Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы


Елге қалтқысыз қызмет бүгіннен басталады



бет3/9
Дата04.11.2016
өлшемі8,14 Mb.
#354
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Елге қалтқысыз қызмет бүгіннен басталады
«Қазақстан-2020: Болашаққа айқын жол» атты 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы туралы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында берген тапсырмасын орындау мақсатында, Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан-2020: Болашаққа айқын жол» атты 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасын дайындады.

Жаңа тұжырымдама жобасының басты ерекшелігі жастардың барлық санатын атаулы тәсілмен қамту және оның іске асырылуында тек білім алып жатқан жастарға ғана емес, ауыл, жұмысшы, өзін өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз, маргиналдық және жастардың т.б. санаттарына әсер ететін болады.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – жастарды әлеуметтендіру және жас азаматтарды қоғамдық-саяси өмірге тарту, ол келесі құндылықтарға негізделеді: патриотизм, халық бірлігі, мәдени көпжақтылық, толеранттылық, заңға құрмет, еңбексүйгіштік, инновациялылық және ғылым, отбасы, денсаулық сақтау және спорт, позитивті мұраттылық, жаңа экологиялық этика.

Тұжырымдаманың мақсаттарына жету үшін бірқатар тапсырмаларды, соның ішінде, басты «Қазақстан-2050» Стратегиясын және Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуіне жастарды тарту барысында іске асырылады.

Тұжырымдама 2 кезеңде іске асырылады.

2013 жылдан 2015 жылға дейін;

2015 жылдан 2020 жылға дейін.

Бірінші кезең барысында ведомствоаралық өзара әрекетінің тиімді моделі қалыптастырылады.

Орталық, жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдарының республикалық және өңірлік жастар ұйымдарымен әрекетінің жаңа тізбегі іске асырылады, орталық және жергілікті деңгейде әлеуметтік жобаларды орта мерзімді болжау негізінде жастардың барлық санаттарын қамтитын әлеуметтік тапсырысты орналастырудың салалық қағидаттары белсенді түрде қолданылатын болады.

Сонымен қатар, тұжырымдаманы іске асырудың бірінші кезеңінде жастар саясатының ұлттық шаралар қатары әзірленеді, біртіндеп жұмыспен қамтуға, баспана мен перспективалы бизнес ойларды қолдауға бағытталған жобаларға жастардың өтуіне және қатысуына қолайлы шарттар жетілдірілетін болады, біртұтас инфрақұрылымды қалыптастыру жұмысы басталады, тұрғылықты жері бойынша, оқу және жұмыс орнына байланысты жастармен іс-әрекет және т.б.

Екінші кезеңде, жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін қозғайтын барлық бюджеттік бағдарламаларды бағалайтын мақсатты индикаторлар енгізіледі. Орталық мемлекеттік органдар өңірлерге жастар саясаты саласындағы тапсырмаларды іске асыруға арналған нысанда трансферттер бөлетін болады.Спорттық инфрақұрылымдарды дамытуға арналған нысанда бағдарламалар жалғастырылады, сонымен қатар, мемлекеттік жеке серіктестік төңірегінде жұмыстар іске асырылатын болады. Жастарды әлеуметтенуді іске асыру барысына жұмыс берушілер мен кәсіподақ қозғалысы тартылатын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған «Жастар» ҒЗО мықты материалдық-техникалық базасы бар жоғары кәсіби методикалық орталыққа айналады.

2012 жылдың қарашасы мен 2013 жылдың қаңтары аралығында министрлік жастар ұйымдарымен бірлесіп, тұжырымдама жобасына жалпыұлттық талқылау өткізді.

Жоғарыда айтылған науқан қорытындысы бойынша 2013 жылдың 28 қаңтарында министрлік басшылары жастар өкілдерімен кездесу өткізді, кездесу барысында тұжырымдама бойынша берілген ұсыныстар мен ескертулер талқыланып, оның жобасына енгізілді.Қоғамның жаңғыруы жағдайында және адами капиталға деген сұраныстың өсуінің кезеңінде тұжырымдама мемлекеттің дамуының құралы мен жаңаруына айналуы тиіс.

//Егемен Қазақстан.-2013.-8 ақпан.-


17
Асхат ИМАНҒАЛИЕВ, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры,педагогика ғылымдарының докторы

Білім – ғылым – өндіріс
Осы үш тіреудің басын біріктіру парыз. Бас-аяғы жиырма бір жыл уақыт. Бұдан жиырма бір жыл ғана бұрын КСРО державасынан енші алған Қазақстанда гиперинфляция қаулап өсіп, жұмыссыздық шектен шығып, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы дегендер айлап емес, жылдап кешіктіріліп, соның салдарынан қалың бұқараның әлеуметтік тұрмыстық жағдайы мүлде күйзелісті деңгейде болғанын ұмытқандаймыз. Өйткені, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 1996 жылы «кері кетушілікті» тежеп, елді алға басу арнасына салып, 1997 жылы «Қазақстан-2030» Стратегиялық даму бағдарламасын жариялағаннан кейін біз даму деңгейі тұрақты елге айналдық.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ««Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында өркениеттің шыңына жетуді мақсат ететін және оның жолдарын нақты белгілейтін кешенді бағдарлама ұсынды. Қоғамдық өмірдің түрлі саласын қамтыған аталмыш Жолдауда ғылым, білім және жастар мәселесі ерекше орынға қойылған. Әсіресе, «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» атты тараушада Елбасы: «Бәсекеге қабілетті ел болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деп көрсетті. Сондай-ақ, мемлекеттің қуаттылығы еліміздің әр аймағында тұрып жатқан халықтың әлеуметтік тұрмысымен өлшенетінін меңзеген Елбасымыз үкіметке өңірлерді дамыту ісімен шұғылдану керектігін жүктеді.

Мемлекет басшысы атқарушы билікке индустриялық-инновациялық даму бағдар­ламасының ауыр жүгін аймақтарға табиғи және демографиялық мүмкіндігіне сай бөлуді тапсырды. Ендігі кезекте ел тұрғындарын жаңа мамандықтарға оқыту мемлекет есебінен жүргізіліп, олардың жұмысқа орналасып, жаңа аймақта тұрақтануына дейінгі барлық мәселені шешу атқарушы билікке жүктелді. Бұл да Елбасымыздың «Экономикадағы жетістіктер ел тұрғындарының өмірі мен тұр­мысынан көрініс табуы керек» деген ұстанымына беріктігін көрсетсе керек.

Нұрсұлтан Әбішұлы алғашқы жетістік пен нәтижені келесі жеңістер мен жетістіктерге жетудің баспалдағы ретінде қарастырады. 1997 жылы «Қазақстан-2030» Стратегиялық даму бағдарламасын қабылдаған кезде де солай істеген. Мұндай бағдарламалар бертінде Оңтүстік-Шығыс Азияның гүлденуін, Қытайдың қарқынды дамуын қамтамасыз етіпті. Соғыстан кейінгі Батыс Еуропаның қысқа мерзімде қайта дамуы «Маршал жоспары» деп аталатын құрлықтық бағдарламаның нәтижесі екенін білеміз. Ендеше, «Қазақстан-2030» Стратегиялық даму бағдарламасы Тұңғыш Президентіміздің алыс болашаққа барлаған ғылыми көзқарасы, ал одан кейінгі бағдарламалар мен әр жылдық жоспарлар сол негізгі межеге жету жолындағы мақсатты шаралар болды.

Президентіміз өзінің «Қазақстан-2030» Стратегиялық даму бағдарламасының түпкі нәтижесі ретінде көрініс табуға тиісті негізгі мақсат «бәсекелестікке қабілетті елу елдің сапында болу», «интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру» екенін бертінде жариялады.

Қарап отырсақ, елімізде мүлде жаңа, өзі түгіл шығарған өнімінің атауы да жаңа кәсіпорындар өмірге келіпті. Бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жаңа мамандықтар игеріліп жатыр. Осыған қарап-ақ Н.Ә.Назарбаев мәлімдемесіндегі «бәсекелестікке қабілетті елу елдің сапында бо­лу», «интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру» деген тіркестердің астарында не жатқанын ұғуға болады емес пе? Жаңа кәсіпорындарда жұмыс істеп жатқан жастарымыз тұтастай өндірістік жүйені, цехтарды бір ғана компьютермен басқарып отырады. Бұрынғы 100 адам істейтін жұмысты бір ғана маман атқарады. Жаңадан елімізде бой көтеріп жатқан зауыттарда, цехтарда ең көп дегенде 300 адам жұмыс істейді. Бірақ олардың шығаратын өнім көлемі бұрынғылар шығарған өнім көлемінен әрі мол, әрі сапалы. Дәл осы жерден «интеллектуалды ұлт қалыптастыру» мақсаты жүзеге аса бастағаны көрініп тұрған жоқ па? Орайы келгенде айта кеткен жөн, «интеллектуалды ұлт қалыптастыру» ісіне Елбасымыз ерте-ақ қамданғандай. Олай дейтін себебім, ТМД көлемінде бірінші болып біздің Қазақстанда мектептерді жаппай компьютерлендіру ісі қолға алынып, жүзеге асырылды. Бұл күнгі мектептеріміздің басым бөлігі интерактивті тақталарды, интернетті пайдаланады. Білім алуға осындай негіз жасай отырып, Тұңғыш Президентіміз посткеңестік аумақта алғашқы болып еліміздің талантты жастарын шет елдердің таңдаулы білім ордаларында оқытып, отандық оқытушы профессорлар құрамының білімдерін шет елдерде жетілдіру жұмыстарын жүзеге асырды.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдерде жеткілікті білім алып келген талантты жастарымыз бұл күндері мемлекеттік атқарушы биліктің, ұлттық компаниялардың, шет елдік фирмалардың лауазымды қызметтерін лайықты атқарып жүр. Осы оқу жылында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мем­лекеттік университетінен «Болашақ» бағдарламасы бойынша алты магистрантымыз шетелде оқу мүмкіндігіне ие болды. Олар Ресей, Малайзия, Ұлыбритания елдерін таңдап отыр. Еске сала кетейік, егемендіктің алғашқы жыл­дарында отандық өндіріске инвестиция құйған шет елдік алпауыт компаниялар көптеген мамандарды өздерімен бірге ала келетін. Олардың айтатын уәждері «жергілікті мамандар біліктілігі қанағаттандырмайды» дегенге саятын. Қазір, міне, Елбасымыз сол шетелдіктерді отандық мамандармен алмастыруды трансұлттық инвестор фирмалардың басшылығына талап ретінде қойып жүр. Бұл ұлттық интеллектуалдық сапаның жоғарылай түскенін көрсететін нақты мысал емес пе?! Орыс халқында «Мәскеу бір күнде салынбаған» деген қанатты сөз бар. Ендеше, ұлттың интеллектуалдық сапасының жоғарылауы секілді басты қажеттілік пен басты мақсат та бір күнде немесе бір жылда тіпті, бір онжылдықта қолжеткізілетін оңай шаруа емес. Ол бірнеше онжылдықтарды, жүзжылдықтарды, тіпті шексіздікті қажет ететін ұғым. Жаратылыстың шексіз дамуы секілді ұлттық сапа да дамуы жағынан шексіз уақытқа ұласатын бір игілікті іс. Тек төзімділікпен, түсіністікпен алға жылжи беру керек. Арабтарда мынадай мақал бар екен: «Баратын жерін білмейтін адам барлық жолмен жүреді». Мұны қазақтың қарапайым тілімен «мақсатсыздың бейнеті көп» деп түсінуге болатын шығар. Осыларды қорыта келгенде, Қазақстан «бейнетті көп көретін ел емес» дегім келеді. Өйткені, бізде баратын жеріміз белгілі, нақты мақсатымыз бар. Жолдың алғашқы бөлігін артқа тастаған бүгінгі таңда бағытымыздың дұрыс және түзу екенін, баратын жерімізге белгіленген мерзімде жететінімізді білеміз. Орайы келгенде айта кетейін, осы биік мақсатымызға қол жеткізуге қажеттінің бәрі елімізде бар екен. Мәселен, ғылыми тұрғыдан жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін бірнеше қажеттіліктер болады. Ең алдымен, ұлттың білім деңгейі. Бұл жағынан алғанда біз әлемдік тізімнің жоғарғы сатысында, дәлірек айтсақ, екі жүзден астам мемлекет енген тізімде алғашқы жиырмалықтың қатарында тұрмыз. Демек, алғашқы қажеттіліктің негізі өзімізде бар.

Дәл осы тұста отандық ғылым деңгейі қандай деген орынды сұрақ туады. Өйткені, еліміздің бұдан былайғы дамуы тек қана ғылымның деңгейімен өлшенбек. Бұл тұрғыдан алғанда да еліміз діттеген меже биігінен көріне алатынына сенім мол. Отандық химия, физика, инженерия, биология, микробиология, математика ғылымдары әлемнің кез келген мемлекеттеріндегі ғылыммен иық теңестіре алады. Бұлай деп батыл айтатын себебім, қазақтардан кезінде КСРО державасының стратегиялық бағдарламалары бойынша ғылыми-зерттеу жобаларына қатысып, әлемде теңдесі жоқ жаңалықтар ашқан ғалымдар және сол ғалымдар негізін қалаған кешенді мектептер бар. Отандық ғылым мектебі қазірдің өзінде теңдессіз нәтижелерін бере бастады. Мәселен, ядролық энергия өндірісі саласындағы же­тістіктеріміз осы сөзімнің толық дәлелі болады. Сондай-ақ, темір жол, көпірлер құрылысы салаларында да отандық ғалымдар өндіріске қазірдің өзінде үлкен пайда келтіруде. Бұл топқа отандық химия ғылымы саласындағы таланттарды да қосуға болады. Еліміздің химиктері дүниеге әкелген көптеген жобалар бұл күндері ел игілігіне айналып жатса, енді бірқатары өндіріске жолдама алған. Қай жағынан алғанда да біздің ғалымдар отандық экономиканы озық технологиямен байытудың тірегі болары сөзсіз.

Біз осы уақытқа дейін өмірлік қажетті үш тіреудің басын біріктіре алмай жүрдік. Білім – ғылым – өндіріс үштігінің басын қосатын нақты заң қабылданып, бұл күндері жұмыс істеп жатыр. Өндірісті дамытушы ғылымды инвестициялаудың халықаралық қалыптағы жүйесі енді біздің ел өміріне де ене бастады. Бұған дейін ғылым «қаражаттан шөліркесе», ғалымдар ашқан жаңалықтар өндіріске жолдама алудан ысырылып келсе, енді ондай тоқырау болмайтын болды. Ғылымды инвестициялаудың бірнеше арнасы жұмыс істей бастады. Мәселен, ғылыми-зерттеулер үшін арнайы мемлекеттік мақсатты гранттар бөлу, мемлекеттік тапсырыстар бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, ғылымға бөлінетін қаржыны ғалымдардың өз екшеулерінен өткізе отырып бөлу, ақыр аяғында жекенің капиталын инвестиция ретінде тарту арналары пайда болды. Ашылған жаңалықтарды өндіріске енгізу ісі жеңілдей түсті. Қазір үкімет деңгейінде жоғары ғылыми-технологиялық кеңес жұмыс істейді. Бұл кеңес салалық ғылыми кеңестердің ұсыныстарын екшеуден өткізеді. Сайып келгенде, бәрінің де мүддесі ғылымды инвестициялау, жаңалықты өндіріске кідіріссіз енгізу жұмыстарын жүйеге түсірген, жемісті ететін бір жаңа арна болды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті ел болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деп көрсетеді. Жолдауда инженерлік білім беру мен заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, жоғары және орта білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі желісін құру, көпсатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу, бүкіл ел бойынша ғылыми-зерттеушілік және қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру, жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық тұрғыда бекіту мәселелері сөз болады.

Елбасы Жолдауында ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатері алға тартылып отыр. Осы сын-қатерлерден өтуді қамтитын бірнеше жұмыс бағытын анықтап көрсетті. Қазақ елінің ендігі алдына қойған басты мақсаты – 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Елбасы өз Жолдауында Қазақстан халқына осы мақсатқа жету жолында шешілуі тиіс жеті бірдей стратегиялық міндет жүктеді. Осы міндеттердің ойдағыдай шешілуіне үлес қосу – әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы. Елбасы Жолдауында атап көрсетілгендей, «Қазақстан экономикасы – әлемдік ауқымда көлемі шағын экономика… Ел біртұтас корпорация секілді жұмыс істеуі тиіс…». Осы арада АҚШ, Жапония елдеріне тән корпоративті мәдениет ұстанымдарын зерттеу жұмыстарын қазақстандық университеттерге жүктеудің тиімді әсері болатындығы сөзсіз.

Елбасы алға қойған аса басты міндеттердің бірі – «…ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеу…». Осы міндетті ойдағыдай шешу жолында бірнеше шараларды іске асыруға болады. Біріншіден, Қазақстанда қызмет істеп жүрген шетелдік және отандық корпорациялардың мамандар даярлауға отандық университеттерге тапсырыстар беруін және оны қаржыландыруын заңнамалық тұрғыдан бекіту әрі ондай корпорацияларды салық жеңілдіктерін беру арқылы мемлекеттік қолдау. Екіншіден, отандық университеттердің халықаралық қорлар гранттарын пайдалануларына толықтай еркіндік беру.Президент бізге Қазақстанның білікті мамандары әлемнің әрбір түкпірінде сұранысқа ие болуы қажет деген талап қойған болатын. Қазірде біздің тарапымыз­дан осы бағытта нақты қадамдар жасалуда. Бүгін білім беру жүйесінде оқу үрдісінің жүргізілу барысын компьютерсіз елестету мүмкін емес. Осы бағытта мультимедиалық кластармен, электронды және қашықтан оқытуды қамтамасыз ететін жаңа компьютерлермен жабдықталған «Махамбет» ақпараттық технология­лар паркі өз жұмысын жемісті жүргізуде. Университетіміз қазірдің өзінде білім беру жүйесін оңтайландыруда инновациялық авторлық бағдарламаларға ие.

Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен мемлекетіміздегі жоғары білім беру жүйесінің алдына қойған басты міндеттер шетелдегі серіктес жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынастың жасалуына негіз болды. Білім беру жүйесіндегі Болондық үрдіс талаптары Еуропа мемлекеттері жоғары оқу орындарымен тәжірибе бөлісуге, болашақ мамандар даярлау ісінде шетелдік серіктес жоғары оқу орындарын тартуда мол мүмкіндік берері сөзсіз. 2012 жылғы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған екі Жолдауын аймақта және өз ұжымымызда жан-жақты түсіндіру барысында университетіміздің тындырған істеріне шолу жасалып, алға міндеттер белгіленді. Қыруар істі қолға алған Елбасымыз әрбір мемлекеттік қызметкерден өз ісіне дұрыс қарауды талап ететіні баршаға белгілі. Бұл – біздің ұжым жұмысының барысында есте сақтайтын ең басты шарт. Содан да болса керек, 80 жылдық тарихы бар М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушы, профессорлар құрамы студенттерге білім беруді замана талабына сай жүргізіп қана қоймай, сонымен бірге, өз мамандықтары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын қарқынды дамытуда.

Қорыта айтқанда, бүгінде Қазақстан мемлекеттік және ұлттық дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп келеді. Бұл орайда барлық мүмкіндіктер іске қосылуда. Осы арқылы әр қазақстандықтың жеке дамуына да алғышарттар қаланған. Қазір елімізде қолға алынған істер аса ауқымды. Тек осынау ауқымды іске әрқайсымыз өз үлесімізді молайта түсу үшін жұмыла алсақ болғаны. Осылай істей алсақ, біз бағындырмайтын асу жоқ дер едім.


ОРАЛ. // Егемен Қазақстан.-2013.-12 ақпан.-2б.

20

Қазақстандағы жоғары білім


Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінде "2017 жылғы XXVIII қысқы бүкіләлемдік универсиадаға дайындық және оны өткізу туралы" мәселе қаралып, кеңінен талқыланғаны мәлім. Үкіметгің осы отырысында Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов та талқылауға қатысқан еді. Төмеңде министрдің сөйлеген сөзі оқырмандар назарына ықшамдалып ұсынылып отыр. ..

Жұмағұлов Бақытжан, Білім және ғылым министрі

Универсиада -2017: дайындық қай дәрежеде?

2017 жыл – біз үшін ерекше жыл болмақ. Өйткені, елімізде ірі халықаралық іс-шаралар өтеді. Ең алдымен – ЭКСПО -2017 көрмесі. Ал бұл жылды қысқы универсиада ашатын болады. Универсиада – маңызы жағынан олимпиада ойындарынан кейін екінші орында. Көптеген елдер осы универсиада арқылы олимпиаданы өткізу мүмкіндігіне ие болған. Мысалы, жазғы олимпиада бойынша — Бразилия, Кеңес Одағы, Қытай елдерін, ал қысқы ойындар бойынша — Корей Республикасын атауға болады.

Бізге 2017 жылғы универсиаданы халықаралық деңгейде откізу қажет. Бұл — еліміздің өлеуетін әлемге танытудың, спорт пен дене шынықтыруды барынша көтерудің тағы бір жолы.

Осы мақсатта беделді ұйымдастыру комитеті қүрылды. Оның алғашқы отырысы 27 қарашада өтті. Онда барлық негізгі үйымдастыру мәселелері қаралды. Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Т.А. Ермегияев универсиада бағдарламасына қосуға ұсынылатын барлық спорт түрлері туралы баяндай келіп, еліміздегі спорттың жағдайы мен даму міндеттеріне назар аударды. Алматы қаласының өкімі А.С. Есімов қазіргі және жаңадан салынатын спорт нысандары жайында өңгімелеп берді және шетел тәжірибесіне, инженерлік қамтамасыз ету мөселесіне жан-жақты тоқталды.

Универсиада барысында "Медеу" мұз айдынын, "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортын, "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплин кешенін, Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын және Алматы облысындағы шаңғы биатлон стадионын пайдалану жоспарлануда. Алдағы уақытта Мұз Сарайы мен Мұз Аренасы салынады, сондай-ақ, Атлетикалық ауыл бой көтереді.

Осы мақсатқа Президенттің тапсырмасы бойынша салынып жатқан Алматыдағы студенттер қалашығы да пайдаланылмақ.

28 қарашада Елбасы студенттік баспана проблемасын шешуге тағы да тоқталғанын білесіздер. Бүл мәселеде біз Президент тапсырмасы бойынша жүмыс жүргізіп келеміз. Сондықтан бұл қалашық универсиадаға қатысушыларды орналастыру үшін ұсынылатын болады.Ұйымдастыру комитетінің отырысында Бас жоспарды және универсиада ойындарын өткізу тұжырымдамасын жан-жақты талқыладық. Хаттама қабылданды, базалық міндеттер анықталды, тиісті тапсырмалар берілді. Қазақстанның студенттер құрамасы 1993 жылдан бері бүкіләлемдік универсиадаға қатысып келеді. Универсиада ойындарына елімізден 228 студент қатысқан. Олар 28 медальға ие болған (11 алтын, 5 күміс, 12 қола).Спорт және дене шынықтыру агенттігінің мәліметі бойынша елімізде алдағы универсиада ойындарында болатын барлық спорт түрлері даму үстінде. Бұл жұмыспен 12 аймақта 61 мың адам жүйелі түрде айналысуда. Дегенмен, универсиадаға толық дайын болу үшін оқушылар мен жастардың дене шынықтыру жөне спорт деңгейін көтеру қажет. Яғни, еліміздің намысын қорғайтын жас спортшыларды дайындау керек. Өйткені, қазіргі 8-сынып оқушыларының осы универсиадаға қатысу мүмкіндігі бар. Мәселен, 90-жылдары жасөспірімдер спортына жеткілікті көңіл бөлінбеді. Енді бұл кемшіліктің орнын толтыру керек. 21

Бұл мақсатта Министрлікте де арнайы алқа отырысын өткіздік. Ең маңызды міндеттерді анықтадық. Қазір осы міндеттер бойынша жүмыс жүргізіп жатырмыз.

Енді келесі маңызды мәселелерге назар аудара кетейін.

Бірінші — оқушылар мен студенттерді оқу орнындағы секңиялармен кобірек қамту.

Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің 36 пайызында қысқы спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалған. Мысалы, 25 пайыз оқушылардың шаңғы спортымен шүғылдануға мүмкіндігі бар. Орта білім беру үйымдарында спорттық секциялармен қамтылған оқушылардың үлесі — 22,5 %. Бүл көрсеткіш осіп келеді.

Универсиадаға дайындық аясында жергілікті атқарушы органдар мектептерді қажетті жабдықтармен және мамандармен қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуі керек. Өйткені, облыстардағы қазіргі спорттық база заман талабына сай емес.

Жалпы Қазақстанда барлығы 190 шаңғы базасы, 496 хоккей корты, 3 секіруге арналған трамплин, 9 коньки стадионы бар...

...Қазіргі уақытта мектептер балансында 20 мыңнан астам спорт ғимараты бар. Олардың 567-сі ғана қысқы спорт түрлеріне арналған нысандар. Яғни, жалпы саннан 35 есе аз.Біз жоғары оқу орындарының да спорттық базасын барынша дамытуға тиіспіз. Бүған біздің Министрлік жауапты. ЖОО ректорларына өз базасында балалар мен жасөспірімдердің спорт секцияларын қүру мәселесін қарау тапсырылған. 2013 жылдан бастап дене тәрбиесі және спорт мамандықтары бойынша грант санын ұлғайтамыз, дене төрбиесі мұғалімдерінің біліктілігін арттырамыз.

Екінші — қысқы спорт түрлері бойынша дайындық деңгейін арттыру қажет.Мектеп және колледж оқушылары үшін спартакиадалар тұрақты түрде өткізіледі. Спартакиада нәтижесі "Универсиада — 2017" бағдарламасына кірген 12 қысқы спорт түрінен, атап айтқанда, шаңғы жарысы, коньки тебу спорты, шайбалы хоккей, шорт-тректің дамығанын көрсетті. Әсіресе, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында қарқынды дамыған.

Еліміз бойынша жақсы дамымаған спорт түрлеріне биатлон, сноуборд, трамплин, фристайл, тау шаңғысы, мәнерлеп сырғанау жатады. Керлинг мүлде дамымаған.

Осыған байланысты спортшыларды мектеп — колледж -жоғары оқу орны — Қазақстан қүрамасы схемасы бойынша дайындаған жөн. Алайда, қазіргі уақытта елімізде қысқы спорт түрлері бойынша өтетін жарыстар универсиада ойындарымен толық сәйкес келмейді.

Универсиаданың міндетті 8 түрінен мектеп спа.ртакиадаларында 4-еуі, республикалық универсиада кезінде 5-еуі ғана өтеді.

Біз универсиада бағдарламасы шеңберінде спорттың қысқы түрлері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді күшейтуіміз қажет. Ол үшін аймақтарда оқушылар мен студенттердің қатысуымен шағын универсиада өткізу қажеттігі туындайды. Соның нәтижесінде оқушыларға іріктеу жүргізуге болады. Осылайша олар 2017 жылы біздің қүрамаға кіре алады. Тіпті жүлделі орын алғандарға облыс өкімдері жоғары оқу орындарында оқуға грант бөлсе, орынды болар еді.

Біз бүкіләлемдік универсиадаға спортшыларды сапалы дайындау үшін мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайтуға міндеттіміз. Осыған орай, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері мен олимпиадалық резерв мектептерінің жұмысын жандандыруымыз қажет. Бүл өз кезегінде бүкіләлемдік универсиаданың спорт түрлерін дамытуға базалық серпін беруі тиіс.



Үшінші — универсиадаға 3 мыңға жуық волонтер тарту жоспарлануда. Осыған байланысты 2013 жылы жазда шетел тілін білетін үздік студенттерден құралған волонтерлерді жазғы бүкіләлемдік универсиада өтетін Қазан қаласына тәжірибе алуға жіберуді орынды деп есептеймін. Сондай- ақ, оларды 2013 жылы желтоқсанда Трентино қаласына (Италия) қысқы универсиадаға жіберген дүрыс. Олар алған тәжірибелерін таратып, басқа студенттерді оқытатын болады. Әрине, бүл дайындықта Білім және ғылым министрліғінің бастамасымен қүрылған үлттық еріктілер желісі маңызды орын алатынына сенімдімін. Жоғарыда аталған мәселелерді шешу 2017 жылғы универсиаданың басты мақсаттарына қол жеткізуге, еліміздің құрама командасының табысқа жетуіне ықпал етеді.

//Қазақстан мектебі.-2013.-№1.-6-8б.


Каталог: ntb -> doc
doc -> Қазақстандағы жоғары білім
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы
doc -> Ғылыми техникалық кітапхана анықтама библиографиялық және Әдістемелік бөлім білім және ғылым
doc -> Қазақ поэзиясының дүлділі
doc -> ҚОРҚыт ата атындағы
doc -> Қалыптасқан қазақстан 2050 стратегиясы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы нұрлан темірбеков, Д. Серікбаев атындағы ШҚмту ректоры, профессор. Айқын да жарқын бағдарлама
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет