МӘдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы


Мәдениетаралық коммуникация тарихынан



бет2/8
Дата05.01.2017
өлшемі1,86 Mb.
#6381
1   2   3   4   5   6   7   8

1.4 Мәдениетаралық коммуникация тарихынан

“Мәдениетаралық коммуникация” термині тар мағынасында әдебиетте 1970 – жылдары пайда болды. Сол кезге қарай мәдениетаралық қатынас жағдайларында коммуникативтік сәтсіздіктер мен олардың салдарын зерттейтін ғылыми бағыт та жасақталды. Соңынан мәдениетаралық коммуникация ұғымы аударма теориясы, шет тілдерді оқыту, салыстырмалы културология, контрастивті прагматика және басқа салаларға тарады.

Қазір мәдениетаралық коммуникация саласындағы ғылыми зерттеулер тілдік қызметте мәдени шартты айырмашылықтарына және солардың салдарларына душарласқан адамдардың мінез – құлқына бағыт бұрған. Коммунниканттардың ахуалдық тілді іс - әрекеттерді айту және түсіндіру кезіндегі мәдени айырмалары сипаттау зертеу нәтижелері болды. Әуел бастан бұл зерттеулер үлкен қолданбалы мәнге ие болып, кросс - мәдени әсерлікті дамыту жөніндегі практикалық сабақтар (тренингтер) үшін сандаған жасалымдарда пайдаланылды.

Мәдентетаралық коммуникация қоғамдық феномен ретінде 20 – ғасырдан бастап „экзотикалық“ аталатын мәдениеттер мен тілдерге қатысты ғылыми орта мен қоғамдық санада қалыптасқан мүддемен идиологиялық жағынан бекіген соғыстан кейінгі әлемнің практикалық сұраныстарынан туған. Практикалық сұраныстар көптеген елдер мен аймақтардың қарқынды экономикалық дамуының, технологиядағы революциялық өзгерістердің, осыған байланысты экономикалық қызметін жаһандануының салдарынан шыққан. Нәтижесінде әлем елеулі „тарыла бастады“ әр түрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы ұзақ байланыстың тығыздығы мен қарқындылығы мейлінше өсіп, одан әрі ұлғаюда. Экономиканың өзімен қоса білім, туризм, ғылым, кәсіби және әлеуметтік мәдениет арқылы коммуникацияның аса маңызды аймақтарына айналды.

Бұл практикалық сұраныстар қоғамдық санадағы өзгерістермен, бірінші кезекте гуманитарлық және қоғамдық ғылымдарда евроцентристік жолдан постмодернистік бас тартумен қолдау тапты. Әлем мәдениетінің саналуандылығының шексіз құндылығын мойындау, отарлаушылық мәдени саясаттан бас тарту, дәстүрлі мәдениеттер мен тілдердің басым көпшілігінің омырылуға бейімділігі мен жойылып кету қаупын сезіну тиісті пәндердің жер шары халықтарының бір – біріне қызығушылығының адамзат тарихындағы жаңа феноменіне сүйене отырып, буырқана дамуына әкелді.

Мәдениетаралық коммуникация зерттеулерінде психологиялық, социологиялық және лингвистикалық бағыттарды бөліп қарауға болады. Бұлай бөлу зерттеу объектісіне, сондай-ақ қолданылған әдістемеліктерге қатысты. [25, б. 10-12].

Мәдениетаралық коммуникация саласында жұмыс істейтін социологтар осы ғылым үшін дәстүрлі әлдеқандай жолмен іріктеліп алынған респондеттер топтарында сауалнама жүргізу әдісін қолданады. Сауалнамалары адамдардың мінез құлқында қалыптасқан құнды ұстанымдар мен дағдыларды анықтауға бағытталған. Негізінен жұмыс орнындағы, іскерлік қатынастағы және бизнестегі мінез-құлық қарастырылады. Бұл социологиялық зерттеулердің іс жүзінде, бірінші кезекте қазіргі транснационалдық корпорацияларда қолданылады. Социологтардың белгілі бір мәдениет топтарына тән және олардың қадір тұтатын мінездері туралы мәліметтердің жиынтығының негізінде тиісті практикалық ұсыныстар жасалынып, арнайы мәдениетаралық тренингтер түрінде өткеріледі. Сауалнама жүргізудің келесі объективті аймақтары: ақпарат алмасу, әріптестермен қарым-қатынас, шешімдер қабылдау, шиеленісті жағдайлардағы мінез-құлық, басшыға көзқарас, жұмыс пен жеке өмірдің байланысы, инновацияға көзқарас. Зерттелген мәдени шартты мінез-құлық стереотиптерінің көп бөлігінің Хофстеде енгізген мәдениет параметрлеріне көтерілуінің мүмкін екендігі белгілі. Сондықтан мұндай жұмыстар көбінесе сол параметрлердің кейбір нақты ортада қалай болатынын тексеру сипатында жүргізіледі: сол уақыт кезеңіне, зерттелуші топтың, көбіне бірге жұмыс істейтін екі немесе одан көп мәдени топтың жасына қатысты өзгерістер зерттеледі. Ауқымдық социологиялық проблемалар мигранттардың әлеуметтік бейімделуімен, шағын ұлттардың дәстүрлі мәдениетін сақтауымен немесе жоғалтуымен және тағы сол сияқтылармен байланысты.

Мәдениетаралық коммуникация саласында психологтарды, бірінші кезекте, мәдениет айырмашылықтарының интерпретация мен категоризация үрдістеріне ықпалы, тиісті мінез-құлық стереотиптерінің табиғаты қызықтырады. 1970-жылдардан бастап үрей, белгісіздік, категориялардың ықтималды көлемі, топаралық категоризациялау ерекшеліктерінің және тағы басқаларының маңызды ұғымдары әлеуметтік психология әдісімен зерттелді.

Әңгіме коммуникация, әсіресе мәдениетаралық коммуникация жайлы болғанда әлеуметтік психология саласында жүргізілген социологиялық және психологиялық зерттеулердің ара жігін ажырату қиын. Екеуі де коммуникация үрдісіне туындаған немесе сол арқылы берілетін күрделі категориялар – құндылықтармен, пайымдармен, ұстанымдармен, стереотиптермен және ырымдармен байланысып жатыр. Екеуінің де міндеті – қадаланатын феноменді (мүмкін басқалармен байланыстырып) белгілеу және мәдениетаралық қатынаста емес, топ ішіндегі жағдайларда ұқсас реакциялар мен ұстанымдардан айырықшылығын көрсету.

Оның қалай өтетінін бірінші кезекте лингвистерді ғана қызықтырады. Тілдік қатынаста мәдениетаралық өзара іс-әрекет бар екенін не білдіреді? Әртүрлі мәдениет өкілдері алмасатын хабарларды сипаттайтын не? Ол қандай коммуникативтік контекстерде байқалады? Түсінбеушілік, жете түсінбеушілік қалай болады, тілдік ерекшеліктер мен мехенизмдердің қайсысы түсінбеушіліктің орнын толтыруға мүмкіндік береді немесе бермейді? Жасалынған лингвистиқалық тақырыптардың ішінде түрлі коммуникативтік стильдерді өз тобының ішінде және тыс қолданылуында зерделеу психологияға тақау тұр. Аккомодацияның психологиялық ұғымы сөйлеу екпіні, тиісті лексиканы (шетелдікпен сөйлесекенде, баламен т.с.с. әңгімелескенде) таңдау, қарапайымдандырылған немесе күрделендірілген грамматикалық құрылым сияқты коммуникация параметрлеріне қолданылады. Аккомодацияның позитивті (әңгімелесіп тұрған адамның ыңғайына бейімделу) немесе негативті (әңгімелесушіден өзгеше стильді ұстану) болуы мүмкін. Түрлі топ өкілдері араласқанда (мәдени компоненттің үлесі туралы айтар болсақ) аккомодацияның бағыты бір топтың басқасына көзқарасына қатысты болады. Қатынастар құрылымына „жақсы-жаман“, „төмен-жоғары“, „жақын-алыс“ межелері енеді [26, б.50]. Сөздің өзінің және сөздің болмауы ретінде үндемеу функциялары сияқты қарама қарсылықтар ерекше қарастырылады. Мәселен, европа мәдениеттерінде, шала таныс немесе тіпті бейтаныс адамдармен араласқан жағдайда үндемеу әдепсіздік болып саналады. Үнсіздік жайлап алмас үшін әртүрлі, мысалы, ауа райы жайлы әңгіме қозғайтыны сондықтан. Мысалы, поездің купесінде жолаушылардың сөйлесіп отыратыны сол себепті. Солтүстік Американың үндістерінің атапаск мәдениетінде шалатаныс адамдармен әңгімелесу құпталмайды, қауіпті саналады. Әбден біліп алғанынша бейтаныспен тіл қатыспайды. Европа мәдениетінде қалыптасқандағыдай онда әңгіме жақынырақ танысудың амалы емес.

Лингвистикалық зерттеулердің екінші маңызды бағыты соңғы он жылдықтарда коммуникативтік қызмет үшін орталық кейбір интегралды үрдіс ретінде дискурсты зерделеудің қарқынды дамуымен байланысты. Дискурс сияқты құбылыстың күрделілігі мен көп қырлылығы мен олардың тұлғаларына ықпал ететін факторларды бөлуге талпыныс дискурста бар тілдік ( грамматика мен лексикадан өзге) факторлардың өзін зерделейтін бірқатар бағыттардың дамуына соқтырды. Прагматикалық факторлар шегінде мәдени сипат факторлары айқындалды. Белгілі бір, тіпті мейлінше қатаң берілген тақырыпқа (мысалы, ертегілердің немесе рәсімдердің дәстүрлі жанрларын айтпағанның өзінде, қызмет хаты, көңіл айту, жиналыста сөйлеу, кешіккені үшін кешірім өтіну) дискурс осы дискурс қалыптасқан топтың мәдениетіне қарай дискурсивтік ережелердің (пайдаланылған макро – және микроқұрылымдар) өзінің терминдерінде ерекше айырмашылықтар бар [25, б. 26-30]. Мәселен Оңтүстік-Шығыс Азияда қызмет хаты индуктивті құрылады: алдымен себебі, жағдайы да, ең соңында талап немесе іскерлік ұсыныс. Европа және Солтүстік Америка дәстүрлерінің өкілдеріне бұл стиль „қайыртпақ“, іскерлі емес болып көрінеді. Олардың көзқарысынша, мұндай хат негізгі талапты немесе ұсынысты білдіріп, соңынан негізделіп, нақтылануға тиіс.

Жалпы дискурстың кросс-мәдени зерттеулері оқиғалар мен барынша есте қалған жайлар туралы әңгімелердің сыртында тұрған әлемнің мәдени шартты көрінісін табуды өзіне мақсат ете алады [9, б.65].

Коммуникативтік қызмет пен тиісінше мәдени сценарийлерді сипаттайтын жекелеген ұстанымдарды салыстырмалы талдаумен айналысатын кросс-мәдени прагматика дискурстың прагматикалық аспектілері бойынша зерттеулердің басқа варианты болды. Барынша маңызды және прагматикалық ұстанымдардың мәдени қатынасында қарама-қайшыларының арасынан сөйлеу актісіне, сол ұстанымда әлдеқалай құрылған тиымдарға, кешірім сұрауға арналған. П.Браун мен С.Левинсонның „Принцип вежливости“ және көптеген еңбектерді атап өту қажет. Сыпайлықтың қай типінің - ынтымақтастыққа құрылғаны немесе арақашықтықты ұстануға негізделгенінің сол мәдениетке тән болуынан кросс-мәдени айырмашылықтар байқалады [27,б.10-12]. Мәселен, коммуникативтік серіктестігімен ынтымақтастығынан орыстың өз пікірін айтуы, кеңес беруі жеке дара және арақашықтықты сақтау ұстанымында тәрбиеленген неміске өрескел көрінеді.

А.Вежбицкая мен ізбасарлары кросс-мәдени прагматика бойынша зерттеулерінде өзге жолды өткерген. Түрлі тілдерде дәл сәйкестік сияқты болып табылатын сөздерді, конструкцияларды, мәтіндерді салыстыра келіп, Вежбицкая өзі жасаған семантикалық примитивтерді пайдаланып, тура аударма эквивалентерінің елеулі мәдени шартты айырмашылықтарды бүркемелейтінін көрсетті [28, б. 43-46]. Біз, мысалы, достық, бостандық, ашу-ыза туралы айтқанда, сол ұғымдарға сол тілдің тиісті сөздеріне тән мәдени шартты мағыналарды еріксіз жапсырамыз. Сөйтіп, оларға жоқ әмбебаптылықты танып, елеулі мәдени қате жібереміз. Ағылшынның friend ұғымында орыстың „друг“ ұғымына тән мағыналық компонентер жоқ (мысалы, жан сырымен бөлісу, риясыз көмек көрсету).

Сөздердің мағынасы ғана емес, нақты мәдениеттің коммуникативті қызметінде атқаратын рөліне қатысты әмбебапты емес мәдени сценарийлерді қолданғанда да жағдай осындай. Кросс-мәдени прагматиканың сыпайылық категориясын, ізет көрсету белгілерін дәстүрлі лингвистикалық салғастырмалы зерттеуден айырмашылығы, ең алдымен, функциональдық бағытында. Нақты тілдің тілдік құрылымы көп варианттылығы, стратегияны таңдау мүмкіндігі бар әлдебір тұлғаны қолдануға қатаң тиымдарды қосарлайтын салалар қызығушылық тудырады. Қандай стратегияның таңдалуы, осы дискурстың (осы айтылымының) қандай мәдени сценарийге айналуға тиісті коммуникативтік қауымдастықтың мәдени ерекшеліктеріне қатысты. Темекі тартуға тиым салу немісше Rauchen verboten (жобамен Темекі тартуға тиым салынады!), ағылшынша – No smoking (жобамен мұнда темекі тартпайды). Неміс айтылымының ағылшыншаға тура аудармасы (Smoking forbidden) темекі тарту өмірге қауіп туғызып тұрғанда ғана айтылады, себебі ағылшын тілді (британ, американ) мәдениеті әлдекімнің адамға қалай жүріп, тұруын үйретуді қабылдамайды. Қалыпты жағдайда тек қана ескертеді.

Кросс-мәдени лингвистикалық зерттеулер көбіне тілдік коды ортақ сияқты екі мәдени қарсы қойылған топтардың „тілдерін“ салғастырмалы талдау тұлғасында болды. Дебора Танненнің еркектер мен әйелдердің коммуникативтік мінез-құлқының ерекшеліктері туралы еңбегі – соның жарқын мысалы. Осы екі топ өкілдерінің сол ағылшын тілінде айтқан ең қарапайым айтылымдары түрлі сценарийлер шеңберінде түрліше түсініледі. „Кәдімгі“ әйел „кәдімгі“ еркекке әлдебір шаруасын айтып, шағымданса, екеуі мүлде өзгеше коммуникативтік актілерге тартылады: әйел жанашырлық күтеді, ал еркек нақты іскерлік кеңес беруді жөн санайды.

Сөтіп, мәдениетаралық коммуникацияның ғылым ретінде қалыптасуы түрлі мәдениет өкілдерінің өзара қатынасы проблемаларын өзектендіру салдарынан маңызды мәнге ие болады деген қорытындыға келеміз. Бүгінгі таңда мәдени біліктіліктің түрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы жемісті коммуникацияның бөлінбес бөлігі екенін дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас.
1.5 Вербальды коммуникация. Вербальды коммуникация стильдері

Қатынастың түрлі тәсілдерінің, амалдары мен стильдерінің үйлесуіне қатысты коммуникативистикада мәдениетаралық коммуникацияның үш негізгі түрі бөлінеді – вербальды, вербальды емес және паравербальды. Бұл еңбекте вербальды коммуникацияның түрі қарастырылады, өйткені вербальды коммуникация адамдар қатынасының әмбебап тәсілі болып табылады да, адамдар соның көмегімен түрлі ақпараттың негізгі бөлігін жіберіп, қабылдайды.

Вербальды коммуникация дегенде сұхбаттасушылардың ой-пікірімен, ақпаратымен, көңіл - күй әсерімен бөлісуін білдіретін тілдік қатынасты айтамыз. [9, б. 45-46].

Вербальды қатынас адам коммуникациясының барынша зерттелген алуан түрі болып табылады. Вербальды адам тіліне кез келген басқа белгі жүйесінің көмегімен жасалған хабарды „аударуға“ болады. Мысалы, қызыл жарық белгісі „өтуге болмайды“, „тоқта“ дегенді, спорт жарыстарында басқа қолдың алақанымен жабылған қолды жоғары көтеру „қосымша үзіліс минутын беріңіз“ дегенді білдіреді. Коммуникацияның сөйлеу қыры күрделі көп ярусты құрылымға (фонеманың диффереренциалды нышанынан мәтін мен интермәтінге дейін) ие, сан алуан стилистикалық түрлерде (әртүрлі стильдер мен жанрлар, ауызекі сөйлеу және әдеби тіл, диалектілер мен социодиалектілер). Сөйлеу коммуникациясын қамтамасыз ететін жүйе – адам тілі. Сондықтан мәдениетаралық коммуникацияда тілді коммуникацияға қатысушылардың өзара түсінісуіне арналған қатынас құралы ретінде түсінген жөн. Қазір әлемде 3000 шамалы тіл бар, әрқайсысында сол иелерінің әлемді өзінше қабылдауының алғы шарты болатын тілдік әлем суреті жасалған. Сондықтан түрлі тіл иелерінің коммуникациясы кезінде белгілі бір ұғымды айту үшін дәл эквиваленттің болмауынан немесе ондай ұғымның мүлдем жоқтығынан байқалатын тілдік сәйкессіздік жағдайы туады. Мұндай жағдайларда тілдік ауыстыру болады, басқа тілден алынған ұғымдар өз мәнінде қолданылады. Демек, мәдениетаралық коммуникация үрдісі түрлі мәдениет өкілдерінің қатынасындағы вербальдық элементтердің түрліше ара қатысымен күрделенеді. Контекст өте маңызды мәдениеттер де, контекстің мәні онша емес мәдениет те бар, мәдениеттер оларда контекст пен сөздерге қандай мән берілуіне қарай айрықшаланады. Батыста шешендік өнердің көне дәстүрі вербальды қатынастардың ерекше маңыздылығын алғы шарт етеді. Бұл дәстүр қисынды, ұтымды және аналитикалық ойдың типін толық көрсетеді. Батыс халықтарының мәдениеттерінде сөз әңгіменің контекстіне қатыссыз қабылданады, сондықтан оны бөлек және социомәдени контексттен тыс қарастыруға болады. Мұнда коммуникация үрдісіне сөйлеуші мен тыңдаушы екі дербес субъект ретінде қарастырылып, қатынастары ауызша айтылған сөздерінен түсінікті болады. Азия мен Шығыс мәдениеттерінде, керісінше, социомәдени контекст үлкен мәнге ие, сөз қатынасқа қатысушылардың жеке бас қасиеттері мен тұлғааралық қатынастарының сипаты енген тұтас коммуникативтік контекстің құрамдас бөлігі болып есептеледі. Осылайша бұл мәдениеттерде вербальды айтылымдар этикамен, психологиямен, саясатпен және әлеуметтік қатынастармен тығыз байланысты коммуникативтік үрдістің бөлігі болып есептеледі. Мысалы, жапондық кәсіпкерлер іс жағдайын жеке әңгімеде талқылауды жөн көреді. Шығыс мәдениеттерінде негізгі екпін ауызша айтылымдарды құрастыру техникасына емес, оларды айту мәнеріне, коммуниканттардың әрқайсысының қоғамдағы орнын анықтайтын қоғамдық қатынастарға сәйкестігіне түседі.

Сөйтіп, араласуды, вербальды коммуникация құрамдарын меңгеру әрбір адамға қажетті, өйткені өзара іскерліктің тиімділігі ғана емес, басқа адамдармен өзара түсінісуі де соған қатысты деген қорытындыға келеміз.

1.5.1 Вербальды коммуникация стильдері

Араласу стилі коммуникацияда маңызды роль аткарады, соның көмегімен түрлі жағдайлар түсіндіріледі, коммуникация бойынша серіктермен қатынас орнайды, проблемаларды шешу тәсілі таңдалынады.

Коммуникация стильдері түрлі мәдениеттерде түрленіп отырады. Т.Г.Грушевская, В.Д.Попков, А.П.Садохин вербальды коммуникацияның төрт тобын (класын) бөледі:


  • тура және тура емес;

  • астарлы, дәл және сығымдалған;

  • тұлғалық және жағдайлық;

  • инструментальды және аффективті.

Вербальды коммуникация стильдерінің арқайсысына кеңірек тоқталайық:

1) Коммуникацияның тура және тура емес стилі.

Осы стилдердің арқасында адамның ішкі пайымын және қатынас үрдісіне пиғылын білдіру дәрежесі айқындалады, яғни адамның ашықтығының дәрежесі айқындалады.

Тура стиль адамның шынайы пейіл білдіруімен байланысты. Тура емес стиль қатынаста адамның тілегін, сұранысы мен мақсатын жасыруына мүмкіндік береді. Коммуникацияны таңдау түрлі мәдениеттерде қатынастың контекстуальдылығымен байланысты екені сөзсіз. Зерттеушілердің пікірінше, қатынастың тура, қатаң стилі төмен контекстуальды (айтылу контексі маңызды емес мәдениеттер) американдық мәдениетке тән, онда айтылмай қалу аз. Американдықтар сөйлесіп тұрған адамын тура да ашық әңгімеге тартады, оларға „Көңіліңіздегіні айтыңыз“, „Іске көшейік“, „Тура айтыңыз“ сияқты айтылымдар тән.

Жоғары контекстуальды (айтылым контесі үлкен роль атқарады) мәдениеттерде тура емес стиль коммуникацияның жетекші стилі болып табылады. Мұндайда тура емес, қос мағыналы коммуникация басым болады, бұл басқа адамды сыйлаудан туған. Бұл көбіне ұжымдық мәдениеттер. Мәселен, корейлер „жоқ“ немесе „сізбен келіспеймін“ деп кесіп айтпайды. Әдетте олар „негізі сізбен келісемін“ немесе „сізге жаным ашиды“ сияқты жалтарма жауаптар береді. Мұның бас тарту екенін жағдайдың контексінен түсінеміз.

2) Коммуникацияның озат, дәл және сығымды стилі.

Бұл стильдер тілдің экпрессивті құралдарын, үзілісті, үнсіздікті қолдану дәрежесін көрсетеді. Озат немесе астарлы стиль қатынаста бай, экпрессивті тілдің қолданылуын қажет етеді. Мәселен, араб мәдениеттерінде сыйдан бас тарқанда, „жоқ“ деп қана қоймай европалықтың немесе американдықтың көзқарасы тұғысынан мүлде қисынсыз анттар мен сендіру сөздерін қоса айтады. Себебі кейінгілер қысқа айтылымды қажет ететін дәл стильді қолдануға үйренген. Дәл стиль ақпарат беру үшін қажетті және барынша қысқа (қажеттіден көп те емес, аз да емес) айтылуында. Сығымды стильге қысқалықпен қоса жалтару, үзіліс жасау мен мәнерлі үнсіздік те енеді.

Көптеген таяу шығыс мәдениеттеріне астарлы, Батыс Европа мен АҚШ үшін дәл, көптеген азиялық мәдениеттер мен американдық үндістердің кейбір мәдениеттеріне сығымды стиль тән.

3) Коммуникацияның тұлғалық және жағдайлық стильдері.

Коммуникацияның тұлғалық стилі қатынаста екпінді индивидтің тұлғасына, жағдайлық стилі оның рөліне түсіреді. Вербальды құралдармен тұлғалық стильде Мен-ұқсастық, ал жағдайлық стильде рольдік ұқсастық күшейтіледі. Әлеуметтік теңдікті білдіретін тіл тұлғалық стильді пайдаланып, жеке (индивидуальный) мәдениеттерге тән, жағдайлық стиль қоғамдық қатынастардың сатылығын білдіріп, ұжымдық мәдениеттерге тән деуге болады.

Мәселен, американдықтар басқалармен араласқанда мінез-құлықтың формальды кодтарынан, атақ-даңқтан, құрмет көрсету мен салт-дәстүр нақыштарынан қашқақтайды. Ол сөйлесіп отырған адамын атымен атап, вербальды қатынас стилінде жыныстық айырмашылық жасамауға тырысады. Жапондықтар өздерінің адами қатынастарында формальдықты ең басты санайды. Олар қатынастың сыпайы және болжамсыз болуына мүмкіндік береді. Жапон тілі әңгімеге қатысушылар рольдік позицияға қоюға, дәрәжелік сатыда әркімнің орнын айқындауға бейім.

4) Коммуникацияның инструментальды және аффективті стильдері.

Бұл стильдер вербальды коммуникацияға қатысушылардың қайсысына бағдарлануымен айрықшаланады. Қатынастың инструментальды стилі сөйлеуші мен коммуникацияның мақсатына, ал аффективті стиль тыңдаушы мен коммуникацияның үрдісіне бағдарланған. Инструментальды стиль айқындылыққа жетісіп, әңгімелеушінің келісімін алу үшін дәл білімге сүйенеді. Инструментальды стиль адамның өзіне сенуіне, бет-бейнесін көрсетуіне, жеке қасиетін білдіруіне және өзгеге тәуелді болмауына мүмкіндік береді. Аффективті стиль, керісінше, қатынас үрдісінің өзіне, әңгімелеушінің сезімі мен сұранысына бейімделуге, топтық үйлесімге жетісуге бағдарланған. Бұл аффективті стиль кезінде адамның байқап сөйлеуіне, оқыс пікір айтудан сақтануына соқтырады. Сол үшін дәлсіздіктерге сүйеніп, тура, кесіп айтудан қашқақтайды. Әңгімелесуші екі жақта осы стильді ұстанса, айтылғанды түсіндіру, оны тексеру проблемасы үнемі туындайды, бұны жанама түрде жүргізуге тура келеді. Мұндай жағдайда не айтылғаны емес, не істелгені маңызды. Сөйлеудің аффективті стилінде қатынас контексі ерекше маңызға ие болады. Қатынастың жапондық стилі коммуникацияның аффективті стиліне үлгі бола алады. Сөйлеушіден сөздер арасындағы мәнге интуитивті сергектік таныту күтіледі. Сөйлеушілерден бірін бірі түсіну үрдісін өзіне басты мақсат етіп қояды. Сөздердің өзі вербальды айтылымдар нақты мазмұнға шара ретінде ғана қызмет етеді, оларды ақиқатты бейнелейтін нақты фактілер ретінде ешкім қабылдамайды. Коммуникативтік стильдердің аталған варианттары барлық мәдениеттерде бар, алайда арқайсысы оны өзінше бағалап, оларға өзіндік мән береді. Әр жағдайда коммуникация стилі белгілі бір мәдениеттің негізінде жатқан құндылықтар мен нормаларды, әлемді өзіндік танымын көрсетеді.

Сөйтіп, коммуникация, тіл, қоғам, мәдениет сияқты ұғымдар түрлі мәдениет иелерінің арасындағы қатынаста тілдік сәйкессіздік туу тұрғысынан мәдениетаралық коммуникациясын маңызын ашу үшін теориялық негіз жасауға ықпал етті. Тілдің қоғам коммуникациясының негізгі құралы болып табылатынын нақтыладық. Тілдің байлығы мен маңызы жеке халықтың мәдени факторлары арқылы ашылады. Мәдениетаралық коммуникациясының мәнін қолданбалы сипаттағы жеке ғылым ретінде анықтадық. Коммуникацияда қатынас стилінің маңыздылығы оның көмегімен түрлі жағдайда түсіністік орнауында, коммуникация бойынша серікке қатынастың қалыптасуында деген пікірге келдік.


2 Мәдени айырмашылықтар
2.1 Мәдениетаралық коммуникацияда қиындықтардың туу себептері

Әрқайсысымыз белгілі бір ортада тәрбиелендік, сол ортаның аса маңызды компоненттері барлық қоғам мүшелерінің дүниетанымына құрамдас бөлік болып еніп, белгілі бір мәдениетті танытады. Мәдениетаралық қатынас кезінде коммуникативтік қиыншылықтар қатысушы мәдениетті құрастырушылардың әртүрлігінен туады, айырмашылық неғұрлым көп болса, қатынасу үрдісі де соғұрлым күрделірек болмақ. Өзге мәдениет өкілімен араласқанда оның мінез-құлқын өзіміздің мәдени нормаларымызбен ережелердің негізінде болжай алмаймыз. Бұл түсініспеушілікке соқтырады. Қатынас ойдағыдай болуын қаласақ, болжам мен болжау жасау үшін басқа мәдениет туралы білімімізді пайдаланамыз. Мұндай білім болмаса, дұрыс болжау жасауымыз кәдік. Мәдениетаралық қатынаста туындайтын барлық проблемаларды социолингвистер үш негізгі себепке тоғыстырған:



  1. түрлі мәдениеттердегі мәдени құндылықтардың жиынтығының дифференцияналды сипаты - мәдени құндылықтардың әрбір жеке алынған жүйесі белгілі бір әлеуметтік топқа тән. Мысалы, бір жатақханада тұратын студенттер әр түрлі дінді ұстанса, мінез-құлықтары да әртүрлі болады.

  2. әлеуметтік қатынастар шекарасының айқынсыздығы (нақты шектің болмауы) – жалғыз адам әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшесі болып табылады, әр жеке алынған қос индивидиумның қатынастары олардың әлеуметтік мәртебесі тұрғысынан нақты бір мәнді анықталмайды. Мысалы, бастық пен бағынышты адамның қатынасы өндірістік фактормен қоса бір-бірін ұнату – ұнатпаумен, балаларының бір мектепке баруымен, ортақ таныстарының немесе туысқандарының болуымен, не бір спорт клубына мүше болуымен күрделенеді.

  3. мәдени топтарда үстем идеолгияның болуы.

Американдық социолингвистердің пікірінше, дәп осы себептер қатынас сипатын анықтап, оған тиісінше мәдени реңк береді. Әлеуметтік топ мүшелерінің бір – біріне алғыс айтуы, кешірім сұрауы, мақтап-мадақтауы – осының бәрі сол әлеуметтік топтың мәдени құндылықтарын көрсетеді, өйткені сол сөздерді айтқанда адамдар жанама түрде бір-бірінің мінез-құлқын, жетістігін, мінезі мен сырт бейнесін бағалайды [30, б. 92-95].

Орта тапты американдықтардың (достардың, қызметкерлердің, таныстардың) арасында жіті айтылатын қошемет сөздерді мысалға келтірейік. Американдықтар мынандай сөзді жиі айтады: „It’s a lovely dress you’re wearing!“ - „Oh, no, I’ve got it for years!“- „Сенің көйлегің қандай сүйкімді!“ - „Қайдағы, бұл көйлекке жүз жыл болған шығар!“. Дж.Чиктің түсіндіруінше „американдықтар эталитарлы қоғамның мүшесі ретінде қатынаста өзін ашық, еркін және тең ұстайды, және қошамет сөз әлеуметтік шектеулерді теріске шығарудың құралы болып табылады“ [17,б.34-36]. Яғни, американдықтың сұхбаттасушының қошаметін қабыл алмау себебі мынада: қабыл алса, онда өзін одан жоғары көрсеткендей болады. Ал, мысалы, нәсілді орта тапты ақ оңтүстік африкандықтар бір-біріне қошамет сөзді сирек айтады, айтылғандардың көбін қабылдаумен өзін сұхбаттасудан жоғары ұстап, әлеуметтік ара-қатынасын белгілеп алады. Мұны да әлеуметтік теңсіздік (әсіресе билік пен байланысты) заңмен анықталып, бекітілген қоғамның мәдени құндылықтарымен түсіндіруге болады.

Егер біреу мәдени айырмашылық білмегендіктен ренжітіп алса, оны кешіруге болады. Ал ол менмендік пен арсыздықтан туса, жағдай шиелініседі. „Қабылдау қатыстылығы“ теориясы адамдардың болып жатқанды қалай қабылдайтынын түсіндіреді. Біз басқаның мінез-құлқын өз түсінігіміздегі мәдени нормаға, тиісті бір әлеуметтік рольге сиымдылығана қарай түсінеміз. Өзара түсіністіктің қиыншылығының себептерін қарастыра отрып, мынадай қорытындыға келеміз:

1) субъектің көз қарасымен алғанда барлық мінез-құлық жарасымды да қисынды;

2) әр түрлі мәдениет өкілдері оз ортасын әр түрлі қабылдап, жасайды, белгілі бір мәдени мұраға қарай белгілі бір мағынаға ие болады.

3) басқа мәдениет өкілдерімен тіл табысу үшін өзімізді солардың орнына қойып, жағдайды солайша түсінуге тырысуымыз керек.

Басқа мәдениет өкілімен коммуникацияға енгенімізде сол мәдениет туралы сол мәдениеттің өзі „үйреткен“ жаттанды түсінікті басшылыққа аламыз. Бір мәдениет өкілінің басқа мәдениет өкілінің мінез-құлқын дұрыс түсінуі, ерекшеліктерін білуі жат мәдениет пен оның басқа мәдениеттен айырмашылығын түсінуіне және өзіңнің дербестігіңді сезіну үшін өз мәдениетіңмен салыстыруға көмектеседі.
2.2 Түрлі мәдениеттер стереотипі

Адамдардың әлем туралы түсінігі қандай мәдениетте туып, тәрбиеленгеніне қарай әртүрлі. Басқа мәдениет өкілінің мінез-құлқын түсіндіргенде ойға олардың өмір салты, әдет-ғұрпы, яғни этномәдени қасиеттерінің жүйесі оралады. Мысалы, американдық студенттерге көрсетілген фильмнің кейіпкерлері – ерлі-зайыптылар арасында мынандай әңгіме болады:



  • Неге ұйықтамайсың?

  • Ұйқым келмейді.

Американдықтар соңғы сөйлемді қайталау ретінде қабылдап, бұл коммуникативтік жағдай дөрекілік және әңгімені жалғастырудан бас тарту ретінде бағалаған. (Салыстырыңыз:

  • Не істеп жатырсың? – Не істесем, соны істеп жатырмын.

  • Мұның қалай? – Солай).

Мұндай түсініктердің негізін өзараларындағы ұқсас қасиетті өсіріп көрсететін, айырмашылыққа мән бермейтін адамдардың түрлі категорияларының қарапайымдалған ментальды таныстыру құрайды. „Стереотип“ феноменінің өзі лингвистермен қатар социологтардың, когнитологтардың, психологтардың, этнопсихолингвистердің (У. Липпман, И.С.Кон, Ж.Коллен, Ю.Д.Апресян, Ю.А.Сорокин, В.А.Рыжков, Ю.Е.Прохоров, В.В.Красных, П.Н.Шихирев, А.В.Михеев, С.М.Толстая, Е.Бартминский, А.К.Байбурин, Г.С.Батыгин, С.В.Силинский т.б.) еңбектерінде қарастырады. Аталған ғылымдардың әрқайсысының өкілі стереотиптен өз зерттеу саласының тұрғысынан байқалған қасиеттерін алған, сондықтан әлеуметтік стереотиптер, қатынас стереотипі, ментальды стереотип, мәдени стереотип, этномәдени стереотип және тағы басқаларына бөлінеді. Мысалы, этно-мәдени стереотип - әлдебір халықты сипаттайтын мінездер туралы қалыптасқан түсінік. Немістің ұқыптылығы, орыстың тәуекелшілдігі, қытайдың рәсімшілдігі, африкандық темперамент, италияндықтардың қызбалығы, финдердің бірбеткейлігі, эстондықтардың жайбарақаттылығы, поляктың сыпайылығы – тұтас халық туралы стереотипті түсінік, ол сол ұлттың әр адамына телінеді.

Мысалға немістердің басқа халықтарға көзқарасын алалық. Немістердің көпшілігі ежелден ағылшындарды әс тұтады. Англия саяси, әлеуметтік, өнеркәсіп және технология салаларындағы тамаша жетістіктермен Германия тұрғындары үшін бұзылмас бедел, үлгі. Немістер ағылшындарды тамаша, ешкімге зияны жоқ адамдар санайды. Американдықтардың бейқам мінезін ұнатып, неміске мүлде тән емес жеңілтектігін жаратпайды. Құрама Штаттар немістерге ұлт мектебінің директоры іспетті көрінеді, бұл елді сүймегенмен сөзсіз сыйлайды. Немістер билікті ұнатады. Олардың сүйікті мақалы: „Бағына білген бағындыра да біледі“.

Италияндықтармен немістер толық түсіністікте, бұл екі халықтың тарихында ортақ жайттар көп. Достықтары соғыстармен, шапқыншылықпен және туризмнің сан алуан түрлерімен беки түскен. Немістер италиян өнерінің қазынасын, италиян тағамын және жағажайларды лайықты бағалайды. Францияға келер болсақ, немістер оның талғамшыл өркениетіне таңырқап, плебейлік мәдениеті туралы өкінішпен айтады. Француздар, мүмкін, немістерге қарағанда өмірге құштарлырақ шығар, алайда немістер рухани бай. Ештеңеге қарамастан франкофилия немістердің, әсіресе Франциямен шектесетін аудандарда кең тараған. Тевтондық қайырымдылығының даусыз үстемдігін немістер жан-тәнімен мойындаған жалғыз ұлт – шведтер. Әңгіме тәртіп, ұқыптылық, ынта, тазалық пен ұқыптылық туралы болса, ешбір неміс олардың артықшылығына дауласпайды.

Стереотипті түсінікті ескеріп, ұлттық мінез туралы шығарылған анекдоттар жетерлік.

Мысал келтірейік. Түрлі ұлт өкілдеріне мынандай мазмұнды фильм жіберіпті: шөл дала, күн күйіп тұр. Еркек пен әйел әзер жүріп келеді. Кенет еркек шырынды апельсин алып, әйелге береді.

Көрермендерге сұрақ: еркектің ұлты кім?

Француз-көрермен: „Тек француз ғана бикешке мұндай сыпайлылық көрсете алады.“ Орыс: „Жоқ, ол орыс. Ақымақтығын көрмеймейсің? Одан да өзі жеп алса ғой.“ Еврей: „Жоқ, бұл еврей, одан басқа кім шөлде апельсин таба алады?“ Бұл жерде стереотиптер – француздардың сыпайгершілігі, орыстың алаңғасырлығы, еврейдің тапқырлығы.

Адамдардың өзі жайлы пікірін білдіретін автостереотип болады, мысалы, тәуекелшілдік. Тәуекелшілдік бейтараптықтың, енжарлықтың кенет ақылға сыймайтын мінезге айналуынан танылады - „пока гром не грянет, мужик не перекрестится.“ Басқа халыққа қатысты гетеростереотипте сын басымдырақ.

Мысалы, бір халық үнемшілдік санайтынды басқа халық сараңдыққа балайды.

Орыс әйелі өзінің неміс отбасында қонақта болғанын есіне алып отыр: „Білесіз бе, - дейді ол, - үй иесі әйел салқындатылған тағам берді. Қазанында жалғыз салат. Ыстық тамаққа сосиска дайындапты. Сосискиге қоса картошка берейін бе, әлде нан жейсіз бе?- деп сұрайды. Бұл неткен сараңдық!“ Бұл әңгіме қонақжайлық түсінігінде мәдениеттің сәйкеспейтінін көрсетеді (үй иесі әйелдің сараңдығы).

Ұқсас мысалдырды қарстыралық.

Германияда тіске басардың (закуска) бірнеше түрін бірден ұсынбайды.

Біздің мәдениетте тіске басардың көп болуы бақуаттылықтың, меймандықтың, сараңдық емес, қайта мырзалықтың нышаны.

Нан мен картоптың бірін таңдау. Европада екеуін қосып жемейді. Әдетте нанды бутерброд түрінде таңғы тамақта береді де, ал сосискиді картоппен не басқа гарнирмен түскі тамақта жейді. Үй иесі әйел, сірә, орыстардың нан қосып жей беретінін естіген болу керек, сондықтан қонағы қалағанын жесін деп нан ұсынған ғой.

Шығыс мәдениеті мен бұрынғы кеңес кеңістігінде сараңдық ұғымы батыс мәдениетімен ұшырасқанда берісі түсінбестік, әрісі мәдени шиеленіс немесе ұғынбаушылық тудырады. Отандық мәдениет өкілдері (қазақ, орыс) батыстық мәдениет өкілдерінің қонақжайлықты бір кесе кофе немесе бір бокал шырынмен шектейтінін ұят санайды, ал олар үшін кездесу тамақ жеу емес, әңгімелесіп араласу. Біздің мәдениетте адамдар дастархан басында араласады. Қазақ мәдениетінде қонақжайлылық бірінші орында, оған тарихи және географиялық факторлар себеп: Қазақстан кең байтақ жері ауылдардың арасының алыстығы, ауа-райының қатаңдығы. Алыстан келген қонаққа алдына алдымен ас қойып, содан соң барып жай-жапсарын сұраған. Осы стереотиптер адамдардың бойында тиісінше мінездердің қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы, немістер әзілдеуді білмейді деп есептеледі. Отто фон Бисмарк: „Өзімен өзі болу үшін неміске жарты шөлмек шампан ішу жетіп жатыр“, - деген. Ал неміс философы Хельмут Плеснер кірпияз отандастарын былайша сақтандырған: „Күлу деген - өзіңді өз бақылауыңнан шығарып алу“. Немістердің әзілге көзқарасы сандаған ғылыми зерттеулерге тақырып болды да, бола бермек те. Зигмунд Фрейд неміс ұлтына „анальды мінез“ деген диагноз қойған. Оның дәлелдеуінше немістер ұлт ретінде дамудың „анальды фаза“ аталатын сатысында тоқтап қалған, олардың бір жағынан тазалық пен тәртіпке, екінші жағынан дөрекі әзілге құмарлығы осыдан. Немістер неменеге күледі? Анекдоттар мен әзіл-оспақты ұлттық әзілдің айнасы деп есептесек, онда оның шеңберіне ағылшындардан көшкен қара дүрсін әзіл мен сөз ойнатуға негізделген түрлі аударуға келмейтін қалжыңдар ең алдымен кіреді [31, 2 б.].

Этномәдени стереотиптерді зерделейтін этникалық психология мамандары экономикалық дамуы жоғары деңгейде тұрған ұлтқа ақыл, іскерлік, ал экономикасы кешеуілдеу ұлтқа қайырымдылық, жанашырлық, қонақжайлылық сияқты мінездердің тән екенін атап көрсетеді С.Г. Тер-Минасованың зерттеулері соған дәлел, осыған сәйкес ағылшын қоғамында кәсіби шеберлік, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, т.б., ал орыс қоғамында қонақжайлылық, ашық көңілділік, әділеттілік жоғары бағаланады [23, б. 125-128].

Стереотип ұғымын тұңғыш рет 1922 жылы У.Липпман қолданды, ол адамның басында мәдениет реттеген, нобайлы детермендеген „әлем суреті“ оның әлемнің күрделі объектілерін қабылдау күшін жеңілдетеді деп есептеген. Стереотипті бұлай түсінгенде екі маңызды сипаты – мәдениет детерминдегені және еңбек күштерін, яғни тілдік құралдарды үнемдеу құралдары болу бөлініп шығады. Математикалық есептерді шешу алгоритмдері адамның ойлануын үнемдесе, стереотип тұлғаның өзін „үнемдейді“ [32, б. 68-69]. Бельгияда болғанда немістердің бельгиялықтар туралы стереотипін аңдадық. Олар бұларды өте салақ санайды. Солтүстік теңізге келгенде оларды бельгиялықтардың мәдениеті емес, теңіз ғана қызықтырады.

Когнитивтік лингвистика мен этнолингвистикада стереотип термині тіл мен мәдениеттің мазмұн жағына жатқызылады, „яғни ментальды (ой) стереотипі“ ретінде түсіндіріледі. Стереотиптің мұндай түсінігін Е.Бартминский мен оның мектебінің еңбектерінде кездестіреміз: онда әлемнің тілдік суреті мен тілдік стереотип бөлік пен тұтас ретінде қатынаста тұрады, сипаттау және бағалау нышандары қоса жүретін заттың субъективті детерминделген көрінісі және әлеуметті өңделген танымдық модельдер шегінде ақиқатты түсіндіру нәтижесі болып табылатын тілдік емес әлемнің белгілі бір объектісіне қатысты пікір немесе бірнеше пікір ретінде түсіндіріледі [33, б. 36-38].

Пікір мен бірнеше пікірді ғана емес, бірнеше сөзден құралған кез келген тұрақты сөйлемшені де тілдік стереотип деп есептейміз, мысалы, тұрақты салыстыру, таптауырын сөз және т.б. кавказдық ұлттардың бет-бейнесі, айдай толықсыған, жаңа орыс. Мұндай стереотиптерді қолдану коммуниканттардың күшін үнемдеп, қатынасын жеңілдетіп, оңайландырады.

Ю.А. Сорокин стереотипке кейбір социумда қабылданған әлдебір семиотикалық-технологиялық ұстанымдардың әсерінен тізімі жабық белгілі бір семиотикалық модельдерге сәйкес әлдебір үрдіс және қатынастық (мінез-құлықтың) нәтижесі ретінде анықтама береді [34, б. 22-24].

В.В. Красных стереотипті екі түрге бөледі – стереотип-бейнелеу және стереотип-жағдай [35,б.45-48]. Стереотип-бейнелеу мысалдары: ара-еңбекқор, қой-момын; стереотип-жағдайлар: билет-компостер.

Стереотиптер әрдайым ұлттық, егер басқа мәдениеттерде ұқсастары кездессе, онда ол-квазистереотиптер, өйкені жалпы сәйкес келгенімен айтарлықтай мәнге ие айырмашылықтары болады. Мысалы, түрлі мәдениеттерде кезек феномендері мен жағдайы түрліше, демек стереотиптік мінез-құлық та әртүрлі: Ресейде „Кто последний?“- „Соңғы кім?“- деп сұрайды, бірқатар европалық елдерде арнайы аппаратта түбіртек жыртып алып, содан соң терезенің үстінде жанып тұратын цифрларды қарап отырады немесе кезекке жай тұра салады, ал кезектің тізбегі қатаң сақталады.

Сөйтіп, стереотип – концептуальды әлем суретінің кейбір үзіндісі, ментальды, „сурет“, зат немесе жағдай туралы тұрақты мәдени ұлттық түсінік. Ол зат, құбылыс, жағдай туралы кейбір мәдени –детерминделген түсінікті білдіреді. Бірақ бұл ментальды бейне ғана емес, оның вербальды қабықшасы да. Нақты мәдениетке қатыстылығы сол қоғамда тұлғаны әлеуметтендіру үрдісіне қайталанатын білімнің базалық стереотиптік ядросының болуымен анықталады, стереотиптер мәдениетте прецедентті (маңызды, өкілетті) атаулар болып саналады. Стереотип – бір жағынан сол мәдениеттің кейбір доминантты құрамаларын сақтауға және трансформациялауға, екінші жағынан „өзіміздікін“ тануға мүмкіндік беретін тұрақтандарушы фактор, тіл мен сөз құбылысы.

Көптеген когнитивтік үрдістер стереотиптерді жасақтау механизмі болып табылады, себебі стереотиптер бірқатар когнитивтік функцияларды нобайлау мен қарапайымдандыру функциясын, топтық идеологияны жасақтау мен сақтау функциясын және тағы басқаларын атқарады.

Этностық ментальды стереотиптерінің жиынтығы оның әрбір мүшесіне таныс. Ауыл, шаруа өкілінің жарық ай туралы сөздері, мысалы, стереотиптер болып табылады: жатқан ине көрінетіндей жарық, ал қала тұрғыны бұл жағдайды басқаша суреттейді: кітап оқуға болады. Тіл иелері мұндай стереотиптерді қатынастық стандартты жағдайларында қолданады. Стереотипте басты қисынды нышан ғана емес, кез келген нышанның үстем болуы мүмкін.

Мәдениеттің беріктігі, өміршеңдігі оның бірлігін, тұтастығын анықтайтын құрылымдардың қаншалықты дамығанына байланысты. Мәдениеттің тұтастығы мәдениет стереотиптерінің – мінез-құлық, қабылдау, түсіну, қатынасу және басқа стереотиптердің, әлемнің жалпы суретінің, стереотиптерінің жасалуын қажет етеді. Стереотиптердің жасақталуында белгілі объектілердің, құбылыстардың адам өмірінде ұшырасу жиілігі, адамдардың басқалармен салыстырғанда жиі қолданатын объектілерінің сипаты маңызды роль атқарады.

Мінез-құлық стереотипі – стереотиптердің ішінде аса маңыздысы, оның рәсімге айналуы мүмкін. Жалпы стереотиптің салт-дәстүрлермен, аңыздармен, рәсімдермен ортағы көп, тек салт- дәстүрлерді олардың объективтік мәні, басқаларға ашықтығы сипаттаса, стереотип „өз“ ортасында ғана болатын ой қорытындысы деңгейінде қалады. Мысалы, ТМД-дан Германияға көшіп барғандар үйлену тойы кезінде сигнал береді. Немістер мұны ашықтық, батылдық, алаңғасарлық деп бағалайды. Сөйтіп, стереотип мәдениет өкілінің санасы мен тіліне тән, өзінше мәдениеттің діңі, айқын өкілі, сондықтан мәдениеттер диалогында тұлғаның тірегі. Алайда басқа мәдениет өкілімен қатынасқанда көбіне стереотиптерге сүйеніп, олардың дүниетанымына тереңдемейміз, сөйтіп, өзара түсінбеушілік жағдайын тудырамыз.


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет