланты толықсып, шеберлік шыңына көтерілді.

Бүкіл Қазақстанға, әсіресе Біржан – Сара айтысы арқылы, мәлім болған ауылдың төңкерістен кейінгі тағдыры – пьесасының негізгі фабуласы.

Драматург бір бай отбасының әлеументтік, рухани эканомикалық тұрғыдан күйреу тарихын көркейте отырып, сол арнада әр түрлі топтың өкілдерін бейнелеу мақсатын алға қойғандығын «Кек» драмасының композициялық структурасының көп тармақтылығынан әр түрлі тіршілік суреттерін қамтитын сценалардан аңғаруға болады.


2.2 Қазақ фольклоры

Фольклор – халық өмірінің айнасы. Адамзат баласы табиғаттың сыр сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың мәнгі мақсаты, шындығы мен қайшылығын ой – сана қуатымен, ғылыми – диалектикалық әдіспен зерттей білсе, енді бірде көркем сөз өнері, соның ішінде өмір құбылыстарын образдың ой арқылы жеткізетін халықтың коллективтік творчествосы – фольклор шығармаларынан танып біледі. Әр елдің, әрбір халықтың өзіне ғана тән фольклоры болады десең, соның саналуан нұсқалары қай дәуірде туған?

Фольклор туындыларының жаратушысы кімдер? Оның жанрлық, көркемдік ерекшіліктері, ұлттың және тарихи сипаты неде? Ауыз әдебиетінен бөлінетін ерекшелігі қайсы дейтін көптеген сауалдар туады. Мұның бәріне жауап беру үшін фольклор шығармаларының ерекшеліктерін зерттеп анықтау қажет. Образдан ойлау адам санасының өзгеше бір формасы, ол қоғам дамуының қай сатысында туды дейтін мәселе төңірегінде сан – салалы пікірлер, ғылыми тұжырымдар болды.

Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен фольклор – синкреттікөнер. Оның бойында халықтың тұрмыс – салты, театр, сөз, би және ән – күй өнері бірінен – бірі дараланбай, тұтас күйінде көрінеді. Фольклор шығармаларына тән осы белгілі орыс фольклорисі А. Н. Веселовский де айтқан еді. Жоғарыда аталған терминдерді саралай келгенде, фольклордың бұл сипатына халық ауыз әдебиеті деген атаудан гөрі халық поэзиясы деген ғылыми термин көп жақын. XIX ғасырдағы фольклористика ғылымында осы атау қолданылыпта келеді. Алайда бұл да фольклор шығармаларының сипатын толық аша бермейді.

Халық ауыз әдебиетіне келер болсақ, ол фольклордан жіктеп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арқа болып қалмақ. Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы – тіл жетім келіп, сөзбен өлең, өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық поэзиясын орындаушыларының да қызметі өзгеріп отырған. Оларды біз фольклор шығармаларының қарапайым аноним айтушылары, ертекші, ақын, жырау, айтыс поэзиясының дарынды иелер – импровизаторлары дейміз. Қоғам дамуынынң сәби кезеңдерінде фольклор шығармаларын орындаушылар отбасы, отақ қасындағы қарт зариялар болған. Оларды біз халық поэзиясының қарапайым жазушылары дейміз. Сонда фольклор шығармаларының жазушылары да, айтушылары да халықтың өзі болып шығады.

Өнері өрге жүзген дарын иелерінің ауызынан шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылары иіліп жетіп, өңдер, дамытып нақышына келтіре орындайтын болған. Жырау мен жыршылар көлемді эпостық жырларды айтуды үрдіс етсе, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, тұрмыс-салт, айтыс сияқты ұсақ формалары өлеңдерді кішігірім айтушылар тудырып, көптілікке ортақ рухани мұраға айналдырып отырған. Осы ретпен туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркемсөз өнерін, оның айту және орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз.

Ғылымда халық поэзиясын фольклор, ал оны зерттейтін ғалым саласын фольклористика деп атайды. Фольклор жанрлары туралы В. Я. Пропптың пікірлері де жанды. Ол бір халықтың фольклорына тән жанрларды екінші бір елдің фольклор мұрасына қолдана салудың айтарлықтай нәтиже бермейтіндігін айта отырып, үш түрлі межені анықтайды. Олар:

1) фольклор шығармаларының поэтикасын зерттеу;

2) фольклордағы халық тұрмысымен байланысты жанрларды анықтау;

3) олардың орындалу тәсілдерін жеке көңіл бөлу.

Ақын – жыраулардың импровизациялық дәстүрі поэзия мен музыка өнерінің синкреттік бірлігіне негізделіп, қобыз немесе домбыра аспабымен айтылған. Мысалы: Сыр елінің аты тулы жырау. Рахмет Мезқажаев бір ғана «Алпамыс» және «Қөрұғлы» жырын он төрт түрлі мақалмен жырлаған. Демек фольклор шығармалары белгілі дәрежеде театр қызметін де атқарған. Оның артистері – орындаушылар, ән мен поэзияны қатар меңгерген шебер – импровизаторлар.

Фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасіреттері мен мұң зары, келешектен күткен арман тілектері айқын көрініс тапқан. Жоқтау, сынсу, қылтасу өлеңдерінде халық өз теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының ауыр тағдырына үн қосқан.

Қазақ фольклорының ұнамды образдары үнемі халық ортасында коллективтік рулта жасаған. Ерлік, махаббат, әділдік, адамгершілік – бәрі солардың бойына жинақталған. Қазақ фольклорының образдары жанды әрі шынайы болып келеді, олар адамға терең ой салып ғибрат береді.

Ертегі мен эпоста көптеген образдар бар десек, солардың мінез – құлықтары бір – біріне қарсы қойылған. Онда бірлік пен араздың, достық пен жаулық гуманизмнің фольклордағы көрінісі дейміз. Тұлғасы сан, жан дүниесі таза, рухы күшті үй образдар жасаудағы халық поэзияның сүйенген арқасы – ослар. Шоқан мұның бәрін қазақ фольклорының халықтық сипатына жатқызып, қазақ эпосының образдары Европаның жазаба әдебиетінен ешбір кем еместігін айтқан.

Жанр байлығына келгенде қазақ фольклоры жазба әдебиетке жете дабыл. Мысалы: бір ғана үйлену жырлары тойбастар, жар – жар, сыңсу, қылтасу, беташар, жұбату болып жистен жөнеледі.

Көптеген түркі тілдес халықтар сияқты ертеде қазақ халқының да негізгі кәсіби мал шаруашылығы болған десек, оның фольклордағы тірлігі мен ұғымы барлық әдет – (оның фольклордағы тірлігі) ғұрыптары бақташылық – көшпелі өмір табиғатына сай туған. Қазақтың ертегі, эпосында шамонизм сарындары бірде өлі ардақ, бірде тірі аруаққа сиыну, енді бірде құт саналатын заттарды қастерлеу, ақты төкпеу, жеті қазына түрінде кездесіп отырады.

Қазақтың мал ұғымында туған мыстан, жезтырнақ образдары жамандық иесі болып, бірде адам, бірде ан түрінде кездесіп отырады. Адам кейпіндегі көптен мифтер – желаяқ, таусоғар, еңбекпен байланысты туған. Бұл тұста халық өмірде бар адам мінездерін әлеумент теңсіздігін, діни ұғымдарын әжулайды.

Ш. уалиханов шығыс халықтарының поэзиясы туралы бірнеше арнаулы еңбек жазған. Оларды біз қазақ фольклористикасы мен этногрофия ғылымына жол салған мәнгі ескермейтін ғылыми мұра деп санаймыз. Өзінің еңбектерінде қазақ, қырғыз, үйсін тайпаларының тарихи аңыздарын, эпостық жырларын кең көлемде сөз еткен. Фольклор туындыларының танымдық сипатына келгенде Шоқан оларды зерттеудің зор – ғылыми – этногрофиялық мәні бар екенін көрсетеді.

XIXғасырдың екінші жартысында көрінген үлкен ағартушы педагог Ы. Алтынсарин қазақ фольклорының материалын жинап, соларды халық тәрбиесіне құрал еткен. Ол материалын жинап, соларды халық тәрбиесіне құрал еткен. Ол қазақ фольклорына қатысты арнайы зерттеуі болмаса да, ол халық мұрасын аса жоғары бағалаған. Қазақ халқының музыка фольклорын көптен жинаған А. В. затаевичтің ардақты есімі сияқты есімі сияқты қазақ фольклорын зерттеуге еңбек сіңірген ғалымдар Г. В. Потанин еңбектерін атаймыз.

Қазақ халқының фольклоры мен этногрофиясы кең зерттеген орыс зиялысының бірі Г. Н. Потанин. Баянаул өлкесінде туып өскен, жасынан қазақ халқының тұрмыс – тіршілігінен нәр алған. Ол Орта Азия, Қазақстанның фольклорын зерттеудегі ролі айрықша. Сонымен қатар бай фольклор мұрасын жинап, реттеп жариялап отырған.

Ә. А. Диваев – бүкіл саналы ғұмырын Орта Азия және Қазақстан халқының фольклорын мол жинаған. Ол көбіне Сырдария және Жетісу Қазақтарының фольклорын жинап, жариялаған. Қазақтың, «Қырық өтірік», «Тазша бала», «алдар көсе» сияқты басқа да толып жатқан ертегілерін жинап, оларды екі тілде жариялап отырған.

фольклор мен ауыз әдебиетінің арасында ежелдік байланыс болған. фольклордың халықтық сипаты – көркем тілінде. Қазақ халқының фольклорына қарасақ, олардың тарихи сол эпос, ертегі аңыздарда өте жақсы сақталған. осыған халық мұрасының басты бір буыны – жылнама, шежірелер де қосылады. халқымыздың фольклорын ерте замандардан бастау керек деген тұжырым орныға бастады. Оны ең алғаш - Ә. Марғұлан айтқан еді. Елдің тұрмыс салты мен әдет – ғұрпына байланысты туған өлеңдерді «Тұрмыс – салт» жырлары дейміз. Бұл жырлар мазмұнына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Олар: бақташылық, үйлну жырлары, ұлыс жырлары, бөбек жырлары. Қазақ фольклорының мазмұны өте бай. Халықтың тұрмыс – тіршілігі, бір кездегі - әдет – ғұрпы мен салт – сапасын, ой сезімі мен арман ниетін білдіретін танымдық мәнгі елеулі.

Қазақ фольклоры – қазақ даласы қандай кең, табиғаты қаншалықты әсем болса, қазақ фольклорының сипаты мен сапасы соншалықты ауқымды, көркем әрі мазмұнды.

Фольклор – халық өмірінің айнасы.


2.3 Қазақ хор музыкасы

Қазақ әндерінің профессионалдық салалардың бірі – хор өнері.

20 – жылдардың алғашқы кезінен бастап – ақ Қазақстанның жер – жерлерінде - Әулие – Ата (Жамбыл), Қарқаралы, Семей, Ақмешіт (Қызылорда), Ақмола, Павлодар, Оралда көркемөнерпаздардың музыкалық және әдеби сауық кештері ұйымдастырыла бастады. Мұндай кештерде жеке әншілер, ақындар қатар топталып, бір – біріне қосылып ән – салушы айтушылар да өз өнерлерін көрсетті. Мәселен, Орынборда алғашқы қазақ хорын ұйымдастырушылардың бірі музыкалық қабілетті зор, өнер сүйгіш Райымбек Мақатаев болса, Ташкентте Құрманбек Жандарбеков қазақ жастар хорын ұйымдастырды. Ал осы жылдары ұлттық ән – күй қазынасын жинауға байланысты қазақ арасында мейлінше мол араласқан Александр Викторович Затаевичтің мәлімдері пайда болды. Сол сияқты жиырмасыншы жылдары қазақ тілінде шығатын «Ақ жол» газетінде жариялаған көптеген деректер сол кездегі «Сауық кештерінің» көбінесе қосылып хор айтумен аяқталатынын айқындайды.

Қазақиың Мемлекеттік хор капелласы (аспап сүйемелінсіз айтылатын хор) 1939 жылы ұйымдастырылды. Сөйтіп, Республикамызда тұңғыш вокалдық ән салу өнерінің жаңа жанры туды.

Өнердің басқа да салалары сияқты хор өнерінің де аз уақыт ішінде меңгеруге болмайтын эволюциялық мерзімді керек ететін өзіне тән ерекшіліктері бар. Қазақ хор капелласының көп уақыт бойы қатарға толық мағынасында қосыла алмай жүруінің мәні де осы жайлармен байланысты болды.

Алғашқы кезде аспаптың сүйемеленсіз айтуы коллективке аса жеңіл тимеді. Хор үйренудегі жан – жақты процесстері бірден меңгеріп кету қазақ капелласына қиынырақ соқты. Бұл жайларды жақсы түсінген капелла жетекшілері творчестволық коллективтің қалайда алға талпынып, өсу жолдарын қарастырды. Дауыстың біріңғай тегіс шығуы, ән айтқанда сөздің тыңдаушыларға анық жетуі, нақыш – бояулардың өзара үндесуін, үйлесімділігі сияқты хор өнерінің ішкі профессионалдық ерекшеліктерін өз мүмкіндіктерінше игеруге қатты көңіл аударады. Осындай іздену, толысу арқылы Қазақ Мемлекеттік хор капелласы көп ұзамай профессионалдық хор коллективіне айналды.

Қазіргі кезде қазақ Мемлекеттік хор капелласы – қанатын кең жайып, жаңа белеске шыққан нағыз творчестволық профессионал коллективтерінің бірі. Бүкілодақтық хор коллективтерінің байқауларында Мемлекеттік хор капелласы үшінші рет лауреат атағына ие болды.

Хор мәдениетінің дамуына композиторлар Д. Мацуцин, Л. Хамиди, М. Толебаев, Ғ. Жұбанова, М. Маңғытаев, М. Сағатов, Е. Рахмадиев, айтарлықтай үлес қосты.

1960жылдары Қазақ Мемлекеттік хор капелласы тұңғыш рет туысқан Республикаларға өнер көрсетумен қатар сапарға шықты. Өз гастролін Москвадан бастаған капелла бұл жылы Киевте, Одессада шебер өнер көрсетіп, үлкен шығармашылық табысқа ие болды.

Хор капелласына профессиналдық – көркемдік шеберлікпен лайықталып жазылған М. Төлебаевтың «Жастар сюитасы», Е. Брусиловскийдің «Шолпан», С.Байқадамовтың «Су тасушы қызы», халық әндерінің негізінде жазылған көптеген поэма, сюиталары Е. Рахманиновтың «Балқаш көлі», «Жас механизаторлар», «Көктем дауыстары», Қ.Қожамияровтың «Жайна Жетісу», А. Бычковтың «Революция әндері», С.Мұхамеджановтың Абайдың өлеңіне жазылған «Жыл мезгілдері», М.Сағатовтың «Тоғай», «Жайлауда» атты поэмалары, басқа да көптеген шығармалар сөзімізге дәлел бола алады.

М.Маңғытбаев «Ақсақ құлан туралы аңыз» туралы хор капелласына арналған поэма жазып, аға ұрпақтың өнегелі тәжірибесін шығармашылық ізденіспен жалғасытырады. Композитор поэманың аңыздық әңгімелеу стилін сақтай отырып, музыкалық интонациясын да, оның ішкі иірімдерін де бейнелі, өзіндік сөзбен бере білген.

Шығармада домбыра қағысы, домбыра әуенділігі дәстүріне сүйенген тәсілді айқындайтын полифониялық музыка әдісі молынан пайдаланылған. Сондай-ақ жан тіршілігі күңірінген жаңғырақ әуенінен айқындайтын интонациялықтың оралымдар, туынды мазмұнын ерекше күшейтеді. Белгілі профессионалдық дәрежеге жеткен поэма жалпы ұлттық хор партитурасын байытумен қатар, капелланың орындаушылық шеберлігін де арттырды.

Хор капелласы қазақ халық әндерін айрықша сезімталдықпен орындайды. «Жайдарман», «Харарай», «Айттым сәлем, Қаламқас» т.б. осы тәрізді ежелден жеке дауыспен айтылып келген көптеген әндер кезінде жаңа бір реңге ие болды. Басқаша айтқанда, хор капелла музыкасына айналады. Бұлардың халық әндерінің, жаңа жанрға бейімделу дәрежелері, әрине түрліші. Кейде композиторлар әндердің жалпы стилін характерін мұқият сақтаумен қатар, кейбір айрықша интонациялық ұтымды жерлерін түрлі хор нюанстары арқылы ерекше көрсетеді. Сол сияқты көркемдік мәнерліктің қажетті құралының бірі – екпін, ырғақ, ағымға, әуендік сөз күшіне көңіл бөлнді. Композиторлар түрлі ұлттық дәстүрден туатын шағын әуез, қайталау, кейде саздық бөлшек тарайтынын әуендік еркешіліктерге де назар аударады.

Халық әндерімен қатар капеллаға дирижер А. Молодов өзі лайықтаған Мәдидің «Қаракесек» әнін айта келсек, дирижер тар заманның қаспағынан зәбір көрген, әннің әуеніне лайықты гармониялық аккордтар арқылы шығарманың көңіл күйін естиміз.

Капелла репертуарындағы жұртшылық құмарлан тыңдайтын шығармалардың бірі – татар халқының композиторы Л. Хамиди өңдеген нәзәк толқынды «Су тасушы қыз», «Ғалиябану», Қ Құжамиров өңдеген ұйғыр халық әндері «Тәссәмә», «Гүлләвия», тәрізді шығармалар хор өнерінде кеңінен орын алады. Украина, Орыс халқының, Чех, корей, тілдерінде орындалатын әндерін сүйсіне тыңдап, шаттан қарсы алатын шығармаларға айналды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хор капелласының міндеті және мақсаты – халыққа әсіресе жастарға халық әндер арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Эстетикалық тәрбие беретіндей, жалпы көркемдік сапасы жоғары жаңа туынданы өмірге келтіру көп ізденуді қажет ететіні ақиқат. Әйтседе Республикамызда хор өнерін игеру, оны дамыту жөнінде композиторлардың әрқайсысының өзіндік ерекшілігі, профессионалдық қолтаңбасы қалыптасқандығы сүйсіндіреді.

Құрамына 60 – тан астам адамы бар қазақ Мемлекеттік хор капелласы әі де профессионалдық өсу, іздену жолында. Қазақстан композиторлар одағының 1989 жылы қарашаның 23 – 26 күндері аралығында өткізілген 4 – ші, мерекелік пленумдағы капелла шырқаған КСРО халық әртісі, композитор Ғазиза Жұбанованың ақын Сырбай Мәуленовтың өлеңіне жазылған «Менің Республикам» поэмасы, В. Брусиловскийдің сөзі Н. Шакеновтың «Шолпан» әні, Е. Рахмадиевтың «Қаратау әуені» атты сюитасының «Қырмандағы айтыс» атты бөлімі, М. Сағатовтың «Жайлауда» поэмасы, А. молодов өңдеген «Қаракесек» әні коллективтің орындаушылық шеберлігінің тағыда бір қырын танытты.

А. Молодов көп жылдардан бері қазақ мемелекеттік хор капелласында, бүкіл саналы өмірін қазақ музыкасының жолына жұмсаған талант иесі, терең ойлы суреткер. Сондай – ақ ол коллективті рухани жағынан байытуға, олардың орындаушылық, эстетикалық талғам – пайымын арттыру жағына да көңіл бөлді. Дирижердің бойында аса биік профессионалдық мәдениет, асқақ сезімталдық бар.

1989 жылы Қазақ Мемлекеттік хор капелласы өзінің жеке өнер саласы болып құралғанына жарты ғасыр толған шығармашылық мерекесін атап өтті. Алдағы уақытта композиторлардың жаңа көркем шығармаларының жазылуына байланыты, хор капелласы халық арасында әлі талай насихаттай береді деп сенеміз.



2.4 Қазақстанда хор мәдениетінің дамуы

Қазақ халқы әсем әндермен, музыкалық аспап әуендермен, жарыққа шығарды. 1924 жылдан бастап төрт дауысты қазақ хоры ашылды (жетекшісі профессор - музыкант Коцык). 30 шы жылдары бірінші өңделген қазақ халық әндері (а капелла) пайда болды. «Қараторғай», «Кең сарсай», «Дударай», «Жайдарман» шығармадарды өңдеген Б. Байкадамов, Л. Хамиди, Е. Брусиловский, М. Тулебаев, Е. Рахмадиев, А. Жубанов, Г. Жабанова Б. Ерзакович.

Композитор Л. Хамидің балаларға әндері сүйікті жанры. Мысалы: «Туған ел», «Лаула костер», «Кел балар оқылық» т. б. Қазақ халық артисі Л. Хамидидің «Қазақ вальсі», «Бұлбұл» тағыда көптеген әндерін халқымыз жақсы біледі.

1945 жылы Ахмет Жубанов композитор Л. Хамидимен бірігіп Мухтар Әуезовтың либреттасы бойынша «Абай» операсын аяқтады. Ахмет Жубановтың хорға арнналған шығармаларының бірі «Ақ көгершін», «Ақша қар» ал Евгений Брусиловскийдің қазақ музыкасын көп зерттеудің, творчествалық ізденудің нәтижесінде 1934 жылы «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр» т. б. операларын жазды.

Композитор Мұқан Төлебаевтың хорлық музыка саласында жазған күрделі шығарма опера «Біржан – Сара» жәнеде халыққа көп тараған ән, романстары «Мен көрдім ұзын қайын құлағанын», «Кестелі орамал», «Отан даңқы».

Композитор Бақытжан Байкадамов – көптеген әндердің авторы олардың ішінде «Айгөлек», «Ақ бидай», «Біз Отанның бөбегі». Б. Байкадамов – қазақ мух\зыкасында ән, хор жанрын кеңінен дамытуға үлес қосқан композитор. Қазақстанда көп дауысты хор иен сүйемелдеусіз айтатын а капелла хорын ұйымдастырушылардың, көркемдік жағын, коллективтердің репертуарларын тұңғыш жасаушылардың бірі болды. Жеке дауысты халық әндерін көп дауысты хорға көшірді, мысалы: «Он алты қыз», «Жариям – айдай», «Майра» т. б. көптеген әндер.

Ғазиза Жұбанованың «Дала шұғыласы», «Еңлік – Көбек», «Құрманғазы», «28 панфиловшылар» күрделі шығармалар болып саналады.

Еркеғали Рахмадиев вокалды және опера жанрларында мол еңбек еткен. Мұхтар Әуезовке арнаған «Ескерткіш», «Оянған өлке» тағыда көптеген шығармалары бар.


3 Музыкалық білім берудің стандарты және пәндердің теориялық курсы
3.1 Музыкалық білім мамандығы бойынша бакалаврдың біліктік сипаттамасы:

1) кәсіби қызметінің саласы.

Бакалаврдың кәсіби қызмет саласы: музыкалық білім беру болып табылады;

2) кәсіби қызметінің обьектілері:

- жалпы білім беретін мектептер;

- лицейлар;

- гимназиялар болып табылады;

3) кәсіби қызметінің пәндері – жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, гимназиялардағы музыка сабағы, сыныптан тыс музыкалық – тәрбиелік, ұйымдастыру және насихаттау жұмыстары;

4) кәсіби қызметінің түрлері.

050106 – музыкалық білім мамандығы бойынша бакалаврлар келесі қызмет түрлерін атқара алады:



  • ұйымдастыру және басқару: түрлі типтік білім беретін мекемелердегі жас өспірімдер мен балалар арасында мәдени – ағарту, музыкалық жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру;

  • өндірістік – технологиялық: оқушылармен музыкалық жұмыстар жүргізуде насихаттаушы, ұйымдастырушы, сынып жетекшісі қызметтерін атқару;

  • есептеу және жобала: республикадағы саяси – қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірі негізінде сыныптан тыс музыкалық;

  • көркемдік шараларды ұйымдастырудың жақын арадағы және болашақтағы жоспарларын жүзеге асыру;

  • эксперименттік – зерттеу; қазіргі таңдағы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, өз еңбегін ғылыми негізінде ұйымдастыру; оқушылардың жас және жеке типологиялық ерекшілігіне сай педагогикалық эксперемент жүргізу;

  • білім беру (педагогикалық): музыка сабақтары мен сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды өткізу, оқушылардың музыкалық дамуын педагоггикалық бақылауға алу;

5) кәсіби қызметінің функциясы:

- білім беру;

- ағартушылық;

- тәрбиелік.

6) кәсіби қызметінің типтік міндеттері:

- ғылым мен техниканың саласына сай толыққанды және сапалы кәсіптік біліммен, кәсіби құзіреттілігімен қамтамасыз етілуі;

- адамдардың өзара қарым – қатынасын, қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарастарын этикалық және құқықтықнормаларды, гуманитарлық мәдениетті меңгеруі.

7) кәсіби қызметінің бағыттары:

- музыкалық – педагогикалық;

- көркемдік – эстетикалық.

8) кәсіби қызметінің мазмұны:

- білім беру жүйесінде педагогикалық, ұйымдастыру және басқару қызметі жүзеге асыру, жалпы білім беретін мектептерде музыка мұғалім дәрежесінде сабақтарын жүргізу.

9. 050106 – Музыкалық білім мамандығына қойылатын талаптар:

- түсінігі болуы: тарихтан, қазіргі таңдағы музыкалық – педагогикалық білім саласы жағдайынан және тұлғаның көркедік – эстетикалық тәрбиесінің теориясынан, әдіснамасынан және тәжірибесінен.

білуі тиіс:


  • мектептегі музыкалық білім мен тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін;

  • музыкатану ғылымның негіздерін, педагогикалық, ғылыми -әдістемелік, ұйымдастыру және басқарушылық міндеттерін шешуге қажітті шамада музыкалық – педагогикалық зерттеу әдістерін;

  • психологиялық – педагогикалық цикл пәндері бойынша: педагокина, психологияны, жас ерекшелік физиолгиясын, мектеп гигиенасын, музыка сабағын өткізу әдістемесін, тәрбие жұмыстарының әдістемесін (әсіресе, сынып жетекшісі жұмысының әдістемесін, мектеп тыс мекемелердегі тәрбие жұмысын, профориентациялық жұмыстарды);

  • музыкалық – теориялық пәндер, соның ішінде: музыка теориясын, музыка тарихын (түрлі бағыттар, дәуірлер, мектептер, тұжырымды негіздер), сольфеджионы, гармонияны, полифонияны, музыкалық шығармаларды талдауды;

  • арнайы пәндер: музыкалық аспаптарды меңгеру (фортепиано, баян, домбыра); дирижерлауды, музыкалық шығармаларды нотаға қарап оқу мен аранжировкалауды; дауысты қоюды; концертмейстерлік іскерлікті;

  • отандық және шетелдік музыка мәдениеітінің дамуы тарихын және композиторлар шығармашылығын;

  • оқушылардың музыкалық қызығушылығын, шығармашылығы мен көркемдік талғамын;

  • мектептегі музыкалық жұмыстарды жоспарлау мен есепке алуды;

  • балалар дауысын дамытудың анатома-психофизиологиялық негіздерін және де оны қалай қорғауды;

  • оқушылардың вокалдық-хор дағдысын тәрбиелеу әдістемесі мен музыканы тыңдаудың әдістер мен тәсілдерін;

  • музыка сауаттылығын оқыту мен балалардың музыкалық есту қабілеттерін дамыту әдістемесін;

  • сыныптан тыс және мектептен тыс музыкалық жұмыстарды жүгізудің әдістемесін;

  • музыка өнері мен көркемдік –бейнелік тілінің ерекшіліктерін, музыканың танымдық және тәрбиелік рөлін;

  • оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесін, педагогика және психологияны;

  • тарихи-теориялық және музыкалық-орындаушылық пәндерді оқытудың әдістемесін, музыкалық тәрбие берудің міндеттері және мазмұны;

  • музыкалық цикл пәндері бойынша мектеп бағдарламаларын, оқулықтары мен оқу құралдарын;

  • оқушыға музыканың мазмұны мен сипатын түсінікті тілде жеткізу; баланың бойында музыкаға деген танымдық деген қызығушылығын және сүйіспеншілігін қалыптастыру; мектептегі сабақтарда музыкалық радиотелебағдарламаларды қолдану;

  • музыкалық аспаптарда орындай білу;

  • дирижерлық техниканы меңгере білу;

  • концертмейстерлік шеберлік (нотаға қарап оқу, транспозициялау, қарапйым өңдеу, лайықтау, есту қабілеті бойынша сүйемелдей білу.



3.2 Музыкалық білім мамандығы байынша білім беру бағдарламаларының мазмұны (музыкалық, базалық пәндер)
3.2.1 Музыка теориясының негіздері

Дыбыс, оның физикалық және музыкалық қасиеттері. Ырғақ-мөлшерлер туралы түсінік. Арақашықтық (интервал). Лад және үндестік (тональность). Музыка мәнерлігінің басты құралдары. Музыкалық – теориялық білімді оқыту принциптері. Музыкалық тіл элементтерін меңгерудегі жүйелік көзқарас. Музыканың интонациялық табиғаты, оның тембрі, фактурасы, композициясы, пішіні (формасы), көркемдік мәнерлік құралдары.



3.2.2 Гармония

Гармония – музыкадағы үндестікті қалыптас-тыру мен мәнерлік құралы. Гармонияның көпдөңгейлік құрылымы: дыбыстық жүйе-үндестік – гармониялық айналым- гармониялық форма. Көпдауыстылықтың алғашқы формалары. Классикалық гармония (18 ғ.), оның негізгі қасиеттері. 20 ғасырдағы гармонияның дамуы. 20 ғасырдың ортасындағы атақты шеберлер гармониясының ерекшіліктері.



3.2.3 Сольфеджио

Педагог-музыкант дайындауда музыкалық есту қабілетінің, музыкалық ойлаудың және естудің дамуы. Таза айту дағдыларын (бір даусты және көп дауысты), музыкалық материалдар үзінділіріндегі музыкалық құрылым мен тіл элементтерін есту қабілеттері арқылы талдауды қалыптастыру.



3.2.4 Полифония

Полифония-бірнеше әуендік дауыстардың ерекшеленген үйлесімділігі. Полифонияның үндестік қалыптастыруы мен мәнерлік құралдары. Қатаң және еркін жазу полифониясы. Қосалқы, қарама-қарсылық және имитациялық полифония. Қазіргі музыкадағы полифонияның орны, қосалқы дауыстрады, әуендік тақырыпқа контропунктті түрде шығару және оны өндеудің теориялық және практикалық негіздері.



3.2.5 Музыкалық шығармаларды талдау

Музыкалақ шығармаларды талдаудағы тұтастық әдіс. Музыкалық форма және музыка мазмұны мен форма қатынастары туралы түсінік. Элементтер жүйесіндегі музыкалық құрылым және олардың байланысы. Жәй және күрделі форма жасаушылар, формалар иерархиясы, циклдық аспаптық формалар. Қазіргі музыка дамуындағы полифониялық және гомофонно-гармониялық формалар ролі. Аспаптық және хор шығармаларын талдау.



3.2.6 Қазақ музыкасының тарихы

Қазақ музыкасының дпмуының негізгі кезеңдері. Қазақстанның музыкалық мәдениет тарихының ежелгі кезеңі. 19 – 20 ғасырдағы қазақ музыкасының тарихы. Ақын, термеші, сері, жырау, салдардың өнерлері. Қазақстанның музыкалық өнерінің бірінші декадасы. Қазіргі таңдағы қазақ музыкасы. Атақты танымал Қазақстан композиторларының стиль ерекшеліктері. Балалардың музыкалық әндер шығармашылығы.



3.2.7 Шетел музыкасының тарихы

Батыс пен Шығыстың музыка мәдениеті. Музыкадағы классицизм. Веналық классиктер стильдерінің жекелік ерекшіліктері. Музыкадағы романтизм. Музыкалық жанр саласындағы жаңа құбылыстар. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы еуропалық музыканың музыкалық жанрларының әр-түрлігі, олардың жаңартылуы. Композиторларлық техниканың жаңа жүйелері, басты композиторлардың жеке стильдері.



3.2.8 Негізгі музыкалық аспап (фортепиано, баян, аккордеон, домбыра, қобыз)

Аспаптық орындаушылық – шығармашылық қызметтің бір түрі. Музыкалық шығарманың меңгеру үрдісіндегі техникалық дағдылар мен іскерліктің қалыптасуы. Музыкалық-есту қабілеттері мен моторлық қозғалыс дағдылар дамуының формалары мен әдістері. Түрлі жанрлар, формалар, стильдер және бағыттардағы шығармаларды біріктіре отырып, орындаушылық репертуарды меңгеру. Аспаптық орындаушылық мәдениет.



3.2.9 Қосымша музыкалық аспап немесе жалпы фортепиано

Қосыша музыкалық аспапта ойнау барысында іскерлік пен дағдыны меңгеру. Музыкалық аспапты үйренудегі орындаушылық ерекшеліктері. Музыкалық шығарманы меңгеру үрдісіндегі жұмыс әдістемесі. Түрлі бағыттардағы және дәуірлердегі, стильдердегі үйретілген аспаптық орындаушылық.



3.2.10 Концермейстерлік класс (фортепиано, баян)

Музыкалық репертуарды үйрету үрдісінде концертмейстерлік дағдыларды қалыптастыру. Үйренітілетін мектеп репертуары шығармаларымен жеңіл түрде таныстыру, транспозициялау, нотаға қарап оқу. Вокальдық және аспаптық шығармалардың сүйемелдеулерімен орындау ерекшіліктері. Ансамбльмен және жеке орындаушылармен жұмыс жасау. Жалпы білім беретін мектептердегі музыка және сыныптан тыс сабақтарда концертмейстерлік жұмыстың түрлерінің жүзеге асырылуы.



3.2.11 Хор класы

Жалпы білім беретін мектептердегі музыка сабағында және сабақтан тыс уақыттағы (хор, ансамбль) жұмыс кезінде хормейстерлік және дирижерлық дайындықтың барысы. Хорды басқару және хор үндестігінің негіздерін оқу. Хор ұжымындағы вокальдық тәрбиенің әдістері. Бүкіл хормен, хор партияларымен, хорға қатысушылармен жеке жұмыс жасау дағдылары. Хор репетициялары және концерттік орындаушылық. Дирижердың өз бетінше қызметінің теориялық және әдістемелік дайындығы.



3.2.12 Хор жүргізу

Музыка мұғалімінің кәсіби дайындығы жүйесінде хор жүргізу пәнінің ерекшілігі. Хор жүргізудегі танымдық үрдістердің бағыттылықтары: пән мазмұнының тарихы, теориясы мен әдістемесі. Хордың типі, түрі, вокальдық ұйымы. Хордың ансамблі, құрылымы, интонациясы, дикциясы. Оқушылардың вокалдық-хор мәдениетін қалыптастыруда оқушының ролі. Хордың көркемдік жетекшісінің тұлғасы. Ходы көркемдік басқарудың спецификасы, оның технологиясы мен әдістері, қарым-қатынас стильдері, дирижердың қызметі.



3.2.13 Хорды дирижерлау

Хорды басқару өнері ретінде дирижерлау. Дирижерлық дағдылар мен іскерліктерді меңгеру. Дирижерлық дамуының кезеңдері және дирижерлық техниканың қалыптасуы.


3.3 Музыкалық пәндердің теориялық курсына шолу:

а) музыка теориясының негізі

Музыка түрлі заңдылықтардан құралуына байланысты бірнеше пәндерден (бөлшектерден) тұрады: Музыка теориясының негіздері, гармония, полифония, музыкалық аспаптар туралы ұғым және олардың қолдану тәсілдері, музыка шығармаларын талдап жіктеу, музыкалық акустика және музыкалық психолгия т. б.

Музыка теориясының негізі – музыкалық білімінің ғылыми қалыптасқан қағидалары мен тәсілдерін жазып, оқуға үйретеді. Музыка теориясы – музыка ғылымының өзіне тән түпкі тамыры болып есептелінеді.

Музыка теориясы негізінің мақсаты мен міндетін былайша айиуға болады:

1) студенттерге музыка жазумен орындау тәсілдерін меңгеруге қажетті білімді үйретіп, оны дағдыға айналдыру;

2) студенттердің алған музыкалық білімін іске асыру – студенттердің музыкалық – эстетикалық тілектері мен ұнату қабілеттеріне дұрыс баға беру, музыкалық тәрбие мен оқудың нақтылы негізін салу.

Музыка теориясы негізін оқыту әдістерінің жағдайлары төмендегідей болу қажет:

Музыка теориясы негіздерін әрқашан музыкалық түсінікпен байланыстыру керек. Музыканы дұрыс түсініп, қабылдап, музыкалық тәсілдерді тікелей болғанда ғана іске асады. Музыка теориясын өте жақсы білу үшін батыс және орыс классикалық музыкасымен танысу керек, өйткені музыка теориясы – классикалық музыка негізінде пайда болған. Сонымен қатар көптеген тақырыптар белгілі бір жаттығуларсыз немесе тәжірибесіз түсіну қиын, мысалы: аккордтар, интервалдар, бір дыбыстарды белгілі бір тональностерде құру. Теория және сольфеджио пәндерінің арасында өте тығыз байланыс бар екенін ескеру қажет, сондықтан да музыка теориясын – нақтылы пән, ал сольфеджионы – тәжірибелі пән деп атайды. Сол үшін осы екі пәнді сабақ кезінде тығыз байланыстырып отырған жөн. Бұл теориялық мағлұматтарды теңірек түсінуге көмектеседі.

Музыка «көзбен көріп, қолмен ұстайтын» бейне жасай алмайтынды; оның басқа көркемөнерден айырмашылығы – адамның ішкі сезімін оятып, көңіл күйін дыбыс әуені, саз, ырғақ арқылы бейнелеп жеткізе білуінде.

Дыбыс. Ноталық жазу

Дыбыстарды екі түрге бөлуге болады:

1) музыкалық дыбыстар;

2) шулы дыбыстар.

Музыкалық дыбыстардың шулы дыбыстардан айырмашылығы – оның белгілі бір дыбыс тонының, биіктік шегінің болуында, ұзақтығы, күші және тембрі (үн бояуы) бар дыбыстар.

Музыкалық дыбыстарды жазу үшін «нота» шарты қолданылады. Нота (лат., итал., «nota» - «таңба» - деген мағынаны) білдіреді. Музыкалық дыбыстардың биіктігін жазу үшін, ноталық бес сызық қолданылады. Бес сызықтың реттік саны төменнен жоғарыға қарай санала отыра, музыкада қосымша сызықшаларда қолданылады. Нота таңбалары жазылатын бес сызыққа кілт белгісі қойылады, кілттің үш түрі пайдалынады:

1) скрипка (соль) кілті;

2) бас (фа) кілті;

3) алть (до) кілті.

Скрипка (соль) кілті музыкада қолданылатын жоғарғы регистр дыбыстарын жазуға арналған, бас (фа) кілті төменгі регистрдегі дыбыстарды жазуға, ал алть (до) кілті ортаңғы регистрдегі дыбыстарды белгілеуге қолайлы.

Тақырыпқа тапсырма:

а) дыбыстан немесе тональносте энгармонизм дыбыстарын құра білу;

б) ноталардың әріптік атауларын білу;

в) кез келген дыбыстан альтерация белгілерін ойнау;

г) әр түрлі тональністерде тізімді құрып ойнау: T – S – S6 – D – D6/5 – T.

Өлшем және ырғақ. Екпін

Музыкалық шығармадағы күшті және әлсіз үлестердің бірқалыпты алмасып келуін өлшем деп, ал ырғақ деген түсінік – музыканың әуенін бір уақытқа бағындыра отыра және оның дыбыс қатарын атаймыз.

Музыкалық шығармалардың жылдамдық қозғалысын екпін дейміз. Екпін белгілері негізгі үш топқа бөлінеді: жай, орташа, жылдам. Музыкадағы екпінді анықтау үшін итальян сөздері қолданылады.

Жай екпіндер:

Zargo – кең, еркін, жай

Zento – ақырын, созылыңқы

Adaqio – жай, маңғаздана

Grave – ауыр, салмақты, мұңды

Zarqietto – кең үнмен
Орташа екпіндер:

Andante – сабырмен, асықпай

Andantino – кішкене тезірек

Moderato – орташа, екпінмен

Sostenuto – ұстамды, байсалды

Allegretto – кішкене жайырақ

Allegro moderato – орташа, жылдам
Жылдам екпіндер:

Allegro – тез, жылдам

Vivo – шапшаң, тез

Vivace – Vivo- дан да шапшаң

Presto - өте жылдам

Prestissimo – жоғары дәрежеде жылдам.



Лад жүйесі және тональдік

«Лад» сөзінің түбі славян халықтарынан шыққан, «ладить» келісімін тауып, жатық айту, үйлесім табу, жарасу деген мағыналарды білдіреді. Лад жүйесіне енген музыкалық дыбыстар лад басқыштары деп аталған. Музыкада көп – алуан лад кездеседі, соның ішінде өте кең қолданылатындары мажор және минор ладтары.

«Мажор» деген сөз – үлкен, қатты деген ұғымды білдіреді.

Мажорлық ладтың тұрақты дыбыстары үлкен мажорлық үшдыбыстылықты құрады.

«Минор» деген сөз - кіші, жұмсақ деген ұғымды білдіреді.

Минорлық ладтың тұрақты дыбыстары кіші минорлық үшдыбыстықтылықты құрады.

Гамма – жеті дыбыстың тәртіп бойынша тоникадан келесі тоникаға дейін қайталануы. Гаммаға кіретін дыбыстар сатылар деп, рим санымен белгіленеді. Лад басқыштарына гаммадағы жоғарылық орнына қарай атаулар беріліп, басты басқыштардың функциялары (I, III, V) әріптермен белгіленген:

I басқыш – тоника, өйткені ол тоникалық үшдыбыста прима (негізгі тон) болып табылады және тональдіктің өзіндік атауын айқындайды. Мажорда ол бас әріп – Т, ал минорда – кіші «t» әріпімен белгіленеді;

II басқыш – төмен түсетін кіріспе тон;

III басқыш – медианта (ортаңғы) саты;

IV басқыш – субмедианта, мажорда «S» – бас әріппен, ал минорда «s» әрпімен белгіленеді;

V басқыш – доминанта, барлық тұрақты дыбыстардың ішіндегі ең жоғарғысы болып табылады. Мажорда – «Д» бас әріпімен, ал минорда – кіші «d» әрпімен белгіленеді;

VI басқыш – субмедианта (төменгі медианта), өйткені субдоминанта мен тоника аралығында орналасқан;

VII басқыш – жоғары көтерілуші кіріспе саты.

Тоника дыбысымен айқындалатын ладтың орналасуындағы биіктік дәрежесі тональдік деп аталған.

Тональдіктің толық атауы іштей екі компонентті сақтайды:

1) тониканың атауы;

2) ладтың атауы


Интервалдар

Интервал - музыкада екі дыбыстың аралығы және биіктігі. Дыбыс қатарының негізгі басқыштық аралықтары мынадай интервалдар:

1) таза прима – қысқаша таңбалануы: т. 1 = 0 т.;

2) кіші секунда – қысқаша таңбалануы: к. 2 = 1/2 т.;

3) үлкен секунда – қысқаша таңбалануы: ү. 2 = 1 т.;

4) кіші терция – қысқаша таңбалануы: к. 3 = 1 1/2 т. ;

5) үлкен терция – қысқаша таңбалануы: ү.3=2 т.;

6) таза кварта - қысқаша таңбалануы: т. 4 = 21/2 т.;

7) ұлғайтылған кварта - қысқаша таңбалануы: ұл 4=3 т.;

8) азайтылған квинта - қысқаша таңбалануы: аз 5 = 3 т.;

9) таза квинта - қысқаша таңбалануы: т. 5 = 31/2 т.;

10) кіші секста - қысқаша таңбалануы: к. 6 = 4 т.;

11) үлкен сектста - қысқаша таңбалануы: ү. 6 = 41/2 т.;

12) кіші септима - қысқаша таңбалануы: к. 7=5 т.;

13) үлкен септима - қысқаша таңбалануы: ү.7 = 51/2 т.;

14) таза октава - қысқаша таңбалануы: т. 8 = 6 т.

Құрамды интервалдар көлемі бір октавадан асатын кең интервалдар:

нона 9, октава + секунда

децима 10, октава + терция

ундецима 11, октава + кварта

дуодецима 12, октава + квинта

терцдецима 13, октава + секста

квартдецима 14, октава + септима

квинтдецима 15, октава + октава (2 октава)

Интервалдар консонанстық және диссонанстық деп екі топқа бөлінеді.

Энгармонизмдік немесе тепе – теңдік интервалдар – бірдей үндестікте естіліп дыбыстатылатын, бірақ түрліше жазылатын интервалдар.


Аккордта

Аккордт – үш немесе одан да көп дыбыстардан тұратын, тігінен орналасқан біртұтас жүйелі үндестік. Музыка тәжірибесінде ең жиі қолданылатындары үш дыбыстықтар, септаккордтар және нонаккордтар. Аккордтағы әр дыбыстың өз атауы бар, олар орын ауыстыру кезінде өзінің атауын сақтайды да, араб цифрларымен беріледі:

негіздік тон – 1 (прима);

терциялық тон – 3 (терция);

квинталық тон – 5 (квинта);

септималық тон – 7 (септима);

ноналық тон – 9 (нона) және тағы басқалар.

Шеткі дыбыстар аралығы квинта интервалы болып екі терциядан құралған аккордт үш дыбыстық, үш терциядан құралса септаккордт, төрт терциядан құралса – нонаккордт деп аталады. Музыкада ең көбірек қолданылатын септаккордтар:

1) доминантсептаккорд – Д7;

2) кіріспе септаккордтар – кіші ДVII7 немесе азайтылған - ДVII7

3) субдоминатсептаккорд – S II7;

Ладтың басқа басқыштарынан құрылатын септаккордтар (I, III, IV, VI) жанама септаккордтар.


Хроматизм және модуляция

Хрома – грек сөзінен, «түс», «бояу» деген мағынаны береді. Хроматизм сөзінің мағынасы кез келген ладтың диатоникалық басқыштарының жарты тонға жоғарылуын немесе төмендеуін білдіреді. Хроматикалық өзгерген дыбыстарды көп жағдайда альтериацияланған дыбыстар дейміз.

Альтерация - әрбір ладта кездесетін бүтін тонды тартылыстың жарты тонды шиелінісі. Сонымен, мажорлық, минорлық ладтың тұрақсыз басқыштарының мынадай альтерациялары болады:

Мажорда – II басқыш жоғарылады да, төмендеуі де мүмкін;

IV басқыш тек жоғарылауы ғана мүмкін;

VI басқыш тек төмендеуі мүмкін;

Минорда – II басқыш тек төмендеуі мүмкін;

IV басқыш жоғарылауы да , төмендеуі де мүмкін;

VII басқыш тек жоғарылауы мүмкін.

Әрбір мажор және минор тональностерінде алты туыс тональдіктер бар:

1) берілген мажорлық тональдіктің қатарласпалы минорлық тональдігі (яғни, VI басқыштан);

2) доминанта тональдігі (яғни,V басқыштан);

3) доминантантаның параллельдық (яғни, III басқыштан);

4) субдоминанта тональдігі (яғни,IV басқыштан);

5) субдоминантаның параллельдық тональдігі (яғни, II басқыштан);

6) дәл сол минордық гармониялық түріндегі – субдоминантаның минорлық тональділігі (VI).


c-dur

a-moll G-dur f-moll


e-moll r-dur


d-moll

Минор тональностінде:

1) берілген минордық параллельдық мажорлық тональдігі (яғни, Ш басқыштан);

2) табиғи жай доминанта тональдігі (V);

3) табиғи жай доминантаның параллельдық тональдігі (VII);

4) субдоминанта тональдігі (IV);

5) субдоминантаның параллельдық тональдігі (VI басқыштан);

6) берілген минордық гармониялық түріндегі мажорлық доминанта (Д) тональдігі.

a-moll

c-dur e-moll E-dur



G-dur d-moll

F-dur


Транспозиция

Транспозиция (латынша transposition – көшіру, орын ауыстыру) деп – музыкалық шығарманы қандай да болмасын бір интервалға жоғары немесе төмен, болмаса бір тональдіктен екінші тональдікке көшіруды айтады. Транспозиция яғни көшіру белгілі бір дауыстың не аспаптың характері мүмкіндігінде музыкалық швғарманың тесситурасы сай келмеген жағдайларда пайдаланылады.

Транспозицияның негізгі үш тәсілі бар:

1) берілген интервал бойынша транспозициялау – барынша кең жайылған әдіс;

2) хроматикалық жарты тонға транспозициялау;

3) кілттерді өзгерту арқылы жасалатын транспозиция қазір сирек қолданылады.



Әуен

Әуен, гректің melodia - ән айту, өлең, ән, әуез сөзі.

Әуен – музыкалық шығарманың негізі болып табылады, ол жеке өзі көркем бейнені терең де жан-жақты көрсете алады. Әуен шығара білу – композитордың дархан дарыны.

Әуен және тақырып (тема) ұғымдарын ажырата білу қажет. Тақырып шығарманың бейнелік (образдық) мағынасының неғұрлым жарқын да көрнекі жақтарын топтастырады.

Әуендік қозғалыс бағытының әртүрлі құрылымдары ішінен барынша кең таралғандары:

1) интервалдық секірістерден тұратын әуендер;

2) әуендік толқынмен айқын көрінген әуендер;

3) бір ғана дыбысқа қайтып оралатын әуендер.

Әуен дамуының ең жоғары сатысы – оның шиеленісуі шыңы, кульминация – шың деген мағынаны білдіреді.

Мелизм

Мелизмдер музыкада жиі кездеседі, клавесиндік музыкада кең өрістеді. Мелизмнің негізгі міндетінің бірі - әуендегі дыбысты әшекеймен безендіру. Мелизмдердің басты түрлері: форшлаг, мордент, групетто, трель.

Форшлаг – соққы , алдыңғы соққы деген мағынаны береді.

Мордент – үшкір, көмекші және негізгі – үш дыбыс айналымынан тұрады.

Групетто – төрт немесе бес дыбыстар тобынан құрайды.

Трель – сылдырлау, теңселу, тербетілу және әрқашан нотаның үстінде қойылады – tr.;



б) Хорды дирижерлау (дирижерлық аппарат)

Дирижерлық аппарат деп оның негізгі міндеттерін атқаруды бірден-бір көмекшісі болып, үздіксіз жұмыс жасайтын дене құрылысын айтамыз. Дирижерлық аппаратқа жататын дене құрылысы мыналар: бас, кеуде, екі қол және екі аяқ. Дирижерлық өнер ең алдымен осы мүшелердің қимылын дұрыс сақтап, оны дұрыч пайдаланудан басталады.

Дирижердың сырт тұлғасы сымбатты, көрікті болуға тиіс. Ол оркестр немесе хор алдында тұрғанда, оған тек орындаушылар ғана емес, сондай-ақ тыңдаушылар да назар аударуға тиіс.

Дирижердың тұрғысы сыпайы, тұлғасы тік және сымбатты болуы керек. Мұндай жағдайға кеуде сәл көтеріңкі, бас тік ұсталып, көз қиығы бір жаққа аударылады, қол бос ұсталып, төмен түсірілуі керек. Кеуденің қозғалысы да дирижердің еркін қимылдауына ешқандай кедергі жасамауы тиіс. Аяқтың екі арасы тым алшақ болмай, шамамен 45 градустай қашықтықта тұруы шарт.

Сол аяқ немесе оң аяқ жарты адымдай сәл ілгері тұруы қажет.

Кеуде құрылысын игеріп болғаннан кейін, енді біз дирижерлық аппараттың негізі – қол жайында сөз етуімізге болады.

Дирижер екі қолымен бет қимылдары арқылы, оркестр мен хор мүшелерің назарын өзіне аударып, шығарманың мазмұны мен қуатың орындаушыларға ұғындырады. Қол қимылы арқылы дирижер негізгі практикалық әдістерін жүзеге асырады. Дирижердың екі қолы – музыкалық шығармалардың ішкі астарын, мазмұнын кеңінен талдап, баяндап беретін құралы.

Ол – ойдың, сананың тілшісі, шығарма авторының музыкалық, творчестволық ой-қиялын орындаушы коллектив күшімен тыңдаушыларға жеткізетін дирижердың басты аспабы.

Қол негізінде төменгі бөлімдерден тұрады. Қоспа, буын, білек шынтақ және иық.

Дирижердың негізгі міндеттері

Дирижер – «диригер» деген француз сөзінен алынған. Ол басқару, бағыттау деген мағынаны білдіреді. Дирижер оркестр мен хорды, опералық музыканы басқарады. Оның міндеті – музыкалық шығармалардың көркемдік жағын, мазмұнын талдап көрсетіп, орындаушыларға түсіндіру және шығарманың біркелкі жатық, үнінің таза болып шығуын талап ету.

Дирижердің міндеттері көп. Ол - әрі тәрбиеші, әрі оркестрді ұйымдастырушы және басқарушы, музыкалық шығарманы музыканттарға үйретіп түсіндіруші, сайып келгенде, сол оркестрді концертте басқарып шығарушы. Мұның бәрі дирижердық қызметтің бір саласы ғана. Шығарманың мазмұнын, сипатын, стилін және формасын жете танып, оны оркестр мүшелеріне барынша ұғындыруды дирижер міндетінің ең бастысы деп білу қажет.

Сонымен оркестрді немесе хорды басқарған дирижердің музыкалық шығармалард орындаудағы міндеттері, қысқаша айтқандай, мынадай:

1) шығарманы ойнаудан бұрын, орындаушы оркестранттардың назарын өзіне аудару;

2) шығарманы ойнауға кірісудің белгісін көрсету;

3) музыканттарға шығарманың екпінін, мөлшерін, ырғағын көрсету;

4) дирижерлық белгілерін (қатты, жай, қаттырақ және т.б.) көрсету;

5) әр түрлі музыка аспаптарының уақытында қосылып, олардың дер кезінде дұрыс ойнауын талап ету;

6) шығарманың мазмұнына сай, оның ойналу ерекшеліктерін сақтап оны музыканттарға орындату;

7) шығарманың аяқталғанын көрсету.

Дирижерлық бейнелеу құралдары

Дирижер репетицияға келмей тұрып, өзінің орындайтын шығармаларымен толық танысып, дайындалады.

Шығарманы сапалы, жоғары дәрежеде орындау үшін техникалық әдістерді пайдалану жеткіліксіз. Дирижерлық ету кезінде дыбыс шығарудың үш түрлі көрсету әдістері болады, атап айтқанды: Легато (байланыстыра), нонлегато (байланыстырмай, үзіп) және стаккато (секірте, қысқа)

Легато (Iegato) дыбыстарды үзбей, бір – бірімен байланыстырып, жалғастыра орындау әдісі. Хордың немесе әншілердің орындалуында легато бір тыныста орындау арқылы жасалады. Жазылып көрсетілуі:

Легатоны дирижер көрсеткенде қолдың қимылы мәнерлі, сәнді көрінуі тиіс. Шығарма характері мен мазмұнына сай кең, байсалды қимыл болуы керек. Легатоны ойнау, әсіресе қобыз, скрипка сияқты қияқпен ойналатын ішекті аспаптарда өте тамаша шығады.



Нон-легато (non legato) – көбінесе марш тәріздес, жігерлі және шабытты музыкаға тән келеді, мұны ойнау тәсілі жоғарыда айтылатын легатоға керісінше. Мұнда әрбір нота жеке-жеке дараланып, бір-бірімен байланыстырылмай ойналады. Демек, осыған байланысты қол қимылдары да нақты әрі анық болуға тиіс. Дирижер әрбір қимыл, әрбір үлестің аралықтарын айқын көрсетуге тиіс.

Стакатто (Staccato) – жеңіл, ойнақы, жарқын, әзіл музыкаға тән. Ол нота үстіне сөзбен немесе ноқат (нүкте) арқылы көрсетіледі.

Стаккато жеңіл, қысқа қимылмен көрсетіледі. Демек, осы штрихпен орындалатын дыбыстар бір-біріне бөлек, қысқаша, жеңіл және ойнақы ойналады. Стаккатоны көрсетудің екі белгісі бар:

а) қолдың тек ұшымен ғана көрсетеді;

б) қолдың қимылы азғана дамыл жасап, стаккатоны бөліп-бөліп көрсетеді.


Дирижерлық көрсеткіштердің негізгі түрлері

Екі өлшеміндегі көрсеткіш

Әр өлшемдегі дирижерлық көрсеткіш белгілерін жеңіл түсініп, тез игеру үшін ең алдымен оның жай, қарапайым үлгісімен танысып алған жөн.

Екі есебінде жазылған музыкалық шығарма қолды төмен және жоғары көтеріп көрсету арқылы орындалады. Оның схемасын сызып көрсеткенде былай болады:



Сол қол 2 Оң қол 2


1 1


Бірақ, такт үлесін айтарлықтай ыңғайлырақ және түсінікті етіп көрсету үшін, және қол көзге көріктірек болып көріну үшін қол бірінші үлесте доға сияқтанып төмен түседі де, одан кейін тағы да доға сияқтанып екінші үлесте жоғары қарай қимыл жасайды:

Екі есебіне жүретін осы дирижерлық көрсеткішті игеріп болғаннан кейін, оны сондай өлшемде ойналатын музыкалық шығармаларды пайдаланып, жаттығу болады. Бұл үшін өзімізге белгілі және түсінікті, аса тез орындалмайтын шағын музыкалық щығарманы аламыз. Кей жағдайда өз бетімен жаттығу үшін магнитофонды, немесе грампластинкаларды да пайдалануға болады. Музыка әуеніне байланысты жоғарыда көрсетілген дирижерлық көрсеткіштерге сай қол қимылдарын жасап, тақтылардың салмақты және салмақсыз үлестерінің дұрыс болуына ерекше назар аудвру керек.


Үш өлшеміндегі дирижерлық көрсеткіш

Үш есебінің дирижерлық көрсеткіші қолдың үш қимылынан құралады. Төмен, оң жаққа қарай және жоғары қозғалу. Әрбір санның, үлестің алғашқы басталуы қолдың қоспа буыны арқылы жеңіл және анық көрсетілуі тиіс.



3 3

Сол қол Оң қол


2 1 1 2
Үш есебінде пластикалық қимыл жасау жоғарыда көрсетілген жай көрсеткіштен гөрі айтарлықтай өзгеше келеді. Мұнда тек бір есебіне келетін тақтының салмақты үлесі ғана қолмен төмен және тура көрсетіледі де, қалған екі үлестегі қимылдар доға сияқтанып иіліп, әуелі оңға не солға соң барып жоғары қарай көтеріледі.



Үш есебінің дирижерлық көрсеткіштерін игеріп алғаннан кейін бұдан бұрын айтқанымыздай жеңіл, өзімізге таныс, аса тез ойналатын музыкалық шығармаларды алып жаттығу болады. Жаттыққанда музыкалық шығарманы тыңдап, оның мазмұны мен характеріне мән бере отырып, оны түсінуге талаптану керек. Оң қол мен сол қолдың қимылына, дирижерлық көрсеткіштердің такт үлестеріне дұрыс және тура келуіне ерекше назар аудару керек. Тек осындай жауапты міндеттерді жүзеге асыру арқылы ғана айтарлықтай табысқа жетуге болады.



Төрт өлшеміндегі дирижерлық көрсеткіш

Төрт есебінің дирижерлық көрсеткіші төрт қимылдан жасалады, төмен, солға, оңға және жоғары қарай қозғалу қимылдары арқылы. Мысалы: Әр тактының үлестері қол қоспасының буыны арқылы жеңіл, анық көрсетілуі керек.

4

2 3
1


Ал, пластикалық қимылдармен көрсеткенде ол мынадай болып өзгереді:

Екі суретте де оң қолдың қимылдау схемасы берілген. Ал, сол қолмен көрсеткенде қолдың екінші қимылы солға қарай емес, оңға қарай бағытталады.

Төрт өлшем күрделі өлшемдер тобына жатады.


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
buuk -> Мамандық «Аспаптық орындау» мамандығы бойынша күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлердің тәжірибе жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау Павлодар бекітемін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет