Мектеп: Ақсай қаласы №4 жоббм мерзiм



Дата25.08.2017
өлшемі44,28 Kb.
#26128
түріСабақ

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

№10 сабақ


Мектеп:Ақсай қаласы № 4 ЖОББМ Мерзiм 6а(13.11.15) ә(13.11.15) б(18.11.15) Тақырып:Әдептен озбайық Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдеп, ізеттілік, сыпайылық
Мұғалiм:Жандосова.А.Ж Сынып- 6

Сабақ мақсаты:

Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету


Міндеттері:

-оқушылардың әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету


-оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету
-оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу

Ресурстар:

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.





2.Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға

таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.






3.Үй тапсырмасын тексеру.
№10 сабақ. Тістелген алма




4.Мұғалімнің сыйы. Әдеп

Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда,

қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, басұрып сәлем берді дейді.

Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек басұрып сәлем алды.

Қасындағы бай:

- Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге

сонша басұрасыз? - деп айтты дейді.

Сонда әкім:

- Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде,

мен онан әдепсіз болып қалайын ба? - деді дейді.






5.Дәйексөз.
Адамда жақсы қасиет болмаса,
Оған бақ та, бақыт та қонбайды.
(көзқарас, себеп, мысал, жалпылау) бірізділігін сақтай отырып талдау.




6.Шығармашылық жұмыс.

1. Қоғамдық көліктегі әдептілік


2. Үстел басындағы әдептілік
3. Кітапханадағы әдептілік
1-топ

1) Көлікке итермей кіру керек


2) Жол ақысын төлеу
3) Үлкендерге орын беру
2-топ
1) Үстел басында өзіңді дұрыс ұста
2) Қолыңды жуып, сырт киімді шешіп келу
3) Ауызыңды тамаққа толтырып, қасыңдағы адамдармен сөйлеспе
3-топ
1) Кітапханамен дос бол, оған жиі баруды әдетке айналдыр
2) Тыныштық сақтау
3) Алған кітаптарыңды ұқыпты пайдалан
Антонимдер.Мен қандай болуым керек?
1) Мейірімді – күншіл
2) Кішіпейіл – өркөкірек

3) Еңбекқор – жалқау


4) Кеңпейіл – қызғаншақ
5) Өзгені сыйлай алатын – менмен
6) Сөзінде тұратын – жауапсыз
7) Адал - өтірікші




7.Топпен ән айту. Айым болып тудың ба?
Күнім болып тудың ба?
Ата жолын қудың ба?
Әке жолын қудың ба?
Бұл дүниеге келген соң,
Сұрауы бар судың да..
Қуанышым, арай жүз
Сөйлесерміз талай біз
Бар ағайын жиналып,
Мәз боп саған қараймыз
Сендей бала ешкімде
Болмаған деп санаймыз
Жалғыз дара өзіңсін
Атасының көзісің
Әжесінің сөзісін
Аппақ мөлдір сезімсін
Мен барымды аямайм
Ботақаным сен үшін
Не деп енді мақтайын
Айтуға сөз таппаймын
Сөйлеп кетсем көбірек
Мен әжеңе жақпаймын
Келші келші балашым
Бір иіскемей жатпаймын
Келші келші балашым
Бір иіскемей жатпаймын




8.Үй тапсырмасы.
№11 сабақ Көшеде




9. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.






Каталог: uploads -> doc -> 0cb3
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cb3 -> Күні: 10. 2014ж. Сыныбы: 5 Пәні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет