Мақсатымыз – Кетбұқа баба даңқын дәріптеу немесе «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің



Дата02.07.2018
өлшемі57,5 Kb.
#45731
Мақсатымыз – Кетбұқа баба даңқын дәріптеу

немесе

«Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің

қараша 2014 ж.- наурыз 2015 ж. аралығындағы

есебі
2013 жылы 26 қазанда Жезқазған қаласындағы С.Қожамқұлов атындағы театр ғимаратында Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданының тұрғындарының қатынасуымен өткен жиналыста «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі құрылды.

Осы жиналыс шешімімен құрамында 11 адамнан тұратын қоғамдық бірлестігінің төралқа мүшелері сайланды:

  1. Бүкіров Төлеген – төраға

  2. Жараспаев Алияр – төраға орынбасары

  3. Ештанаев Ғазиз – мүше

  4. Еңсебаев Көбейсін – мүше

  5. Жанботаев Досжан – мүше

  6. Жолдыбаев Бейсен – мүше

  7. Даркенбаев Бақберген – мүше

  8. Сүтбаев Сұлтан – мүше

  9. Нұрманов Жамбыл– мүше

  10. Тажбенов Тоғызбай – мүше

  11. Шамбұлов Тағанбай қажы – мүше

Тексеру комиссия мүшелері:

  1. Байқасынов Айып – төраға

  2. Байжұманов Әбілхайыр – мүше

  3. Қоянбаева Азизат – мүше.

«Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің атқарылған жұмыстары:

˗ «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі жарғысы қабылданды;

˗ «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі әділет басқармасынан тіркеуден өтті. Мемлекеттік тіркеу куәлігі №131240014719. 19.12.2013 ж;

˗ «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі қоры құрылды.

БИН 131240014719 ОКПО 52467859 код. ОКЭД 94990

Банк реквезиті: Есеп шоты kz929650000071698423

Альянс Банк АБ6 БИК IRTYKZKA;

˗ ғаламтордағы арнайы сайт: www.ketbukz.kz жұмыс істеуде. «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестіктің атқарылған жұмыстары туралы толық мағлұмат алуға болады.

˗ «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі құрамында Кетбұқа бабаның тарихын зерттеу мағлұматтар, әр-түрлі мәдени, спорттық т.б. іс-шаралар ұйымдастыру мақсатында өлкетанушы Балкенов Кенжал жетекшілік жасап, «тарихи-мәдени» топ құрылып жұмыс атқаруда.

Байланыс телефондарымыз: Жансулу Ильясова 8(7102)74-86-58,

Наркен Балаганова 8(7102)74-11-52.
Аймағымыздың ақсақалдарымен бірнеше мәрте кездесіп, ақылдаса келе «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі жоспарын бекіттік.

Жезқазған қаласындағы мекемелер мен оқу орындарында «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің қатынасуымен көптеген кездесулер ұйымдастырылды.

Сәтбаев қаласы мен Ұлытау селосында жергілікті тұрғындардың қатынасуымен жиналыстар өтіп, «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің бөлімшелері құрылды.

Кетбұқа – бабаның бейнесі (суретін) айқындау мақсатында конкурс өткіздік.

Көпшіліктің ұсынысын ескере келе, «Абыз тұлға, аңыз тұлға – Кетбұқа» кітабын 3000 данамен «Фолиант» баспасынан шығарып, оның 1000 данасын Қазақстанның облыс, қалалары мен аудандары кітапханаларына, оқу орындарына тегін таратуды ұйымдастырдық. Осы кітаптың тұсаукесері 06.09.2014 ж. Жезқазған қаласы С. Қожамқұлов атындағы театр ғимаратында жергілікті тұрғындар мен еліміздің басқа аймақтарынан арнайы келген қонақтардың қатынасуымен өткізілді.

Кетбұқаны халық арасында насихаттау мақсатында журналист Шахмұрат Ибадатовтың «Ұлы баба есімі дәріптелді» атты кітапша 300 данамен «Асар» ЖК «Битанова С.Д.» баспаханасында басылып шықты. Бұл кітап Ұлытау-Жезқазған аймағындағы мекемелер, оқу орындары мен кітапханаларға тегін таратылды.

2014 жылдың 1 қыркүйегінде «Білім» күніне орай Жезқазған қаласындағы қазақ мектептерінде өткен жиындарға қоғамның белсенді мүшелері арнайы қатынасып, сөз сөйледі және мектептерге кітап сыйлады.

Ұлы бабаны халық арасында насихаттау мақсатымен «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі белсенді мүшелерінің қатынасуымен 2014 жылдың 10 қазанында Қызылорда қаласында С.Майқанова атындағы театрда жергелікті тұрғындармен кездесу өткізілді. Келесі күні, яғни 11 қазанда Жаңақорғандағы Ер Төлегетай мен Қылышты қожаға арналған үлкен асқа қатынасып, Тағанбай қажы Шамбұлов жиналған көпшіліктің алдында сөз сөйледі.

Ас үстінде Қазақстанның түпкір-түпкірінен арнайы келген ағайындарға «Абыз тұлға, аңыз тұлға Кетбұқа» кітабы сыйлық ретінде таратылды.

Қызылордадағы сапардан соң 12 қазанда Түркістан қаласына барып, Қожа Ахмет кесенесінде болып, дұға жасалды, қала тұрғандармен кездесулер өткізілді.

«Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің ықпалымен әр-түрлі деңгейдегі басылымдарда (газет, журнал) Кетбұқа туралы көптеген материалдар басылды. «Дидар» телеарнасынан тарихи-танымдық хабарлар берілді.

Даңқты тұлғаның атын, ерлігін дәріптеу мақсатында баспасөз бетінде Жезқазған қаласының Құрметті азаматтарының тұрғындарға үндеуі жарияланды.

Шығыс Қазақстан облыстың кітапхана басшыларының ұсынысымен, Өскемен тұрғындарының қатынасуымен, «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелерімен онлайн жүйесінде хабар ұйымдастырылды.

Биылғы жылдың 20 ақпанында Астана қаласының Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық универстетінде «Қазақ елінің қаһармандық тарихы мен Кетбұқа тұлғасы» атпен конференция өтті. Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері Өмірбек Байкелді, Ғарифолла Есім, Мұханбет Көпеев, Қойшығар Салғарин, Жекен Қалиев, сенатор Серік Ақылбай, академик Сейіт Қасқабасов қатынасып сөз сөйледі. Ғылым докторлары Дихан Хамзабекұлы, Рахымжан Тұрысбек, Жанат Әскербекқызы, Тұрсын Жұртбай, Омар Темірбекұлы, Жамбыл Артықбаев, Қаржаубай Сартқожаұлы, Жезқазғаннан арнайы барған жас тарихшы Ғабдол Ауезовтар баяндама жасады. Күйші Жанғали Жүзбаев «Ақсақ құлан» күйін орындап берді. Қызылорда облысынан арнайы келген еңбек ардагері, ақын Дінәлі Бұхарбаев Кетбұқаға арналған поэмасынан үзінді оқыды. «Ақ жол» партиясының хатшысы жерлесіміз Сабит Байдалы өзінің ыстық ықыласын білдіріп, рахметін айтты.

Атқарылған іс-шаралармен қатар алдағы уақытта орындалуы тиіс нақты жұмыстар да жоспары жасалып, бекітілді. Атап айтсақ, «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің тапсырысымен жазушы, тарих ғылымының докторы Жамбыл Артықбаевтың «Кетбұқа - жырау, аталық қолбасшы» атты тарихи-танымдық кітап жақында баспадан шығады деп жоспарланып отыр.

2015 жылдың маусым айында Қарағанды облысының мәдениет, мұрағатттар мен құжаттама басқармасы, Жезқазған қаласының әкімдігі мен «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен Жезқазған қаласында «Х-XIII ғасырлардағы түркілер қоғамы және оның тарихындағы Кетбұқаның орыны» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

«Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шаралар мен кітаптардың шығыны баспадан жарық көрген кітаптарды сатудан түскен қаражат есебінен атқарылуда.

Қорға түскен қаржының кірісі мен шығысын ереже талаптарына сай болуын қадағалап отыру – басты назардағы мәселе. Қорға түскен қаражатты тексеру комиссия мүшелері тексеріп, тиісті құжаттарын толтырып отырады. Қаражатты тексеремін деген азаматар «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің есепшісі Абеева Марияш (жұмыс тел.: 72-45-54) және тексеру комиссиясынын төрағасы Байқасынов Айып (тел.:87015348920) хабарласып, қаржы қозғалысының тәртібіне көз жеткізулеріне болады.

Жезқазған қаласы әкімінің 05 желтоқсан 2014 жылғы №23/64 қаулысымен Жезқазған қаласы Ғарышкерлер бульвары (үлкен субұрқақ жағына) ескерткіш құрылысын жүргізу үшін жер телімі берілді. Ендігі алда тұрған іс - ел болып, жеткілікті қаржы жинап, ұлы бабаға еңселі ескерткіш орнату. Көп болып қолға алған шаруаға қолдау көрсетіп, барынша ақшалай жәрдем көрсеткен жандарға деген ризашылық сезімімізді жеткізе отырып, төменде қор жұмысының жүріп кетуіне қол ұшын берген жандардың атын атап өтуді артық санамадық.

«Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі есепшісі Марияш Абееваның 15 наурыз 2015 ж. мәліметі бойынша қорға түскен қаражат көлеміне назар аударайық.

Қомақты қаржы құйып, қолдау көрсеткендер:


  1. Омаров Мәлік– 1 млн. тг.

  2. Сейткенов Шахибаден– 500 мың. тг.

  3. Жүнісбеков Өмірхан – 500 мың. тг.

  4. Ақшалов Мырзабек – 1 ат

  5. Дүйсенбаев Қажымұрат – 110 мың тг.

  6. Филипович Станислав – 20 мың тг.

Қорға 100 000 теңге көлемінде қолдау көрсеткен азаматтар тізімі:

  1. Нұрманов Жамбыл

  2. Жарасбаев Алияр

  3. Шыңғысов Бауыржан

  4. Ахметов Батырлан

  5. Асансейітов Марат

  6. Медебаев Советбек

  7. Медебаев Жеңісбек

  8. Алданазаров Мұхаметжан

  9. Жақанов Мұхамбет

  10. Тұрланов Маркен

  11. Мулахов Абзал

  12. Сауранбеков Абзал

  13. Нысанбаев Саят

  14. Омаров Ануар

  15. Абдрахманов Серік

  16. Тәжбенов Тоғызбай

  17. Мұқашев Бауыржан

  18. Қамысханов Хусен

  19. Бүкіров Бөлеген

  20. Нұрлыбаев Бақытжан

  21. Сейітов Ермек

  22. Мухамбедин Мереке

  23. Тілемисов Торекожа

  24. Байжабагинов Марат

  25. Хамзин Ғабит

  26. Үңгітбаев Мұқан

  27. Сыздыманов Смағұл

  28. Жарасбаев Ербол

  29. Ранов Дархан

  30. Шайжанов Кайрат

  31. Мырзаханов Бағлан

  32. Садыков Б.

  33. Мектепбаев А

  34. Каңтарбаев Қанат

  35. Такеев Тлеуқабыл

36.Алиманов Эльдар

37.Смагулов Данияр

Қолға алынған қайырлы іске аймағымызда тұратын әр ру, әр ата балалары да үн қатты. Бас біріктіріп, қорға қаражат жинап беруге ерекше ықылас танытып, ақшалай көмектерін көрсетті:


  1. Боран – 20 000 тг.

  2. Бекболат – 325 250 тг.

  3. Шағыр – 1 160 000 тг.

  4. Асан-Шұңғыр – 110 000 тг.

  5. Қайдауыл – 230 000 тг.

  6. Өтеу – 140 000 тг.

  7. Қозыбай – 220 000 тг.

  8. Қуат-Жайыл – 80 000 тг.

  9. Қуат-Тоғай – 80 000 тг.

  10. Қуат – Амантай – 145 000 тг.

  11. Қуат – Қаржау – 770 000 тг.

  12. Қуат- Мұсағұл – 710 000 тг.

  13. Ақтаз – 30 000 тг.

  14. Қосай – 360 000 тг.

  15. Балталы - 10 000 тг.

  16. Ақтаз – Мамай – 10 000 тг.

  17. Ақтаз-Тіней – 40 000 тг.

  18. Баспала – 10 000 тг.

  19. Ақтаз-Шортан -30 000 тг.

  20. Сарғалдақ-Төленді – 280 000 тг.

  21. Шәлтеке – 140 000 тг.

  22. Шәлтеке-Кигіз – 40 000 тг.

  23. Жұртшы-Баян – 180 000 тг.

  24. Жұртшы – 620 000 тг.

  25. Қарабала-Жауғашты -1 010 000 тг.

  26. Жырық – 40 000 тг.

  27. Оразай – 40 000 тг.

  28. Қарабала – Бодық – 80 000 тг.

  29. Жанғабыл – 1 000 000 тг.

  30. Кәсіп Қазақмыс (Жезқазған) – 200 000 тг.

  1. Досмағанбетов М. (руы белгісіз) – 20 000 тг.

  2. Екі азамат руын жазған. Есімін жазбаған. – 20 000 тг.

Барлығы: 13 980 250   тг.

Мамандардың есебі бойынша, сапалы материалдан жасалған (ат үстінде) ескерткішті орнатуға шамамен 80 млн. теңге қажет.



Қадірлі ағайын, ендігі міндет - қор қоржынына қажетті мөлшердегідей қаражат түсіру. Береке берер іске бел буып кірісетін, жақсы іске келгенде намысын қамшылап, жұмыла кететін жұрттың азаматтары! Үлкен шаруа қолға алынды. Оның абыроймен аяқталмағы – бәрімізге сын. «Көп түкірсе – көл» деген ата қағидасын ұстанған ел тағы бір сілкініс жасайды деген үмітіміз зор. Алла абырой берсін!
Құрметпен, «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлесітік төрағасы Төлеген Бүкіров
Каталог: attachments -> article
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> История финансовой науки и ее развитие в России
article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет