Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы



бет62/146
Дата19.05.2020
өлшемі0.96 Mb.
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   146
Ерте жастағы балалар.

Ерте жастағы балалардың өз сөйлеу тілі мен естіп қабылдауын дамыту үшін КИ қолдану тиімділігіне жағымды әсер ететін негізгі факторларға мыналар жатады /21/:



  1. Есту тәжірибесінің болуы

Бұларға көбінесе сөйлеу тілі қалыптасқанға дейінгі есту қабілетін жоғалтқан балалар жатады. Сондай – ақ ерте жастан ЕА тұрақты таққан және педагогпен және ата – анасымен жүйелі есту қабілеті жаттықтыру жұмысын жүргізген балаларда белгілі бір дәрежеде есту тәжірибесі бар. Тіпті бұндай жағдайда ЕА сөйлеу тілін дамытуға тиімсіз болса да, ол есту жүйкесін тітіркендіріп, есту орталықтарын қарқында дамытады. Сондай – ақ бұл топқа есту қабілеті прогрессивті төмендеген балалар кіреді.

  1. Баланың қарым қатынас үшін сөйлеу және сөйлеу алды вокализацияны қолдануы.

Егер бала имплантация жасау кезінде қарым – қатынас және ойын әрекеті барысында ауызша сөйлеу тілінің қарапайым элементтері мен сөйлеу алдындағы вокализацияны қолданса, ол дегеніміз балада есту тәжірибесінің және баламен есту қабілетін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілгенін дәлелдейді. Вокалды сөйлеу тілін қолдану сөйлеу тіліне қатысатын органдарды басқаратын моторлы орталықтарының қалыптасуына зор әсер етеді. Бұның барлығы операциядан кейінгі коррекциялық жұмысты жүргізуге жағымды әсер етеді.

  1. Жүйке жүйесінде, көру, есте сақтау, зейін, коммуникативті және танымдық сферасында қосымша бұзылыстардың болмауы.

Қазір балада қосымша бұзылыстардың болуы КИ жасауға қарсы көрсетілім болып табылмайды, керісінше, оны жасаудың қосымша негізі болып табылады. Мысалы, менингит салдарынан есту және көру қабілетінен айырылған балалар. Бірақ та кез келген қосымша кемістік КИ қолдану тиімділігін азайтып, естіп сөйлеу тілін қабылдау жұмысын ұзартып жібереді. Әсіресе, таным және коммуникативті сферасының бұзылыстары кері әсері тигізеді, себебі, біз құлағымызбен тек естиміз, ал сөйлеу тілі сигналдарын талдау мида өтеді. Мидің компенсаторлық мүмкіндігі КИ жасалған балалар үшін өте маңызды, өйткені, КИ арқылы берілетін сөйлеу тілі сигналдары өзгертіліп беріледі. Ерте жастағы балаларда оның коммуникативті дағдыларының дамуы, зейіні, ойын әрекетінің жағдайы, түрлі вербальды емес (заттардың пішіндерін, көлемін, түсін ажырату, жұп суреттерді табу және т.б.) тапсырмаларды орындау сапасы өте маңызды болып табылады.

Қосымша бұзылыстардың ішінде есту анализаторының орталық бөлігінің зақымдалуы маңызды орынды алады. Бұл жерде есту депривациясы салдарынан болған екіншілікті бұзылыс туралы айтылып отырған жоқ, керісінше, ұлудың есту рецепторлары зақымдалғандықтан болатын біріншілік кемістік туралы сөз болып отыр. Сол себептен КИ жасалған көп балалардың есту қабілетін дамыту барысында да, естіп сөйлеу тілін есте сақтау, есту зейіні, коррекциялық жұмысты жүргізуді қиындататын мәселелер сақталып қалады. Осының барлығы естудің орталық бұзылуының көрінісі болып табылады /26/.

Естудің орталық зақымдалулары көбінесе, менингоэнцефалит және басқа да нейроинфекциялық аурулардың салдарынан есту қабілетін жоғалтқан балаларда жиі кездеседі, өйткені осы кезде есту орталықтары мен есту жүйкесі зақымдалады.

Өкінішке орай, естімейтін балалардың есту анализаторының орталық бөлігінің біріншілік бұзылысын анықтау қиын. Көбінесе дұрыс түзетілген ЕА және жақсы ұйымдастырылған коррекциялық жұмыс жүргізгенде де, қалдық естуінің даму динамикасы байқалмайды.



  1. Баланың сөйлеу алдындағы және сөйлеу құралдарын қарым – қатынас құралы ретінде қолдану,қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға құлшыныстың жоғары болуы.

Сөйлеу тілінің негізгі қызметі – қоршаған адамдармен қарым – қатынас жасау. Қалыпты баланың сөйлеу тілі қалыптасқанға дейін прототілдік қарым – қатынас құралы қалыптасады («көзге тура қарау», қосатын көзқарас, жесттер, қарым – қатынас кезінде кезектілікті сақтау және т.б. Бұл дағдылар сөйлеу тілін дамыту үшін қажет. Олар баланың ауызша сөйлеу тілі мен тілдік жүйесін қалыптастыруда негізгі қор болып табылады. Сол себептен де баланың прототілдік қарым – қатынас құралын және алғашқы сөздерді имплантация жасар кезде қолдануы онымен ары қарай жүргізілетін коррекциялық жұмысты жеңілдетеді /13/.

  1. Ата анасының баланың естіп сөйлеу тілін қабылдауын дмыту жұмысына қатысу белсенділігінің болуы және жүйелі жұмыс жасау тәжірибесінің болуы.

Ата – анасының баламен жүргізілетін коррекциялық жұмысқа белсенді қатысуы, тіпті ЕА таққан нашар еститін балалар үшін маңызды фактор болып табылады. Қалыпты баланың сөйлеу тілінің дамуы күнделікті тіршілік барысында жүзеге асады. Сол үшін естімейтін баланың сөйлеу тілін дамыту тек педагогпен жұмыс жасау аздық етеді. Сол себептен ата – анасы педагогтың нұсқауымен күнделікті тұрмыс жағдайында баланың сөйлеу тілін дамытуға жағдай жасауы тиіс. Реабилитациялық бағдарламаның негізгі бағыты – заттық және түсініктік сөздігін дамыту болып табылады және ол көбінесе ата – ананың көмегімен жүзеге асады. Сондай – ақ, ата – анасының баласымен жүйелі жұмыс істеуімен қатар сол жұмыстың қиындығымен мүмкіндігін түсінуін де бағалау қажет. Көп ата – аналар балаларымен жұмыс істей алмаймыз, сурдопедагог қана жұмыс істеуі керек деп түсінеді. Бұндай жағдайда ата – аналарға баланың дамуында ата –ананың рөлін түсіндіріп, имлантацияны өткізуге міндетті шарт ретінде баланы реабилитациялауға олардың қатысуын кіргізу керек /54/.

Баламен жүргізілетін коррекциялық жұмысқа ата –анасының қатысуына байланысты естімейтін ата – анасы бар балалардың жағдайы ерекше. Естіп сөйлеу тілін қабылдау жұмысының тиімділігі олардың ата – аналарының балаға сөйлеу ортасын ұйымдастыра алу мүмкіндігіне байланысты. Бұндай жағдайда көбінесе, олардың еститін туыстары реабилитацияға қатысады. Сондай – ақ ата – анасына жестті қолдануды тоқтатпауын талап етіп, сондай – ақ баланың басқа адамдарды да естуі керек екенін түсіндіру керек. Естімейтін ата –анасы балаға имплантация жасағаннан кейін еститін адамдар ортасына бірігуіне тура келетінін және естімейтіндер қоғамымен байланысының әлсірейтінін саналы түрде түсінуі керек.



  1. Баланың педагогпен және ата анасымен жүйелі жұмыс жасау тәжірибесінің болуы.

Егер бала педагогпен және ата – анасымен жүйелі жұмыс істеген болса, онда балада бірлесіп жұмыс істеу дағдысы жақсы қалыптасқан: ересектің әрекетін бақылап оған еліктеуге тырысады, өзінен нені қалап тұрғанын түсінуге тырысады, сөйлескен кезде кезектілікті сақтайды, өз әрекетін бағалағанын күтеді. Бұл дағдылардың болуы операциядан кейін баламен коррекциялық жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік береді, дыбыстарға деген қызығушылығы пайда болып, оның өмірдегі мәнін түсінуге, КИ процессорын оптимальды түзетуге мүмкіндік береді. Осы және тағы басқа да факторлар реабилитацияның тез өтуіне және өте жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ерте естімей қалған мектепке дейінгі кохлеарлы имплантталған балалардың сөйлеу тілінің дамуы үшін, көптеген факторлардың әсер ететінін анықталған /7/. Бірақ, сөйлеудің дамуының сенситивті кезеңінің өтіп кеткенін ескеру керек. Сондықтан да кохлеарлы имплантталған балалардың сөйлеуінің дамуын бағалау кезінде, балада бар сөйлеу дағдыларының даму деңгейін маңызды көрсеткіш ретінде пайдалану керек.



Біздің кохлеарлы имплантталған балаларды бақылауымыздың нәтижесінде олардың сөйлеу тілдерінде мынадай қателіктер болатынын анықтадық:

  1. Дыбысталуы мен айтылуы ұқсас дыбыстарды өз сөйлеуінде шатастыруы. («балық» орнына «палық», «сағат» орнына «зағат», т.б.) көбінесе, қатаң және ұяң жұп дыбыстарды шатастырады.

  2. Сөздің дыбыстық- буындық құрамының бұзылуы, дыбыстарды немесе буындарды тастап кету, сөздің аяғын айтпау, дыбыстар мен буындарды алмастырып қою. Бұндай қателіктер көбінесе, ұзын сөздер мен дыбыстық – буындық құрамы күрделі сөздерді айтқанда («қауын» орнына «қан», т.б.) кездеседі. Буындар мен дыбыстарды сөздерде алмастыруы сөйлеу қозғалыс және сөйлеу есту анализаторларының өзара әрекеттестіктерінің бұзылуы салдарынан болады. Сөйлеудің бұндай бұзылысы баланың сөзінтүсініксіз қылады.

  3. Лексика- грамматикалық категорияларды қолданудың бұзылысы.

  • Жұрнақтар мен жалғуларды мүлде қолданбау («терезе алдында гүл тұр», «үй(ге) бар»);

  • Сан есіммен зат есімнің сәйкес келмеуі (үш үстелдер, алты орындықтар);

  • Септік және көптік жалғауларды шатастыру («Айналар кітабы», «Үймен бар»).

4. Сөйлем құраудағы қателіктер: тұрлаулы немесе тұрлаусыз мүшелерді тастап кету («Алмас ... ұстады», «...шаңғы тепті»).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   146




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет