Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско



бет1/3
Дата06.07.2018
өлшемі71,48 Kb.
#47437
  1   2   3

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ




НУО КАЗАХСТАНСКО-

МЕДИЦИНАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ




РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ


ГИГИЕНА ЖӘНЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ




КАФЕДРА ГИГИЕНЫ И ЭПИДЕМИОЛОГИИ





СИЛЛАБУС

«ТАҒАМ ГИГИЕНАСЫ» пәні бойынша – GT 5303
5В110400 «Медикті-профилактикалық іс» мамандық үшін
Гигиена және эпидемиология кафедрасы
4 курс
7-8 семестр
Дәрістер: 40 сағат
Тәжірибелік (семинарлық) сабақтар: 80 сағат
Оқу сағатының көлемі : 360 сағат (8 кредит)
Аудиториядан тыс студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): 120 сағат
Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы: 120 сағат
Тексеру үлгісі: емтихан

Алматы, 2013



2009 ж. МЖБС бағдарламасы сәйкес 2012-2013 оқу жылына медикті-профилактикалық іс факультетінде оқитын 3 курс студенттеріне арналып құрастырылған элективтік циклдің оқу силлабусы
Құрастырушылар: гигиена және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., доцент Л.Ж. Орақбай, аға оқытушы м.ғ.к. М.М. Қалимолдин және ассистент А.А. Туружанова.

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ


    1. ЖОО аты: ҚАЗАҚСТАН – РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




    1. Кафедра: Гигиена және эпидемиология




    1. Пән: Тағам гигиенасы




    1. Мамандықтар: медикті-профилактикалық іс




    1. Оқу сағатының көлемі : 360 сағат (8 кредит)




    1. Оқылу курсы және семестрі: 4 курс, 7-8 семестр




    1. Оқытушылар жайында мәліметтер




Т.А.Әкесінің аты.

Ғылыми дәрежесі

Атқаратын қызметі

Ғылыми кызығушылығы

Оқытатын курсы

1

Омарова М.Н.

м.ғ.д.

Профессор

Тұрғындар денсаулығы және қоршаған ортаның жағдайын зерттеу, оның ішінде балалар және жасөспірімдер

Жалпы гигиена

2

Орақбай Л.Ж.

м.ғ.д.

Курс меңгерушісі, доцент

Зиянды өндірістегі жұмысшылардың денсаулығы және кәсіби ортаның жағдайын зерттеу, тұрғындар денсаулығының қаупін бағалау

Жалпы гигиена

3

Калимолдин М.М.

м.ғ.к.

Аға оқытушы

Экологиялық жайсыз аймақтардағы балалар денсаулығы және қоршаған ортаның жағдайын зерттеу.

Жалпы гигиена

4

Туружанова А.А.

-

ассистент

Тұрғындар денсаулығы және қоршаған ортаның жағдайын зерттеу.

Жалпы гигиена




    1. Байланыс мәліметі: кафедраның орналасқан орны - Алматы қаласы, Мақатаев көшесі,34 телефондар: 397-75-20, 397-75-18, электронды мекен-жайы: ncgigieny@mail.ru




    1. Пәндер саясаты:

Студент кафедраның талаптарын орындау керек:

- сабаққа кешікпеу керек;

- сабаққа тек қана ақ халатпен жіберіледі;

- себепсіз сабақ бостпауы керек;

- босатылған сабақтарды оқытушы белгілеген бір уақытта қайталап оқу керек;

- оқу процессіне белсенді араласу керек;

- тәжірибелік сабақтардың барлық тапсырмалары талаптарға сәйкес орындалуы және көркемделуі керек;

- СӨЖ бойынша тапсырмалар жеткілікті деңгейде атқарылуы және белгіленген мерзімде тапсырылуы керек;

- айып шаралары:

студент, барлық кезеңді тексерулерді тапсырмаған болса, емтиханға жіберілмейді.

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе. Медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған тағам гигиенасы бойынша бағдарлама нутрициологияның гигиеналық бөлімінің қазіргі заманғы жетістіктерін көрсетеді. Тағам гигиенасы негізгі теорилық біліммен қамтамасыз ететін медициналық-гигиеналық ғылымдар жүйесінде міндетті және маңызды саласы, осы білімдердің негізінде тағам гигиенасы бойынша болашақ маманның барлық дайындығы құрастырылады.

Зерттеудің нысанасы адамның нутриционалды статусы, тағмдық азық түліктердің тағамдық құндылығы мен қауіпсіздігі, алиментарлық – тәуелді аурулар, тағам гигиенасы саласында мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау.



Мамандар мемлекет пен әлемдік қауымдастық деңгейінде денсаулық сақтаудың жүйесі мен менеджмент жағдайларының өзгеруіне үйрену керек, өмір бойы оқуды жалғастыру керек, қоғамның дамуына үлес қосу керек.

2.2 Пәннің мақсаты: тағам гигиенасы саласындабакалаврларды, жоғары білікті мамандарды дайындау.

2.3 Пәннің міндеттері:

  • Студенттерге сау адамның және науқас адамның ұтымды тамақтануын ұйымдастыруының негізгі теориялық және практикалық қағидаттары бойынша қазіргі заманғы білім беру;

  • Тағамдық азық түліктердің сапа көрсеткіштерін бағалауды үйрету;

  • Халықтың арасында азық түліктермен байланысты инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың даму, таралу себептерін, жағдайларын, қауіп қатерлі факторларды анықтауға үйрету және олардың алдын алуды жүзеге асыру;

  • Тамақтанудың сандық және сапалық жағын зерттеу және жынысқа, жасқа, жұмыстың түріне, еңбектің сипатына, климаттық жағдайларға, ұлттық ерекшеліктерге және т.б. сәйкес тамақтық заттарда қажеттілігін анықтау бойынша білім беру;

  • диеталық, емдеу профилактикалық тамақтануды ұйымдастыру және құрастыру қағидаттарын зерделеуге үйрету;

  • тамақ кәсіп орындары үшін санитариялық нормалар мен ережелерді зерделеу бойынша білім беру;

  • ағынды санитариялық қадағалауды ұйымдастыру, тамақ кәсіпорындарында санитариялық – гигиеналық тексеруді жүргізу сұрақтары бойынша білім беру;

  • Халықаралық құжаттар туралы білім беру (стандарттар «Алиментариус» Кодексі, ИСО-2000 (ХАССР)).

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Білім берудің түпкілікті нәтижелері

Студент

  • тағам гигиенасы саласында мемлекеттік санитариялық – эпидемиялогиялық негіздерін ;

  • тамақтанудың ғылыми проблемалары және олардың халықтың денсаулығымен, еңбекке қабілеттілігімен байланысы, тамақтану саласында ҚР ұлттық саясатын;

  • тамақтық азық-түліктердің тамақтық және биологиялық құндылығын олардың бұзылу және сапалық белгілерін;

  • тамақтық азық-түліктер сапасының санитариялық-микробиологиялық көрсеткіштерін;

  • тамақтық азық-түліктерді санитариялық қорғау және гигиеналық сараптаудың қағыдаттарын;

  • халықтың әртүрлі жастық және кәсіптік топтарын ұтымды тамақтандырудың және инфекциялық, инфекциялық емес алиментарлы аурулардың алдын алудың теориялық және тәжірибелік негіздерін;

  • халықтың арасында алиментарлы-тәуелді инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың таралу және даму себептерін, жағдайларын және қауіп қатерлі факторларын және олардың алдын алуын;

  • тамақ кәсіпорындарын санитариялық-гигиеналық тексеру әдістемесін;

  • тамақтан улануды тергеу әдістемесін және алдын алу қағидаттарын;

  • ХАССР жүйесі «Қауіптерді талдау, сынақтық бақылау нүктелерін»білу тиіс.

Студент

  • ескертпелі және ағымды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізуді;

  • ұтымды тамақтануды қалыптастыру бойынша шараларды құрастыру және оалрдың орындалуын бақылауды;

  • тамақтан уланудың, жедел ішек инфекциялары мен алиментарлы аурулардың алдын алу шараларын жүргізуді;

  • медициналық-санитариялық құжаттарды дайындау;

  • тамақтық азық-түліктердің гигиеналық бағалауын өткізуді;

  • азық-түліктердің қауіпсіздігі мен сапасы және халық денсаулығына әсері жөнінде мониторинг жүргізуді үйреніп алу қажет.

Студент

  • химиялық құрамы мен рационның құндылығын есептеу кестелері арқылы тамақтанудың ұтымдылығы бойынша қорытынды жасауды;

  • нақты тамақтануды зерттеу үшін сауал-сұрақтарды құрастыру және халықтың арасында сауалнама жүргізуді;

  • зертханалық және органолептикалық зерттеулерге тағам өнімдерді сынамаға алуын;

  • тамақ объектілерін санитариялық-гигиеналық тексеруді тереңдеу жүргізу, тексеру актісін құрастыру және анықталған кемшіліктерді(бұзылыстарды) жою бойынша шараларды құрастыру;

  • тамақтан улану жағдайларын тергеу, олардың себебін анықтауды, алдын алу және жою шараларын жүзеге асыру мен акт толтыруына машықтануы қажет.

Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері

2.5 Пререквизиттер: химия, биохимия, анатомия, физиология, патологиялық физиология, микробиология, кәсіптік аурулар, жұқпалы аурулар.

2.6 Постреквизиттер:эпидемиология, дезифекциялық іс негіздерімен, еңбек гигиенасы.
2.7 Тақырыптық жоспар: тақырып, әрбір сабақты жүргізу үлгісі және ұзақтығы (дәріс, практикалық, семинарлық, зертханалық, оқытушының жетекшілігімен өздігінен жүргізілетін, өзіндік жұмыс)

      1. Дәрістің тақырыптық жоспары






Дәріс тақырыптары

Сағаты

1

Қазақстанда тамақтану ғылымы дамуы.

1

2

Белоктық тамақтану проблемасының гигиеналық аспектілері.

1

3

Тамақтануда майлар проблемасының гигиеналық аспектілері.

1

4

Тамақтануда көмірсулар проблемасының гигиеналық аспектілері.

1

5

Тамақтануда витаминдер проблемасының гигиеналық аспектілері. Тамақтануда минералды заттар проблемасының гигиеналық аспектілері.

1

6

Ұтымды балансты тамақтанудың физиологиялық-гигиеналық негіздері және оларды ұйымдастырудың гигиеналық талаптары.

1

7

Кәсіптік өндірістегі емдеу-профилактикалық тамақтану.

1

8

Ауруханалар мен санаторийларда емдәмдік тамақтану. Қоғамдық тамақтану ұйымдары жүйесіндегі диеталық тағамдар.

1

9

Функционалды тағамдар және оларды халықтың тамақтануына коррекция жасауға пайдалану.

1

10

Тағам өнімдерінің, соның ішінде емдеу-профилактикалық және диеталық тағамдар өндірісіндегі гендік инженерия. Генді модифицирленген өнімдер(ГМО).

1

11

Тағам өнімдерінің санитариялық-эпидеиологиялық сараптамасы. Тағам өнімдерінің гигиеналық сараптама негіздері.

1

12

Тағам гигиенасы бөлімі бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы (СЭСО) жұмысын ұйымдастыру.

1

13

Дән және дәнді өндеу арқылы алынатын өнімдерге қойылатын гигиеналық талаптар.

1

14

Сүт және сүт өнімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар.

1

15

Сүт және дән тағамдар өндірісіндегі гендік инженерия. ГМӨ. Ұлттық сүт қышқылды тағамдар.

1

16

Ет және ет өнімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар. ГМӨ

1

17

Балық, балық өнімдері мен сутеңіз өнімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар. ГМӨ.

1

18

Жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар, ГМӨ. Көкөністер мен жемістеріне қойылатын гигиеналық талаптар, ГМӨ.

1

19

Консервіленген азық-түліктер. Консервілерге қойылатын гигиеналық талаптар, ГМӨ

1

20

Сусындар дайындауының технологиялық процесстеріне қойылатын гигиеналық талаптар, ГМӨ. Жасанды тағам өнімдері, ГМО.

1

21

Тағам гигиенасы саласындағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау.

1

22

Тамақ өнеркәсіп ұйымдарына, қоғамдық тамақтандыру және сауда кәсіпорындарына жүргізілетін ескертпелі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау.

1

23

Қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын гигиеналық талаптар. Азық-түлік саудасын ұйымдастырудың гигиеналық талаптары.

1

24

Азық-түліке арналған материалдар мен бұйымдардың жаңа түрлерін шығару кезінде жүргізілетін ескертпелі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау.

1

25

Тағам гигиенасы саласындағы ағымдық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау.

1

26

Тамақ өнеркәсібі, сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарын санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау.

1

27

Сүт пен сүт өнімдері өндірісі ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.

1

28

Ет өндеуші өндірісі кәсіпорындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.

1

29

Нан-тоқаш өндірісі кәсіпорындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.

1

30

Қоғамдық тамақтану ұйымдарының типтері және олардың гигиеналық сипаттамасы.

1

31

Тамақтан уланудың жіктелуі.

1

32

Тамақтық токсикоинфекциялар.

1

33

Тамақтық бактериялық токсикоздар

1

34

Микробты емес тамақтан улану.

1

35

Тамақтан улануларды алдын алу.

1

36

Тамақтық азық түліктерді санитариялық қорғау және олардың тамақтық, биологиялық құндылығын және санитариялық-эпидемиологиялық мінсіздігін қамтамасыз етуде маңызды. Тағам өнімдер сапасын регламентациялау.

1

37

Тамақтық азық-түліктерді стандарттау, олардың гигиеналық және құқықтық маңызы. Мемлекеттік стадарттардың түрлері,олардың құрылымы.

1

38

Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын пестицидтерге санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу.

1

39

ҚР пайдаланылатын тамақтық қоспаларды гигиеналық бақылау.

1

40

Тамақ кәсіпорындар жұмысшыларын гигиеналық оқытуын ұйымдастыру.

1




Барлығы

40

Каталог: download -> files
files -> Нуо казахстанско- российский медициналық
files -> Нуо казахстанско- российский медициналық
files -> Семинар сабақтары: 25 сағат Оқытушымен бірге студенттің өзіндік жұмысы 30 сағат СӨЖ : 30 сағат
files -> Нуо казахстанско- российский медициналық
files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско
files -> Нуо казахстанско
files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско
files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско
files -> Меббм қазақстан-ресей
files -> Департамент внутренних болезней


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет