Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқыныңсалт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету



Дата01.04.2017
өлшемі131,07 Kb.
«Әдептілік - тәрбие бастауы» тәрбие сағаты

Тәрбиеші Асемханова Б.М.


Мақсаты:

  1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқыныңсалт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.

ә) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

б) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.



Тәрбие сағатының өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, слайд.

Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөз:

-Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

-Бүгінгі болатын 2«Ә» сынып оқушыларының «Әдептілік-тәрбие бастауы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

-Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.



2.Психологиялық дайындық.

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Біздің тәрбие сағатына қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі тәрбие сағатымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. «Жүректен жүрекке» ойыны (тілектер айтылады. )

-Денің сау болсын!

-Ұқыпты бол!

-Батыл бол!

-Кішіпейіл бол!

-Ізетті бол!

-Әдепті бол!

-Ақылды бол!

-Білімді бол!

-Сүйкімді бол!

-Қазақтың баласы бол!

-Отаныңның баласы бол!

-Еліңе қорған бол!

-Арманшыл бол!

-Әжеңнің шуағы бол!

-Атаңның ұрпағы бол!

–Өнерлі бол!


-Биші бол!

-Әнші бол!

-Өнерің өрге жүзсін!

-Нұр жаусын!

-Мерейің үстем болсын!

-Білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет!

-Рахмет!

-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралады екен.
Тәрбиеші: -Ал енді балалар бәріміз тақтаға қарайықшы.

Ситуациялық жағдай.


Әдеп
Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.

Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.

Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.

-Ал балалар сендер не істер едіңдер?

-Арманның істеген ісі дұрыс па?

- Әдептілікке жата ма?



Оқушы: Мен Арманның орында болсам, әжеге орын берер едім. Арманның істеген ісі дұрыс емес. Біз әрдайым үлкен кісіні сыйлап, құрметтеуіміз керек. Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.

-Ал біз, осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен , бал тілінен бойымызға сіңіреміз.

-Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуларың керек.

-Демек, бүгінгі тәрбие сағаты жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Мектеп жасынан жақсы әдеттерге тәрбиеленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн екен.


Енді ойланайық, пікірлесейік.

Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?



1-оқушы: Әдептілік деп- үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі. Көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді. Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Бір-бірімізге кешірімді болу керек, ол да әдептілік.


2-оқушы: Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым –қатынасының, жүріс тұрысының ережесі, осы әдептілік ережесін сақтау керек. Әдепті бала әрдайым кездескендермен сәлемдеседі. Сөйлескен кезде «сен» демей, «сіз» деп сөйлескен дұрыс.
Амандасу салты.

Мұсылман халқында амандасу «Ассалаумағалейкум» деген сөзден басталады. Ол «Сізге Алланың нұры жаусын» деген сөзден басталады. Ал сәлем алушы «Уағалейкумассалам» деп оң қолын береді. Ол «Алланың нүры сізге де жаусын» деген екен. Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып, содан соң құшақтарын жайып барып, бір-бірімен төс қағыстырып, оңға бір, солға бір кеуде түйістіріп амандасқан.

Қане, балалар пікірлерімізді ортаға салайық. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

1.Әдептілік, адамшылық-амандасудан басталады.

2.Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді.

3.Сәлем түзелмей, адам түзелмейді.

4. Әдепті қателессе, өз басынан көреді.

Әдепсіз қателессе, жолдасынан көреді.

5.Әдептілік, ар-ұят адамдақтың белгісі, Тұрпайы мінез, тағы жат надандықтың белгісі.

6.Әдептілік-өз аулаңнан, ата-атаңды сыйлаудан басталады.

7.Үйге келген адамға қарсы жүгіруге болмайды, үйге қонақ келсе қарсы ал, амандас киімін шешуге көмектес.

8.Дастархан басында өзіңді ұстай білу әдептіліктің бір белгісі.

9.Екі адам сөйлесіп тұрғанда арасынан өтуге болмайды, сөйлесіп тұрған адамдарда жұмысын болса, күтуге тура келеді.

10.Мектепке келерде сабақ кестесі арқылы оқулықтарды рет-ретімен салып қой, мектепке кешікпей уақытында кел.

11.Сабақ үстінде бөгде жұмыспен айналыспа, бар ынта жігеріңді сол сабаққа аудар, сонда ғана тиянақты білім алып, мақсатыңа жетесін, үзіліс кезін дұрыс пайдалан, сабақтан сұранба.

Көрініс


Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре одан да төменірек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай.

-Тақсыр,осынша жұрттың әкімісіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз?-деп айтты

Сонда әкім:

-Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып қалайын ба?-депті.



Тәрбиеші: Балалар бұл көріністен не байқадыңдар?

Оқушы: Маған көрініс өте ұнады. Бір қаланың әкімі болса да, мұжыққа сәлем беріп жатыр. Әкімнің әдепті, сыпайы екендігі білініп тұр. Мұжықты кедей демей адамдардың бәрін бірдей ұстайтындығы ұнады.
-Жарайсыңдар балалар, әдептілік жайлы кім қандай тақпақтар біледі екен.

1-оқушы:

Ата-ананың тілегі-


Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі-
Адам болып өскенің.
2-оқушы:

Әдептілік дегенің-


Әрқашан де керегің.
Әсемпаздық дегенің-
Әуре-сарсаң әлегің.
3-оқушы:

Атам менің әманда


«Ынтымақшы бол» дейтін.
«Бірлік болса» адамда
«Шын бақыт қой» ол дейтін.
4-оқушы:

Салем сөздің анасы.


-Салеметсіз бе,ағай!-деп
-Салеметсіз бе,апай!-деп
-Есенсіз бе,әже!-деп
-Амансызба ба,атай!-деп
-Ұл-қыз сәлем береміз,
-Өнегелі өренбіз.
5-оқушы:Күндіз де елді елеймін
«Қайырлы күн!» тілеймін,
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін
«Кеш жарық!» деп кіремін.

6-оқушы:

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Сыйлы болмақ өзі де,

Үлкен болған кезінде.
Тәрбиеші: Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?

Оқушы: Уәде беріп оны орындамаса, кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондайды әдепсіз екен дейді. Әдепсіз баланы достары да сыйламайды.

Тәрбиеші: Әдепсіз балаға тән қасиеттерді бойына жинаған балалар қандай болады екен, осы жайлы сынып оқушыларына сөз берейік.
Етек кетер салақтап,

Бос жүріспен далақтап.

Ұқыпсыз сабақ ұқпайды,

Өз бетімен алақтап.


Кеше ғана қадалған,

Өміртайдың түймесі.

Орнында жоқ апырай,

Қайда кеткен,бұл несі?


Ілгек,түйме жұлынып,

Кешке дейін алысар,

Әркімге бір ұрынар,

Құспен, малмен жарысар.


Шашы түсіп көзіне,

Түсінбей ақыл сөзіне

Мұғаліммен таласар

Дәлел тауып өзіне.


Сумка, дәптер бәрі де,

Дал-дұл болып жыртылып.

Сия төгіп бәріне,

Шимай салған сыртына.


Сабақ бітті мектептен,

Оқушылар тарады.

Бір тентек бір тентекпен

Дабырласып барады.

Ал енді, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді топтастырайық.

-Сендер қалай ойлайсыңдар? Жарқырап тұрған күнге қандай баланы жатқызуға болады? -Ал, мына бұлтқа қандай баланы жатқызуға болады?

-Олай болса, мына тақтада жақсы және жаман қасиеттер жазылған сөздер берілген. Сол сөздерден жақсы және жаман қасиеттерді бөліп алып, күннің шуағы мен бұлттан жауған жаңбырды көрсетейік.

«Мен әдепті баламын» өлең.


Тәрбиеші: Ал, енді алалар кезекті мақал-мәтелдерге берейік.

Ойын: «Жалғасын тап»

- Балалар, мен , мақалдың бірінші жолын оқимын, сендер жалғасын табасыңдар.

-Аға әдепті болса, іні әдепті

-Әдепті бала ата-анасын мақтатар

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар

-Ана әдепті болса қызы әдепті

- Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергенің.

-Сәлем – сөз анасы.

-Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

-Кішіден ізет, үлкеннен құрмет.

-Тәртіпті бала – сүйініш, төбең көкке жетеді,

Тәртіпсіз бала – күйініш, төмендеп басың кетеді.

-Әдептің не екенін-

Әдепсіз адамды көргенде білерсің.

-« Сіз» деген - әдеп,

« Біз» деген - көмек.

-Кішіпейілділік - кісінің көркі.

-Күлме досыңа, келер басыңа.

- Өзіңді өзің сыйламасаң,

Өзгеден сый күтпе.

Жаман әдет туралы қандай мақал білесіңдер?

-Жаман әдет туралы мақал білетін болсаңдар айта қойыңдаршы?

-Ұрлық – түбі қорлық.

-Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаласың.

-Міне, балалар, бұл жерден біздің білгеніміз кісі сыйлық жасаса рахмет, біреуді ренжітсең міндетті түрде кешірім сұрау керек екен. Біреудің затын ешуақытта да рұқсатсыз алмау керек екен, бір рет рұқсатсыз алсаң соған әдеттеніп кетесің де, біртіндеп ол әдетті бойыңа сіңіресің. Түбі ол сені үлкен ұрлыққа жетелейді. Ал өздерің білесіңдер «Ұрлық- түбі қорлық» екенін, ұрлық жасасаң заң алдында жауап беруге тура келеді.


«Екеуміз әйбат баламыз» өлең.
Тәрбиеші: Өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдар.

-Ал, енді балалар, өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдаршы?

-Қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

-Аталарың, әжелерің айта ма?

Әбес іс жасама.

Әкені ренжітпе.

Босағада отырма.

Босағаны керме.

Үйге қарай жүгірме.
Бүйіріңді таянба.

Бетіңді баспа.

Бас киіміңді аяғыңа киме.

Бос бесікті тербетпе.

Білмесең айтпа.

Бейуақытта жылама,ұйықтама.


Бөркіңді теріс киме.

Баланы басқа ұрма.

Баланы алдама.

Бетіңе сызба.

Баланы шошытпа.

Бөтен үйге рұқсатсыз кірме.


Бала бетіне үрлеме.

Басыңды шайқама.

Досыңды өкпелетпе.

Дөрекі сөйлеме.

Дастарханды аттама.

Үлкеннің алдын кесіп өтпе.

Үлкеннің сөзін бөлме.
-Дұрыс. Тыйым сөздерді жақсы біледі екенсіңдер.
Поэзия минуты (мәнерлеп өлең оқу)

-Рахат , өзің білетін бір өлеңді жатқа оқып бере қойшы.


Біздің сынып

А.Шамкенов

Жұп жазбастан жүреміз.

Біздің сынып -мақтаулы

Өйткені біз сүйеміз

Дәйім тәртіп сақтауды

Біздің сынып –мақтаулы
Оқуда да алдамыз,

Біздің сынып өнерлі

Жақсы үйреніп алғанбыз

Талай би мен өлеңді

Біздің сынып - өнерлі

Еңбекке де қолы епті

Ынтымақты дос ыңғай

Біздің сынып әдепті

Біздің сынып осындай

Біздің сынып осындай.


Тәрбиеші: «Не істеуге болмайды?», «Не істеу керек» деген сөздерді мен айтамын, ал сендер жалғастырыңдар.

«Не істеуге болмайды?» «Не істеу керек?»

Сабақтан кешігуге Үлкендерді сыйлау керек

Сыныпта айғайлауға Ата-аналардың тілін алу керек

Кішкене балаларды ренжітуге Тәртіпті болу керек

Ысқыруға Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау

керек

Үлкендердің жолын кесуге Сабақты жақсы оқу керек



Құстарды атуға

Сиқырлы сөздер айтыңдар.

-Сәлеметсіз бе?

-Аман-есенсіз бе?

-Армысың!

-Айналайын!

-Өркенің өссін!

-Көп жаса!

-Денің сау болсын!

-Спортпен дос бол

-Рахмет!

-Қайырлы таң!

-Кеш жарық!

-Кешіріңіз!

-Сау болыңыз!

-Ал, балалар, өздерің айтқан сиқырлы сөздерден не пайда болды?

-Дұрыс, өздерің айтқан сиқырлы сөздерден көңілімізді көтеретін әдемі гүл шықты.

Қорытындылау:

Әдептілік, тәрбиелілік-асыл қасиеттер. Адамдарды бір-бірінен осындай жақсы қасиеттері арқылы бағалайды.



Қазақтың мынадай жақсы мақалы бар. «Жақсы бала ата-анасының есіктегі басын төрге, жаман бала төрдегі басын есікке сүйрейді» деген халық нақылын естеріңде ұстаңдар. Мен сендерді бүгінгі тәрбие сағатынан үйренген, білгендеріңді өмірде пайдаланып, әдепті, жақсы адам болады деп сенемін.
Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет