Математикадан аудандық олимпиада есептерін шешу



бет1/7
Дата08.02.2022
өлшемі131,06 Kb.
#124484
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Математикадан аудандық олимпиада есептерін шешу жолдары
1-сабақ, Комбинаторика, Анель Таженова, Дип.-Ароматик-аминдер, ОВБ1


Математикадан аудандық олимпиада есептерін шешу

№ 126 мамандандырылған лицей директоры, техника ғылымдарының кандидаты, математик Баеков Ербол Сейтұлы


Аталған лицейдің математика пәні мұғалімдері: Сағиев Нұрсадық Нұрғабиденұлы, Исмайлов Есетбай Умирзакұлы, Омар Мәден, Мырзабаев Ғаппар Икатұлы,
Елімізде әрқайсы пәндер бойынша оқушылардың мектеп ішілік, аудандық, қалалық, республикалық олимпиадаларды жыл сайын өткізіп отыру дәстүрге айланған игі шаралардың бірі болып отыр. Әне солардың бірі математика пәні олимпиадалары.
Бұл олимпиадалар оқушылардың математика пәнін оқуға деген қызыушылығын аттырып, олардың жан-жақтылы кең көлемде ойлау өрістерін дамытуға қозғаушы күш болатыны сөзсіз. Сондықтан әр түрлі мектептер дарынды балалардан жыл сайын алынып отыратын жоғарыда айтылған олимпиадаларға оқушы дайындау мәселесін дәл уағында мықты ұстағандары жөн. Ол үшін ең әуелі мына екі мәселені шынайы ойластырыуымыз керек. 
Бірінші, математика олимпиадаларына оқушы дайындайтын "Дарын " және "Пифагор" сияқты орталықтармен тығыз байланыс орнатып, олардан ақыл- кеңес алып, ондағы жас білікті мамандарды ұсыныс етіп, оқушыларды 5-сыныптан бастан дайындау, оларды математикалық олимпиада есептерін шешуге кішкентайынан бастап дағдыландыру қажет. Сонда ғана оқушылардың тәңір берген дарындарын шынайы ашуымызға, дамытуымызға, болашаққа нағыз дарынды азаматтарды тәрбиелелеуімізге болады. 
Екінші, математика олимпадасына байланысты көптеген кітаптар мен сайттар ағылшын және орыс тілдерінде жарық көріп отыр. Ал қазақ мектептерінде математика олимпиадасына байланысты өз ана тілінде жазылған кітаптар мен сайыттар саусақпен санарлықтай өте аз. Осы мәселені шешу үшін қазақ мектептеріне арнап математика олимпиадасына байланысты ана тілде көлемді кітаптар жазып сайыттар ашсақ, математика журналдарына есептер жазып, математика олимпиада есептерін шешудің әдістерін көрсетіп отырсақ, оқушылар үшін өте тамаша материалдар болар еді. 
Міне осындай мақсатпен №126 мамандандырылған лицейдің бірнеше математика пәні мұғалімдері бірігіп 2014-2015 оқу жылындағы әр түрлі мектеп оқушыларынан алынған математика олимпиада есептерін шешудің жолдарын оқушылардың назарына 
ұсынып отырмыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет