Мақсаты: Қазақ тілінің бәсекеге қабілеттілігін орыс және ағылшын тілі дәрежесіне дейін көтеру



Дата28.11.2019
өлшемі0,56 Mb.
#52699
Байланысты:
Үш тұғырлы тіл


“Үш тұғырлы тіл”

Мақсаты:


Қазақ тілінің бәсекеге қабілеттілігін орыс және ағылшын тілі дәрежесіне дейін көтеру.



Ана тілінің құдіреті туралы түсніктерін кеңейту және дамыту. Қазақ тілінің кең қанат жаюына үлес қосу және мақтан тұтуға тәрбиелеу. Қазақ тілі мен қатар орыс, ағылшын тілдерін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан. 2007 жылғы « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдамасында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» – «Триединство языков» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды.

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан. 2007 жылғы « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдамасында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» – «Триединство языков» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды.

Кіріспе

“Бүгінгі таңда әр адам экономика мен қоғамның дамуына сай үш тілді меңгеріп, қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде еркін сөйлеуге тиісті...” Н.А.Назарбаев “Қазақстан – 2050” стратегиясы

«Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Қазақстан бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт - аралық қарым - қатынас тілі, Ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіргізу тілі.

“Үш тұғырлы тіл” идеясы

А


Қазақстан – дүниежүзі халықтарына есігін айқара ашқан, әлемдегі елу озық елдің қатарына енуді мақсат еткен, стратегиясы айқын, зайырлы мемлекет болғандықтан, ондағы тіл саясатына айрықша мән беріліп отыр. Әсіресе, көп ұлтты, көп конфессиялы мемлекеттің бүкіл халқының басын біріктіру, олардың тілдік мүддесін бір арнаға тоғыстыру міндетінің жүктелуі – уақыт талабы. Себебі, жүз отыздан астам ұлт өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі ұлтаралық келісімнің берік орнығуы, түптеп келгенде, елішілік тұрақтылықтың кепілі болу рөлін мемлекеттік тіл ғана өз деңгейінде атқармақ. Сондықтан мемлекеттің негізін құраушы аса маңызды үш фактордың бірі – тіл қолданысын кеңейтіп, позициясын нығайтуға үлес қосу – әрбір азаматтың борышы.

Қорытынды

Өскелең ұрпақты үш тілді: қазақ тілін мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы-замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Сондықтан бүгінгі сабағымызды “Үш тұғырлы тіл” Елбасының тақырыбына арнап, жолдауының жүзеге асуына біз де өз үлесімізді қосып отырмыз.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет