«Мектептегі өзгерістің әсері» тақырыбындағы эссе. Тәлім алушы А. И. Елемесов



Дата26.02.2020
өлшемі13,98 Kb.
#59038
Байланысты:
Эссе Елемесов А.И. тәлім алушы

«Мектептегі өзгерістің әсері» тақырыбындағы эссе.

Тәлім алушы А.И.Елемесов

Мектеп директоры А.Ж.Калиева «ШЖМ басшыларының біліктілік арттыру курсында» басшы ретінде біліктілігін арттыруда. Айгуль Жакуповна курстан кейінгі тәжірибеге келгеннен кейін мектепте «Өзгеріс тобын» құрудан бастады. Ол өзгеріс тобына деңгейлік бағдарламаны меңгерген ұстаздар, ӘБ жетекшілері және тәлім алушылар кірді. Мен де директордың оқу ісі орынбасары әрі І деңгей бағдарламасын меңгерген ұстаз ретінде сол топтың құрамына кірдім. Айгуль Жакуповна жұмыс бағытымен таныстырып, мені тәлім алушы ретінде бекітті. Тәлім алушы ретінде таңдалғаныма қуандым. Себебі мен жаңашылдықпен қатар жүргенді, жаңа бастамаға араласқанды ұнатамын. Тәлімгерімнен бір айдың ішінде аларым көп болды. Жаңаша әдіс-тәсілдерді өз қоржыныма қоса алдым. «Сабақты зерттеу» тобына модератор ретінде бекітілдім. 8 сыныпта тізбектелген 3 сабақты жоспарлап өткіздік. Сабақтың проблемасын аңықтауда «балмұздақ әдісі» көмекке келді. Соның арқасында сабақты зерттеу жұмысына бағыт алдық. Сабақты зерттеу жұмысы менің әріптестерімен сабақты жоспарлауда өзара ой-пікір бөлісіп, тәжірибе алмасуға, жаңаша әдіс тәсілдерді ортаға сала отырып тиімдісін таңдауына мүмкіндік берді. Сонымен қатар сабақ өткізген жас мамандардың өздеріне сенімділігін артқанын байқадым. 8 сынып оқушыларында да өзгеріс байқалды. Олардың да өздеріне деген сенімділікті байқадым. А деңгейіндегі оқушымыз В деңгейіне, В деңгейіндегі оқушымыз С деңгейіне жетті. Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі артты, ұмтылыстары да ерекше болды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болғандықтан оқу процесіндегі осындай өзгерістердің алға ілгерілеудің жүруі мені әріне қуантады. Сабақты зерттеу жұмысын жүргізуде әлі де жетілдіретін жақтары бар деп есептеймін. Ол үшін әлі де ізденіс, топтық талдау, талқылау қажеттілігі туатыны сөзсіз.

Мұғалімдермен жұмыста коучинг өткіздім. «Сабақтағы кері байланыс және мұғалімнің рефлексиясы» тақырыбында өткізген сабағым пробемалы, маңызды таңдап алынды деп ойлаймын. Себебі жаңартылған білім беру бағдарламасымен үшінші оқу жылы жұмыстанып жатқанымен білмейтін, кемшілік тұстарымыз әріне бар. Ол сабақ үдерісінде тиімді кері байланысты алу. Бұл жолы маған А.Әлімовтың «Қалай оқу керек» оқулығы көмекші құрал болды. Сол оқулықтың арқасында мен мұғалімдеріме сабақтың әр кезеңінде кері байланысты қалай алуына болатынын, сұрақты қалай қоюға болатындығы туралы мағлұмат бере алдым. Бұл куочингтің сәтті тұсы Бастауыш сыныптар ӘБ көрсеткен көрсетілім деп білемін. Рольдер тамаша ойналды. Ол жерде мұғалімнің сабақтан кейінгі сабаққа рефлексия жасау сәті көрсетілді. Коучингтің өтілуіне әріптестерім оң баға берді. Оны «бес саусақ» әдісі арқылы берген рефлексиясынан ұстаздарымның кері байланыс пен рефлексияның айырмашылығын түсінгендігін ұқтым. Коучингтің сәтті тұстары: жоспарға сай өткізілуі, топтарда сенімді қарым-қатынастың орнауы, мұғалімдердің оң баға беруі



«Сабақты зерттеу – тәжірибені дамытудағы ынтымақтастық тәсіл» тақырыбындағы екінші коучингті ЖҚ аясында өткен семинарда ұйымдастырдым. Коучингкке көрші ауылдың мектептерінен мұғалімдер келіп қатысты. Өзара тәжіирбе алмасу, өй бөлісу болды. Өз мектебімізде өткен сабақты зерттеу жұмысымен таныстырдым.Коучингтің сәтті тұстары: коучинг жоспарға сай ұйымдастырылды, топтарда сенімді қарым-қатынас орнады, рефлексия арқылы мұғалімдердің өз қоржындарына көп жаңа ақпаратты ала алғандығы, куочинггке оң баға берілуі. Бұл коучингтің басқалардан ерекшелігі зерттеуші топтың жұмыс жасауы болды. Бұл коучингтен де жақсы әсер алдым. Себебі кері байланыс, рефлексия беруде оң баға берілді.

Мектепте өткізілген бұл шаралардан өзіме үлкен әсер алдым. Өзгерістің мектеп үшін қажет деген қорытындыға келдім. Директорлық курстың маңыздылығын түсіндім. Бірлескен жұмыстың жүргізілуінің арқасында үлкен жетістіктерге жетуге болады деген ойдамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет