Медицина қызметкерлерінің ТҰЛҒасына қойылатын психологиялық талаптар. Медицина қызметкерлерінің ТҰЛҒалық мінездемелерінің коммуникативті процестерінің тиімділігіне әсері. Медицина қызметкері мен науқастың арасындағЫ Қарым – Қатынас


Медицина қызметкерлерінің жеке тұлғасы



бет2/2
Дата20.05.2020
өлшемі18.26 Kb.
1   2
Медицина қызметкерлерінің жеке тұлғасы:

Медицина қызметкерлері мен науқастар арасындағы сенім мен оңды психологиялық қарым – қатынастардың пайда болуына мына жағдайлар роль атқарады;

Квалификация

Тәжірибе


Дәрігер мен медбикенің өнері

Қазіргі медицинадағы тереңдетілген және кеңейтілген мәліметтердің қорытындысына специализацияның ерекше маңызы локализациясына байланысты белгілі бір ауру топтарына бағытталған медицина салалары жатады. Алайда мамандандыру оңды жерлеріне қарамастан, кей жағдайда дәрігердің науқасқа деген мозайкалық көзқарас қаупін тудырады.

Медициналық психология науқас тұлғасының және оның организмінің қоршаған ортамен байланысты сентетикалық түсінігінің арқасында мамандандырудың теріс жақтарын жоюға көмектеседі. Квалификация тек аспап болып табылады, қолданудың жоғары немесе төмен әсері (эффект) дәрігер тұлғасының басқа жақтарына тәуелді. Бұл Гладко айтқан науқастың дәрігерге деген сенімділігі туралы анықтамасынан көрінеді.

Дәрігерге деген сенім – бұл науқастың дәрігерге деген динамикалық оңды қарым – қатынасы, бұл науқасқа көмектесу үшін дәрігерге тілек, қабілеттілік барлығына сенімнің болуымен көрінеді. Сенімнің пайда болуына науқас дәрігермен кездескендегі, оның алғашқы әсері оның актуалды мимикасыз, жестикуляция, дауысы, сыртқы келбеті өте маңызды. Егер науқас келбетсіз, ұйқысыраған, шаршаған, басқа заттармен айналысқан дәрігерді көрсе, ол сенімін жоғалтып өзіне қарай алмайтын адам басқаларға да, көмектесе алмайды деп шешеді. Тәртібіндегі және сыртқы келбетіндегі теріс өзгерістерді науқастар жақсы біледі, сенетін медицина қызметкерлеріне кешіре алады. Медициналық қызметкер науқасқа мына жағдайларды сенім шақырады: егер ол сабырлы, өзіне сенімді, менменшіл болмаса, тәртіп манерасы жылдам, шешімді, адамшылдықпен, динамикалықпен бірге жүрсе. Дәрігерге деген ерекше талаптар оның шыдамдылығын қажет етеді.

Дәрігер ауру дамуының әр түрлі мүмкіндіктерін алдын – ала қарастыруы қажет, егер дурудың жағдайы жақсармаса, оның жеке басына деген әшкерлеу, айыптау деп қарамауы тиіс.

Дәрігердің сабырлы тұлғасы науқас үшін гармониялық сыртқы стимулдардың кешені болып табылады, олардың әсері науқастың жазылуына оңды әсер тигізеді. Медицина қызметкері біріншіден өзінің тәртібіне деген тікелей реакцияны бағалап әңгімелескенде, мимикада, науқас қимылдарында, екіншіден басқа қызметкерлердің оның тәртібіне деген көзқарасын бағалап, өз тұлғасын құруы қажет. Жеке медицина қызметкері өзінің тәжірибелі әріптестеріне қарағанда тәжірибесі және квалификациясы аз болғандықтан науқастар оны білгендіктен сенімдері азаяды, бірақ та тәжірибенің жетіспеушілігін көмекке дер кезінде келу, еңбектегі зейіні толтыра алады.

Дәрігер мен науқас арасындағы қарым- қатынасты құрудағы алғышарттар олар коммуникацияға түспей – ақ қалыптаса бастайды. Дәрігерге келетін науқас кей жағдайда дәрігер туралы көп мәліметтер білуі мүмкін. Сонымен қатар науқас келген медициналық мекеменің беделі де маңызды орын алады. Дәрігер жағынан тәуелсіз себептерге байланысты науқастың ризасыздығы, ашулығы аффектінің таралу механизміне әкеледі, ал аффектінің пайда болуы себептерінен медициналық қызметкермен кездескенде адекватты емес түрде пайда болады.

Дәрігермен бірінші қатынаста науқас өзін шын мәнінде дәрігердің көмек көрсетуге даяр екенін және ол көмекті қазір көрсететін өзі шешуі қажет. Дәрігер жалпы белгісімен әрекет зардаптарын орындауы қажет. Бірінші кезеңде дәрігер науқас алдында оның аты – жөні сұрап, оған қауіпсіздік сезімін тудырып және өзіндік менмендік сезімін арттырады.



Эмпатия – бұл қажетті және эффективті терапевтикалық қарым – қатынастың орнығуының маңызын анықтайтын бірлестік. Эмпатия бұл науқаспен сәйкестену қабілеті, сезімнің берілуі бейнесінен өтіп кету, оның негізгі қажеттігін ашу. Эмпатияны симпатиядан ажырату қажет, кейінгісі оң эмоциялы қарым – қатынасқа ие. Эмпатия бұл эмоционалды бейтарап процесс, оны социалды қолданып науқасқа жақсы, пайдалы көмек көрсетуге болады. Науқастың толық айтылмаған ойлары, сезімі көңіл – күйі оның тұлға ретінде шектеу сезімінің тууына негіз болып қалды. Науқас тез «Психологиялық вентиляцияға» жетуге негізделуі айтпай ол өз сөздерін, әңгімесімен дәрігерге де мүмкін. Психикалық вентиляцияға тәуелді болып табылу типтер болып табылады, олар батылсыздық әсерінен, ұяттан, өз мәселесін шағын ауру симптомдарын айта алмайды. Осының нәтижесінде дәрігер науқасты мәліметтермен және мағлұматтармен зерттеп және емдейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет