Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Түзете – дамыту, оңалту, білім беру үрдісін қамтамасыз ету құралдары



бет33/146
Дата19.05.2020
өлшемі0.96 Mb.
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   146
4. Түзете – дамыту, оңалту, білім беру үрдісін қамтамасыз ету құралдары

Есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға білім беру жүйесінде түзету – оқыту үрдісін тиімді жүргізу үшін құралдарды дұрыс таңдау өте маңызды. Оқу ақпараттарын нақты және толық қабылдауы және оқу іс - әрекетіне субьектілері арасында сөйлеу арқылы өзара әрекетке қол жеткізу үшін сөйлеу тілінің әртүрлі формаларын қолданады: ауызша, жазбаша дактильді. Есту қабілеті зақымдалған түзету – оқыту үрдісінде көрнекілік құралдарды қолдану таным тәжірибелерінің дамуына әкеледі. Оқытуда қолданылатын көрнекі құралдарды келесідей бөлуге болады:



  • заттық – бейнелік (табиғи нысандар, олардың тегіс және көлемді бейнелері);

  • белгілік немесе шартты (сызбалар, белгілер, сызулар, схемалар, карталар, графиктер, кестелер, тіреу конспектер және т.б.)

  • динамикалық (диафильмдер, киноматериалдар, ақпарат құралдары).

Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқытуда көрнекіліктердің сөздермен сәйкес келуіне аса көп көңіл бөлінеді. Оқытудың әр кезеңінде олардың арасындағы сәйкестік өзгеріп отырады.

Арнайы білім беру үрдісінде ақпаратты ұсыну үшін техникалық құралдар қолданылады: кино-; диа-; эпи-; графпроекторлар, видеомагнитафондар, DVD, интерактивті тақталар және т.б.

Сонымен қатар, түзету педагогикасы институтында компьютерлік технологиялар лабораториясында жасалған арнайы бағдарламалық - әдістемелік кешенмен қамтылған дербес компьютерлер де кеңінен қолданылады. Алғашқы түзету диагностикалық компьютермен бағдарлама «Мир зр твоим окном» есту қабілеті зақымдалған балалардың даму мәселелерін ескере отырып, педагогикалық әсер етудің түзетушілік бағытын күшейтуге мүмкіндік береді. Келесі бағдарлама «Календарь» мектепке дейінгі және төменгі сынып оқушыларының уақыт туралы түсініктерін қалыптастыруға арналған. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыруға арналған түзете дамыту компьютерлік бағдарламалары оқыту тәжірибесіне енгізілген, мысалы, «Речевой калейдоскоп», «Видимая речь» («Speech Viewer»), Дэльфа-130.

Есту қабілеті зақымдалған тұғаларды түзету және оңалту – білім беру үрдісінде оқытудың сурдотехникалық құралдары ерекше орын алады. Естіп сөйлеу тілін қабылдау ортасын ұйымдастыруда электроакустикалық аппаратура кеңінен қолданылады.

Ұжымдық аппаратуралардың екі түрі бар: тоққа жалғанған және тоқсыз.

Тоққа жалғанған аппаратура әр бала үшін дыбысты күшейтудің режимін таңдауға мүмкіндік береді. Дыбыстық сигналдың сапасы, естіп тұрушы дыбыс көзінен қаншалықты алыста орналасқанына байланысты. Бөлменің ішінде еркін қозғалып жүру үшін стационарлы индуктивті петля орнатылады, бөлменің ішінде электромагнитті аумақ пайда болады да, есту аппараттары келіп түскен электр сигналдарын акустикалық сигналдарға айналдырады. Тоқсыз электроакустикалық аппаратура инфрақызыл сәулесі және радиопринципті қолдануға негізделген. Инфрақызыл сәулесі арқылы жұмыс істейтін аппаратура, бөлме ішінде еркін қозғалып, бір қарқындағы дыбыстық сигналдарды қандай қашықтықтан болмасын қабылдауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл инфрақызыл сәулесі орнатылған бөлмелерде ғана жарамды. Құрылымында радиоцинципі бар, аппаратуралар көпжақты болып келеді және мынадай құрам элементтері бар: арнайы қыстырғышпен қыстырылғын педагогтың микрофоны, оқушылардың жеке есту аппараттарына немесе құлаққаптарына жалғанған радиоқабылдағыштары.

Қазіргі таңда жеке есту аппараттарының әртүрін қолдану кеңінен таралған: құлақішілік, ішкі каналды, ішкі каналда терең орнатуға арналған, құлақ артындағы, қалтада тұратын, автоматты реттегіші бар, бағдарламалық, сандық және т.б.

Соңғы жылдары аудиологияның қарқынды дамуына байланысты және микроэлектрониканың негізінде электроакустиклық аппаратуралардың жетілдіріліп отыруына байланысты жеке есту аппараттарының жаңа типтері пайда болды: құлақ ішінде орналасқан, бағдарламалық, сандық апппараттар естіп қабылдауы терең зақымдалған жағдайдың өзінде дыбыс күшейту мүмкіндіктері өте кең.

Е.П. Кузьмичева, Т.В. Пелымская, Н.Д. Шматко және т.б. сурдопедагогтардың пікірінше, есту аппараттарын баланың есту қабілетінің зақымдалғанын анықтаған күннен бастап тағу керек. Жеке есту аппараттары есту қабілеті зақымдалған балаларға қоршаған дыбыстарды естіп қана қоймай, өзінің сөйлеген сөзінің сапасын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Бірақ, жеке есту аппаратын қолданарда медициналық қарсы көрсетілім болмауы керек.

Білім беру үрдісінде түрлі түзету­-дамытушылық, оңалту бағыттарындағы құралдарды қолдану есту қабілеті зақымдалған тұлғаларды тиімді дамыту мен оқытудың алғышарттары болып табылады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   146




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет