Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы



бет1/12
Дата15.11.2016
өлшемі4,58 Mb.
#1814
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
МАЗМҰНЫ









беттер

І.

ЖАҢАЛЫҚТАР ХРОНИКАСЫ


3-29

ІІ.

ОБЛЫСТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ


30-54

ІІІ.

ТАЛДАМАЛЫҚ АҚПАРАТТАР


55-66

ІV.

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ СӨЙЛЕГЕН СӨЗДЕРІ


67-134

V.

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР


135-140

VI.

КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУЛАР

141


VII.

ЗАҢНАМАЛЫҚ БАЗА

142-151






І. Жаңалықтар хроникасы
07 сәуір

Қызылорда облысының әкімдігі, «Самұрық Қазына Инвест» ЖШС және «Qіnhuangdao Yaohua Glass Machіne Manufacture Co., Ltd» Қытай компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Осы меморандум аясында шыны шығаратын зауыт салынатын болды.

***

08 сәуір

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төрағалығымен «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысы туралы жиын болып өтті.

***

10 сәуір

Сыр өңірінде «ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис Б.В» компаниясының жетекшілігімен «Ақниет» әлеуметтік серіктестік бағдарламасы іске қосылды.

Бағдарлама ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған.

***











18 сәуір

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Нгуен Ван Хоаны қабылдады. Құрметті мейман еліміз бойынша Вьетнам соғыс қимылының жалғыз қатысушысы, соғыс ардагері, жерлесіміз Иса Бисеновке Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті атынан құрмет көрсету үшін өңірімізге арнайы келді.



***

18 сәуір

Бейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Кездесуде Азаматтық Альянс, «Игілік» қоры және облыстық әкімдік арасында бірлескен қимыл және өзара ынтымақтастық жөніндегі үш жақты Меморандумға қол қойылды.

***

19 сәуір

Облыс әкімі Қ.Көшербаев іссапармен Қармақшы ауда­нын­да болды. Аймақ басшысы 9 ауылды аралап, елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты.

***

20-21 сәуір

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Арал және Қазалы аудандарында жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында әлеуметтік нысандарды аралап, жергілікті жұртшылықпен жүздесті. Шешімін күткен бірқатар мәселе­лерге назар аударды.

***

22 сәуір

22 сәуірде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстың бірқатар азаматтарын қабылдады.

Аймақ басшысында қабылдауда болған азаматтардың қатарында қоғамдық бірлестік өкілдері, зейнеткерлер және басқалар бар.
***

26 сәуір

Облыс орталығындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында Қазақстандағы зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелеріне арналған мәжіліс болып өтті.


***

26 сәуір

Қызылорда қаласындағы «Бастау» бизнес орталығында ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың және Индустрия және сауда министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаевтың қатысуымен өңірде жер қойнауын пайдаланушы компания жетекшілерімен кеңейтілген мәжіліс өтті.


***

29 сәуір

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен тұрақты кеңес мәжілісінде жедел медициналық жәрдем жүйесін дамыту және станцияларды техникалық қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

***

29 сәуір

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» күре жолы құрылысының мәселелері жөнінде мәжіліс болып өтті. Онда компаниялардың жұмысшылар алдындағы жалақыға қарызын өтеу мәселесі талқыланды.

***

02 мамыр

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барып, ардагерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесті. Бір күндік жұмыс сапары кезінде он жеті ауылды аралаған аймақ басшысы елді мекендердің әлеуметтік мәселелерін назарға алды.


***

03 мамыр

Қызылорда облысының әкімдігі, «Мелиоратор» ЖШС, «BTX Group» ЖШС арасында үшжақты өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Осы құжат аясында Жаңақорған ауданында цемент зауыты салынатын болып келісілді.

***

06 мамыр

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен тұрақты кеңес мәжілісі өтіп, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты аясында несиелендіру мәселесі қаралды.


***

07 мамыр

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласының тұрғыны, соғыс ардагері Қожахмет Бектанның отбасында болып, Жеңіс мерекесімен құттықтады.

***

07 мамыр

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаламыздағы «Тұлпар» бизнес орталығының «Гранд Плаза» мейрамханасында 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай аймағымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қабылдап, туған жерімізді ерлікпен қорғаған майдангерлерімізді төл мерекесімен құттықтады.

***

08 мамыр

Қызылордада «Саутс-ойл» мұнай-газ компаниясына қарасты «Ақмешіт» мәдени-сауықтыру орталығының ашылу салтанаты болды.

***

08 мамыр

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық және аудандық газеттердің бас редакторларымен кездесті.

***

09 мамыр

Ұлы Жеңістің мерейтойын Сыр жұртшылығы ерекше мәнде атап өтіп, «Жасампаз жасақ» еріктілер тобы алаңда сап түзеді. Бұл күні қала тұрғындары боздақтар рухына тағзым ету үшін Тағзым алаңына жиналды.


***

10 мамыр

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың жұмыс сапары Жеңіс мерекесінен кейін Жалағаш ауданының 8 ауылын аралаумен жалғасты.


***

13 мамыр

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, биология ғылымының докторы, профессор Наталья Огарь мен А.Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығының бас директоры, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті Жеткерген Арзықұловпен кездесіп, аймақ медицинасын дамытудағы келелі мәселелер талқыланды.


***

14 мамыр

Сейсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев республикалық БАҚ басшыларымен кездесті. Басқосуға еліміздегі белді басылымдар мен интернет газеттердің бас редакторлары қатысып, аймақ басшысы оларды өңіріміздің тыныс-тіршілігімен таныстырды.


***



14 мамыр

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен аймағымыздағы салық салу базасын кеңейту мәселелеріне арналған жиын өтті.

***

17 мамыр

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясының кафедра меңгерушісі, РҒА академигі Абел Аганбегянды қабылдады.

***

18 мамыр

Облыстық медицина орталығында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен мәжіліс болып өтті. Басқосуда өңіріміздегі медицина орталығының алдағы уақытта атқаруға тиіс жұмыстары мен денсаулық саласын дамыту және сапасын арттыру мәселелері талқыланды.


***

24 мамыр

Биыл облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен облыстық ішкі істер департаментіне жаңа автокөліктер алуға жүз миллион теңгеден астам қаржы бөлінген болатын. Осы қаржыға алынған 18 жаңа автокөлікті тәртіп сақшылары аймақ басшысына көрсетті.

***

26 мамыр

Өткен аптаның жексенбісі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жаңақорған ауданында іссапарда болып, жаңа­дан пайдалануға берілген «Шипа­жай Жаңақорған» ЖШС шипа­жайы­ның ашылу салтанатына қатысты.


***

27 мамыр

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласы активімен кездесу өткізді. Онда Қызылорда қаласының даму перспективалары туралы мәселелер талқыланды.


***



27 мамыр

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен тұрақты кеңесте үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы пысықталды.


***

28 мамыр

Сейсенбі күні ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, “Нұр Отан” ХДП партиясы Саяси Кеңесі Бюросының мүшесі, партияның парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин Қызылорда облысына іс-сапармен келді.


***

30 мамыр

Аймақ басшысы Қ.Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы болып өтті.


***

30 мамыр

Қызылорда қаласында облыс кәсіпкерлерінің форумы болып өтті. Бизнестің дамуын тежейтін өзекті мәселелерді анықтау және шешу үшін мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдардың интеллектуалдық күштерін нығайту мәселесін көтерген айтулы іс-шараға мемлекеттік органдар, қаржы институттары мен кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестік өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.


***

31 мамыр

Қызылордада 31-мамырда қу­ғын-сүргін құрбандарын еске алу шара­сы өтіп, ескерткіш маңына гүл шоқтары қойылып, қуғын-сүргін жылдарында құрбан болған боздақтар рухына дұға бағыш­талды.


***

31 мамыр

Қызылорда мемлекеттік университетінде облыс әкімінің төрағалығымен және басқарма басшылары мен әлеуметтік сала маман­дарының, университет ғалымдары мен оқытушыларының, аймақтағы өнеркәсіп орындары басшылары мен кәсіпкерлердің қатысуымен Қамқоршылық кеңесі құрылып, оның биыл атқаратын жұмыс жоспары бекітілді.


***

01 маусым

Арал ауданы әкімдігінде Қырымбек Көшербаевтың төр­ағалығымен «Балық шаруашылығы саласын дамытудың шаралары мен балық консорциумы жұмысының тиімділігін арттыру» тақырыбында мәжіліс өткізілді.


***

03 маусым

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қалаға қарасты Ақсуат және Ақжарма ауылдық округтерінде болып, елді мекендердің тұрмыс-тіршілігімен танысты.


***

08 маусым

Жаңа­қорған ауданында іссапармен болған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев көне Сығанақ қала­шығында жүр­гізіліп жатқан архео­логиялық және реставрация­лық жұмыс­тармен танысты.


***

10 маусым

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалы­ғымен облыс көлемінде орнатылған ескерткіштерді түгендеу, мемлекеттік тізімге алынбаған ескерткіштерді анықтау және олардың жай-күйін зерттеу туралы мәжіліс болып өтті.


***

12 маусым

Облыс әкімі Қырымбек Көшер­баев­тың төрағалығымен сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнін­дегі облыстық комиссияның кезекті отыры­сы өтті.


***

12 маусым

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен «Биылғы жылғы Ұлттық бірыңғай тес­тілеудің қорытындысы туралы» мәжіліс болып өтті.


***

12 маусым

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІ сессиясы болып өтті. Онда үстіміздегі жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясының қорытындыларынан туындайтын міндеттер таразыланды.



***

16 маусым

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен облыстың тарихи-мәдени мұраларын қорғауға және насихаттауға бағытталған ғылыми-әдістемелік Кеңестің алғашқы отырысы өтті. Оған арнайы шақыртумен келген Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі, халық жазушысы Олжас Сүлейменов қатысты. Кеңестің мүшелік құрамына еліміздің танымал тарихшылары, әдебиеттанушы-ғалымдары, сәулетшілері кірді.
***

17 маусым

17 мау­сымда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстың бірқатар азаматтарын қабылдады. Қа­былдауда болған азаматтардың қатарында ардагерлер, саяси ұйым өкілдері, мәдениет сала­сының мамандары және әлеу­меттік қолдауға зәру тұрғындар бар.

***

18 маусым

Аптаның сейсенбі күні Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрда биылғы ҰБТ қорытындысымен «Алтын белгі» иегері танылған түлектердің құрметіне «Сыр жұлдыздары» атты салтанатты кеш болып өтті.
***

18 маусым

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен сәулет-қала құрылысы кеңесінің кезекті мәжілісі өтіп, онда облыс орталығында салынатын бірқатар нысандардың эскиздік жобалары талқыланды.


***

21 маусым

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Жалағаш ауданында күріш ша­руа­шылығын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті.

***

21 маусым

Қызылорда қаласында «Ақниет» әлеуметтік серіктестік бағдарламасы байқауының жеңімпаздарына грант сертификатын тапсыру рәсімі өтті.

***

23 маусым

Облыс әкімі Қырымбек Көшер­баев жұмыс сапарымен Сырдария ауданында болды. Аймақ басшысы «Самара-Шымкент-Тереңөзек» көлік жолының бойында салынып жатқан көпір құрылысы­мен және «Шаған-Жер» жауапкершілігі шектеулі се­ріктестігінің егіс жұмыстарымен танысты.


***

24 маусым

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтағы ванадий өндірісінің алғашқы қарлығашы «Балауса фирмасы» ЖШС-ның директоры Андрей Кузнецовқа Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік жөніндегі ұйымның «Үздік өнертапқыш» медалін салтанатпен тапсырды.


***

24 маусым

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыс­тың бірқатар азаматтарын қабылдады.

Облыс басшысы қабылдауда болғандардың мәселе­лерін шешу мақсатында тиісті мемлекеттік органдар жетекшілеріне тапсырмалар берді.
***

24 маусым

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев орыс православ шіркеуінде болып, қоңыраулы храмның жай-күйімен танысты, әулие әкей Виталиймен кездесті.


***

25 маусым

Қаламгер қауымның мерекесі қарсаңында Н.Бекежанов атындағы драма театрда “Қанатты қалам-2013” облыстық форумы өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, бұқара мен билік арасына алтын көпір салған тілшілерді төл мерекемен құттықтады.
***

25 маусым

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев учаскелік полиция қызметкерлерімен кездесіп, қоғамдық тәртіпті сақтаудағы өзекті мәселелерге тоқталды.


***



25 маусым

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен балалар құқықтарын қорғау мәселесіне арналған мәжіліс өтіп, облыста жергілікті бюджеттің қаржыландырумен балалар құқықтарын қорғау басқармасы құрылатын болып шешілді.


***

25 маусым

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев түркітілдес мемлекеттер Одағының атқарушы хатшысы Мұстафа Башқұрт бастаған делегацияны қабылдады. Кездесуде өңір жетекшісі іскер түрік ағайындарды облысымыздың экономикалық әлеуетімен таныстырды.


***
2013 жылдың 12 маусымында облыстық мәслихаттың мәжіліс залында «Қазақстан халқы Ассамблеясы XX сессиясының қорытындыларынан туындайтын міндеттер туралы» тақырыбында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 16-сессиясы болып өтті.

Сессияға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, аудан және Қызылорда қаласы әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқармалар басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, өкілдері қатысты.

Сессияда облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Қ.Көшербаев баяндама жасады.

«Славяне» этномәдени бірлестігінің төрайымы Г.С.Щербакова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Н. Байқадамов, Қызылорда медициналық колледжінің студенті, «Вайнах» шешен этномәдени бірлестігінің мүшесі Д. Мутаусова, татар этномәдени бірлестігінің төрайымы Ғ.К. Ғизаттулина және «Қазақстанның орыс қауымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда филиалының директоры В.П. Толоконниковтер шығып сөз сөйледі.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев Қазақстан халқы ассамбелясының ХХ-сессиясынан туындайтын міндеттер жөнінде аудан әкімдеріне, тиісті басқармалар басшыларына тапсырмалар берді.

Бірқатар азаматтарға ҚХА наградалары тапсырылды. (Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен марапатталғандар: М.З.Подольский – еврей этномәдени бірлестігінің мүшесі; Е.А.Ким - «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрайымы; И.Н.Шек– неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы. Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталғандар: Н.В.Джумадильдаева – Қызылорда қаласындағы № 23 мектеп-лицейінің директоры; Ю.Ф.Ким - «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы төрайымының орынбасары; К.Х.Нигай - «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының ардагері; Л.Х.Фаизова – татар этномәдени бірлестігі төрайымының орынбасары. Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталғандар: Р.М.Аминова– еврей этномәдени бірлестігінің мүшесі; Т.Н.Данилина– «Кызылординские вести» газетінің тілшісі; А.К.Закирова – Қызылорда қаласындағы № 198 мектеп-лицейінің мұғалімі; В.П.Толоконников – «Қазақстан орыс қоғамы» филиалының директоры.



Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы А.Хамидов облыстық ҚХА төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Биылғы жылы 70 жасқа толған А.Хамидовқа облыс әкімі Қ.Көшербаев құрмет көрсетіп, сый-сыяпат жасады.

Каталог: sites -> default -> files -> documents -> akimat -> Zharshi
documents -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында 2012 жылы атқарылған жұмыстар
documents -> Қызылорда облысы көлемінде жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдары
akimat -> Қазақстан республикасының президенті н.Ә. Назарбаевтың
documents -> Ќызылорда облысындаєы
documents -> БАҚ Атауы Меншік иесі
documents -> «Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы №722
Zharshi -> Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет