Мектеп: Кирдищев атындағы омб мерзiм: 15. 02. 2017ж. №22 Тақырып



Дата25.06.2018
өлшемі29,83 Kb.
#44189
түріСабақ
Өзiн-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Кирдищев атындағы ОМБ Мерзiм: 15.02.2017ж. №22

Тақырып: Сабырлық пен ұстамдылық

Құндылық: Дұрыс әрекет. Қасиеттер:мейірімділік, төзімділік, ізгілік

Мұғалiм: Жарылхасын Д. Сынып: 5а Оқушы саны:

Сабақ мақсаты: Оқушыларға сабырлық пен ұстамдылықты ұғындыру арқылы дұрыс іс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • Оқушыларға мейірімділік, төзімділік, ізгілік қасиеттері туралы түсінік беру.

  • Оқушылардың мейірімділік, төзімділік, ізгілік қасиеттерін дамыту.

  • Оқушыларды мейірімділікке, төзімділікке, ізгіліке тәрбиелеу.

Ресурстар оқулық, оқушы дәптері, интерактивті тақта, ватман қағазы, түрлі түсті қалам

Cабақ барысы: 5 мин.

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

5 Т. Тәртіп, тазалық, тыныштық, талап, татулық

Тыныштық сәті. №1. «Нұрға бөлену». 5 мин

Жайлап, жақсылап отырыңыздар. Арқаларыңызды түзу ұстаңыздар. Аяқ, қолдарыңызды айқастырмай, тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады. Денеңізді бос ұстап, көзіңізді жұмыңыз.

Нұр сіздің төбеіңізден кіріп, денеңіздің ортасына қарай жылжып барады деп ойлаңыз. Кеудеңіздің ортасында гүл шоғы бар. Күннің жылуымен кеудеңіздегі гүл шоғының күлтелері бір- бірден ашыла бастайды. Сіздің жүрегіңізде әдемі, керемет гүл әр сезіміңіз бен тілегіңізді орындай гүлдей түседі.

Нұр біртіндеп түгел денеңізге жайылып жатқандай. Ойша осы нұрды қолдарыңызға таратыңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрланып, тазарды. Енді қолдарыңыз тек жақсы, игі істер ғана жасап, баршаға көмектеседі. Нұр біртіндеп сіздің аяқтарыңызға тарап жатыр, аяқтарыңыз нұрланып, тазара түсті. Енді сіздің аяқтарыңыз тек жақсы қадамдар жасап, жақсы жерлерге игі істер жасайтын жерлерге ғана апарады. Олар нұр мен сүйіспеншіліктің құралы болады. Нұр сіздің аузыңыз бен тіліңізге де жетті. Тіліңіз шындық пен мейірімді сөздер ғана айтатын болады. Енді нұрды ойша құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз жақсы сөздер естіп, тамаша әуендерді еститін болады. Басыңыз жап- жарық болғандай, ол тек жақсы ойлар ғана ойлайды.

Нұр кеңейіп, сіздің денеңізден асып шықты, осы нұрды барлық туған- туысқандарыңызға, ұстаздарыңыз бен достарыңызға, таныстырыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша ренжісіп қалған таныстырыңызға да бағыттаңыз. Нұр мен жылу олардың жүрегін толтырсын. Осы нұр барлық жер бетіне тарасын, ол жан- жануарлар, өсімдіктерге де жетіп, оларды өз жылуымен баурасын. «Ойша, Мен.. НҰРМЫН, НҰР МЕНІҢ ІШІМДЕ. Осындай нұрлы, сүйіспеншілік, тыныштық жағдайда сәл болыңыз».

Енді нұрды қайтадан өз жүрегіңізге салып қойыңыз. Нұрланған барша әлем сіздің жүрегіңізде. Жүрегіңізді осы тамаша жағдайда сақтаңыз. Біртіндеп көздеріңізді ашыңыздар. Рахмет.




  1. Үй тапсырмасын тексеру: 5 мин.

№ 21 сабақ «Сенім -менің серігім». «Жаңа дүкенде» атты мәтінді оқып, мазмұнын талдау.

1.Ерлан анасымен бірге қайда барды?

2.Ерлан дүкеннің ішінде өзін қалай сезінді?

 3.Ерлан анасына қандай сұрақ қойды? 

4.Анасы оған не деп жауап берді?

5.Сендер Ерланның сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

Сабақ барысын талдау:


Дәйексөз: 5 мин.

«Ұстамдылық -әдептің ұстазы, ұстамсыздық- әлектің нұсқасы»                                     

                                Нақыл сөз (ел ауызынан берілген сөз)


  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

Дәйексөзді оқушыларға 3-рет қайталатамыз

Дәптерге жазып алуларын ұсыну

Әңгiмелеу: мұғалімнің сыйы 10 мин.
Бейнежазба «Ашу дұшпан, ақыл дос!»

1. Баланың ұстамды болып, сабырлыққа келуіне не себеп болды?

2. Бейнежазбаны көргенде қандай тұжырымға келдіңіздер?

3.Сіздердің сабырсыздық танытқан кездеріңіз болды ма?

4.Сол әрекетті жою үшін қандай жолдарын іздестірдіңіздер?








Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс 8 мин.

Оқушыларды 2 топқа бөлу.



1-топ тапсырмалары: “Сөйлейтін сандар“ арқылы мақалды оқу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

е

а

н

с

ө

д

ш

ғ

м

к

б

п

қ

г

р

л

о

ы

ә

і

4,2,11,18,15 6,1,14,1,3 – 19,15 20,4,10,1 7,18,6,2,9,6,18,16,18,13,

17,4,18,6,2,3 10,5,12 7,188,2,6,18 2,6,2,9,7,18,16,18,13.



Сабыр деген – әр іске шыдамдылық,

Осыдан көп шығады -адамшылық.

2-топ тапсырмалары:

Флипчарт құру. Сабырлы адамдарға тән қасиеттерді табыңдар.



Ұстанымдылық

Ашуланшақтық

Шыдамдылық

Сыпайылылық

Қызғанушылық

Өзімшілдік

Тәртіптілік

мейірімділік

төзімділік

Сабырлылық

Ізгілік

Сабырсыздық






Үй тапсырмасы. 3 мин

1.«Сабыр түбі – сары алтын» аңыз әңгімені мазмұнын түсініп оқу

2. Дәптермен жұмыс № 2 тапсырма





Топпен ән айту. 4 мин

«Көңілді күн» 
Айгерім Қалаубаева
Теріп едік жемісін сезім бақтың, 
Сыйластықтың алауын өзің жақтың. 
Сенің думан тойыңның әнін естіп, 
Есігіңді шыдамай өзім қақтым. 
Қ-сы: 
Бүгін қандай тамаша 
Көңілді күн 3-рет 
Сені қуанышыңмен құттықтаймын 
Бақытты бол, жан досым. 
2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп, 
Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп. 
Есігіңнен мен кіріп келгенімде 
Қуандың ау балаша мені көріп. 
Қ-сы: 
Бүгін қандай тамаша 
Көңілді күн 3-рет 
Сені қуанышыңмен құттықтаймын 
Бақытты бол, жан досым! 

Музыка ойнайды, балалар топпен ән айтады.



5. Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин

Баяу әуен қойылады.



Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!!


Баяу әуен



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет