Мазмұны мамандық бойынша кіріспе емтиханның мақсаттары мен


Магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет2/27
Дата13.09.2020
өлшемі46.13 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
2. Магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Магистратураға түсушілер білуі тиіс:

  • экономиканың мәні, экономикадағы әлеуметтік, экономикалық және құқықтық қатынастар;

  • экономиканың макро және микро деңгейінде шаруашылық субъектілері дамуының экономикалық нәтижесін зерттеу әдістемесі;

  • экономикадағы болжау әдістері;

  • мемлекет пен құқықтың дербес құбылыс ретінде пайда болуы, дамуы және қызмет етуінің негізгі заңдылықтары, оның мәні мен табиғатын анықтау;

  • қоғамды мемлекеттік-құүқықтық ұйымдастырудың концептуалды (теориялық) үлгілері;

  • мемлекет пен құқық теориясы әдістемесінің түсінігі және мәні;

  • қоғамның экономикалық дамуындағы және экономикалық реформа жүргізудегі құқықтың ролі;

  • білім беру саясатындағы жүйелі құндылықтар мен басымдықтар, кәсіби білім беру жүйесін құру мен қызмет етуінің негізгі қағидалары, бастауыш, орта және жоғары деңгейдегі кәсіби білім беру орындарында педагогикалық процесті ұйымдастыру тәсілдері;

  • экономикалық пәндерді оқыту барысында әртүрлі әдістермен дидактикалық тәсілдерді қолдану;

  • педагогикалық қызметтің теориялық және дидактикалық негіздері;

  • орта және жоғары кәсіи білім беру орындарында құқықтық емес мамандық студентттеріне құқық пәнін оқыту ерекшелігі;

  • құқық пен экономиканың әртүрлі салаларын оқыту ерекшелігі және құқықтың оқыту пәні ретіндегі ерекшеліктері;

  • құқықтық және экономикалық пәндер бойынша оқытуды ұйымдастыру, дайындалу және өткізу;

  • экономика және құқық пәні оқытушысының еңбегін ғылыми ұйымдастыру ерекшеліктері;

  • экономикалық және құқықтық оқытудың сапасы мен тиімділігін бақылау қағидалары мен жүйесі.

Магистратураға түсушілердің қабілеттіліктері:

  • алынған арнайы теориялық білімдерін тәжірибелік қызметте қолдана білу;

  • рыноктық экономика дамуының стратегиясын зерттеу бойынша сараптамалық құралдарды қолдана білуі;

  • қолданбалы математиканың, статистиканың, есеп және аудиттің, менеджмент пен қаржы-несие ісінің барлық аспектілері бойынша білімдерін қолдану негізінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін критерилері мен көрсеткіштерін таладай білу;

  • экономика дамуының өзекті мәселелерін еркін игеру;

  • рынокты талдау саласында практикалық қызмет дағдысын игеру;

  • өзінің кәсіби қызметінде экономикалық зерттеудің негізгі әдістерін білу және қолдана алу, әртүрлі деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттырудың тиімді элементтерін анықтау;

  • білімін педагогикалық қызметте қолдана білу, әдістемелік материалдар жасау, оқу процесінің дербес және шығармашылық субъектісі болу;

  • құқық бойынша тақырыптың ерекшелігіне және оқу жоспарына сай сабақты жоспарлау және өткізу;

  • өз жұмысында қазіргі ғылыми негізделген әдістерді, құқықты оқытудың әдістері мен құралдарын, сонымен қатар оқытудың техникалық құраладарын, ақпараттық және компъютерлік технологияны пайдалану;

  • оқыту нәтижесін бағалаудың заманауи құралдарын пайдалану;

  • педагогикалық біліктілікті арттыру мақсатында өз жұмысын талдау және өз-өзін бағалау;

  • оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оқу процесін ұтымды ұйымдастыру;

  • экономикалық және құқықтық оқыту процесінде оқу қызметін психологиялық талдау және ынталандырудың қолда бар әдістерін қолдану;

  • экономикалық және құқықтық білім беруде пәнаралық тәсілді қолдану;

  • практикалық және педагогикалық қызметте теориялық білімдерін қолдану.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет