Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Ерте жастағы балалармен педагогикалық жұмысты ұйымдастыру



бет120/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
Ерте жастағы балалармен педагогикалық жұмысты ұйымдастыру

Оған тән:

  • Отбасындағы жұмысты сурдокабинет немесе центрде уақытша қатысатын топтағы сабақтармен сәйкестендіріледі.

Бала өмірінің екінші және үшінші жылы әртүрлі сөйлеу тілі функцияларының ең алдымен коммуникативті сөйлеу тілінің және тілді меңгерудің сензитивті кезеңі.

Бірақ есту қабілеті бұзылған балалар бұл кезеңге, бала жан –жақты дамуына бағытталған арнайы жұмыс нәтижесінде ғана жетуге болады.



Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту бойынша отбасындағы жұмыстық негізгі міндеттер:

  1. Ауызша сөйлеу тілін қолдану арқылы қоршаған ортамен қарым–қатынас қажеттіліктерін дамыту.

  2. Сөздік қордың жиналуы, сөз мағынасының және әртүрлі бала іс –әрекет түрлерімен байланысты, әртүрлі тұрмыстық жағдайлардағы айтуды нақтылау, қоршаған әлеммен танысу;

  3. Байланыстырып сөйлеу тілін, ең алдымен ауызша сөйлеу тілін және оның әртүрлі тәжірибелік іс –әрекет жағдайында белсенділігін дамыту.

  4. Алғышарттарды және жаппай оқу түрінде сөйлеу тілінің жазбаша түріне оқыту.

Бірінші және кезекті жылдары тілдік қабілеттің дамуының маңызды шарты баланың моторлық дамуы, қоршаған заттардың сапасы және қасиеттерін сезіну және қабылдауды дамымту, заттық іс –әрекеттерді қалыптастыру. Өмірінің екінші жылында баланың назарын аударатын, заттар мен құбылыстар шеңбері кеңейеді, ол жүруді меңгеруіне және заттық іс –әрекеттердің кеңеюіне ықапл етеді.

Жұмысты өте маңызды бағыты – сөздің жалпылау функциясын, көлемі, түсі қолдану жағдайы бойынша әртүрлі заттарды бір сөзбен айта білуін қалыптастыру. Үйде қосымша ойыншықтар болуы қажет, мысалы, әртүрлі түсті, әртүрлі текті, әртүрлі тұрған күшіктер және ойыншықтарды сол сөзбен сәйкестендіріп ауыстыруға талпыну.

Екі жастағы балалармен 10-15 минут ұзақтағы, ал үш жастағы балалармен 15-20 минут 3-4 сабақ жүргізіледі. Бұл сабақтарда әртүрлі тақырыптағы сөздік материал қолданылады: «Жануарлар», «Отбасы», «Киім–кешек» және т.б. Ересек адам заттармен ойын жүргізеді, оларды қуыршақтармен, жануарлармен ойынға заттардың атаулары мен олардың қасиеттерін атаумен байланысты қарапайым сөз тіркестері қолданылып, қосады (әдемі, дәмді). Сөйлеу тілін түсіну баланың іс –әрекеттерін бағалайтын сөздердің есебінен де дамиды: жақсы, жаман, дұрыс, жарайсың, олақай.

Ерте жаста сөйлеу тілін дамыту бойынша сабақтарда байланыстырып сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі. Ең бірінші орында ауызша сөйлеу тілін, сондықтан ойын және ойын жаттығулары процесінде балаға формасы және мазмұны бойынша қарапайым, таныс ойыншықтармен бұйрықтар (қоянды, мысықты және т.б. ал, бер) сұрақтар (бөпе, сәби қайда? Кім бұл? Және т.б.). Хабарламалар (қуыршақтар жылайды).

Сонымен бала отбасындағы педагогикалық жұмыс бір –екі жаста басталса, үш жаста басқа адамдармен қарым–қатынаста қысқа сөйлемдермен қолдануды, қоршаған заттардың іс–әрекеттердің, қасиеттердің атауларын білдіретін сөздер көмегімен сөз қорын жинау, меңгерген сөз қорын отбасындағы, серуендеуде, суретті көру кезіндегі құбылыстарды білдіру үшін қолданылады.

Естімейтін балада осы жаста кестеде жазбаша түрде берілген көріністерді, таныс сөздер және сөз тіркестерін жаппай, толық қабылдау дағдыларын қалыптастыруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет