Мамыртаева Қарлығаш Тастүреевна



Дата04.07.2018
өлшемі150,85 Kb.
#46855
түріСабақ
Мамыртаева Қарлығаш Тастүреевна

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы,

Жиделі жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі



Міржақып Дулатов «Наурыз» өлеңі


Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасай отырып, Наурыз мерекесінің жыл басы екенің ұғындыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады: Өлеңді оқып,мазмұнын түсінеді

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Өлеңді мәнерлеп оқып мазмұнын айтып бере алады

Кейбір оқушылар істей алады:

Ақын өмірінен мағлұмат беріп, наурыз айының ерекшелігін ажырата біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар:өлеңді оқи отырып жұмыс жасай алады, материалдарды сабақта қалай қолдануды үйренеді.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Наурыз, көктем

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер

Сөздік қорын дамыту

«Қыс шыққан өлмей тірі»

Берілген сөздерді талдау


Талқылауға арналған сұрақтар:

Қалай ойлайсыңдар балалар көрсетілген жыл мезгілінде қандай мейрамдар бар?

Осы аталған мейрамның ішінде біздің рухани мерекеміз қайсы екен?



Сіз неліктен… екенін айта аласыз ба?

Наурыз мерекесі неліктен наурыз деп аталған?


Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

Міржақып Дулатұлы жайында не білеміз?

Наурыз қазір қалай тойланады?



Жетістік критерийлері:

Оқушылардың наурыз мерекесі туралы түсінігі молаяды.

Алдыңғы оқу

Наурыз туралы түсінігі бар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Басы

3 минут

- оқушылармен амандасу;

- сыныпты түгендеу;

- кезекшілік қызметін қадағалау;

- оқушылардың назарларын сабаққа аудару;

-жағымды ахуал туғызу.

«Шаңырақ»

Түрлі-түсті лентадан бір лента алып бір шаңырақтың астына жиналып, бүгінгі сабаққа деген тілектерін айтады. Сол алған түс бойынша топқа бөлінеді.


Үй тапсырмасын тексеру

5-минут

«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Еріншек» өлеңін жатқа айтып берген оқушыға сұрақ қояды. Сұраққа жауап беріп, келесі өлеңді жатқа айтатын оқушыға сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын бекіту.


Таратпа материалдар



Ортасы

2-минут

Міржақып Дулатов туралы мәлімет беру.

М.Дулатов Торғай облысындағы Сарықопа деген жерде дүниеге келген. Ол ақын, жазушы және ағартушы – педагог.

3-минут

«Миға шабуыл» әдісі бойынша интербелсенді тақтадан наурыз туралы бейне баян көрсетіп, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.
5-минут

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді тізбектеп оқып, сөздікпен жұмыс жасату.
11 минут

«Айналмалы бекет» топтық жұмыс

Әр топқа тапсырма беріледі.

Топтан бір оқушы шығып басқа топтарға барып жұмысын қорғайды.

1 минут

Топтар «Басбармақ» әдісі арқылы топ жұмыстарын бағалайды.


2-минут

Сергіту сәті Караоке «Наурыз» әні


Флипчарттар,маркерлер таратпа материалдар,

оқулық,

интерактивті тақта.





Соңы

7 минут

«Зигзаг» Оқушылар қарама-қарсы екі қатарға тұрып жіпті жалғастыру арқылы бір-біріне сұрақтар қояды


3-минут

"Ротация"әдісі.Топтарға көк,жасыл,қызыл түстер арқылы сұрақтар беріп сұрау.
1.Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (көк)

2.Көктемде адамдар қалай киінеді,қандай еңбек түрлерімен айналысады? (қызыл)

3.Көктемнің келуімен жануарларда қандай өзгерістер болады? (жасыл)
3-минут

Бағалау критерийлеріне сүйене отырып, топтық бағалау жүргізу.

Рефлексия. Не білдім? Не білгім келеді? Не білемін? деген сұрақтарға стикерге жауаптарын жазғызу.

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу. М.Дулатов туралы іздену.



Бағалау парақтары, стикерлер.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет