Математика пәні бойынша 6 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары IV тоқсан Сабақ нөмірі: 132 Сабақтың тақырыбы



Дата07.02.2022
өлшемі29,76 Kb.
#84059
түріСабақ
Байланысты:
1- сабақ математика,6кл,каз,№132 (2)
Документ Microsoft Office Word (2), Әлемнің Абайы эссе, Әлемнің Абайы эссе, Әлемнің Абайы эссе, Әлемнің Абайы эссе, 457 журн Сбор, 457 журн Сбор, 457 журн Сбор, 8723344261 20210927 112209 0000, PDF Scanner 311023 9.25.08

Математика пәні бойынша 6 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақ нөмірі: 132
Сабақтың тақырыбы: Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, өзгеру құлашы. Бірнеше санның арифметикалық ортасы. (1-сабақ)
1. Мақсаты:

  • Статистика және статистикалық сипаттамалар туралы түсінік алу;

  • бірнеше санның арифметикалық ортасының анықтамасын білу;

  • сандардың арифметикалық ортасын табу ережесін есептер шығаруда қолдануды үйрену



2. Жаңа тақырыпқа қысқаша түсініктеме
а) Статистика - қоғам мен шаруашылық салаларының дамуындағы өзгерістер туралы мәліметтерді жинақтау, зерттеу және жариялаумен айналысатын ғылым; сандық есептеулер әдісі.

СТАТИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР







Арифметикалық
орта
белгіленуі




Өзгеру құлашы
белгіленуі
R

Медиана
белгіленуі
Ме

Мода
белгіленуіМо


b) Бірнеше санның арифметикалық ортасы ( ) деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.


=
1-мысал.
Таңертең температура 10 градус болды, күндіз 18 градусқа дейін көтерілді, кешке қарай 9 градусқа түсті, түнде 3 градусты көрсетті. Тәулік бойғы орташа температураны тап.
Шешуі.
Алдымен тәуліктегі температуралардың жалпы қосындысын табамыз:
10+18+9+3 = 40
Сосын алынған қосындыны қосылғыштар санына бөлеміз:
40 : 4 = 10
Яғни, (10+18+9+3) : 4 = 10
немесе = = 10
Жауабы: 10 градус

2-мысал.
Дүкенде килограмы 250 теңгеден 7 килограмм алма және килограмы 325 теңгеден 5 килограмм алмұрт сатылды. Жемістердің 1 килограмының орташа бағасы қандай?


Шешуі.
(250 7 + 325 5) : 12 = (1750 + 1625) : 12 = 281,25(тг)
Жауабы: 281,25 теңге


  1. Тапсырмалар.

  1. Сыныптағы бірнеше оқушының бойларын өлшегенде 150 см, 160 см, 145 см, 140 см, 138 см болды. Осы оқушылардың бойларының орташа ұзындығы қандай?



  1. Асыл дүкеннен 75 теңгеден 4 көк қаламсап және 65 теңгеден 6 жасыл қаламсап сатып алды. Бір қаламсаптың орташа бағасын анықта.




  1. 1-ден 50-ге дейінгі бүтін сандардың арифметикалық ортасын тап.



  1. Төрт санның арифметикалық ортасы 75,35-ке тең. Бірінші сан екінші саннан 0,4-ке кем, ал үшінші саннан 2,3-ке артық, ал төртінші саннан 4,5 есе кем. Бірінші санды тап.

  1. Сілтеме:

  1. Т.А. Алдамұратова және басқалары, «Математика», 6-сынып, 2-бөлім, Алматы «Атамұра», 2018, 127-128 беттер

Әзірлеуші: Матаева К.О., М.Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет