«Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық қабылдауын дамыту» тақырыбында өткізілген ашық сабақ



Дата18.03.2017
өлшемі51,5 Kb.
#11741
«Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық қабылдауын дамыту» тақырыбында

өткізілген ашық сабақ.

Мектеп жасына дейінгі балаларға тәлімді тәрбие мен сапалы білім

беру ісін жақтастырудың бір жолы-педагогикалық үрдісті

жаңаландыру, педагог кадрлардың шеберлігін арттыру. «Білікті бірді

жығады,білімді мыңды жығады» деп білімнің өмірдегі мәнін ұғынса,

білімнің шыңына шығу үшін асқан төзімділік еңбексүйгіштік керек

екендігі дәлелденген. Балаға сапалы білім, адамгершілігі мол азамат

болуына тәрбиешінің қосатын үлесі зор. Балалардың мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, кейбір ата-аналар мен ұстаз арасында түсінбеушілік пайда болады. Ол баланың қалам ұстай алмауы, ермексазбен жұмыс істей алмауы, киімдерін шешіп, жинастыра алмау мәселелері-бұның барлығы балабақшадағы баланың қол моторикасы, сенсориканың дамымауы. Балабақшада сәбилік кезінде сенсорикасы күнделікті жоспармен дамытылған баланың қолдарының саусақ бұлшықеті күнделікті жаттығып, дамып жетіледі. Бүгінгі күні «Мектеп жасына дейінгі сенсорлық қабылдауын дамыту» әдістемелік құралым бар. Балалармен күнделікті сенсорикасын дамытумен жұмыс жасаймыз. Облыста өткен «Жыл тәрбиешісі» сайысында әріптестермен қалалық балабақшаларда ашық сабақ өткіздік және әр сайыскер өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Сабақтарында қолданатын әдіс-тәсілдерін ұсынып, ортаға салды. Менің өз тәжірибемнен балалардың қол моторикасын дамытудағы зерттеген жұмыс бағыттарым мен әдіс-тәсілдерімді және осы бағытта жеткен нәтижелерімнің көрсеткіштері көрсетілді. Өткізген ашық сабағым «Қыс» тақырыбында болды. Сол сабақты әріптестеріммен бөліскім келеді.



Білім беру салалары: «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта»

Білім беру бөлімі: Айнала қоршаған орта

Сабақтың тақырыбы: «Қыс»

Сабақтың мақсаты:

1.Қыс мезгілі туралы түсініктерін қалыптасыру. Қысқы табиғат

ерекшеліктерін көре білуге үйрету.

2.Балалардың ойлау қабілеттерін, тілдерін дамытып байланыстырып сөйлеуге үйрету.

3.Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекіліктер: Қыс мезгілін бейнелеген суреттер,жасыл шырша,бейнелеу құралдары,аудио-жазба(боранның дыбысы)

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

А. Сәлемдесу

Ә. Жылы лебіздер білдіру:

- Амансыңдар ма балалар! Мен сендермен бүгін кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бір-бірімізге қарап, әдемі күлкімізді сыйлайықшы!

- Балалар, менің қолымдағы ойыншық қалай аталады? Әрқайсымыздың осындай жұмсақ жүрегіміз бар. Бірақ ол үлкен емес. Әр адамың жүрегінің үлкендігі қолын жұмғандағы жұдырықтай.Қане,жүрегіміз қандай екен, көрейекші. Балалар алақандарын жұмып, жұдырықтарына назар аударады.

- Балалар, осы жүректі бір-бірімізге сыйлай отырып тілек айтайық.

- Мен саған жақсылық тілеймін.

- Мен саған қуаныш тілеймін.

- Әдемі қыз бол

- Достарың көп болсын

- Батыр бол

- Әрқашанда күліп жүр



Ғажайып сәт.Енді балалар барлығымыз бір сәт көзімізді жұмайықшы (Боранның дыбысы естіледі)

- Ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?

- Боран, жел, суық

- Бұл қай кезде болады?

- Қыста

- Енді міне қар жауып тұр жапалақтап, айнала аппақ қар



2.Негізгі кезең.

(Шырша әуені шығады,шебердің ортасында шырша тұрады)



-Балалар мынау не?

- Шырша


- Балалар шыршаны қай кезде әсемдейміз?(сурет арқылы сұрақ-жауап)

- Жаңа жыл.

-Жаңа жыл қай кезде болады?

-Қыста.


-Қыста қандай өзгерістер болады, сендер не істейсіңдер?

- Күн суық болады, су қатып мұз болады, айнала аппақ қар, ойнаймыз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз, Аяз атаны күтеміз

- Шыршамыз неге көңілсіз, оған не жетіспейді?

- Оны әсемдеу керек, оған ойыншық керек

Ендеше балалар біз шыршаны әсемдейік.

Қазір біз үш орталыққа бөлінеміз. Әр орталықтың тапсырмасымен таныстырайын.



Бейнелеу орталығында: балалар ілетін картон, қағаздан жасалған ойыншықтарды түрлі-түсті бояуларға бояйды.

Манипулятивтік орталығында:балалар алдарында тұрған жасыл шыршаны әсемдейді. Ол үшін әр түрлі түске боялған макарон өнімдерін жіпке тізбектей отырып, шыршаға ілетін моншақ жасайды.

Зерттеу орталығында:балаларға қардың, судың, мұздың қасиеттерін эксперимент түрінде көрсету.

Ал енді балалар кеуделеріндегі эмблема белгісімен орталықтарға бөлініп, жұмыстарымызды бастаймыз.

Сигнал арқылы балаларды жинау, бойларын сергіту.

Сергіту сәті: Биік болып өсеміз,

Шыршамыздай жайқалып.

Табиғатты сүйеміз,

Денемізді тік ұстап

Билеп, билеп аламыз.

3. Қорытынды:

Орталықтарда қандай жұмыс жасадық?

-Біз бейнелеу орталығында шыршаға ойыншықтарды түрлі-түске боядық.

-Біз зерттеу орталығында судың қасиеттерін зерттедік.

-Біз манипулятивтік орталығында шыршаға әр түрлі түстен моншақтар жасадық.

-Жақсы балалар күннің екінші жартысында орталықтармен ауысасыңдар.

-Енді балалар, жасаған ойыншықтарымызбен шыршаны әсемдейік.(Балаларды сүйсіндіру,мақтау)

Ойыншықтарың, моншақтарың, ұлпа қарларың қандай керемет!



-Балалар, мына қорапты бізге кім әкеді екен, Аяз Атамыз сендерге риза болып жіберген шығар. (Балаларға сыйлық)

Павлодар қаласы әкімділігі

Павлодар қаласы әкімділігі білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының №32 сәбилер - бақшасы»

Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын


Естияр « Б» тобы

Ашық сабақ

Тақырыбы:«Қыс»

Тәрбиеші:Ертаева Г.Б.


2017 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 09c7
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09c7 -> Сен мынаны есіңе сақта! Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды!
09c7 -> Еліміздің Елбасы Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет