Медеубаева К. Т



Дата07.05.2017
өлшемі111,91 Kb.
#16124
ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ӘЛЕУЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Медеубаева К.Т., п.ғ.к., қауымд. проф. м.а.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Алматы қ.
Аннотация

В статье рассмотрены особенности малокомплектных школ, формы организации урока с разновозрастными детьми и рассмотрены проблемы формирования интелектуального потенциала учащихся через применение современных технологии.
Кілттік сөздер: шағын жинақты бастауыш мектеп, шығармашылық белсенділік, интеллектуалдық әлеует, кіріктірілген сабақ, диалог-сабақ, шағын топтар теориясы, сын тұрғысынан ойлау.
Аnnotation

The article describes the features of small schools, forms of organization of lessons with children of different ages, and the problems of formation of intellectual potential of students through the use of modern technologies.


Keywords: Small elementary school, greative activity, intellectual potential, lesson integration, lesson dialogue, theory small group, gritical thinking.

Қазіргі уақытта шағын жинақталған мектептер ең өзекті әлеуметтік мәселелердің және білім беру саласының басты ерекшелігінің біріне айналып отыр. Шағын жинақталған бастауыш мектептерде баланың жас ерекшелігін ескеру оқу үдерісін ұйымдастырудың ұтымды жолы болып саналады. Оқуда жетістікке жетудің, әлем жайында біртұтас көзқарас қалыптастырудың бір шарты – бұл баланың өзіндік тәжірибесі. Баланың қарқынды дамуы инфраструктураның және түрлі ақпарат көздерінің дамуымен анықталып қана қоймайды, сонымен бірге оған ауыл өмірінің табиғи ырғағы да ықпал етеді. Сондықтан да ауылдағы кіші жастағы балалар қоршаған өмірді бейнелеп сезінуі керек. ШЖБМ оқушыларының оқу-танымдық әрекетін басқару – мұғалімнен зор интеллектуалдық қабілет пен физиологиялық күш-қайратты қажет ететін өте күрделі міндет. Білім беру проблемаларына байланысты шағын жинақталған мектеп оқушыларының оқу жұмыстарын дұрыс жолға қою әр уақытта шешімін табуды керек ететін мәселе. ШЖБМ-тің қызметін жандандыру үшін, оның жұмысы терең ойланып дұрыс жоспарлануы тиіс. Әдістемеліктер көбінесе оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдері жақсы жабдықталған қала мектептерінің жағдайына бейімделген, бұл ауыл мектептерінің жағдайына сәйкес келе бермейді.Қазіргі басшылыққа алынып жүрген оқу-әдістемелік құралдар қала жағдайына немесе оқушылар саны толық сыныптар үшін лайықталып жасалған. Сол себепті, шағын жинақталған мектептер ерекшелігін ескере отырып, бастауыш мектептердегі іс-құжаттар жұмысының әдістемелік жинағын құрастыру жұмысын қолға алыуды қажет ететін өзекті мәселенің бірі. Шағын кешенді мектептер үшін қазақ тіліндегі әдістемеліктер мен оқулықтар жоқ, өйткені толық кешенді мектептерге қарағанда шағын кешенді мектептердің оқу шарттары ерекше. Сондықтан да ондай мектептерде «үлкен» сабақтың құрамындағы «кіші» сабақтарды дұрыс ұйымдастыру керек, оқушының осындай «кіші» сабақтарында алған білімі, тәрбиесі толық мектептегі оқушының біліміне сәйкес болуы шарт. Шағын кешенді мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім дәрежесін төмендететін бірқатар объективтік ерекшеліктер бар. Олар: бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін шағын кешенді мектепке арналған оқыту әдістемесінің жасалмауы,өздігінше жұмыс істеу әдісінің кең тарамағандығы, шағын кешенді мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік құралдарының аздығы,мектептегі кітапхана қорының нашарлығы. Мектеп өмірінде кездесетін осындай қиыншылықтарға қарамастан шалғай ауылдардағы ШЖБМ өз жұмысын жалғастырып келеді. Бір мектепте көп жылдар бойы қызмет еткен ұзтаз өзінің ұзақ жылғы іс-тәжірибесін жинақтап, ұдайы ізденіс нәтижесінің арқасында оқыту мен тәрбиелеу, мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру, ауылдық шағын жинақталған бастауыш мектептердің қызметін жетілдіру үшін жағдай жасап жұмысын жандандырып отырады.



Бір уақытта екі-үш сыныпқа қатар сабақ беру мұғалімнен кәсіптік шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеуде әдіс-тәсілдерді қолдануда икемділікті талап етеді. Мұғалім сабақтың әрбір кезеңін тұтас және жекелей басқара білуі, бір мезгілде бір сыныпқа сабақ жүргізе отырып, екінші бір сыныптың өзіндік жұмысын бақылай алуы керек. ШЖБМ-тің мұғалімі екі-үш сынып балаларына бірдей 2-3 сабақтан екі есе артық дайындалады, сабақты шашыратпай жүргізіп, жүйелі болуы үшін біртұтастықты сақтауы тиіс. Демек, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, уақытты үнемдеу үшін ШЖБМ-те оқушыларды оқытудың оңтайлы жолдарын қарастырып, заманауи технологияларды тиімді пайдаланып, сынып оқушыларына пәндер бойынша балалардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. ШЖБМ-ның оқу үдерісінде интеграциялық сабақтарды қолдану әдістері мен тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Интеграция – пәндік білімдердің тоғысуынан жаңа түсінік қалыптастырудың құралы. Интеграция – оқушының мектептегі алғашқы қадамынан бастап әлемді тұтас деп тануға, ондағы барлық дүние бір-бірімен тығыз байланыста деген көзқарас қалыптастыру мақсатын көздейді. Кіріктірілген сабақтар оқушының шығармашылық белсенділігін, интеллектуалдық әлеуетін арттыруды міндеттейді. Кіріктірілген сабақтар басқа жеке пәндерден алған білімдерді байланыстырып, бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді. Кіріктірілген сабақтарды ұйымдастырудың бірнеше себебі бар:біріншіден, қоршаған өмірді балалар тұтас қабылдайды, ал мектепте көбінесе әлем жайлы тұтастықты жеке пәндер арқылы оқып-танысады;екіншіден, кіріктірілген сабақтар оқушының интеллектуалдық әлеуетін дамытады, әлемдегі өзгерістер мен құбылыстардың себеп-салдарын түсінуге, ақыл-ойы мен ойлау, сөйлеу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Кіріктірілген сабақ үш элементтен тұрады: 1) негізгі пәннен білім мен дағды қалыптасады; 2) пәннен білім мен дағды қалыптасады; 3) оқу үдерісінде білім мен дағдының кірігуі іске асады. Шағын жинақты бастауыш мектептерде кіріктірілген сабақтар оқушылардың пәннен алатын білімін ғана көтеріп қоймайды, топта жұмыс істеуге, топ ішінде бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға, көптеген құбылыстарға кешенді түрде қарауға, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде кіріктірілген сабақтарды ұйымдастыру шағын жинақты бастауыш мектептерде оқытуды жақсартудың бірден-бір жолы деп тұжырымдауымызға болады. Қазіргі заманғы мектеп көп нұсқалы және өзін-өзі басқару тәсілімен жұмыс жасауда, ізгілендіру үрдісі жүруде,бұл авторитарлық педагогикадан бас тартып,оқушы тұлғасын алдыңғы қатарға шығару, оның талаптарын қанағаттандыру, жеке қабілеті мен дарынын, адамшылық сапалық қасиеттерін дамыту үрдісімен ерекшеленеді. Оқушының білімге деген ықыласын оятуға жағдай жасап және оны педагогикалық технологиялар жағдайында ұйымдастыру, оңтайланған педагогикалық жүйе мәнін көрсететін білім беру үрдісінің ұйымдастырылуы ынтымақтастық педагогикасы идеясын жүзеге асыруға басымдық беруде.Бұл шағын жинақты мектептегібасты қиыншылықты жояды.Оқыту үрдісі тек психологиялық жағынан ғана емес сыныптағы дәстүрлі сабақ жүйесінен ерекшеленіп, ұйымдастырылуы да өзгеріске ұшырайды. Оқыту үрдісін өзгертуде ғылыми көзқарастарға ерекше мән берілуде.

Шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдері пайдаланатын технологияларға ақыл-ойдың дамуын сатылы қалыптастыру, проблемалық оқыту, дамыта оқыту сияқты психологиялық-дидактикалық теориялар т.б жатады. Әлеуметтік ортада қалыптасқан озық дәстүрлердің тәрбиелік және білім беру мүмкіндігін пайдалану, оқушыны әлеуметтік-оқу ортасын өзгертуге қатысушы ретінде дамыту оның жеке тұлғасының парасаттылығының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламасын жасаудағы жасампаз бейімдеу қимылдары – кәсібиліктің маңызды көрсеткіші. Мұғалім жергілікті жер мен өндірістің ерекшелігіне қарай, өз оқушыларының жеке ерекшеліктері мен мүдделеріне сай бағдарламаны түзетіп, икемдеп отырады. Оқыту мазмұнын өзгерте отырып, түрлі пәндер бойынша практикалық жұмыстар енгізу арқылы нақты жергілікті материалды, ауыл балаларының икемділігін шеберлікпен ұйымдастыра алады, бұл оқушыларды өз танымдық тәжірибесін пысықтауға итермелейді. Ауылдық жердегі шағын жинақты бастауыш мектептегі кең тараған сабақ тұрпатына біріккен, яғни жасы аралас балалардың тізе біріктіріп қызметтесуі, топтасып және ұжымдасып жұмыс жасаулары балаларды ортақ танымдық қимылға біріктіреді, олардың ой-өрісін кеңейтеді, мұғалімге тақырып өтудегі сабақтастыққа және пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шағын жинақты бастауыш мектептердегі балалардың өзара қарым-қатынастарының шектеулігі мен олардың аздығы сабақ түрлерін байытуды, оқыту әдістерін түрлендіруді талап етеді. Оқушы дамуына әсер ететін негізгі әдістер ішінара іздеу, оқу диалогі, проблемалық оқыту әдістері, т.б.болып табылады. Ішінара іздеу сабағында мұғалім баланың әр қадамын назарға алып, оның жас ерекшеліктерін ескеріп отырады. Шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдері оқу диалогін өз тәжірибелерінде сәтті қолданады. Диалог-сабақтарда оқушылар мұғаліммен тең дәрежеде әңгімелесе алады. Сондықтан оқыту мазұны ол үшін маңызды, ол өзіне керекті сұрақты өзі қояды, іштей өзімен-өзі диалог құрады. Проблемалық оқыту әдісі де маңызды. Сабақты түсіндіру проблема қоюға алмастырылады. Мұғалім басты проблеманы қояды, оны шешуде балалар алдына жеке проблемалар қою арқылы қарама-қарсы шешу жолдарын түрлі тәжірибе көмегімен дәлелдемелер арқылы көрсетеді. Шағын жинақты бастауыш мектепте, сондай-ақ ойын әдістері, амалдары мен түрлері: рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, қалыпты емес сабақтар: саяхат-сабақ, аукцион-сабақ, театр-сабақ өткізу барысында оқушының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруды нақты жолға қоюға болады. Ойын кезінде бала қимыл субьектісі ретінде ойын нәтижесін көздейді. Ауылдағы шағын жинақты бастауыш мектепте бала тұлғасы қалыптасуына ықпал ететін негізгі әлеуметтік айғақтар – ауыл мектебінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-тұрмыстық ахуалы. Осыған байланысты ауыл мектебі мұғалімінің негізгі мақсаты – өмір сүру қажеттілігіне сенімділігі бар баланың жеке тұлғасын қалыптастыру. Оқушының туған жеріне адалдығын сақтап, қоршаған ортаға белсенді араластырып, жалпы мәдени деңгейін дамытып, білімге деген ынтасын арттыру, сөйлеу дағдысын жетілдіріп, болашаққа үлкен орта жағдайына бейімделу қабілетіне тәрбиелеу болып табылады. Оқыту үрдісіндегі анықтаушы айғақтардың бірі – шағын топтар теориясын қолдану. Шағын жинақты бастауыш мектеп жағдайындағы оқыту жүйесі оқушылардың таныс заттармен, құбылыстармен өздік жұмысын ынталандырады, өзі қорытынды шығарады, алған білімін іс жүзінде қолданады. Бейімдеп оқыту жүйесі шағын жинақты мектеп жағдайында өте қолайлы.

Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу ісінің нәтижесін бағалау ең маңызды педагогикалық проблема болып саналады, сыныптағы бала санының аздығы олардың психологиялық толқуына әкеледі, себебі мұғалім сабақта оқушыға бірнеше баға қояды. Бұл проблеманы шешу үшін бағалау жүйесін өзгертудің де маңызы зор. Мысалы, бірден баға қойылмайды, оқушылардың орындаған жұмысы үшін ұпай қойылып, жинақ қосындысы айтылады. Оқушының оқу жұмысын бағалаудың жаңа критерийлерін енгізу шағын жинақты мектептердегі білім беру үрдісінің тиімділігін арттырады. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау – білім сапасының нәтижесі, яғни көрсеткіші. Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдынамүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстазға бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге бейімделіп, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруге, оны өз тәжірибесінде қолдануға бар күш-жігерін жұмсап, аянбай еңбек етіп, ізденуді талап етеді. Әр мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті – өз қызметіне жаңа технологияларды енгізу. Қосып оқыту барысында мұғалім өзіне мынадай жеңілдіктерді жасауға мүмкіндігі бар: екі сыныптың ұйымдастыру кезеңі үй тапсырмасын тексеру, бағалау, тапсырма және үлестірме материалдарын беру, жауап алу кезеңдерін бірге өткізу. Қалған уақытта екі немесе үш сыныппен алма-кезек жұмыс істеу. ШЖБМ сыныптарында сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданып өткізудің маңыздылығы өте зор. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану оқытудың әртүрлі формаларын қолдана отырып, оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді, ізденіске баулып, естіп, көріп, білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйретуді көздейді. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану «мынаны былай жасау керек» деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін, интеллектуалдық әлеуетін арттыруға нақты басымдық береді. Осы тұрғыда оқушылардың арасынан дарынды оқушыларды анықтаумүмкіндігі жүзеге асады. Дарынды оқушылар топта өзіндік пікірлерімен ғана емес, көшбасшылық қасиетімен таныла бастайды. Олар топтық жұмыста белсенділік танытып, қасындағы серіктесіне бағыт беріп, кей жағдайда «үнсіз оқушылардың» ашылуына да көп көмегін тигізеді.Оқыту барысында әртүрлі формаларды қолдана отырып, өздігінен немесе топпен жұмыс істеуге үйренеді.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқытуды көбіне деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асырып, баланың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға болады. Бұл әдістің ерекшелігі – мұғалім бағыт беруші, ол оқушылардың өздігінен тақырыпты меңгеруіне жағдай жасайды. Ал оқушылар ізденуші, зерттеуші ретінде ақпарат мағынасын өздігінен жете түсіне алады, өткен тақырыппен салыстыра отырып, қорытынды жасай алады. Барлық жастағы оқушылар кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір айтуға, саналы шешім қабылдауға бағытталады. Қорыта айтқанда, сабақ барысында оқушының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру арқылы баланың ой-пікірі, көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын дамытуға ықпал етеді, оқушылардың белсенділігі артады, келесі сабақты асыға күтеді. Олардың қосымша әдебиетті оқуға, кез-келген бұйымның шығу, даму тарихын зерттеуге деген қызығушылығы мен қажеттілігі артады, өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын қалыптастыра алатын, ұлтын, ұлттық қолөнерін сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болып қалыптасады.Қазіргі танда білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге батыл қадамдар жасалуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты – үйрете жүріп, үйрену. Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді. Шағын жинақталған бастауыш мектептерде сабақта озық технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде жүзеге асырылады. Шағын жинақталған бастауыш мектеп мұғалімдері педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше. Сабақтың тиімділігіноқушылардың танымдық қызуғушылығын арттыру үшін тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауының үлкен маңызы бар. Оқушылардың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, іздемпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білетін жеке тұлға болуы керек.

Осы мақсатта шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдері өздігінен білім жетілдірудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау, оқытудың оптималды әдістерін іріктеу,әртүрлі жастағы оқушылар ұжымын басқара алу, оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білу, оқушылар арасында төзімділік атмосферасы мен өзара құрмет қатынастарын орнықтыру, ата-аналардың педагогикалық іске деген қызығушылығын оята білу, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа формасын іздестіру, кәсіби деңгейін үздіксіз көтеру және жетілдіру, оқытудың, тәрбиелеудің технологияларын, интерактивті әдістерді кеңінен оқып-үйрену сияқты негізгі педагогикалық ұстанымдарды жетік меңгеру керек.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Егемен Қазақстан. 7 желтоқсан, 201 0ж.

2. ХрапченковГ.М. «Шағын жинақты мектептегі оқытудың мазмұны мен әдістері».

3. Қалиев С. Шағын комплектілі мектептер проблемасы, «Қазақстан мектебі».1989 ж.

4. ШЖМ-тегі кіріктіріп оқытудың ерекшеліктері, «Қазақстан мектебі». 2013, № 11.

5. ШЖМ мәселелері және оны шешу жолдары, «Қазақстан мектебі». 2012, № 10.

6. «ШЖМ мен тірек мектептер қызметін ұйымдастыру» облыстық семинар материалдары. Өскемен қаласы, 2013 ж.

7. Жайтпаева А.А., Шамина Г.А.«Білім беруді жаңарту қызметінің мазмұны». А., 2006ж.



8. Кожахметова К.Ж., Демеуова М.Е. «Тәрбие үрдісі мен оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалаудың өлшемдері». Алматы, 2008 ж.

9. Медеубаева К.Т. Шағын жинақты мектептерде ана тілін оқыту. А. 2014 ж.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет