Материалдары = Материалы Республиканской научно-теоретической конференции



Pdf көрінісі
Дата04.06.2020
өлшемі116,53 Kb.
#72304
Байланысты:
sf14 ekolog 104
үйірме 2в поэзия, үйірме 2в поэзия


"Сейфуллин  оқулары–  14:  Жастар,  ғылым,  инновациялар:  цифрландыру    -  жаңа 

даму 

кезеңі 

» 

атты 



Республикалық 

ғылыми-теориялық 

конференциясының 

материалдары  =  Материалы  Республиканской  научно-теоретической  конференции 

«Сейфуллинские чтения – 14:  Молодежь, наука, инновации: цифровизация - новый 

этап развития». -2018. - Т.І, Ч.1. -  258-262 

 

 

 

АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ҒАШЫҚТАР» САЯБАҒЫНДА 

КӨГАЛДАНДЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН АҒАШТАР МЕН 

БҰТАЛАРДЫҢ ДЕКОРАТИВТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Абжанов Т.С. 

 

Бұл  мақала  көгалдандырылған  аумақты  зерттеу,  онда  отырғызылған 

ағаштар  мен  бұталардың  ерекшеліктерін  қарастыру  мақсатында  жазылған. 

Саябақтың  адам  өмірінде  алатын  орны,  оның  айналадағы  әсемдігі  мен 

ерекше  көріктілікті  сипаттап  жазылып  отыр.  Саябақты  зерттеудің  мақсаты 

мен міндеті жазылған. 



Мақсаты:Астана  қаласындағы  «Ғашықтар»  саябағындағы  ағаштар  мен 

бұталардың өсіп-өну жағдайын анықтау. Ағаш бұта өсімдіктерді таңдап алу 

алдында, оларды қолайсыз климаттық факторлардан қорғайтын, санитарлық-

гигиеналық бағыттағы негізгі құрал екенін ұмытпау қажет.  



Жұмыстың  міндеті:Ағаштар  мен  бұталардың  ассортиментін  көбейту. 

Күтім  жұмыстарына  баса  назар  аударып,  олардың  өсуі  мен  дамуына  жақсы 

жағдай  жасау.  Бір-бірімен  салыстыра  отырып,  сараптама  жүргізу.  Қаланың 

санитарлық  жағдайымен  қоса,  эстетикалық-этикалық  жағынан  өзгерістер 

енгізу.  Көгалдандыруда  қолданылатын  ағаш-бұталы  өсімдіктерді  қойылған 

талаптар бойынша отырғызуға ұсыну.  

Ағаштар мен бұталардың көгалдандыруда орны ерекше. Олар көп күтім 

мен бақылауды қажет етеді. Сондай-ақ қаламызда жағдайы нашар ағаштар да 

кездеседі.  Көгалдандыруға  қажет  ағаштардың  түрлері  мен  оларға  күтімді 

адамдардың көбі біле бермейді. Бұл тақырып қала тұрғындарының  өте өзекті 

мәселелерінің  бірі  болып  табылады.  Себебі  қаланы  көгалдандыру  көп 

жұмысты  қажет  етіп,  олардың  климатқа  сай  өсіп-өнудің  маңызы  зор. 

Ағаштар  мен  бұталар  ассортиментін  көбейтіп,  олардың  әсемдік  қасиеттерін 

зерттеу, күтімдік жұмыстардың дұрыс жүргізілуін қадағалау қажет [1, 2].  

Бүгінгі таңда «Ғашықтар» саябағы серуендеушілер мен қала тұрғындары 

үшін  демалыс  орны  ретінде  маңызды  орын  алып  жатыр.  Елорданың  сол 

жағалауындағы  Сарыарқа  даңғылы  мен  дөңгелек  алаңның  арасында 

орналасқан. Саябақ 2005 жылдың елордамыздың туған күніне орай ашылды.  

Салтанатты рәсімінде саябақтың және «Бақытым менің» мүсінінің ашылуына 

5000-нан  астам  мектеп  оқушылары,  еліміздің  Президенті  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаев,  Мәскеу  қаласының  мэры  –  Юрий  Лужков,  білім  және 

ғылым министрі Бірғаным Айтимова мен Астана қаласының Өмірзақ Шүкеев 




қатысты.  Мемлекет  басшысы  мен  «Жасыл  ел»  республикалық  штабының 

жетекшісі Жанат Жүсіповпен ағаш отырғызды. Көктем шыға мұнда әсемдік 

орнайды.  Ал  жаз  айларында некесін  қиған  жұптар  саябақ  аллеясына  келеді. 

Бұл  - астаналық дәстүр. 

16  га  аумақта  3  мыңнан  астам  жөке,  қайың,  терек,  қарағай,  шырша, 

үйеңкі  мен  шегіршін  және  т.б.  ағаштары  отырғызылды.  Газондар  мен 

гүлзарлар  жобаланып,  неміс  технологиясы  арқылы  отырғызылған,  өйткені 

Германияда  ландшафттық  құрылыста  ежелден  бері  нағыз  мамандар. 

Ортасында  үлкен  субұрқақ  құралған.  Осы  саябақты  жобалауды  «USB 

Group»компаниясы  жүргізген,  ал  құрылысымен  «КазГерСтрой»  ЖШС-гі 

айналысқан болатын. Саябақ аумағында 4671 ағаш, 87 бұта, 106722м

газон, 



6011м

2

 гүлзарлар отырғызылған. 



Өсімдіктер  ассортиментін  көгалдандырылатын  аумақтың  табиғи 

ерекшеліктерін,  климаттық  жағдайларын,  нысанды  құру  мақсатын, 

архитектуралық-жобалау жағдайын білуіміз қажет.  

Ландшафттық  жобалауда  материалды  таңдау  кезінде  ағаштар  мен 

бұталардың  эстетикалық  ерекшеліктері  үлкен  рөл  атқарады.  Олар 

пішіндерінің  өзгеруі,  көлемі,  түсі,  желектенуі,  сондай—ақ  кезеңдердің 

ауысуының  әсерімен  сипатталады.  Әр  өсімдік,  әсіресе  бөлек  тұрған  өзіндік 

қасиеттерге  ие.  Осылайша,  топтық  отырғызуларда  ағаштар  мен  бұталардың 

бір-біріне «иігу» қасиеті -  бірыңғай байланысты топты құрады. 

Бөрікбасының  негізгі  пішінінен  басқа  оның  бұтақтануы  көбінесе 

жапырақтары түскен кездегі жағдайы ерекше орын алады. Зерттеліп отырған 

нысандағы  ағаштар  ассортиментінің  көбі  жапырақты  ағаштар  алып  жатыр, 

сондай-ақ  қылқанды  ағаштармен  араластырып  отырғызылған.  Қыс  мезгілі 

кезінде  ағаштардың  жапырақтары  түсіп,  қысқы  көркемділікті  қылқанды 

ағаштар(шырша, қарағай) құрайды.  

Көркемді  мәнерлілігі  ағаштың  пішіні,  көлемі,  түсі  мен  құрылымы, 

жапырақтары,  сондай-ақ  әр  түрлі  кезеңдегі  түрлі  түсті  динамикасы, 

қабығының  түсі,  құрылымы,  сипаты,  гүлдеу  сипаты  мен  жеміс  берумен 

анықталады.  Жоғары  биіктігімен,  қалың  діңімен,  қатты  бұтақтарымен 

ерекшеленетін  ағаштар  беріктілікті  көрсетеді.  Төмен  салбырап  тұратын 

жіңішке діңдер мен бұтақтар сүйкімділікпен, сыңғақтықпен үйлеседі. Осыған 

сәйкес  саябақта  олардың  орны  анықталады.  Мысалы,  үлкен,  берік  ағаштар 

жалғыз  және  топпен  үлкен  ашық  алаңқайларда  орналастырылады.  

Салпыншақ түрлері кішігірім территорияларда, суайдындарында орналасады.  

Бұтақтанудың  және  жапырақтанудың  сипаты  ағаштар  мен  бұталардың 

жүйкеленуі  немесе  бөрікбасының  тығыздығын  көрсетеді  және  көркемдік 

мәнерлігін  сипаттайды.  Жалғыз  өсетін  ағаштарда  бөрікбасы  жалпақ, 

тарамдалған  болады,  ал  діңі  төмен  және  қалың.  Мысалға  саябақтағы 

шегіршінді айтуға болады.  

Жасыл 


екпелердің 

архитектоникалық 

қасиеттері 

көлемімен, 

бұтақтануымен,  бөрікбасы  пішінімен  және  олардың  діңімен  қатынасын 

көрсетеді.  Бұл  факторлар  өсімдіктің  композициялық  кеңістіктік  пайдалану 

мүмкіндігін  және  парктік  ансамбльде  қабылдау  шарттарын  анықтайды.         



Осылайша  В.А.Артамоновтың  бақылауы  бойынша  егер  қашықтықта  негізгі 

рөлді биіктік пен қарастырылып отырған екпенің бейнесі алып отырса, онда 

жақыннан  декоративті  бөлшектер:  жапырағы  мен  құрылымы,  қабығының 

түсі, бұталар маңызды.  

Композицияны  құру  үшін  өсімдіктер  ассортиментін  таңдау  -  күрделі 

тапсырма.  Сондықтан олардың декоративтік қасиеттеріне сараптама жасап, 

келесі белгілерге байланысты бөлу керек: 

1. 


Ағаштектес  өсімдіктердің  биіктігі  (І,  ІІ,  ІІІ  биіктіктегі),  бөрікбасы 

пішіні (регулярлы, иррегулярлы) 

2. 

Бұтақтану типі және түсі  



3. 

Діңінің пішіні, құрылымы және қабығының түсі 

4. 

Гүлдерінің, жемістерінің түсі мен морфологиясы 



Саябақтық пейзажды құрудың күрделілігі өсімдіктерді таңдау ғана емес, 

жыл бойғы олардың сыртқы келбетінің, түсінің және де жасының өзгеруінде.  

Ірі  саябақтық  композициялар  үшін  тұқымдастарды  таңдау  кішігірім 

бақтар  мен  скверлерге  таңдау  композициясымен  ерешеленеді.  Кішігірім 

бақтарда  негізгі  рөлді  декоративті  қасиеттері  алатын  болса,  ірі  саябақтарда 

массивтердің көлемі, бейнесі, түсі және т.б. 

Әр  ағаштектес  өсімдік  бөрікбасы  пішіні,  бұтақтануы,  жапырақтарының 

пішіні  мен  орналасуы,  түсі,  гүлдері  мен  жемістері  адамға  белгілі  бір 

эмоционалды әсер етеді.  

Қазіргі  заманғы  көгалдандыруда декоративтілік баға берудің және қала 

жағдайында  өсу  төзімділігінің  негізгі  сыртқы  белгілердің  бірі  болып 

табылады.  

Өсімдіктердің  декоративтілігінің  сыртқы  белгілерден  (пішіні,  бейнесі, 

құрылымы, фактурасы, түсі) көрінуі формалды-эстетикалық белгілері болып 

келеді.  

Л.Рубцовтың  айтуы  бойынша,  бақ-саябақ  ландшафтының  сипаты 

бірінші  кезекте  өсімдіктердің  финотивтік  тұрпатына,  яғни  оның  құрамына 

кіретін  өсімдік  топтарына  байланысты  болады.    Өсімдіктердің  финотиптік 

тұрпаты формалды-эстетикалық белгінің, сондай-ақ бір түрдің индивидуалды 

ерекшеліктердің кешені ретінде сипатталады. 

Кейбір ағаштардың түрлері саябақ пейзажының бейнесі мен көркемділік 

образын  көрсетуде  өзіндік  эмоционалды  жүктемені  сипаттайды.  Осылайша, 

кейбір өсімдіктер табиғи орманды елестететін болса (қарағай), енді біреулері 

(жөке)  ежелгі  бақтарды,  үшіншісі  –  жаңашылдық  қасиетімен  экзотикалық 

сипатты (манчьжур жаңғағы, атбас талшын), төртіншісі – селекционерлердің 

шығармашылық  жұмыстарының  нәтижесі  ретінде  әртүрлі  декоративті 

өсімдіктерді береді. Сондықтан өсімдіктерді түсі мен пішіні бойынша таңдау 

жеткіліксіз  және  де  саябақтың  көркем  мінезі  қалыптасатындай  финотивтік 

бейнені талап етеді. 

Көгалдандыру  үшін  ағаштарды  келесі  белгілерге  қарап  таңдау 

ұсынылады: 



1. Гүлдеу.  Ағаштың  декоративтілігінің  негізгі  белгісі  –  оның  гүлдеуі. 

Көп жағдайда ағаштар ұсақ жеке гүлдеу кезінде ерекше декоративтілікке ие. 

Ол топқа үйеңкі, қараған, тал, талшынды жатқызуға болады.  

2. Иісі.  Саябақтың  көгалдандыруда  ең  құнды  қасиетінің  бірі  – 

ағаштектес  өсімдіктердің  хош  иісі.  Иісі  кешке  немесе  түнде  көбейеді. 

Ағаштектес өсімдіктердің жақсы иісті жөке және мойылды айтуға болады.  

3. Декоративті жемістері. Декоративті жемістері мен жеміс шоғыры бар 

ағаштарды  жеке  топқа  жатқызады.  Жалаңаш  бұталарда  ілініп  тұрған 

шетеннің  қызыл  жемістері  әдемі  көрінеді.  Бірақ  та  жемістердің  аумақты 

ластауы мүмкін. Ал, терек мамығы аллергияны туғызады.  

4. Жапырақтары.  Ландшафттық  дизайн  үшін  негізгі  қасиеттерінің  бірі. 

Жапырақтардың түсіне, пішініне назар аударылады.  

5. Жапырақтарының  реңі.  Бөрікбасы  тығыз  және  қатты  бұтақтанған 

ағаштардың жапырақтары қою түстес болады. Бұтақтануы сирек ағаштардың 

жапырақтарының түсі ашық түсті болып көрінеді. Кейбір ағаштар ала реңді, 

басқалары – күміс түсті, ал кейбірлері – алтын немесе қызыл күрең. Осындай 

түрлерді  саябақта  акцент  ретінде  отырғызуға  болады.  Жапырақтардың  реңі 

өсімдік әлемінде көбінесе жылы кезеңде өзгереді.  

6. Қабығы.  Ағаштардың  қабығының  түсі  де  өзгешеленеді.  Кәдімгі 

қарағайда түсі– сұр-қоңыр, қайыңда түсі– ақ қабықта қара жолақты, теректе 

түсі– жасыл болады. 

7. Бөрікбасының  пішіні.  Бұтақтары,  жапырақтары  және  діңі  бөрікбасын 

қалыптастырады. Ол құрылатын ландшафтқа әсер ететіндей әр түрлі пішінде 

болуы  мүмкін.  Желектердің  пішіні  үшбұрышты,  доғал,  пирамидалды, 

салпыншақ, колонна тәріздес болады. Сондай-ақ бұтақтары бірқалыпты емес 

түрде  өседі,  мысалы,  үйеңкі,  жөке.  Көп  жағдайда  белгілі  бір  пішінге  кесу 

немесе селекционды әдіспен келтіруге болады [3.4].   

Өсімдіктердің  биологиялық  ерекшеліктері  мен  әдеби  көздерге  қарап 

жасалған Астана қаласы жағдайында отырғызуға жарамды деп ұсынылатын 

ағаштар мен бұталар: 

1. 

Қара, жабысқақ қандыағаш – Alnus glutinosa - Ольха черная 



Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.  

Бөрікбасы  пирамидалды,  тығыз  болып  келген.  Көгалдандыруда  әдемі 

көрініс береді. 

2. 


Ақ, сұр қандағаш – Alnus incana - Ольха серая 

Бөрікбасы  конус  тәрізді  болғандықтан  өте  сәнді  болып  көрінеді, 

сондай-ақ жапырағы мен, ақшыл сұр қабығымен ерекшеленеді.  

Сұр  қандыағаш  орман  мелиоративті  мақсатта  қолданылады.  Сүрегі 

тығыз,  жұмсақ.  Қандыағаш  бүрлерінде  алкалоидтар,  фенолкарбонды 

қышқыл,  флавоноидтар,  қою  май,  стероидтер.  Қандыағаш  жапырақтары 

құрамында  А  провитамины,  С  витамины,  фенолкарбонды  қышқыл, 

антоциандар бар.  

3. 

Қызыл емен – Quercus rubra - Дуб красный 



Бұл  ағаш  канадалық  үйеңкіге  ұқсайды.  Оны  аллеялар  бойымен, 

парктерде  декоративті  мақсатта  топпен  немесе  жалғыз  отырғызады.  Жөке, 




қарағай,  үйеңкі  мен  шетенмен  жақсы  үйлесім  табады.  Бақтарда  шудан 

оқшаулауыш  мақсатында  отырғызылады.  Газға  төзімді,  қала  ортасында 

жақсы  жерсінеді.  Ландшафтық  дизайнерлер  арасында  бұл  ағаш  классика 

болып саналады. Олар қызыл емен кез келген пейзажға үйлеседі деген ойда. 

Қызыл  емен,  сондай-ақ  аллеяларды,  парктер  мен  скверлерді,  бақтарды 

безендіруде қолданылады.  

Өте  декоративті  және  фитонцидке  бай  болғандықтан  балалары  бар 

мекемелерді  безендіруде  өте  қолайлы.  Өзен  жағалауларында  шырша, 

майқарағайлармен бірге контрастты композицияларды құруға болады. 

Бұл  ағаш  колонна  тәрізді  діңімен,  үлкен  бөрікбасымен,  әдемі 

жапырақтарымен  ландшафтық дизайнда ерекшеленеді. Қызыл  емен –  қала, 

парк  көгалдандыруындағы  негізгі  элемент.  Гүлдеген  және  күзгі  кезде  өте 

декоративті.    Сонымен  қатар  бұл  ағаш  аласа  бұталармен  ландшафтты 

доминантты  құрайды.  Желден  қорғау  мақсатында,  автомагистральді 

жерлерде отырғызуға болады. 

4. 


Сібір шетені – Sorbus sibirica - Рябина сибирская 

Қысқа және құрғақшылыққа төзімді. Өте әсем ағаш. Декоративті ағаш 

ретінде парктер мен адамдардың қоныстары маңында отырғызылады. Жеміс 

ағаштарының  мықты  сұрыптарын  шығару,  көгалдандыру,  егістікті  қорғау 

мақсатында орман өсіру жұмыстарына жарамды.  

Жемістерін медицинада қолданады. Жемістерінде С,Р витаминдері 8%-

ға дейін қант, алма және лимон қышқылы бар.  

Қорыта келгенде, ағаштар мен бұталардың декоративтік ерекшеліктерін 

сипайттай  келе,  олардың  саябақта  алатын  орны  мен  қоршаған    ортаға 

тигізетін  әсерін  айттық.  Әрбір  ағаштың  саябақта  алатын  орны  ерекше 

болғандықтан,  әр  ерекшелігін  анықтау  –  біздің  міндетіміз.  Ұсынылған 

ағаштарды  қосып,  саябаққа  жаңа  көрік  беру  керек.  Көгалдандыруда 

ағаштардың  ассортиментін  көбейте  отырып,  ортамыздың  бірқалыпты  емес 

екенін, өмірдің әсем жақтарын байқап, рахат алу қажет. 

 

Әдебиеттер тізімі 

1. Байзақов  С.Б.,  Голощапов  Г.В.,Бессчетнов  П.П.  Озеленение  жилой  

застройки. – Алматы, 1997 ж. 

2. Лунц Л.Б. Городское зеленое строительство – Москва, 1974 ж. 

3. Arnautova,  Sergeichik,  S.A.,  Knodasevich,  E.V.,  ParshikovaT.A., 

Sergeichik,  A.A.,  Effect  of  gaseous  atmosphere  pollutants  on  ultrastructure  of 

arboreal chloroplasts (article) issue 5.-1990. –P. 792-796, ISSN: 00023329  

4. Казахстана. – Алматы, 1988ж. Байтулин И.О. Қазақстанның ауыл мен 

қалаларын көгалдандыру.  Алматы, 1999ж. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет