Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы



бет95/146
Дата19.05.2020
өлшемі0.96 Mb.
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   146
Арнайы еңбек сабақтары

Еңбек сабақтары есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектептің оқу жоспарында бекітілген оқу пәні болып табылады. Арнайы еңбек сабақтары органикалық байланысқан есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған бүтін бір процес. Ол оқушылардың политехниклық білімдерін қаруландыруға, еңбектік дағдыларымен машықтарын оқу-техникалық ойлау және шығармашылық мүмкіндіктерінің дамымауына бағытталған.

Тәрбие процесінде еңбекке деген коммунистикалық қарым-қатынасты қалыптастыруды, тапсырылған жұмысқа деген жауапкершілікті іске асырады. Еңбекке оқыту мектеп бағдарламасының негізінде іске асырылады, яғни анықталған тапсырмалар оқытудың әр этаптарындағы әр түрлі әдістері мен формалары, мазмұны.

Есту қабілеті зақымдалған оқушылар арнайы еңбек сабақтарындағы анықталған ерекшеліктерімен сипатталады. Бір жағынан ақыл-ой еңбегін тереңдетуге, игерген білімдерін бекітуге қызмет етеді, ал екінші жағынан оқушыларды практикалық әрекеттер негізінде жалпы еңбектік техникалық машықтар мен дағдыларды қалыптастырады.

Оқу әрекетін ұйымдастырумен оның әдістемесінде есту қабілеті зақымдалған балаларға да мынандай еңбек әрекетін талап етуден құрылады: оқушыларды еңбектің алуан қилы түрлеріне қосу, әрбір бұйымды жасау барысында технологияның жеткіліктілігі, педагог тұрғысынан олардың іс-әрекетіне дұрыс жетекшілікпен оқушылардың ебін тауып, қолайлы нұсқау жасау. Естімейтін және нашар еститін балаларды еңбекке баулып оқытудың ерекшеліктері оқулықтың тарауларына қарай ашылады.

Есту қабілеті зақымдалған балаларды еңбекке оқыту әр түрлі формада жүзеге асырылады, олардың ең кіші негізі сабақ болып табылады. Бұл міндеттерді шешуге кәсіпорындарға экскурсиялар өткізіліп, оқу-өндірістік практикалар ұйымдастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   146




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет