Мақсаты: Білімділік: Қазақстан тарихы бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Дамытушылық



бет1/6
Дата06.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#81606
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Елім менің танымдық сайыс
Индіктің тепе-теңдік шарты

Тақырыбы: «Елім менің» танымдық сайысы
Мақсаты:
Білімділік: Қазақстан тарихы бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.
Дамытушылық: Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге талпындыру.
Тәрбиелік: Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.
Көрнекіліктері: слайд, проектор, интербелсенді тақта, шарлар, плакат
Сайыстың түрі: Танымдық сабақ
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Таныстыру (топ басшылары, топтың аты)
Сайыстың шарттарымен таныстыру

Құрметті ұстаздар мен студенттер. Бүгінгі «Елім менің» танымдық сайысына қош келдіңіздер!


Оқытушының кіріспе сөзі: Тәуелсіз ел тарихы - Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенінін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім,Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың қалыпты дамуы, өркениетке ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналмақ.
«Елім менің» атты» танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа екі топ қатысады 4-4 студенттен.
Сайысқа қатысушы топтарды «Болашақ» тобы мен «Алаш» тобын ортаға шақырайық. Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Колледжіміздің әдіскері – Шиянбина Айнур апайларыңыз
Топ жетекшілер бірлестігінің жетекшісі – Қайырбекова Еркежан апайларыңыз
Өндірісте оқыту шебері -
Екі команда ортаға шығып өздерін таныстырады, негізгі бөлім 6 айналымнан тұрады. Атап айтқанда:
1-айналым: «Кино фильмдерден үзінді»
2-айналым: «Сөз сауаттылығы» 
3-айналым: «Тұрақты сөз тіркесі»
4-айналым: «Ән жұмбақ» 
5-айналым: Тарихи тұлғалар
6-айналым: «Әріптер қозғалысы»
Олай болса екі команда өздерін таныстырып өтсе.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет