Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың



Дата08.09.2017
өлшемі22,93 Kb.
#30017
  • “Ата-ананың алақаны-балаға айдынды қоныс”
  • (тренинг-сабақ)
  • Мақсаты:
  • Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың
  • балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.
  • Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін,
  • олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің
  • жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты
  • жақсарту
  • бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

І.Кіріспе

  • І.Кіріспе
  • ІІ.Негізгі бөлім:
  • 1.”Мен үшін қымбат...”(Ой қозғау)
  • 2.”Бала деген кім?”(Ой қозғау)
  • 3.”Жүректен шыққан жылы сөз”:
  • А)”Мейірімділік шуағы”;
  • 4.”Жағымсыз қылықтар”
  • 5.”Жақсы қасиеттер”
  • 6.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
  • 7.Жаттығу “Өз қолыңмен көмек
  • 8.Ой толғаныс
  • Тренинг-сабақтың бағдарламасы:
  • І. Кіріспе бөлім:
  • - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар!
  • Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.
  • Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған
  • тренингтің тақырыбы: «Ата-ананың алақаны –
  • балаға айдынды қоныс» деп аталады.
  • Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.
  • Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары
  • жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы
  • болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.
  • Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды.
  • Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы
  • саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты
  • – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж
  • етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен
  • жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле
  • алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады,
  • қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны
  • іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала
  • отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар
  • баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді,
  • еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы ,
  • жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын
  • тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл
  • бөлуді ешқашан естен шығармайық.

«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.

  • «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.
  • Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»
  • А.С.Макаренко
  • Ұл тәрбиелей отырып жер иесін тәрбиелейміз,
  • Қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз
  • Платон
  • “Адамдық негізі – ол - әйел”.
  • “Ана – отбасының ұйытқысы”.
  • Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды.Алайда оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді.Бүгінгі жиналысымызды ата-аналар мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп,оны жаттығулар арқылы көрсетеміз.
  • Бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан қандай қасиеттер керек?
  • Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады.Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып,үлкен сенім артылған баланың ісі оңға басады.Бала өте сезімтал келеді.Оған айтылған сөздер ғана әсер етіп қоймайды,сол сәттегі дауыс екпінін,бет-әлпеттегі өзгерісті,көзқарасты тез байқап қояды.
  • Әрине,әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді.Қандай жағдай болмасын баланың өзіне деген сенімін тудырып,қолдап отыру керек.Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек.Мұндай сәтте өзге отбасылардың ұлдары мен қыздарын өз балаларыңызбен салыстыруға әуестенбеу керек.Рас,кейде өзге біреудің баласының бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді.Бірақ ол басқа бала.Сондықтан әрбаланың өзінің жеке басының ерекшелігін,ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек.Кейде бала бір сәтсіздікке ұрынады.Ата-ана қатты уайымдап,баланың еш нәрсеге икемі жоқ,қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді.Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады.Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек.Ең бастысы,бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.

ІІ.Негізгі бөлім 1.“Мен үшін қымбат..”

  • Ананың
  • Ананың
  • махаббаты
  • Жан жылуы
  • Мейірімді көздері
  • күлкісі
  • мейірімі
  • Ыстық жүрегі
  • Аялы алақаны

2.“Бала деген кім?” тақырыбында әрбір ата-ана ой қозғау жазады

  • 2.“Бала деген кім?” тақырыбында әрбір ата-ана ой қозғау жазады
  • Бала
  • Бала
  • Үмітіміз
  • Өмірімнің
  • жалғасы
  • Болашағымыз
  • Бауыр етіміз
  • Асыраушым
  • Көмекшім
  • Ақылшым
  • Жүректен шыққан
  • жылы сөздер
  • А) «Мейірімділік шуағы» Ғалымдардың айтуынша,
  • баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы –
  • бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен.
  • Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
  • Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
  • Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
  • Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы.
  • «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.
  • Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
  • Жағымсыз
  • қылықтар
  • Жағымсыз
  • қылықтар
  • Сараңдық
  • Ызақорлық
  • Еріншектік
  • Тәкәппарлық
  • Мақтаншақтық
  • Дөрекілік
  • Жалқаулық
  • Жақсы
  • қасиеттер
  • Жақсы
  • қасиеттер
  • Тәртіптілік
  • Мәдениеттілік
  • Инабаттылық
  • Адамгершілігі мол
  • Еңбекқорлық
  • Тіл алғыш
  • Сыпайылық

Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар

  • С и т у а ц и я л ы қ с ұ р а қ т а р
  • 1 – сұрақ
  • «Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
  • 2 – сұрақ
  • «Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
  • 3 – сұрақ
  • «Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті. Марат үйге келіп шағым айтты. Ата – анасы әй – шәйға қарамай, директорға кіріп айқай шығарды. Ата – ананың бұл әркеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз?»
  • 4 – сұрақ
  • «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз? Ата – ана мен баласына жеке сұрақтар беру арқылы ата – анамен бала арасындағы байланысты анықтап, мәліметтерді саралау»
  • «Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
  • «Балаңыз ұялы телефон
  • алып бер деп жылады.
  • Сіз: «Шамалы шыдай тұр,
  • уақытында алып беремін» - дедіңіз.
  • Балаңыз тыңдамай есікті
  • тарс жауып кетіп қалды.
  • Сіздің әрекетіңіз?»
  • «Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты.
  • Марат сабақты да тыңдамады.
  • Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді.
  • Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады.
  • Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті.
  • Марат үйге келіп шағым айтты.
  • Ата – анасы әй – шәйға қарамай, директорға кіріп айқай шығарды.
  • Ата – ананың бұл әркеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз?»
  • «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?
  • Ата-аналардың баламен қарым-қатынасында баланың үмітіне балта шабатындай,кінәлайтын сөздер беріледі.Осы сөздерді олардың өз күшіне сенім тудыратындай,жақсы қолдау көрсете алатындай сөздермен алмастыру керек.
  • 1.Сенен ешқандай жақсылық шықпайды,нөлсің.
  • 2.Неге сен басқа балалардай емессің?
  • 3.Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің,шашың дудыраған,үстің кір-кір.
  • 4.Тағы да осылай істесең,менен таяқ жейтін боласың.
  • 5.Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.
  • Сенің де қолың өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді.
  • Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз
  • Сенің де басқалардан өзгеше болуыңа құқың бар,сенің де қолыңнан келеді
  • Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің.Сенің болашағың алда,үлкен ғалым боласың,жақсы дәрігер,білімді ұстаз болуды арманда
  • Үстіңді ретке келтір,шашыңды тара,киіміңді ауыстыр
  • *Егер баланы үнемі сынап отырса,........................
  • *Егер балаға үнемі күлсе,........................................................
  • *Егер баланы үнемі мақтап отырса,.....................................
  • *Егер бала төзімділікте өссе,................................................
  • *Егер бала адалдықта өссе,...................................................
  • *Егер бала кекшілдікте өссе,................................................
  • *Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе,......................................
  • *Егер бала түсіністікте өссе,................................................
  • “Тілек шырағданы”
  • Отбасы,ұшқан жанұя-жылылықтың,
  • жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Өз қолыңды көмек» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес .Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!

  • Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес .Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!
  • Ой-толғаныс

Каталог: uploads -> doc -> 054a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
054a -> Сабақ жоспары №4 Сынып: 7 күні: 22. 10. 2013 Пән: Тарих
054a -> Сабақ жоспары пән аты: Информатика Класы: 8 Сабақтың тақырыбы
054a -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Уа қыты Оқып-үйренудің негізгі мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет