мамандығы бойынша «Жалпы медицина» бағытында интерндерді дайындау силлабусы «Хирургиялық инфекция мен амбулаторлық хирургия»



бет1/3
Дата31.01.2018
өлшемі0,53 Mb.
#36752
  1   2   3
«

«Хирургия» мамандығы бойынша «Жалпы медицина» бағытында



интерндерді дайындау

СИЛЛАБУСЫ
«Хирургиялық инфекция мен амбулаторлық хирургия» модулы

Оқыту сабағының көлемі - 270, соның ішінде

180 - аудиториялық

90 – интеріннің өзбетінше жұмысы (ИӨЖ)



Қадағалау формасы : емтихан

Модуль пәндері:

1. Хирургиялық инфекция мен амбулаторлық хирургия - 180 сағат

2. Клиникалық анатомия және оперативті хирургия- 45 сағат

3. Анестезиология және реанимация- 45 сағат

Алматы, 2015

І. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ

1.1. КАЗАХСТАН - РЕССЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


    1. Хирургиялық аурулар кафедрасы

    2. ПӘН - хирургиялық аурулар

    3. Мамандық «Жалпы медицина»

    4. «Хирургиялық инфекция мен амбулаторлық хирургия»модульдың сағат

көлемі: Барлығы - 270, соның ішінде:

180 - аудиториялық

90 – интерннің өзбетінше жұмысы (ИӨЖ)

1.6. Курс 6, семестр 11-12
1.7. Оқытушылар туралы хабар-ошар:

Профессор Н.И. Оразбеков. Медициналық стажы 37 жыл, ғылыми - педагогикалық стажы - 33 жыл. 300 астам публикациялар, оқу - методикалық ұсыныстар мен хирургиялық аурулар бойынша оқулықтардың авторы.

Профессор Сапарова К.Г. Медициналық стажы 38 жыл, ғылыми - педагогикалық стажы - 28 жыл. 100 астам публикациялар, оқу - методикалық ұсыныстар мен хирургиялық аурулар бойынша 2, травматология бойынша 3 оқулықтардың авторы.

Доцент В.М. Мадьяров. Медициналық стажы 25 жыл, ғылыми - педагогикалық стажы - 21 жыл. 80 астам публикациялар, оқу - методикалық ұсыныстар мен хирургиялық аурулар бойынша 1оқулықтың авторы.

Ассистент Жапбаркулова Г.Р. Медициналық стажы 17 жыл, ғылыми - педагогикалық стажы - 15 жыл. 25 астам публикациялар, оқу - методикалық ұсыныстар мен хирургиялық аурулар бойынша оқулықтардың авторы.

Сахипов М.М.

Рахметов Н.Р.

1.8. Контактті ақпарат:

Сабақ өтетін орырдар: госпиталь МВД. Адрес Аль-Фараби – Водозаборная көшесі, телефон 249-43-45., №7 ҚКА. А.Н. Сызганова атындағы ХҒО.


1.9. Пән саясаты:

Пән өту кезінде интерн келесі сұраныстарды орындауы керек:

  • сабақтарға дер кезінде келуі керек (оқу бөлімі жасаған жоспар бойынша);

  • СЭС жіберген санитарлық кітапшасаболуы керкек (емдеу - профилактикалық кешенде жұмыс істеу үшін - ЕПК);

  • өзімен бірге алмастыратын аяқ киім, киім болуы керек (таза халат немесе хирургиялық костюм), қалпак, маска, тырнақты қысқа етіп алу;

  • жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін сақтау техникасын білу және қатал сақтау, өндірістік санитария;

  • клиникалық базадағы жүргізілктін ішкі тәртіпке мойынсұну;

  • ЕПК санитарлы-пэпидемияға қарсы режимді бұзбау;

  • ЕПК емдеу -сақтау режимін сақтау;

  • Күнделікті күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша тәжәрибелік сабаққа дайындалу;

  • Клиникалық жағдайлар бойынша қысқа ЭССЕ – баяндама, презентациялар, ғылыми жобаларды дайындап, қорғау;

  • дер кезінде рубежді бақылауды тапсыру;

  • емтиханды жақсы тапсыру.

Айыппұл санкциялары:

  1. Сабақ өткізіліп отрыған кафедра интерн себепсізден 3 күн сабақ жіберсе интернатура бөліміне интерн атына рапорт жазылады; интерн сабақты себепсіз жіберген кезде:

  • Бухгалтерия арқылы әрбір 2 сағатққа пұл төлеуі керек;

  • Төлеу туралы квитанцияны кафедраға өткізуі керек;

  • Сабақты қайталап өтеу үшін рұқсат қағазды интернатура бөлімінен алу керек;

  • интернатура бөлімінің рұқсаты бойынша жіберілген сабақтарды міндетті түрде өтеуі керек;

  1. Барлық жіберілген күндері жұмыс уақытын тіркейтін табельге белгіленіп, ол күндерге интернге төлемақы берілмейді.;

  2. Сабаты жіберу және сабаққа дайындалмай келген кезде ИӨЖ жасамай келгенде оқу журналына 0 баллы қойылады;

  3. Егер интерннің жіберу рейтингі 59 және одан төмен балл болса рубежді бақылауға жіберілмейді;

  4. Егер рубежді бақылаудың орта бағасы 59 балл несесе одан төмен болса, онда интерн баспы пән бойынша қортынды бақылауға жіберілмеді. Интернатура ары қарай оқуы жөнінде әкісшілік шаралар қолданылады.


2.1. Кіріспе:
Хирургия – бұл медицинаның адам организмінің барлық бөлімдерінің аурулары мен жарақаттарын зерттейтін бөлімі. Заманауи хирургия – медицинаныңішкі органдар ауруларының проблемаларын шешетін бөлімі. Клиникалық ойлауды қалыптастыру теориялық және тәжәрибелік дағдыларды үурету.
2.2. Пәнің мақсаты:
Қазақстан Республикасындағы хирургиялық қызметті ұйымдастыру қағидаларымен таныстыру, және хирургиялық іріңді және амбулаторлық аурулардың этиопатогенезін, клиникалық ағымын, ерте анықтау жолдарын, дифференциальды анықтауды, емдеу, реабилитация, болжам және алдын алу жолдарының басты сұрақтарымен танысу, сонымен бірге хирург-дәрігерлердің іріңді және амбулаторлық аурулардың алдын алу жолдарындағы рөлін анықтау.
2.3. Модулдың есепті жолдары:

  1. Амбулаторлық жағдайда әр түрлі ауруларға операциялық жолдарынның көлемін, оның көрсеткіштерін, патогенезін таңдай білу үшін коммуникативті және тәжірибелік дағдылықты тұжырымдау білімдерін кеңейту;

  2. Іш пен кеуде қуысы, жұмсақ тіндер, буын-сүйек пен қан тамырлар жүйесінің іріңді қабыну ауруларымен ауырған науқастарды тексеру мен емдеудің тәжірибелік және коммуникативті дағдыларын дамыту;

  3. Интерндердің іріңді қабыну ауруларымен ауырған науқастарды зерттеуде заманауи лабараториялық, инвазивті және инвазивті емес зерттеу әдістерін амбулаторлық жағдайда қолдана білу және білімін кеңейту;

  4. Іш пен кеуде қуысы, ішпердеарты кеңістігі, жұмсақ тіндер, буын-сүйек пен қан тамырлар жүйесінің іріңді қабыну ауруларын салыстырмалы диагностика өткізуден білімін жетілдіру;

  5. Хирургиялық инфекция ауруларын заманауи инновациялық тәсілдермен емдеуді терең оқыту;

  6. Аралас пәндер бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгерудегі білімін кеңейту;

  7. Интерндерді амбулатория жағдайында күнделікті медициналық құжаттар мен есеп-шоттық үлгілерді толтыруды;

  8. Курация жасаған ауруларда аурудыңарасында алдын алу, ерте сатысында анықтау мен салауатты өмірсалтын қалыптастыру туралы санитарлы-ағарту жұмысына қатынасуды қалыптастыру;

  9. Клиникалық анатомия мен оперативті хирургиядан білімін арттыру және оперативті ем принциптерін қалыптастыру;

  10. Хирургиялық инфекция мен ауырған ауруларда анестезиология мен реанимация бойынша білімін қалыптастыру және анестезия мен реанимациялық шаралды жүргізудің ерекшеліктерін анықтау


«Хирургиялық инфекция мен амбулаторлық хирургия» модулі бойынша дәрістер мен тәжірибе сабақтарының тақырыптық жоспары






Бөлімнің аты

Сағат бойынша көлемі

Барлығы

ПОҚжетекшілігімен

Орындау түрі

Дәрістер

Тәжіри

белік сабақ

ИӨЖ

1

Хирургиялық инфекция мен амбулаторлық хирургия

180

120

2

118

60

2

Клиникалық анатомия мен оперативті

хирургия


45

30







15

3

Анестезиология және

реанимация



45

30

-

30

15




Барлығы

270

180







90



«Хирургиялық инфекция мен амбулаторлық хирургия» модулі бойынша дәрістердің тақырыптық жоспары мен олардың мазмұны



Бөлімнің аты

Дәрістер тақырыбы мен мазмұны



Сағат саны

Хирургиялық инфекция мен амбулаторлық хирургия (2 часов)

1

2

3

1

Хирургиялық инфекция. Перитонит пен абдоминальды сепсисті емдеудің жаңа әдістері.

1

2

Хирургиялық көмекті ұйымдастырудың сұрақтары. Хирургиялық аурулардың диспансеризациясы, медициналық құралдарды рәсімдеу. Мүгедекті және оның себептері, реабилитация.

1




Барлығы

2

Клиникалық анатомия мен оперативті хирургия ( сағат)

1







2










Барлығы




Анестезиология және реанимация




Дәрістер – факультативті







Барлығы






«Хирургиялық инфекция мен амбулаторлық хирургия» модулі бойынша семинар сабақтарының тақырыптық жоспары мен олардың мазмұны



Бөлімнің аты

Семинар сабағының тақырыбы мен мазмұны



Сағат саны

Хирургиялық инфекция мен амбулаторлық хирургия (118 сағат)

1

2

3

1

Жарақат және жарақат инфекциясы. Жарақат үдерісінің морфологиясы және ағымының сатылары. Жарақат үдерісінің патогенезі, микробиологиясы, клиникасы. Жарақаттың бірден өң беріп жазылуы. Іріңді жарақаттың жазылуы. Жарақатқа аумақтық ем қолдану. Жарақат инфекциясына жалпы ем қолдану. Жарақат инфекциясының алдын алу принциптері. Жарақат инфекциясының ерекше түрлері.

12

2

Тері мен тері шелмайының инфекциясы. Сыздауықтар (фурункулы) және фурункулез, тілме қабынуы, эризипелоид. Көршиқан (карбункул), гидраденит, абсцесс, целлюлит. Некрозданған фасциит. Диагностикасы, емі

18

3

Қол ұшының іріңді хирургиясы. Паранихий. Кіріп кеткен тырнақ. Клиникасы және диагностикасы. Хирургиялық жолмен емдеу. Күбіртке, күбірткенің асқынған түрлері. Хирургиялық жолмен емдеу және бактерияға қарсы ем қолдану. Қол ұшы (thenar, hypothenar) флегмонасы. Пирогов-Парон шелді кеңістігінің флегмонасы. Диагностикасы және хирургиялық жолмен емдеу

12

4

Көкірек ортаның және өкпенің іріңді аурулары. Іріңді медиастинит. Ілкі және салдарлық медиастинит. Медиастинитті тудыратын факторлар. Ауру сатылары, диагностикасы және хирургиялық жолмен емдеу. Өкпе абсцесі, өкпенің гангреналық абсцестері мен гангренасы. Плевра эмпиемасы. Этипатогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу тәсілі

18

5

Перитонит. Перитониттің клиникалық жіктемесі. Перитониттің патогенезі, клиникасы және диагностикасы. Операциядан кейін туындайтын периотониттің асқынулары. Науқасты операцияға даярлау. Жайылған периотонитті емдеу ерекшеліктері, құрсақ қуысына тампонада және дренаж жасау, лапаростомия және құрсақ қуысын шайып тазарту көрсетімдері. Ішек декомпрессиясын жасау әдістері. Атибиотиктер мен детоксикация әдістерінің комлексті ем қолдану кезінде алатын рөлі. Периотонитпен сырқаттанған науқасты емдеу кезінде жіберілетін қателіктер мен туындайтын асқынулар

18

6

Сепсис. Хирургиялық сепсистің ерекшеліктері. Сепсис жіктемесі, этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы. Абдоминальдік сепсис. Сепсистік шок. Сепсис иммунологиясы. Сепсисті комплексті емдеу принциптері. Сепсисті хирургиялық жолмен емдеу

18

7

Хирургиялық жәрдем көрсетуді ұйымдастыру. Хирургиялық науқастарды диспансеризациялау, медициналық құжаттамаларды ресімдеу. МӘСК, ДКК, еңбекке жарамсыздықты сараптау. Мүгедектік және оның себептері, оңалту. Еңбекке жарамсыздық куәлігін беру ережелері. Амбулаторияда және стационарда хирургиялық жәрдемді ұйымдастыру. Статистикалық есеп-қисаптың түрлері. Хирургиялық қызметті сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштерді есептеу әдістемесі, хирургиялық қызметті регламенттейтін нұсқаулық құжаттар.

18




Барлығы

118

Клиникалық анатомия мен оперативті хирургия ( часов)

1







2










Барлығы




Анестезиология және реанимация (30 часов)

1

Реанимация мен қарқынды терапия бөліміндегі инфекциялық асқынулар. Бактерияға қарсы ем қолдану. Макро- және микроорганизмдердің өзара әрекеті. Бактериялық инвазиядан қорғанудың спецификалық және бейспецификалық факторлары. Госпиталдық инфекциялардың экзогенді және эндогенді факторлары. Ауруханаішілік экзогенді инфекциялардың алдын алу әдістері. Реанимация мен қарқынды терапия бөліміндегі асептика мен антисептика. Ауруханаішілік эндогенді инфекциялардың алдын алу әдістері. Әсер ету механизмі. Бактерияға қарсы тиімді ем қолданудың қазіргі әдістері. Бактерияға қарсы ем қолдану кезінде жіберілетін қателіктер мен туындайтын асқынулар

6

2

Сепсистік шок кезіндегі реанимация және қарқынды терапия. Сепсис: Этиологиясы. Патогенезі. Клиникасы мен диагностикасы. Сепсис кезіндегі реанимация және қарқынды терапия. Инфекциялық-сепсистік шок: Сесистік шоктың дамуын туыдарытн жағдайлар. Патогенезі. Сатылары. Микрофлора сипатына байланысты клиникасы. Сепсистік шок кезінде қарқынды ем қолдану. Сепсистік шок кезінде қолданылатын детоксикация әдістері

6

3

Өкпе хирургиясында науқастарды операцияға жалпы және арнайы даярлау. Өкпенің іріңді ауруларымен сырқаттанатын науқастар жағдайының ерекшеліктері. Өкпенің хирургиялық патологиялары бар науқастарды операция алдында емдеу, кеңірдек-бронх тармақтарына санация жасау.

6

4

Амбулаториялық практикада жансызданыру әдістерін талғау. Операция алдында тексеру. Наркоз алдында жүргізілетін объективті (зертханалық) тексеру көлемі және анамнез мәліметтері. Операцияға дайындық жүргізу ерекшеліктері. Амбулаториялық жағдайда премедикация жүргізу көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Амбулаториялық жасалатын әрекеттердің аумағына, көлеміне және сипатына байланысты жасалатын анестезия әдістерін талғау. Науқастың жасына, жалпы жағдайына, нерв-психикалық статусына және қосарласқан аурулардың болуына байланысты жасалатын анестезия әдістерін талғау.

Жергілікті және аймақтық анестезия. Анальгетиктер мен нейролептиктерді қоса жергілікті анестезия өткізу көрсетімдері және оларды бағалау. Эпидуралды анестезия.



6

5

Амбулаториялық практикада жүргізілген жансыздандыру кезінді туындайтын асқынулар, олардың диагностикасы, алдын алу және емдеу. Операция және наркоз кезінде амбулаториялық науқастарда талманы диагностикалау, оның алдын алу және емдеу. Регургитацияның, аспирацияның, ларингоспазмның, бронхиолоспазмның, бас айналудың, бас ауыруының алдын алу және оларды емдеу. Амбулаториялық жағдайда реанимациялық жәрдем көрсетуді ұйымдастыру: қанайналымның кенеттен тоқтап қалуы кезінде шұғыл жәрдем көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер жиынтығы. Тыныс алудың жіті бұзылуы кезінде шұғыл жәрдем көрсету. Демікпе ұстамасы кезінде шұғыл жәрдем көрсету. Стенокардия, миокард инфаркті кезінде шұғыл жәрдем көрсету. Гипертониялық криз кезінде шұғыл жәрдем көрсету. Коллапс, талма кезінде шұғыл жәрдем көрсету. Аллергиялық және анафилаксиялық шок кезінде көрсетілетін шұғыл жәрдем көлемі. Дәрігердің науқасты қауіпті жағдайдан шығарудан кейін қолданылатын тәсілі.

6




Барлығы

30

Каталог: download -> files
files -> Нуо казахстанско- российский медициналық
files -> Нуо казахстанско- российский медициналық
files -> Семинар сабақтары: 25 сағат Оқытушымен бірге студенттің өзіндік жұмысы 30 сағат СӨЖ : 30 сағат
files -> Нуо казахстанско- российский медициналық
files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско
files -> Нуо казахстанско
files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско
files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско
files -> Меббм қазақстан-ресей
files -> Департамент внутренних болезней


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет