Мектеп оқушылары арасында 2017 жылғы өтетін дәстүрлі Халықаралық «Ясауитану» байқауының сұрақтары



Дата26.06.2018
өлшемі17,49 Kb.
#44499
Мектеп оқушылары арасында 2017 жылғы өтетін

дәстүрлі Халықаралық «Ясауитану» байқауының сұрақтары


  1. Қазақ хандарының хан сайлану рәсімі қалай өтетін болған?

  2. Түркістан қаласында ұйымдастырылған ауқымды шараларды атаңыз

  3. Түркістан түркі халықтарының мәдени астанасы аталу себебі.

  4. Түркістан қаласының даму кезеңдері туралы не білесіз?

  5. «Мединеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет» сөзіне талдау жасаңыз?

  6. Түркістанды ең алғаш Қазақ хандығының астанасы ретінде бекіткен ханды атаңыз, қай ғасыр?

  7. Орта ғасырлық Сауран қаласы жайлы баяндаңыз?

  8. Салауат сөзінің мағынасы қандай?

  9. Дүниенің соңына түсіп, біреудің ақысын жегендердің тартар жазасы қандай?

  10. Түркістанда билік жүргізген қазақ хандары туралы айтып беріңіз?

  11. Түркістан 2017 жылы қандай мәртебеге ие болды. Өткен шаралардың маңыздылығын атап өтіңіз?

  12. Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласындатуған жер туралы баяндаңыз

  13. Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында ұлттық салт-дәстүрлер жайлы баяндаңыз

  14. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген 21 хандардан кімдерді білесің?

  15. «Мұнафық» сөзінің мағынасын ашып, хикмет пен аңыздан мысал келтір?

  16. Әмір Темір жайлы әңгімелеңіз.

  17. Түркістанды астана еткен ең атақты хандарды атаңыз

  18. Қаз дауысты Қазыбек бидің өмірі мен ел үшін атқарған қызметі? 2017 жылы қанша жылдығы тойлануда?

  19. «Насабнама» қолжазбасының авторы? Ол қолжазбада не айтылады?

  20. Салқам Жәңгір ханның билігі жөнінде қандай мәліметтер бар?

  21. Қожа Ахмет Ясауи ілімінің түркі халықатарына тигізген әсері жайлы баяндаңыз

  22. Түркістан қаласының тарихи атаулары қандай?

  23. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық мұражайы туралы баяндаңыз?

  24. Пейіш пен тозақтың айтысы туралы хикметтің мазмұнын баяндаңыз?

  25. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы?

  26. Ясауи бабамыз және ғашықтық.

  27. Шақшақ Жәнібек батырдың өмірі мен ерлігі

  28. Хикметтерде қай сахабалар мен пайғамбарлардың аттары аталады?

  29. Соңғы шығармалары Абылай кезіндегі Қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат көзі болып табылатын XVIIІ ғасырда өмір сүрген белгілі жырау? Оның қандай толғаулары бар еді?

  30. Қожа Ахмет Ясауи хикметтерде пайғамбардың қасиеттерін қалай сипаттайды?

  31. Кесенедегі Үлкен Ақсарай бөлмесі жайлы не білесің?

  32. Тәуке ханның Жеті жарғысы хақында не білесіз?

  33. Әмір Темір Қ.А.Ясауи кесенесіне арнап жасатқан шырағдан жайлы айтыңыз?

  34. Хикметтерде адамның рухани кемшіліктері туралы не айтылады?

  35. Әмір Темірдің кесенеге сыйға тартқан тартулары қандай?

  36. Ясауи еңбектерінде адамның қандай жаман әдет-қылықтардан аулақ болуы жайлы айтады?

  37. Түркістан қаласы мен аудандағы қандай әулиелі жерлерді білесің?

  38. Бөгенбай батыр туралы әңгімелеңіз?

  39. «Жүрек көзі» ұғымын хикметтер арқылы түсіндіріңіз?

  40. Тайқазанның жасалған уақыты, оның құрамы, жасаған шебердің аты және Тайқазан Эрмитажға әкетілген уақыты, әкелінген жылы, себебі?

  41. Абылай ханның өмір жолын Түркістан қаласына қатыстыра отырып және қасындағы кеңесшілері туралы баянда.

  42. Қожа Ахмет Ясауидің қандай еңбектерін білесіз? Осы кітаптардың өзара ерекшелігі?

  43. «Әнтәл хәди» сөзінің мағынасын ашып, тура жолдың мұсылмандар үшін маңызы қандай екендігін түсіндір?

  44. Орыс әскерлерінің Түркістанды жаулап алуының зардаптары?

  45. Баба Машын Ясауиге қалай шәкірт болды?

  46. Түркістанда билік құрған қазақтың алғашқы ханы кім болды, ол туралы не білесіз?

  47. Түркістандағы моншаның салыну тарихы?

  48. Аңыздарда есімдері жиі аталатын Ясауидің бес шәкіртін атаңыз?

  49. Кесененің салынуы туралы қандай аңыз-әпсаналар бар?

  50. Рабия Сұлтан Бегім және оның кесенесінің тарихы?

  51. Қожа Ахмет Ясауидің әкесі мен анасы туралы аңызда қалай айтылады және Ясауидің алғашқы ұстазы кім болған?

  52. Түркістан маңындағы Ясауиге туыстас адамдардың мазарлары жайлы не білесің?

  53. Түркі халықтарының Қожа Ахмет Ясауиге құрмет көрсетуінің себебі?

  54. Вакуфтық құжат туралы не білесің?

  55. Қандай оқиғадан кейін Қожа Ахметтің есіміне Ясауи деген тіркес жалғанып айтылатын болды?

  56. Хикметтерде ақырзаманның белгілері қалайша көрініс тапқан?

  57. Қожа Ахмет Ясауидің ұлы Ибрахим шайх туралы әңгімелеңіз

  58. Түркістан қаласы – Қазақ хандығының астанасы болып қай ханның тұсында жарияланды?

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет