Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы



бет44/146
Дата19.05.2020
өлшемі0.96 Mb.
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   146
Тақырып бойынша тапсырмалар

  1. Коммуникативті іс әрекет жүйесінің басты ерекшеліктерін анықтаңдар.

  2. Жесттің сөйлеу тілінің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін анықтаңдар.

  3. Аналық мектеп жүйесінің сөйлеу тілін меңгерудің негізгі кезеңдерін бөліп көрсетіңдер.

  4. Верботональды әдіс бойынша оңалту үрдісін сипаттаңдар.


6 Дәріс. Кохлеарлы имплантация естімейтіндерді оңалтудың тиімді әдісі ретінде

  1. Кохлеарлы имплантация деген не?

  2. Кохлеарлы имплантация жасауға таңдау критерийлері

  3. Кохлеарлы имплантталғанға дейін балалардың сөйлеу тілін естіп қабыладауының даму жағдайын тексеру




  1. Кохлеарлы имплантация деген не?

Қазіргі кезде естімейтін адамдар, соның ішінде кішкентай балаларды еститіндер ортасына интеграциялауға мүмкіндік беретін тиімді реабилитациялаудың бағыты ретінде кохлеарлы имплантацияны қарастыруға болады. Көптеген есту қабілеті зақымдалған балалармен жұмыс істейтін мамандарға естуді реабилитациялаудың бұл бағыты әлі таныс емес. Сол себепті де жаңадан ендіріліп жатқан бұл тәсілді тиімді қолдану арнайы педагогиканың маңызды және өзекті мәселесі болып табылады.

Алғаш бұндай операция осыдан 30 жыл бұрын жасала бастаған. Өткен ғасырдың 70 – жылдары дәрігер Уильям Хоус, Блейр Симмонс және Робин Мичелсон алғаш кохлеарлы имплантация операциясын жасаған. Және бұл кезде тек бір каналды аналогты құрылғы қолданылған және ол дыбыстың бар екендігімен және оның қаттылығын анықтауға мүмкіндік беріп, ал сөйлеу тілін түсіне алмаған. Қазіргі кезде дыбыстық информацияны цифрлық өңдейтін кохлеарлы импланттар жасалып шығарған мынадай фирмалар бар: “Nucleus” (“Cochlear”, Австралия), Clarion” (“Advanced Bionics”, США), PULSAR (“Med-El”, Австрия), “Didis onics DX -10” (Франция), “Laura”(Бельгия). Көпканалды имплантты қолданатын адамдар саны күннен күнге өсіп келеді. Бізде Қазақстанда “Med-El” және “Cochlear” фирмалары өндірген имплантты қолданады. Ресейде кохлеарлы имплантацияны 1991 жылдан бастап жасай бастады. 1997 жылдан бастап Ресейде кохлеарлы имплантацияны Санкт – Петербургтегі құлақ, тамақ, мұрын және сөйлеу тілінің ҒЗИ–де жүргізіле бастады. Қазақстанда кохлеарлы имплантацияның жасала бастағанына 5-6 жылдың жүзі болды.

Кохлеарлы имплантация – ол естімейтін адамдардың есту қабілетін жақсартуға бағытталған шаралар жүйесі. КИ аппараты есту құрылғысы ретінде алғаш 1980 жылдардан бастап күшті есту аппараты көмектеспейтін естімейтін адамдарға қолдана бастады. Көптеген ғалымдардың есептеуінше (Т.Г.Гвелесиани, С.Я.Косяков, Т.А.Таварткиладзе) кохлеарлы имплантация қазіргі уақытта естімейтін адамдарды реабилитациялаудың жалғыз тәсілі болып табылады.

Кохлеарлы имплант жоғарыда айтып кеткендей естуді протездеудің бір түрі болып табылады. Барлық кохлеарлы имплантация аппараттары (жоғарыда аталып кеткен фирмалар өндіретін) сақталған есту жүйкесін тітіркендіретін есту сезімін пайда қылу үшін дыбыстарды электр импульстеріне айналдыратын биомедициналық құрылғылар болып табылады. Сенсоневральды кереңдік кезінде ұлудың рецепторлары зақымдалады, бірақ есту жүйкелері ұзақ уақыт бойы сақталып қалады. Зақымдалған рецепторлардың рөлін КИ электродтары атқарады.

КИ екі бөліктен тұрады: имплантталған (ішкі, қабылдағыш және электродтар қатары) және сыртқы (микрофон, сөйлеу процессоры, өткізу құрылғысы) бөлігі. Имплантталған бөлігі баланың қай жасында жасалғанына қарамастан оны алмастырудың қажеттілігі жоқ. Ол тек бір рет қана операция жасалып салынады және ол өмір бақилық. Өйткені баланың ішкі құлағы жүктіліктің 26 – аптасында толығымен жетіліп қояды. Ал сыртқы бөлігін ЕА сияқты суға түскенде, ұйықтағанда шешіп қоюға, дауысын күшейтуге, режимін өзгертуге болады. КИ жаңа модельдері шыққанына байланысты сыртқы бөлігін алмастырып тұруға болады және сыртқы аппаратты кем дегенде 6 жылда бір алмастырады. Бірақ көбінесе қажеттілігіне қарай (сынып қалса, істемей қалса) алмастыруға болады.

Енді КИ жұмыс жасау принципіне тоқталып кетейік. Кохлеарлы импланттың заманауи үлгілері техникалық жағынан құрылысы бір–біріне ұқсас болып келеді. Кохлеарлы имплант екі негізгі бөліктен тұрады: ішкі және сыртқы бөліктен. Ішкі бөлігіне қабылдағыш, белсенді электродтар бауы және референтті электрод. Ол өз бетімен және автаномды жұмыс істейді, сондықтан да оның сыртқа да ешнәрсесі шықпайды, қоректену көзі болмайды және ешнәрсесін алмастырудың да қажеті жоқ. Ал сыртқы бөлігіне микрофон, корпустың ішінде орналасқан сөйлеу процессоры және радиожібергіш. Радиожібергіш құлақтың артында шаштың астында орналасады. Ол магниттің көмегімен тері астындағы импланттың бөлігіне жабысып тұрады. Сөйлеу процессоры кохлеарлы импланттың сыртқы бөлігінің ең басты және күрделі бөлігі болып табылады. Кохлеарлы импланттың сыртқы бөлігінде дыбыстың қарқындылығын және бағдарламаларын таңдауға арналған реттегіш тетігі бар. Сондай–ақ импланттың жұмысын және батарейканың жағдайын анықтап тұруға арналған арнайы индикатор бар. Сондай – ақ түрлі сыртқы құрылғылар қосуға болады, мысалы, телевизор, телефон және т.б.

Имплант жұмыс істеу үшін қоректенетін көзі болуы шарт. Ол үшін аккумулятор немесе батарейкалар қолданылады. Импланттың ішкі бөлігі баланың өсуіне байланысты ауыстыруды талап етпейді. Себебі, баланың ішкі құлағы туылған сәтке дейін қалыптасып қояды және ол өспейді, тек баланың миы мен бас сүйегі ғана өседі. Операция жасалған кезде электродтар тізбегі баланың басынның өсуіне байланысты өзгермейтіндей етіп орналасады.

Электродтар санымен сөйлеу тілі сигналдарын өңдеу стратегиясы кохлеарлы импланттың негізі сипаты болып табылады, өйткені ол кохлеарлы импланттың көмегімен сөйлеу тілін түсінуімен анықталады. Электродтар саны кохлеарлы импланттың әртүрлі үлгілерінде әртүрлі болып келеді: 8 – ден 24 – ке дейін. Әр электрод белгілі бір жиілік диапазонындағы дыбыстық сигналдар жайлы ақпарат береді. Зерттеулер көрсеткендей сөйлеу тілін түсінуі үшін 8 каналды имплантта жеткілікті.



Кохлеарлы имплантты жасайтын өндіруші фирмалар импланттың параметрлерін барған сайын жетілдіріп сапасын жақсартуда, мысалы, тілдік ақпаратты өңдеу сапасы, кедергіге қарсы тұруы, көлемі және т.б. Стандартты ұзындықтағы электродтарды енгізу мүмкін емес ұлудың ақаулықтары және оссификациясы бар адамдарға арналған элекетродтардың түрлі формалары жасалған (қысқартылған, жіңішкертілген). Қысқартылған электродтар сондай–ақ төменгі жиілік диапазонында қалдық естуі жақсы сақталған адамдарға қолданады. Ол кезде адам импланттың көмегімен жоғары жиіліктегі дыбыстарды жақсы қабылдайды, ал төменгі жиіліктегі дыбыстарды тура сол құлағына ЕА тағу арқылы қабылдайды. Зерттеулер көрсеткендей бұндай жағдайда сөйлеу тілін түсінуі жақсарады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   146




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет