Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балаларды отбасында тәрбиелеу



бет122/146
Дата19.05.2020
өлшемі0.96 Mb.
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   146
Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балаларды отбасында тәрбиелеу

Егер баланың туылғанан кейін 5-6 айында гуілдеуі байқалмаса, 7-8 айында әртүрлі дыбыстар шыққан жаққа қарап, көрсету керек. Егер, «балалардаң есту қабілеті төмендеген немесе, мүлдем естімейді» деген анықтама берсе, ата-аналар уайымдамай, дұрыс тәрбие беруге тырысулары керек. Ата-аналары дұрыс тәрбие беруді, есту қабілетіндегі кемістіктердің орнын толтыруды қалауы, баланың болашағына тікелей бйланысты.

Көптеген ата-аналар балаларының тәрбиесімен дер кезінде айналысуымен байланысты, есту қабілетінен айырылған баланың сөйлемей қалуынан сақтап, білім алуына және еңбек етуіне жағымды ықпалын тигізген. Естімейтін, тілі дамымаған баланы отбасында тәрбиелеу, шыдамдылықты, төзімділікті, өте көп күш жігерлікті талап етеді.

Бұл балаларды есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған бөбекжайлар мен балабақшаларға қабылдау туралы өтініштерін қалалық, аудандық, обылыстық, аймақтық денсаулық сақтау бөлімдеріне бағыттау керек, ол баланы балабақша немесе арнайы мектепке қабылдау туралы өтініштерін қаласақ, аудандық, обылыстық, аймақтық т.б. бөліміне бағыттау керек.

Егер есту қабілетіндегі кемістігі бар балаларды қандай да бір саебептермен дер кезінде, арнайы мектептерге орналастыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, балаға отбасында тәрбие беруді ұйымдастыру керек.

Бұл мақсат үшін келесілер қажет:


  1. балаға жақсы физикалық дамуды қамтамасыз ету және сергектік, сауық сүйгіштік жағдайын болдыру;

  2. ойлауын, тілін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

  3. баланы қоршаған ортамен қарама-қайшалаққа түсу қажеттілігіне тәрбиелеу;

  4. жігерлікке, әділеттілікке, батылдыққа, достық сезімге тәрбиелеу;

  5. баланы өзін-өзі күтуге, мәдени-гигиеналық дағдыларға үйрету.

Мұны іске асыру үшін не істеу керек?

Ең басты, баланың тұрмыстық жағдайын ұйымдастыру керек. Оның жасына сай күн тәртібін қою керек. Бала белгіленген уақыт бойынша тамақтануын, серігуін және ойнауын, таза ауада серуендеуін (балалар ауруханасындағы) қадағалау керек.

Балаларды тазалыққа үйрету керек: тамақтанар алдында, ойынан кейін қолын жуу, өзінің сүлгісін, бет орамалын білу, олармен қолдана білуі тамақ ішу барысында ұқыпты болу және т.б.

Баланың қозғалыс тәрбиесіне үлкен көңіл аудару қажет. Әсіресе, минингитпен ауырған баланың жүрісіне, өйткені осы аурудан кейін, балалардың жүрісі шұғыл өзгереді: бала өрмелеуге, секіруге, жүгіруге, әр нәрсені ұстауға, допты лақтыруға, көтеруге, белге қою, алдыға, ортақ жылжу қимылдарын қосу пайдалы.Сонымен қатар, қарапайым дене шынықтыру жаттығуларын жасауға болады. Барлық қимылдарды бала ауыздан оқу арқылы жасау керек. Мұндай жаттығулар балаларда қалыпты жүрісті қалыптастыруға, қимылдарды ұйымдастыруға және нығайтуға көмектеседі. Инфекциялы және т.б. ауруларын алдын алатын, арнайы шараралар өткізу қажет. Осы мақсатпен баланы жиі дәрігерге көрсетіп, тағайындаған шараларды орындау керек. Балалардың сапасы, физикалық жағдайы, оның ақыл-ой дамуына және тәртібіне, мінезіне әсер етеді.

Баланың әр түрлі сергектік кезінде, жесттерді қолдануға жүгінбей, қалыпты еститін балалармен сөйлескендей түсінікті, нақты, қатты, мәнерлі түрде, балалардың бетіне қарап сөйлеу керек. Сөздерді буынға бөлмей, толық, бала дұрыс еліктейтіндей, шынайы ырғақты сақтай отырып айту керек.

Қатты және нақтылып айту, баладағы есту қабілетінің қалдығы болса, қатты айту баланың есту қабілетін қабылдауын дамытуға әсер етеді.

Кішкентай балалар әр нәрсеге жеңіл және оңай еліктейді. Еститін балалар қоршаған ортаға есту қабілеті арқылы еліктейді, ал естімейтін балалар - көру арқылы, сөйлеушінің сөйлеу тілімен ауызынан оқу арқылы еліктейді. Осы балалар ең алдымен, сөйлеу тілін түсінуді үйренеді, кейін қолдануға кіріседі.

Егер отбасы мүшелері күнделікті қолданатын сөздерді бірнеше рет бетпе-бет қайталап айта берсе, бала ауыздан оқу арқылы түсініп, өзі де сөйлей бастайды. Әрине, естімейтін балалар сөзі түсініксіз, мағынасыз болуы мүмкін, бірақ уақыт өте, арнайы педагогикалық әсер ету салдарынан күнен-күнге түсінікті бола бастайды.

Балада сөйлеушінің бетіне қарау әдеті ерте дамығаны жөн, сол арқылы сөйлеу ынтасы пайда болады.

Қоршаған адамдардың аузының қимылы арқылы сөйлеу тілін – баланың ауызекі сөйлеуінің дамуындағы I кезең деп айтуға болады.

Бала отбасында, жалпы тәрбиені дұрыс алуы өте маңызды, оны еркелетпей, керісінше, өзбеттілікке тәрбиелеу маңызды, үй шаруашылығындағы ұсақ-түйек жұмыстарды орындату керек, мысалы: біреуді шақырып жіберу, төсекті қозғалту, апарып тастау, ыдысты қою және т.б., өз бетімен киініп, шешінуге дағдыландыру.

Барлық тапсырмаларды ауызша сөйлеу түрінде, асықпай, шыдамдылықпен айтып, бала тапсырманы шынымен түсінгендігіні жөн.

Балаға әрқашан әділ болыңыз, оны тыңдамаған үшін, талап етіп тұрғанын түсінбеген үшін жазаламау керек.

Егер бала қырсық және тыңдамайтын болса, оны қызықты жұмыстармен айналыстырған дұрыс болады. Балаға «содан кейін», «кейін», «қазір», және т.б. сөздерді үйреткен жөн, яғни ата-анасы бос емес кезде мазаламауға үйрету.

Балалар мен қарама–қайшылыққа түскенде, бір қалыпты және байсалды болған жөн.

Баланы бірте-бірте қайшы мен қарандаш ұстауға, онымен сурет салуға, қиюға, ермаксаздан бұйым жапсыруға үйрету өте маңызды. Балаға әрқашан сурет салу, қию, жапсыру үлгісін көрсету керек. Оның еңбектері мақсатты болу керек және жұмыстарын шығармашылық іс-әрекетке деген үлкен қызығушылығын арттыру үшін сақтап қою керек. Үстелді орынды қойып, үстелдің үстіне сүйікті ойыншықтарын, кітаптарын, қарандаштарын, ермексаздарын, гүлдерін, іргесіне өзі білетін жануарлармен заттардың суретін, үстелдің жоғары жағына қойып, оған баланың жұмыстарын қою керек. Өзінің «бұрышында» тәртіп сақтауын қадағалап тұрған жөн.

Мектеп жасына дейінгі таныс суреттер, таныс сөздер бар карточкалардың үлгісін ілуге болады, ол тапсырмаларды ілетін болсақ әріптермен суреттердің аты жазылады. Балаға қолан істелген кітап құрастырып берген абзал. Әр түрлі балалар кітабынан, әліппелерден таныс жануарлардың ойыншықтарының, заттың және қимылдардың суреттерін қиып және осы суреттерді бояп, сурет дәптеріне жабыстырып, баспа әріптермен жазып қою керек. Балалардыңәр меңгерген сөзін, осы сөздік-альбом, болатын кітапқа еңгізу керек.

Мұндай, қолдан істелген кітаптар, балалардың сөздік қорындағы сөздердің тізімі болып есептелінеді. Балалардағы сөздердің жинақталуын, нақты ретімен қураған жөн. Кітапты қарап, жабыстырылған суреттерді атау арқылы, баспа әріптерімен жазылған сөздерді бекіту білімі мен атап айту дағдыларын бекітеді.

Балардың ауызша сөйлеу тілінің даму сәттілігі, оның тәрбие дағдыларына байланысты. Сондықтан балалардың сұрағы және әсерлері ескеріп, ауызша сөйлеу тіліне енгізу керек.

Мектеп жасына дейінгі баларды отбасында тәрбиелеу, ерте жас кезеңінде бастаған жұмыстың жалғасы б.т. мектеп жаста дейінгі оқытуды, ата-аналар балардың дамуындағы негізгі жетістік теп білулері керек. Баланың оқушыларға сәттілігін ата-аналары шектен тыс бағалатуы керек, өйткені, ол дамудың артта қалуына, педагогткалық босап қалуына әкеп соғады. Ата-анасының бала тәрбиесі мен оқытуындағы іс-әрекеті сәтті болса, оны арнайы балабақша да немесе топтардажалғастыру керек. Ата-ана баланы жүйелі түрде сурдопедагогқа кеңеске барып тұру керек, ол бала дамуын және оқу қорытындысын бақылап, қимылдау жұмыс бағдарламасын көрсетіп, нақты кеңестер мен түзету-педагогикалық жүлделерін береді. Егер, мүмкіндік болса, үйде тәрбиеленетін балалар қысқа ұқыптылық топтарда сурдопедагог өткізетін сабақтарда болып тұрған жөн. Мұнда ата-аналар қатысын, үйде өткізетін сабақтар жайлы кеңестер алады.

Үйде тәрбиеленетін және оқитын балалардың ата-аналары, басқа естімейтін және немесе мектеп жасына дейінгі балалары бар отбасыларымен қарым-қатынаста болу шарт. Ата-аналар есту қабілеті зақымдаған мектеп жасына дегенгі балаларды отбасында тәрбиелеу мен оқытуға арналған көптеген әдебиеттер оқу керек. Ата-аналарының өз тәжірибиесі негізінде берілген бұқарамен танысу өте тығызды.

Есту қабілеті зақымдалған баларды отбасында тәрбиелеудегі негізгі талаптар мен жұмыс мазмұны, ерте жастағы балаларды тәрбиелеу жұмысымен бірдей, бірақ, жұмыс мазмұны әртүрлі бағытта кеңейеді және тереңдейді. Естімейтін балалармен түзету жұмысының ерте басталуы, оның психикалық дамуының қалыптасуына, сөйлеу тіліне және қарым – қатынасқа есту қабілетінің төмендеуінің кері әсерін азайтуға ықпал етеді. Ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде есту қабілеті бұзылған балаларды отбасында тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша маңызды көлемді ұсыныстар бар (Н.А.Рау, Е.Ф.Рау, Б.Д.Корсунская, Э.И.Леонгард, Н.Д.Шматко, . және т.б.).

Естімейтін немесе нашар еститін баланы отбасында ерте бастан тәрбиелеу жұмыстарының бірқатар жағымды жақтары бар:


  • Отбасы ортасында бала үшін табиғи түрде жүреді;

  • Бала өзінің жақын адамдарынан ажырамайды, ол оның эмоционалдық – тұлғалық дамуына жағымды әсер етеді

Отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде баланың сөйлеу тілін дамытудың маңызды шарты, баламен сөздік қарым – қатынасты, сөздік ортаны дамыту, оны осы процеске сөйлеу тілі мүмкіндіктері қаншалықты аз екеніне байланысты қосу.

Түзету жұмыстарының басқа маңызды шарты аппараттар көмегімен баланың есту қабілетін ерте сапалы протездеу, жұмыс тәртібін дұрыс ұйымдастыру, баланы онымен ұзақ уақыт қолдануға үйрету.

Берілген жұмыста біз есту қабілеті бұзылған балаларға отбасында көмекті ұйымдастырудың әртүрлі нұсқасын қарастырамыз.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   146




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет