Мейрамхана ісі және қонақ Үй бизнесі кәсіби лексикасының аударылу, Қолданылу мәселесі көшербай А. Съезхан Е



Дата15.09.2017
өлшемі43,07 Kb.
#32976
МЕЙРАМХАНА ІСІ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІ КӘСІБИ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ АУДАРЫЛУ, ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ
Көшербай А. Съезхан Е.

ҚазТБУ МІжМБ мамандығының 2 курс студенттері, Астана қ.

Ғылыми жетекші: фил.ғ.к. Искакова Жазира Махсутовна
Резюме: в данной статье рассматриваются некоторые вопросы перевода на казахский язык специальной лексики сферы ресторанного дела и гостиничного бизнеса, а также их уровень использования в этой сфере.

Summary: this article describes some issues of translation into Kazakh special vocabulary sphere of restaurant business and hospitality industry, and their level of use in this field.
Еліміздің білім беру орындарында соңғы кезде мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі саласындағы мамандар дайындауға баса назар аударылуда. Себебі соңғы жылда мейрамхана бизнесі қарқынды дамып келеді.Үлкенді кішілі мейрамханалар саны артып, ескі мейрамханалар жаңа үлгіде, заман талабына сай жаңартылуда. Дегенмен еліміздегі мейрамханалар қызмет көрсету сапасы жағынан, ұлттық нақыштарымыз негізінде, қазақ халқына тән қонақжайлықтың ерекшелігін білдіретін кәсіби тілдік қатынас негізінде қызмет көрсету барысын жоғары деп айтуға болмайды. Сондықтан да көптеген мейрамханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі өздерінің ұлттық менталитет деңгейінде қызмет көрсететін беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр.

«ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы  (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрсететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс [1]». Солардың ішіндегі қызмет көрсету саласының бір бөлігі – мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесіндегі қызметкерлер мемлекеттік тіл мәртебесін арттыруға үлесін қосулары тиіс. Осы мамандықтың ерекшеліктеріне байланысты тіл мәдениетін, қазақ тілін жетік білгені дұрыс. Бірақ қызметкерлердің қазақша айтқан сөздерін, кәсіби сөздерін түсінетін қонақтар саны көп емес. Сол себептен қызмет барысында қонақ үй, мейрамхана қызметкерлері қонақпен қарым-қатынаста шет тілінен енген кірме, жаргон сөздерді, терминдерді қолданады. Неліктен? Себебі бұл мамандықтың түпкі тамыры Еуропа, Латын Америка елдерінен бастау алған және осы сала бойынша мамандықтардың біздің қоғамға біртіндеп енуі әрине, алғаш пайда болған елдердің тілімен байланысты кәсіби сөздер ретінде ене бастады. Сондықтан да қонақ үй бизнесі және мейрамхана саласындағы қызмет түрлерінің басым бөлігі термин сөздерден тұрады және қызметкерлер де келген қонақтарға оларға түсінікті кәсіби терминдік сөздермен қызмет көрсеткен тиімді деп есептейді. Мысалы, банкет сөзі – италиян сөзінен шыққан, banco – еден, banchetto – орасан той, ерекше салтанатты той деген мағынаны білдіреді. Бірақ та осы қазақша орасан той, ерекше салтанатты той деп атаудан гөрі, кең қолданыстағы банкет термині тұтынушының да, қызметкерлердің де қабылдауына, айтуына, тіл иіріміне де жеңілдеу. Тағы бір жиі қолданыста жүрген кәсіби термин – сервис француз сөзі servir – қызмет ету деген мағынаны білдіреді. Мұндай кәсіби термин сөздер тізімін шетсіз жалғастыра беруге болады.



Сонымен қоса осы мамандықта тіпті аударма баламалары жоқ кәсіби сөздер де жиі кездеседі. Атап айтсақ, лаунж бар түсінігінің қазақша баламасы өте ауқымды кең мағынаны білдіреді. Мсәлен, ағылшын тілінен қонақ бөлме, демалыс бөлмесі, жекелеген лаунж-аймақта орналасады, лаунж аймақта қонақтарға арнайы жұмсақ дивандар мен креслолар қойылады, орталарына журнал үстелдері орналастырылады, май шам жағылады, сазды әуенді музыка қойылады, мұндай орта әнгіме дүкен құруға тыныштықта дем алуға аса қолайлы деген ұғымды береді. Бар термині – қонақтарға әртүрлі сусындар, десерттер, тәтті бұйымдар мен тісбасарлар ұсынуға мамандандырылған тамақтану кәсіпорны, кейтеринг – мұндай қызмет көрсету түрі пикник, банкет, фуршет, үйлену тойын және т.б. мерекелік шараларды атап өтуді ұйымдастыруда жиі қолданылады және оны ұйымдастыру мен өткізу үшін кәсіби менеджерлер шақырылады. Осы сала мамандары ұзақ мағынадағы қазақша баламасын жеткізгеннен гөрі кәсіби терминді пайдалану тиімді деп есептейді.

Бүгінгі уақытта қарқынды дамыған қонақ үй және мейрамхана ісі – халыққа қызмет көрсетудегі ең басты нысандардың бірі. Сондықтан да қызмет барысында тұтынушылармен және бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білу жұмысымыздың нәтижелі болуына және қызметте жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Ол үшін қызметтік этикет іскерлік қатынастың негізгі көріністерімен бірге сөйлеу мәдениетін де, тілдік қатынас барысындағы стильдік ерекшеліктерді де баса назарда ұстауымыз қажет деп есептейміз.

Жоғарыда аталған аударылмаған кәсіби тірек сөздерді одан әрі тілімізде еркін пайдалана беретін болсақ, ол біздің тілімізге енген сөздер қатарында қалып, болашақта күнделікті сөздер барысында жиі қолданыста еніп кетпеуіне кім кепілдік бере алады.

Ал бүгінгі біздің Егеменді Еліміздің басты құндылығының бірі – тіл мәселесі емес пе? Осындай кәсіби қолданыстағы термин сөздер санамызға сіңіп тіліміздің шұбарлануына да әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмас үшін, біз осы саланың болашақ маманы ретінде қазақ тілі мамандығының білікті өкілдері мен аудармашылар мағынасын өзгертпей қазақша баламалауға баса назар аудару керек деп есептейміз және қонақ үй мен мейрамхана ісі саласындағы қызметкерлермен қосымша тілдік курстар өткізіп, онда шешендік өнер, психолингвистика бағдарламаларын меңгеруі тиіс деп ойлаймыз. Себебі, бүінгі бәсекелестік заманда өз тұтынушыларына жағымды психологиялық қарым-қатынас арқылы, білікті, кәсіби негіздегі тіл иірімдері негізінде қызмет көрсетсе, қазақ тілін насихаттап, дамытуда ықпал етеді деген ойдамыз.


Әдебиеттер:

1.http://stud24.ru/records-management/s-aazdar/77024-243005-page1.html
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет