Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің тақырыптық перспективті жоспары



бет1/9
Дата08.09.2017
өлшемі1,79 Mb.
#30699
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің тақырыптық перспективті жоспары

Айы

Білім беру саласы

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы

Апта тақырыптары

Сағат













«Білімің - бұлағым»

2




Қыркүйек

Шығармашылық

«Армысың, әуен»

«Нота үйренейік» «Көңілді ырғақтар» «Біздің аспаптар»

2

2

2















«Күзгі серуен»

2













«Жомарт күз»

2




Қазан

Шығармашылық

«Алтын күз»

«Күзгі жаңбыр»*

2













«Сүйікті қалам

2




Қараша

Шығармашылық

«Тәуелсіз Қазақстаным»

Алматы» «Гүлдене бер, Астана» «Жомарт өлкем» «Біздің рәміздер»

2

2

2

































«Егеменді елім»

2




Желтоқсан

Шығармашылық

«Қыс қызықтары»

«Орманда серуендейміз» «Қысқы әуен сыңғырлайды»

2

2














«Қыс қызығы»

2




Қаңтар

Шығармашылық

«Ертегілер елінде»

«Бауырсақ» ертегісі «Айнала ақша қар»

2

2























Ақпан

Шығармашылық

«Отбасым - бақытым»

«Менің туыстарым»

«Ақ әжем» «Ана - өмір шырағы»



2

2

2















«Домбыра сазы»

2




Наурыз

Шығармашылық

«Салт-

дәстүрлер»



«Көктем әндері»

«Наурыз - жыл басы» «Қайырлы таң»



2

2

2






Сәуір

Шығармашылық

«Біздің ән»

«Ғарыш әлеміне

саяхат» «Құстар - біздің досымыз» «Бақшадағы ән - сауық» «Ән салып, би билейміз»



2

2

2



2




Мамыр


Шығармашылық

«Біз өнерлі баламыз»

«Музыка әлеміне саяхат» «Ел қорғауға әзірміз» «Бағдаршам» «Біз мектепке барамыз»

2

2

2



2




Барлығы










64 сағат





1-2 технологиялық карталар

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Білімің - бұлағың»

Мақсаты: балалардың музыкаға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекілік: алғашқы білім күні туралы суреттер.

Сөздік жұмыс: білім, бұлақ.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Алғашқы ән сабағына лайық көтеріңкі көңіл күймен, жарқын музыка үніне лайық қадаммен музыка залына келеді. Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жылы лебіздерін, алақандарының жылуын жеткізу.

- Міне, бүгін жазғы демалыс аяқталып, оқу іс-әрекетінің басталған күні. Бір жасқа үлкейіп, өсіп, жаңа топқа келіп отырсыңдар. Қадамдарың құтты болсын, дендерің сау болып өсе беріңдер!



Балалар көңілді әуенмен залға келеді.

Балалар жазғы демалыстары туралы әңгімелеп береді.



Ұйымдастырушылық – ізденушілік

- Балалар, бүгін алғашқы білім күні. Осы кезден дүниені жан-жақты тани, көре, сезіне білулерің қажет. Біздің қазақ халқы кең далада жүріп, қазақтың киелі аспабы - домбырамен ұшқан құстың, табиғаттың, адамның бойындағы түрлі құбылыстарды ұғындыра білген. Күй - қазақтың ертеден келе жатқан аспаптық музыкасы.

Музыка тыңдау: «Қосалқа»

(Дәулеткерей).

- Балалар, музыка қандай көңіл күйде жазылған?

- Күйді ести отырып, көз алдарыңа нені елестеттіңдер?



Балалар домбыра туралы, күй туралы мәліметтер алады.

Балалар музыканы тыңдап болғансың, өз эсерлерін жеткізуге тырысады.






- Күй тыңдай отырып, белгілі бір оқиғаны елестетуге бола ма?

Бұл күйде композитор әсем көріністі

суреттеген. Сыңғырлаған қыздардың

шашбауларын, сырғаларын, әсем

жүрістерін суреттеген.

Ән айту: «Білімің - бұлағым»

(музыкасы мен сөзін жазған

Т. Қоңыратбай).

- Білім деген сөздің өзі дүниені, әлемді, табиғатты тану, білу. Білімді адам

- жан-жақты адам. Көп үйрену, көп білу - сауаттылықты арттыру. Бұлақ - таусылмайтын ағын су. Сондай білімді болу қажет.

Ән айтар алдында дауысты қалыпқа келтіріп, ән айту ережелерін естен шығармайық. Ойын: «Айгөлек».

Балалар екі топқа бөлініп, қол ұстасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Жеребе бойынша бір команда ойын бастайды. Әнді кезектесіп айтып, бір баланы шақырады. Ол бала жүгіріп келіп, ұстасқан қолдарды үзіп өтсе, қолдарын жіберген екі баланың қалаған біреуін өзімен ала кетеді. Егер қолдарын үзе алмаса, сол топта қалады. Қай топта бала көп қалса, сол топ жеңіске жетеді. Би: «Жұптасу биі». Балалар жұппен қимыл жасап, әуенді тыңдай отырып, әуенге ілесе қимылдар жасайды.

(«Билеп үйренейік» кітабынан)



Балалар білім туралы білгендерін жеткізуге тырысады.

Бұлақ сөзінің мағынасын естерінде сақтайды.

Балалар екі топқа бөлініп, ойынның мәтінін әуенмен айта жүріп, ойынды жалғастырады.

Балалар әуенмен бірге қимылдар жасауға тырысады.



Рефлексиялық – түзетушілік

- Бүгін қандай күн?

- Бүгін қандай музыка тыңдадыңдар?

- Күй дегеніміз не?

- Әнде не туралы айтылды?

- Қандай ойынмен таныстыңдар?

- Бүгінгі іс әрекеттің қай түрі сендерге ұнады?



Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: білім не үшін керек екенін, білімді адам қандай болатынын біледі.

Игереді: «білім», «бұлақ» деген түсініктерді.

Меңгереді: халық әуенін орындай отырып, қимылды ойын ойнауды, жұптаса би қимылдарын жасау дағдыларын.

3 - 4 технологиялық карталар

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Нота үйренейік»

Мақсаты: балаларға музыка жайында мағлұмат беру. Музыка дыбыстарының атымен таныстыру. Музыка әлеміне саяхат жасау.

Көрнекілік: бес сызық, бес сызықта орналасқан нота суреттері.

Сөздік жұмыс: бес сызық, нота.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Көңілді әуенмен музыка залында қарсы алады. Шеңбер бойымен жеңіл әуенге ілесіп, аяқты жеңіл көтеріп жүгіру. Шаттық шеңберін жасау.

Үйренсек нотаны,

Ән де саламыз.

Барлығын оп-оңай

Жаттап аламыз. - Біз сөзді оқығанда әріптерді бір-біріне қосып, сөздерді байланыстырып оқимыз. Ал ән салғанда әнді нотамен айтамыз. Нота дегеніміз - музыка дыбыстарын қағаз бетіне жазатын белгі. Ән нота арқылы жазылады. Нотаның астына әннің сөзін жазып, оны айтамыз.

Балалар музыка әуенімен залға келіп, шаттық шеңберін жасайды.

Балалар нота сауаты туралы мағлұмат алады.



Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Музыка тыңдау: «Гүлдерайым»

(қазақтың халық әні). - «Гүлдерайым» - лирикалық ән. Бұл арманына жете алмаған жігіттің әні. Халық өзінің жақсы көретін адамына,



Халық әні туралы хабардар болады. Неліктен «халық әні» аталғанын ұғынады, түсінеді.

атына, жер-суға арнап ән жазған. Ол

әндер ауызша айтылып, әнді шығарған

кісі ұмыт қалып, бұл әндер «халық әні»

аталып кеткен.



Ән айту: «До-ре-ми»

(музыкасы мен сөзін жазған Өмірбек

Байділдаев).

Нота аттарын атап өту: до, ре, ми, фа,

соль, ля, си. Қазақ тілінде 42 әріп болса,

музыкада 7 нота болады.

Ол ноталар бес сызықтың бойына

жазылады. Ноталар іші боялған, таяғы

бар, жалаушасы бар домалақ түрінде

болады. Ө. Байділдаев осы 7 нотаны

әнге қосып жырлаған.

Әннің мәтінін әуенге қосып үйрету.



Дидактикалық ойын:

«Ноталарды үйренейік.

Сольфеджио».

Балаларға нота туралы мәлімет бере отырып, нотаның орналасуына байланысты нота дыбысын табуға дағдыландыру. Би: «Жұптасу биі». Өткен сабақтарда үйреткен қимылдарды қайталап, жаңадан келесі бөлігін жалғастырып, қорытындылау, есте сақтау. Қиын қимылдарды көбірек жаттығу.



Әннің не туралы айтылғанын түсініп, нота аттарын естеріне сақтауға талпынады.

Ойынды түсіне отырып, айтуға тырысады.

Би қимылдарын ырғаққа сәйкес жасауға ұмтылады. Жұптарымен бірге қимылдайды.


Рефлексиялық түзетушілік

- Бүгін қандай ән тыңдадық?

- Кім туралы?

- Әнде не туралы айтылды?

- Музыкада неше нота бар? Атаңдар.

- Бүгінгі іс-әрекеттің қай бөлімі көбірек ұнады?

Қорытындылау, бағалау, марапаттау.



Сұрақтарға жауап беруге талпынады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: нота туралы мағлұматтарды

Игереді: нота, нота сызықтары туралы түсініктерді

Меңгереді: нота туралы түсініктерді ұғына отырып, ойнау дағдылары қалыптасады.

5 - 6 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Көңілді ырғақтар»

Мақсаты: ән арқылы балалардың бойында адамгершілік, инабаттылық сезімдерін ояту. Би музыкаларын ажыратуға үйрету.

Көрнекілік: бақытты балалардың бейнелері салынған суреттер.

Сөздік жұмыс: вальс, полька, қазақ биі.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Музыка әуенімен балаларды залда қарсы алады. Шеңбер бойында шаттық шеңберіне тұрып, Жер-анаға, Күнге, досына жылы лебіздерін жеткізеді.

Қамзол киген қынай бел

Толған ою-өрнекке.

Билеші деп сұрайды ел,

Өнерімді көрмекке. - Әсем киімдер киініп, мың бұралған бишілерді концерттен, теледидардан көріп жүрсіңдер. Би - ұлттық би, түрлі халықтар билері болып бөлінеді.

Балалар әуенмен залға келеді.

Қайырлы таң, алтын күз! Қайырлы таң, Жер-ана! Қайырлы таң, туған жерім!

Қайырлы таң, жан досым!


Ұйымдастырушылық - ізденушілік

- Балалар, бүгін біз сол билерден үзінді тыңдаймыз.

Музыка тыңдау: вальс, полька, «Қамажай».

Вальс - жұптасып, үдемелі айналуда өтетін би.

Полька - жеңіл, аяқты тізеден көтере секіріп билейтін би түрі. Қамажай - қазақ халқының ұлттық биі. Көбіне аяқты шалыс баса жүріп, жүн түту, ұршық иіру, киіз басу, айнаға қарау секілді қимылдармен би өрнектерін жасайды. Өткен іс-әрекет кезінде үйренген әндерді еске түсіріп, қайталап айту.


Балалар түрлі билерден үзінді тыңдайды.




Ән орындау кезінде ережелерді естен шығармай, қатты айғайламай, бірін-бірі тыңдап орындау.

Ән үйрену: «Көңілді балалар әні»

(Б. Дәлденбай, Е. Өтетілеуұлы).

- Әнде не туралы айтылған?

- Ән көңілді ме, әлде көңілсіз бе?

- Көңілді әндерді мажорлы, көңілсіз әндерді минорлы деп бөлеміз. Біздің шырқаған әніміз қайсысына жатады? Әннің мәтінін қайталап, әуенге ілесе айту.

Ойын: «Ән салған кім?» (А. Райымқұлова, А. Асылбек). Балалар шеңберді айнала отырады. Бір бала шетте, балаларға арқасын беріп отырады. Балалардың жеке ән салғанын тыңдап, кім екенін ажырату. Отырған бала ән салған баланың дауысын таныса, орын ауыстырады. Әуенді-қимылды қозғалыс: топты үшке бөліп, бірінші топқа вальс ырғағымен қимылдауды, екінші топқа полька ырғағымен секіруді тапсыру, үшінші топқа Қамажай ырғағының қимылдарын жасату.


Өткен іс-әрекет кезінде айтқан әндерін естеріне түсіріп, айтады. Көңілсіз және көңілсіз әндерді ажыратуға тырысады.

Дауыс тембріне сай достарының дауыстарын дәл табуға тырысады.

Би қимылдарын ырғаққа сай жасауға талпынады.


Рефлексиялық - түзетушілік

- Балалар, бүгінгі іс-әрекетімізде қандай музыка тыңдадық?

- Әнде не туралы айтылды? Ойынды жақсы ажыратқан баланы ерекше марапаттау. Қорытындылау, бағалау.







Күтілетін нәтиже:

Біледі: дауыс тембріне сәйкес балалардың дауыстарын ажырата біледі

Игереді: вальс, полька, қамажай, туралы ұғымдарды.

Меңгереді: түрлі би элементтеріне сай қимыл жасауды.

7 - технологиялық карталар
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Біздің аспаптар»

Мақсаты: ән, музыка арқылы күз көріністерін сезіне білуге, күз құбылыстарын ажырата білуге үйрету.

Көрнекілік: күздің суреті, ерте күз бен қоңыр күздің суреттері, асатаяқ.

Сөздік жұмыс: алтын күз, күз - жомарт.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Балаларды музыка залында музыка әуенімен қарсы алады. Шеңбер бойымен жүріп, шаттық шеңберін жасау.

Күзім - ау, күзім - ау,

Мінезің бұзық - ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық - ау.

Балалар музыка үніне ілесіп шеңбер бойымен жүреді. Шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Ауа райы қандай? Табиғатта қандай құбылыстарды байқадыңдар?

- Күзді қалай атауға болады?

- Күзде жауын көп жауып, күн суытады. Жемістер, көкөністер піседі. Күзді көбінесе «алтын күз», «жомарт күз» деп атайды.



Ән айту: «Күз» (Қ. Шілдебаев, И. Сапарбай).

Әнді музыка жетекшісі орындап береді. Балалардан әнде не туралы айтылғанын сұрайды. Әннің мәтінін талдап, әуенімен қосылып үйренеді. Өткен әндерді қайталау. Әнді мәнеріне келтіріп, қатты айғайламай, бір-бірін тыңдап орындау. Музыка тыңдау: «Балбырауын» (Құрманғазы).



- Құрманғазы - күй атасы дейміз (суретін көрсету). Құрманғазы

Балалар күз туралы білгендерін әңгімелеп беруге тырысады.

Әннің не туралы айтылғанын ұғып, соған орай жауап береді.






жастайынан зерек болған. Кішкене бала кезден-ақ ұшқан құстың, соққан желдің, әрбір құбылыстың өзіне мән беріп, ести білген. Бала кезінде мал соңында жүріп, кішкене домбыра жасап алып, осы естігендерін домбыраға салып тартып үйренген. «Аман бол, шешем, аман бол», «Сарыарқа», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» күйлерін шығарған. Қазір тыңдайтын күйлеріңнің аты - «Балбырауын».

- Күй қалай орындалды?

- Көңілді ме, көңілсіз бе?

Музыкалық аспаппен танысу.

- Сендер қазақтың киелі аспабы домбырамен таныссыңдар. Қазақтың ерте заманнан келе жатқан көне музыкалық аспабының бірі - асатаяқ. (суретін немесе болса, өзін көрсету). Асатаяқ - ұрып ойналатын аспап. Оған әртүрлі сылдырмақты, қоңыраулы әшекейлер қадайды. Музыка ырғағына қарай сілкіп ойнайды. Асатаяқ ансамбльдегі басқа аспаптардың үнін көркемдеп, көріктендіреді. Музыкалық аспапта ойнау: «Еркем-ай». Балалар кезектесіп шығып, әуенге ілесіп, ырғақпен сілкілеп ойнайды.



Балалар композитор туралы мағлұматты тыңдап, күйден алған эсерлерін әңгімелеп беруге талпынады.

Балалар аспаппен танысып, қолдарына алып қызықтап, әуенге ілесіп ырғақпен сілкілеп ойнауға тырысады.



Рефлексиялық - түзетушілік

- Балалар, біз қандай жыл мезгілі туралы айттық, қандай композитормен таныстық?

- Қандай күй тыңдадық? Ол күй не туралы?

- Қандай аспаппен таныстық. Қорытындылау.


Жалпы іс-әрекеттен алған эсерлерін айтуға тырысады.


Каталог: uploads -> doc -> 040d
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
040d -> Мерзiмі: 26. 11. 2015жыл. Тақырыбы: Қарым-қатынас мәдениеті Құндылығы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет