Математикадан мектепшілік олимпиада тапсырмалары
5 – сынып
Әр есеп 5 ұпайға бағаланады
І тур
1. қосындысы 9-ға бөліне ме?
2. Бір топ торғай бірнеше бұтаққа келіп қонды . Үш-Үштен қонса , 3 бұтақ артық қалады.Екі-екіден қонса 2 бұтақ жетпей қалады .Торғай қанша,бұтақ қанша ?
3. Ғажайыптар елінде 3 қала бар:А,В және С. А-дан В-ға дейін 6 жол,В-дан С-ға дейін 4 жол апарады.А-дан С-ға дейін қанша тәсілмен жетуге болады?
4. Анасы баласына компьютерде ойнауды тек айдың тақ күндерімен сай келетін Сенбі, Жексенбі күндері ғана рұқсат етеді. Баласы бір айда ең көбі неше рет компьютерде ойнай алады?
ІІ тур
1. Теңдеуді шеш (х:89+364):37+385
2. Ұлу бағанмен күндіз 3 м жоғары көтеріледі де, ал түнде, ұйықтап кетіп 2 м төмен түседі. Бағанның биіктігі 10 м. Неше күнде ұлу бағанның басына жетеді?
3. Туристтер 14 км жол жүріп, дем алуға тоқтады. Дем алғаннан кейін олар алғашқы жүрген жолдан 6 км–ге кем жүрді де, түнейтін жерге тоқтады. Алда тұрған жол олардың жүрген жолдарынан 3 есе көп болса, онда барлық жоспарланған жолдың арақашықтығы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |