Мақсаты: Білімділігі



Дата20.07.2020
өлшемі21,01 Kb.
#63455

Білім саласы: Коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Қысқы табиғат.

Мақсаты:

Білімділігі: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Сұраққа нақты жауап беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.

Дамытушылығы: Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Бір-біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тапсырмалар орындау,

Көрнекілігі: Қыстың суреттері, аққала, бейне мәлімет, ойын.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

– Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Қане,орнымыздан тұрып, апайлармен амандасып алайық.



Шаттық шеңбері

Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!

І. Кіріспе бөлім

Ал енді балалар, назарымызды теледидарға аударайық.



Бейне мәлімет: Теледидардан қысқы табиғат туралы көрсетіледі. Сұрақтар қойылады.

–Балалар, біз теледидардан не көрдік?



Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
Қар жауады, аяз болып, боран соғады.

Жұмбақ шешу:

Көзіңе көрінбейді,

Тоңдырып қызартады.

Күні-түні ерінбейді,

Өзенге мұз артады. (Аяз)

-Балалар, аяз жылдың қай мезгілінде болады?

– Қыс мезгілінде болады. Қыс айларын білесіңдер ме?

Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан

– Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

– Салқын болады, беті-қолымыз тоңады. Қар жауады, боран болады.

-Қыс суық,қарлы,аязды болады.Қыста қар жауып,ағаштарға қырау болады.

– Қыста біздер қалай киінеміз?

– Жылы киімдерімізді киеміз.

– Қандай қысқы ойындарды білеміз?

– Аққала соғамыз, шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз.

Жарайсыңдар балалар, қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)

ІІ. Негізгі бөлім – Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс та келді. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз.

-Балалар, мынау ненің суреті?
- Аққала
- Аққала неден жасалады?
- Қардан
-Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.
Балалар қарды қолмен ұстап көреді.
- Қардың түсі қандай?
- Ақ
- Қар суық па, жылы ма?
- Суық.
- Аққала неше бөліктен тұрады?
- Үш бөліктен тұрады
- Оның бөліктерінің пішіндері қандай?
-Дөңгелек
Ғажайып сәт./Осы кезде аққала келеді/
(Есік тықылдатып, музыкамен аққала келеді) – Қараңдаршы, балалар, бүгін бізге қонаққа аққалакеліпті.

Аққала:

–Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендерге қонаққа келдім. Көптеген тапсырмалар ала келдім. Балалар аққала бізге құр келмепті, көптеген тапсырмалар ала келіпті. – Қане, балалар олай болса аққаланың әкелген тапсырмаларын бірге орындайық.Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар.


Аққаланың тапсырмалары:

1тапсырма: – Ал, ендеше балалар қыс туралы тақпақ білсек айта қояйық. (Балалар өздері білетін тақпақтарын айтады)

2 тапсырма: Қар ұлпаларын жасау .

Шарты: Күнделікті пайдаланып жүрген дайын пластмассты ыдыстың астыңғы бөлігінен қар ұлпаларын жасау. Жасаған ұлпаларды ағашқа ілу.

Сергіту сәті: – Балалар, ендеше орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.(музыкамен әуенімен іс –қимыл жасау)

3 тапсырма: “Сыңарын тап”дидактикалық ойыны.

Ойын шарты:Бірнеше қыстық қолғаптар берілген,сол қолғаптардың ішінен сыңарларын тауып қою керек.

4 тапсырма: “Аққала” ойыны.

Ойын шарты: үстел үстінде жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: басына киетін шелегі, аузы, көзі,ілгегі сияқты суреттері жатады. Балалар осы бөліктерді алып, аққала жасайды.



Оқу қызметін қорыту:  – Қыста ойнайтын қандай ойындарды білесіңдер?

– Қардан не жасаймыз? – Сырғанаққа бару үшін қалай киіну керек? Мадақтау: Балалар, сендер бүгін ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы қатысқандарың үшін аққала сендерге рахметін айтып жатыр. Ол сендерге   сыйлықтарын береді.



Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.
«Жүректен - жүрекке»:
Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Шағалалы ауылы

«Балдырған» балабақшасы
Тақырыбы

«Қысқы табиғат»

Ашық сабақ

Тәрбиеші: Исаханова Ж Т.



«Айгөлек» тобы

2017-2018 оқу жылы
Каталог: arc -> attach -> 291
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі
291 -> Бөлімдері: Жаратылыстану Тақырыбы: Бақша ауласы Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет