«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты тілдер онкүндігінің ашылуы туралы есеп (07. 09. 2016) 17 қыркүйек күні Исаковка орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тілдер күніне орай «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл»



бет1/4
Дата06.07.2018
өлшемі1,78 Mb.
#48145
  1   2   3   4
«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты тілдер онкүндігінің ашылуы

туралы есеп (07.09.2016)

17 қыркүйек күні Исаковка орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тілдер күніне орай «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты онкүндіктің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Онкүндіктің ашылу барысында мектеп басшысы Абдуахитов Абай Мырзахметович сөз алып, оқушылар мен ұстаздарды Тілдер мерекесімен құттықтап, жүрек жарды лебізін білдірді. Содан соң, сөз кезегін әдістемелік бірлестік жетекшісі Рамазанова Асия Есимовна алып, онкүндіктің ашылғандығын хабарлап, онкүндікке арналған жоспармен таныстырып, 22 қыркүйек күні елімізде жылда дәстүрлі түрде тілдер мерекесі аталып өтетіндігін, 1998 жылы 20 қаңтарда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы – Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялағандығы туралы оқушыларға мағлұмат берді.

Жоспармен танысып болған соң сөз кезегі оқушыларға берілді. 6-11 сынып оқушылары атап айтсақ, 6 сынып оқушылары Олжабай Мерей, Сердалина Зарина, Попова Наташа, 7 сынып оқушысы Сейткужин Елжан,

8 сынып оқушылары Жақанқызы Мөлдір, Неғметжан Зұлхия, Есимов Диас, 10 сынып оқушысы Кунуспаева Науша, 11 сынып оқушысы Абуталипов Аслан үш тілде ақын – жазушыларымыздың тілге арналған өлеңдері мен нақыл сөздерін айтты.



«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты тілдер онкүндігінің екінші күні

туралы есеп (08.09.2016)

Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесіне арналған «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» онкүндігінің екінші күні Исаковка орта мектебінде оқушыларға арналған «Тіл – әр халықтың байлығы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесіне кітаптар мектептің кітапханасынан және де тіл мамандарының жеке кітап қорынан алынды. Көрме барысында оқушылар әртүрлі тілге байланысты кітаптармен сондай-ақ, сирек кездесетін құнды-құнды әдеби-көркем шығармалармен де таныс болды.

«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты тілдер онкүндігінің үшінші күні

туралы есеп (09.09.2016)

Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің үшінші күнінде «Тіл – достықтың алтын көпірі» тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді. Шығармалар байқауына 6 –11 – сыныптардың оқушылары қатысты. Оқушылар үш тілде шығарма жазды. Шығарма барысында оқушылар тіл туралы толғаныстарымен бөлісіп, тілге деген құрметтерін шығарма мазмұны арқылы жеткізе білді. Шығармалар байқауына барлыға 20 астам шығарма ұсынылды. Байқау барысында оқушылардың шығармаларын бағалау үшін әділқазылар алқасы тағайындалды. Әділқазылар: мектеп директоры – Абдуахитов А. М; орыс тілі пәнінің мұғалімі Ерофеева Е.П; қазақ тілі пәнінің мұғалімі, әдістемелік бірлестіктің жетекшісі – Рамазанова А.Е..

Әділқазылар оқушылардың тапсырған шығармаларымен танысып мынандай қорытынды шығарды.

1-орын: қазақ тілінен - 11-сынып оқушысы Абуталибов Аслан, орыс тілінен - 8-сынып оқушысы Жақанқызы Мөлдір:

2-орын: 6-сынып оқушысы Олжабай Мерей, 8 «Б» сынып оқушысы Хохлова Александра:

3-орын: 8-сынып оқушысы Гусаков Роман, 8-сынып оқушысы Есимов Диас.

Шығарма жазуға белсенді қатысқан оқушылар: Сердалина Диляра, Сердалина Зарина, Талғатбек Алишер, Неғметжан Зұлқия, Учаева Женя, Михальцова Екатерина, Белогуров Алексей.

«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты тілдер онкүндігінің төртінші күні

туралы есеп (10.09.2016)

«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты онкүндіктің төртінші күні Исакова орта мектебінде «Ұлттарды біріктірген - ұлы тіл» тақырыбында 1-11- сыныптар аралығында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Суреттер көрмесіне мектептің барлық оқушылары өздері салған суреттерін ұсынды.

Оқушылардың жұмысы жоғары бағаланып 1,2,3 – орындармен марапатталды.

«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты тілдер онкүндігінің бесінші күні

туралы есеп (13.09.2016)

Он үшінші қыркүйекте Исакова орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Аманжолава Лязат Аргимбековнаның ұйымдастыруымен «Welcome to three lonquaqe Wondenlend» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Оған 6-8- сынып оқушылары қатысты. Сабақ барысында оқушылар ағылшын тілінде көптеген сұрақтарға жауап беріп, қызықты мағлұматтармен таныс болып, тіл туралы өз ойларын білдірді.



«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты тілдер онкүндігінің алтыншы күні

туралы есеп (14.09.2016)

Онкүндіктің келесі күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерлан Алмажан 6-сынып оқушыларымен «Сөз мерген» танымдық-лингвистикалық сайысын өткізді. Сайысқа 6-сынып оқушыларынан құралған «Барыс» және «Сұңқар» топтары қатысты. Сайыс алты кезеңнен тұрды; кезеңдері барысында оқушылар тұрақты сөз тіркестерін құрастырып, мағыналарын ашып, мақал – мәтелдерді жалғастырып, жұмбақтардың шешімін тапты. Әділқазылар алқасынының шешімі бойынша сайыс барысында өздерінің білімдерімен, алғырлықтарымен, жылдамдықтарымен танылған «Барыс» тобы жеңіске жетті.



«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты тілдер онкүндігінің жетінші күні

туралы есеп (15.09.2016)

Қыркүйектің он бесі күні Исаковка орта мектебінде «Тапқыр достар» сайысы өтті. Сайысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Асия Есимовна өткізді. Сайыс қатысушыларын жеребе тастау арқылы көрермендер арасынан таңдап алды. Сайыс өз атына сай оқушылардан тапқырлықты, алғырлықты, білімділікті талап етті. Сайысқа қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп әр түрлі бағытта, яғни өлеңмен, қара сөзбен, суретпен өздерін таныстырды. Сайыста алғырлықтарымен, тапқырлықтарымен көзге түскен «Қыздар» тобы жеңіске жетті.

«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты тілдер онкүндігінің сегізінші күні туралы есеп (16.09.2016)

Онкүндіктің келесі күнінде орыс тілі пәнінің мұғалімі Карибуллина А.Ф. мектеп оқушыларымен «Знаешь ли ты языки?» викториналық ойындар ұйымдастырды. Викториналық ойын барысында оқушылар қызықты да мағыналы сұрақтарға жауап берді, орыс тілінде тұрақты сөз т іркестерін шешіп, мағынасын ашып, оған қызықты сөйлемдер құрастырды. Ойынға оқушылар белсенді, бар ынталарымен қызыға қатысты.



«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты тілдер онкүндігінің тоғызыншы күні туралы есеп (16.09.2016)

Сондай-ақ он алтыншы қыркүйек күні тіл мамандарының ұйымдастыруымен мектепте «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мәнерлеп оқу сайысына мектептің бірінші сыныбынан бастап 11 – сыныптың оқушыларына дейін қатысты. Оқушылар көптеген қазақтың ұлы ақындарының, сондай-ақ, шетел ақындарының тіл туралы, туған жер туралы, адами құндылықтар туралы өлеңдерін бар ынталарымен, шын жүректерімен мәнерлеп қазақша, орысша, ағылшынша жатқа айтты. Мәнерлеп оқу барысында әділқазылар алқасы тағайындалды. Олар: Аманжолава Лязат Аргимбековна, Кучеровская Ю.В., Газизова Р.М.

Әділқазылар алқасы өлең таңдап алудағы оқушының шеберлігіне, өлеңнің көлеміне, өлеңнің тақырыбына, мәнерлеп оқып көрерменге жеткізе білуіне қарап оқушыларды бағалап орын иелендірді.

«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты тілдер онкүндігінің оныншы күні туралы есеп (17.09.2016)

Он жетінші қыркүйек күні «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің қорытындысы жасалды. Онкүндік барысында өткен іс-шаралардың анализі жасалып, онкүндікке белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.










Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет