Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Қоғамдық пайдалы өндірістік еңбек



бет97/146
Дата19.05.2020
өлшемі0.96 Mb.
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   146
Қоғамдық пайдалы өндірістік еңбек

Қоғамдық пайдалы өндірістік еңбек есту қабілеті зақымдалған балалар үшін қоғамдық пайдалы жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Өндірістік еңбек балалардың жан-жақты дамуына әсер ететін маңызды құралдардың бірі. Ол оқушылардың практикалық тәжірибелерін толықтыруға, өндіріс пен техника туралы мәліметтерін кеңейтуге, ғылыми білімдерін тереңдету мен нақтылауға, оның практика мен өндірісте маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді.

Өндірістік еңбек есту қабілеті зақымдалған балаларға еңбекті оқытудың ең қарапайым түрлерінің бірі болып есептеледі. Кеңінен қолданылып жүрген жалпы еңбектік және жалпы техникалық және арнайы дайындыққа өндірістік процесте талдауға үйретуге бағытталған еңбектің бұл түрі оқушыларда өндірістік еңбекке деген қызығушылықтары мен ықыластарын арттырады.

Қоғамдық пайдалы өндірістік еңбектің мазмұнына, мектеп ұжымына пайда әкелетін, айналадағы адамдарға және қоғамдық ұжым мен оның мүшелеріне пайда әкелетін жұмыстар кіреді. Мұндай жұмыстар есту қабілеті зақымдалған оқушыларды қоршаған ортадағы болып жатқан әрбір жағдайға, әрбір оқушының өз үлесін қосуға міндетті екендігі түсінуге негіз болады. Қоғамдық пайдалы өндірістік еңбекті ұйымдастыру барысында мектептің материялдық-техникалық базасын, оқу-өндірістік комбинаттарын пайдаланады.

Еңбекті ұйымдастырудың ең кең тараған формасы-жеке өндірістік кәсіпорынның тапсырысын орындау болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   146




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет