Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын



бет1/4
Дата27.12.2021
өлшемі19,94 Kb.
#128771
  1   2   3   4
Байланысты:
ҚР № 612 қаулысы
Айзере, Мақала, менеджмент 9, менеджмент 9, менеджмент 9, менеджмент 9, 08 11 2022 Перечень ОП КПК рус, СӨЖ Арнайы (түзету) мектебінде Қазақстан тарихын оқытудың технологиясы, 3-4 Дәріс, Погода и метеорологические элементы (2)


Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысы.

      30.03.2021 редакциясында

      Жарияланған: ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 18.11.2020 ж.; Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 40, 296-құжат, Басуға қол қойылған күні 28.10.2020 ж.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысы.

      Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 85-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесі;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар);

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес халықтың профилактикалық екпелерге жатқызылатын топтары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:

      1) Қағидаларға сәйкес халықтың профилактикалық екпелерді алуын;

      2) профилактикалық екпелер жүргізуге жағдайлары жоқ елді мекендерде тұратын халықты вакцинациялау мақсатында көшпелі екпе бригадаларының жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет