Мектеп Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектеп Пән Қазақ тілі Мұғалім



Дата24.05.2017
өлшемі69,52 Kb.
#16899

Мектеп

Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектеп

Пән

Қазақ тілі

Мұғалім

Айтаева М.М.

7 A сынып

Күні 03.03.2017

Сабақтың тақырыбы

Қалау рай

Мақсаты

Оқушылардың қалау райдың мағынасын білуіне; қалау райдың жасалу жолдары туралы білімін кеңейту, дұрыс қолдана алуына бағыт беру

Күтілетін нәтиже


-қалау райды түсінеді-100%;

-қалау райды қолдана алады-90%;

-қалау рады басқа райлармен салыстыра алады-80%;

-сөйлемді талдай алады-70%.



Әдіс- тәсілдер

талдау, сәйкестендіру, мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар, «Ой тастау», эссе жазу, сәйкестендіру картасы

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих

Ресурстар

Оқулық, маркерлер, бағалау парағы. Интербелсенді тақта

Сабақ барысы:

Блум

Таксоно


миясы

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті




Тұлғааралық байланысты орнату.

Бағалау парағымен таныстыру
Үй жұмысын тексеремін, оқушылардың талдап келген сөйлемдерін тыңдаймын, оқушылармен бірге бағалаймын.


Бағалау №1. Мадақтау. Тілек айту.


Білу

Түсіну


Топтық жұмыс


Жаңа тақырыпқа шығу

  • Тілек айтқанда етістіктерді қандай мағынада қолдандыңдар?


Бағалау№2 ынталандыру Смайлик арқылы


  1. Бұйрық рай деген не?

  2. «Рай» терминіне анықтама беріңіз

  3. Ашық рай мен шақтың байланысы қандай?

  4. Шартты райлы етістігі бар мақал-мәтелдер айт

  5. Етістікті деген не?

  6. Етістіктің неше шағы бар?

  7. Мақсатты келер шақ қалай жасалады?

  8. Ауыспалы өткен шақ қалай жасалады?

Бұйрық райлы етістігі бар мақалдар айт.

Жұлдызшалар беру арқылы

«Қалау рай» тақырыбымен танысыңдар, жұппен оқып, талқылалаңдар. Топта сұрақ- жауап ұйымдастырыңдар

3 Бағалау «Бағдаршам» арқылы



Жұптық, топтық жұмыс «Қалау рай» тақырыбымен танысып, жұппен оқып, талқылайды, қорғайды.





«Мен бастайын, сен жалғастыр...» ойынын жүргізу

Бір топ шартты райда 5 сөйлеммен бастаса, екінші топ қалау райда 5 аяқталған сөйлем құрайды. Әркім бес бестен сөйлем құраған соң, шартты райды құраған бала сөйлемін бастап оқиды да, қалау райда құраған бала сол сөйлемді аяқтайды. Мысалы, бір оқушы: «Мен сабақ оқысам,....», деп оқыса, екінші оқушы «сен 5 алғың келеді» деп аяқтауы мүмкін. Кейде сөйлемдер сәйкеспеуі мүмкін.

Қолдану


Оқулықпен жұмыс. 158-жаттығу, 159- жаттығуды орындау


Жеке жұмыс. Оқушылар 158-жаттығу орындайды. Қалау рай етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын ажыратыңдар:

ішкіміз келеді- 1-жақ, көпше; көргіміз келді-1-жақ, көпше; жақсылап сақтағайсың-2-жақ, жекеше.

Білгізгейсің- 2-жақ, жекеше, түйгізгейсің-2-жақ, жекеше. Жаумаса игі еді- 3-жақ, жекеше.

159-жаттығу. Етістіктерді жіктейді

Жекеше Көпше

1жақ менің көргім келді көргіміз келді

2 жақ сенің көргің келді көргілерің келеді

көргіңіз келеді көогілеріңіз келеді

3 жақ оның көргісі келді көргілері келеді

Жеке жұмыс



Бағалау №4. Дәптер алмасып бағалау





«Әке мен бала» видеоролигін көрейік. Оқушыға мәтінді тыңдап, талдауға дайындалуды тапсырамын.

Видеороликті көреді, талдайды, түсіндіреді. Бағалау: №5

Стикерлерге ұсыныстарын жазып, «Екі жұлдыз, бір тілекпен» досын бағалайды

Талдау


Мәтіндегі қалау райлы тауып, синтаксистік және морфологиялық талдауды тапсырамын.

Жұптаса отырып синтаксистік және морфологиялық талдайды.

«Есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың».

Бағалау №6

Жинақтау


Сәйкестендіру картасын толтыру


Сәйкестендіру картасымен жұмыс жасайды.

Етістік

Етістік түрі

Келе жатыр

Бұйрық рай

Шықса

Қалау рай

Бергейсің

Шартты рай

Жазып кел

Ашық рай

Бекіт

Тұйық етістік

айналу

Бұйрық рай




Бағалау

Кері байланыс сұрақтары:

  • Топта жұмыс істеген ұнай ма?

  • Кімнің жұмысы ұнады? Неліктен?

  • Бірлескен жұмыстан не алдыңдар?

  • Бүгін сабақта не білдің?

  • Не қиын болды? Нені түсінбедің?

  • Әрі қарай не істейсің?



Үйге тапсырма беру

Шығармашылық тапсырма: етістіктің қалау райын қолданып, эссе жазу «Менің арманым»

Табыс критерийлер: 1. Мазмұнын ашу-1 2. Каллиграфия-1 3.Өзіндік идея-1 4. Сауаттылық -1 5. Етістіктерді қолдануы-1


ДОЖЖО: Алибекова Л.Е.

Әке мен бала

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

—Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.

Бала әкесіне:

— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.

Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:



— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.
Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет