Мекеме атауы: Павлодар қаласындағы №33 жалпы орта білім беру мектебі Аты-жөні



бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі1,14 Mb.
#30060
  1   2   3

Мекеме атауы: Павлодар қаласындағы №33 жалпы орта білім беру мектебі

Аты-жөні: Касенова Динара Берікқызы

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі

Жұмыс өтілі: 6 жыл

Санаты: екінші

Пәні: дүниетану

Тақырыбы: «Ғарышкерлер»

Сынып: 1 «б» сыныбы

Жалпы мақсаты:

  • Оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары – қазақ ғарышкерлерімен таныстыру.

  • Тапсырмалар арқылы сыни тұрғыдан ойлауды үйрету арқылы ой өрісін дамыту.

  • Туған жердің табиғатын сүйе білуге, байлығын қорғауға болашақта елімізді өркендетуге қабілетті, білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.

Оқушылар білуі қажет:

Ғарыш деген не?, не үшін қажет? Алғаш ұшқан ғарышкерлерді тану

Міндеттері:

1.Оқушының қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпты оқушылардың өздерінің меңгеруі

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни

тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау



Мұғалім үшін оқу нәтижелері:

  1. Өз беттерімен кез-келген тапсырмаларды орындай білу.

  2. Оқушыларды бағыттап отыру

  3. Бір-біріне көмектесуі

  4. Оқушыларды мадақтап бағалау (стикер арқылы) және

оқушылардың өздеріне бағалау бетшесі арқылы бағалату

Сабақта туындаған негізгі идеялар:

Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа білімнің басталғанын сезіндіру.

Оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

Оқушының өмірдегі біліміне,білетініне сүйену.


Күтілетін нәтиже:

Оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып,

өзінің қызметіне анализ жасай алуы;

Орындаған тапсырмаларына қарап, салыстыра отырып ойлану;

Шығармашылық жұмысқа баулу.

Жаңа сабақ бойынша оқушы қызығушылығы,ізденісі.


Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс:

Ана тілі, дене шынықтыру

Қолданылатын құралдары:

Интербелсенді тақта,маркер,фломастер,А-3


Сабақтың әдіс-тәсілдері:

АКТ, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТОҮ, ОүБ және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Сілтеме:

Оқулық - К.Аймагамбетова,Т.С.Идилова Алматыкітап баспасы 2012 жылы, ғарыш туралы суреттер ,ғарышкерлердің портреттері.

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

2 минут

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер



Психологиялық ахуал. Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін психологиялық тренинг ретінде топтық отырыста «Шаттық шеңбер» ойнату. Негізгі идеясы: балалар шаттық шеңберде қол ұстасып тұрып, бір –бірлеріне жақсы сөздер арқылы тілектер айтуы тиіс. (1- сурет)



Қәне ,достар, тұрайық

Шеңберімді құрайық

Жақсы жақсы тілектер

Бір бірімізге сыйлайық

Қуанышпен, шаттықпен

Сабағымды бастайық –деп оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтады



5 минут

Білім кезеңі

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТОҮ



Сыныптың ерекшелігіне сәйкес балларды үлгерімі бойынша араластырып отырғызу үшін балалардың фотосуреттерін қолдан жасалған зымыранға жабыстырдым. Алдымен әр зымырандағы фотосуреттерге назар аударыңдар.( 2- сурет)

-Қалай ойлайсындар неге мен сендердің алдына зымыран макетін қойдым, тақырыбымыз қандай болмақ?



- ендеше, біз барлығымыз зымырандарымызға отырып, аспан әлемін шарлайық.

Зымырандағы фотосуреттеріне байланысты топқа бөлініп отыруларын анықтап алып, топтарға бөлінеді. Сосын сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты ашады.


Каталог: files -> caf
caf -> Сабақтың тақырыбы: Қазақфильм киностудиясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: а кино өнері туралы мәлімет беру
caf -> Сабақтың тақырыбы:
caf -> Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелері «Әке мен бала», «Жаман жолдас» Сабақтың мақсаты
caf -> Сабақтың тақырыбы С. Торайғыров «Шілде» өлеңі Сілтеме
caf -> Мақсаты: Балаларды шығарманы мазмұндауға үйрету. Міндеттері
caf -> «Көңілді қыс» Возрастная группа дайындық топ Білім беру бөлімінің №1 сәбилер бақшасы Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын Ашық сабақ Тақырыбы: «Көңілді қыс» Дайындық
caf -> Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
caf -> Сабақтың барысы. Тәрбиешінің алдында үстел үстінде телефон тұр, біреу қоңырау шалады. Балалар тәрбиешінің қарама- қарсы отырады
caf -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Қыстайтын құстар» Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет