Мемлекеттік басқару проблемаларын жете түсіну үшін қазіргі менеджмент теориясының кейбір жайларын білу аса тиімді және қажет



бет1/9
Дата15.09.2017
өлшемі2,78 Mb.
#32745
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Алғы сөз
Әрбір қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында басшылықтың алатын орны ерекше екендігі анық. Жаңа замандағы жаңа Қазақстан үшін талабқа сай басшылықты қалыптастыру қазіргі өзекті мәселелердің бірі.

Менеджмент экономикалық механизмнің әдістерін қолдану мен ресурстардың жиынтығын тиімді пайдалану жолымен нақты қойылған мақсатгарда жүзеге асырылады. Осыдан менеджментті нарықты экономика жағдайындағы басқару ретінде қарастыруға болады. Әр түрлі тең жағдайлар кезінде бұл мынаны білдіреді:

а) кәсіпорынның (фирманың) нарық сұранысы мен ұсынысына бейімділігі, нақты тұтынушылар сұранысқа ие болатын және табыс әкелетін онім түрлерінің өндірісін ұйыдастыру;

б) ондіріс тиімділігн жоғарылатуға үнемі ұмтылу: жиынтық шығындардың минимумы — оңтайлы нәтижелер;

в) шаруашылық дербестік (бұл экономикалық бостандықтың және шешім қабылдау еркіндігінің ең бастысы).

Мемлекеттік басқару проблемаларын жете түсіну үшін қазіргі менеджмент теориясының кейбір жайларын білу аса тиімді және қажет.

Менеджментке деген кең көлемдегі қоғамдық қызығушылықтың пайда болуы менеджментгің мекетептері мен бизнес мектептерінің ерекшеліктерімен дамуына байланысты.

Көптеген дамыған елдердің іс тәжірибесі көрсетіп отырғандай, басқарудың мұндай мәдениетті жүйесі өндірістің тиімділігін, динамикасын арітырады және оны тұтынушыллардың әр түрлі талаптарына сәйкестендіреді. Міне сондықтан да осы басылымды өзірлеу үстінде менеджмент пәніне талдау жасап, оның негізгі мәселелерін оқырмандарға түсіндіріп беруге тырыстық.

Кез келген елді экономикасының жағдайын 3 негізгі фактор анықтайды: техника және технология денгейі, жұмыс күшінің сапасы және еңбекке ынталандыру, менеджмент (өндірісті ұйымдастыру және басқару). Бірақ менеджменттің жағдайы техника, технология деңгейіые және жұмыс күші сапасына ықпал етеді. Сондықтан Альфред Маршалл басқаруды өндірістің 4 — ші факторы ретінде атап кеткен.

Казіргі кезден басқару факторларының маңыздылығының өсуі және осыған орай, басқару функңияларын орындайтын адамдардың ролін және әлеуметтік статусын көтеруі, басқару революңиясы концепциясының пайда болуына әкеп соқты. Ол концепция бойынша билік меншік иесінен басқарушыларға өтеді.

Бірақ менеджментке байланысты барлық мәселелерді қысқаша баяндап ші.іғу мүмікн емес. Ұсынылып отырған оқу құралында менеджмент теориясының негізгі тақырыптары тгілқыланып қарастырылды.

Бұл оқу құралы жоғарғы және орта оқу орындарындағы студенттер мен оқытушыларға араналған. Өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жоғарғы деңгейдегі басшыларға, сондай — ақ басқару негіздерін түсінуге құштар болған қалың жұртшылыққа осы кітап арқылы жаңа мүмкіндіктер туғызуға болады деп есептейміз.

Болашақта авторлар басылымның мазмұны мен сапасын жетілдіре беру жөнідегі жұмысты одан әрі жүргізетін болады және оны жақсартуға, кеткен кемшіліктерді жоюға сегггігін тигізетін ескертпелер мен ұсыныстардың бәріне алдын — ала алғыстарын білдіреді

Мазмұны

Алғы сөз........................... ..............................................3

Кіріспе ........................ ....................................................................................9

Тақырып 1. Менеджменттің мәні мен мазмұны......................................... 11

1. Менеджмент туралы түсінік, оның мазмұны......................................... 11

2 Менеджер іс-әрекеттерінің бағыттары.................................................... 18

3 Менеджерге қойылатын талаптар............................................................22

4 Менеджменттің негізгі мектептері ..........................................................26

Тақырып 2. Ұйымдастыру - басқарудың объектісі және субъектісі...........34

1 Ұйымдар түсінігі және оның негізгі түрлері...........................................34

2 Ұйымдардың жалпы сипаттамасы............................................................35

3 Басқарудың негізгі деңгейлері..................................................................40

4 Кәсіпкер және кәсіпкерлікті басқару........................................................44

Тақырып 3. Басқаруды ұйымдастыру құрылымдарының негізгі нысандары.....................................................................................................47

1 Басқаруды ұйымдастыру құрылымдарын тұрғызудың үйлесімді белгілері және әсер ету факторлары...........................................................................47

2 Басқаруды үйымдастыру құрылымдарының негізгі типтері..................... 52

3 Құрылым типтерінің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері............60

Тақырып 4. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы..................................... 67

1 Ішкі өзгермелі факторлар 67

2 Ішкі өзгермелі факторлардың өзара байланысы 74

3 Тікелей және жанама әсер ету ортасы 80

4 Сыртқы ортаны талдау әдістері 85

Тақырып 5. Ұйымдағы коммуникаңия 90

1 Басқарудағы коммуникаңияның ролі 90

2 Коммуникациялық процесс, элементтері және кезендері 94

3 Коммуникацияның түрлері 99

Тақырып 6. Басқару жүйесіндегі басқарушы шешімдер 105

1 Шешім қабылдау процестерінің табиғаты 105

2 Басқару шешімдерінің түрлері 111

3 Шешім қабылдау үлгілері мен әдістері 117

Тақырып 7. Басқару қызметінің мазмүны 122

1 Процесс ретіндегі басқару функциялары 122

2 Жоспарлау түсінігі мен оның қүрамы 128

3 Стратегиялық және тактикалық жоспарлау 131

4 Ұйымдастыру - басқару функциясы 145

Тақырып 8. Басқару саласындағы ынталандыру 156

1 Ынталандыру түсінігі, оның маңызы және эволюциясы 156

2 Ынталандырудың мазмұнды теориялары 160

3 Ынталандырудың процессуалды теориялары 166

Тақырып 9. Басқару жүйесіндегі бақылау 170

1 Бақылаудың мәні мен мазмұны 170

2 Бақылау процесі және оның кезеңдері 177

3 Тиімді бақылау сипаттамалары 180

4 Бақылау мен жоспарлаудағы ақпараттық - басқару жүйелері....182 Тақырып 10. Жеке адам арқылы басқару және топ арқылы басқару. 185

1 Ресми және бейресми топтар 185

2 Бейресми ұйымның дамуы 188

3 Топтың тиімді жұмысына әсер ететін факторлар 192

Тақырып 11. Басшылық: билік және жеке ықпал 196

1 Билік, ықпал ету, лидер 196

2 Билік және ықпал ету формалары 199

3 Көз жеткізу және қатысу 203

Тақырып 12. Лидерлік: стиль, жағдай, тиімділік 205



  1. Лидерлік теориясы 205

  2. Басшылық стиль түрлері 207

  3. Нәтижелі дидерлікті ситуациялық жағынан қарастыру 211

Тақырып 13. Басқарудағы қайшылықтар 218

1 Ұйымдағы қайшылықтар табиғаты 218

2 Қайшылықты ситуацияны-басқару 224


  1. Күйзеліс 226

Тақырып 14. Қазақстандағы менеджменттің қазіргі мәселелері 231

1 Қазіргі кездегі менеджмент түсініктері 231



  1. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындар менеджменті. 245

3 Әлемнің дамыған елдеріндегі менеджментке қазіргі заман тұрғысынан көзқарас 253

Глоссарий 266

Қолданылган әдебиеттер тізімі 271

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында басқару жүйесінде терең өзгерістер жүріп жатыр. Осыған байланысты маңызды басым бағыттардың бірі болып білім беруді гуманитаризациялау, оның нақты адамдардың қажеттіліктер мен сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталуы табылады.

"Менеджмент" түсінігі шет тілінен аударғанда - өндірісті басқару, басқаша айтқанда өндірісті басқару қағидалары мен әдістері, қүралдары мен формаларының жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Олар өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатымен жасалып қабылданады. Ал осы түсініктемеге сәйкес " менеджер" дегеніміз - өндірісті жүргізу және қызмет көрсету саласындағы үйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бар іскер адам, өз ісін егжей -тегжейлі білетін мамандандырылган басшы.

Менеджмент — сонымен қатар осы қызметті жүзеге асыруға көмектесетін білім. Менеджер - басқару қызметін жүзеге асыратын адамдар категориясы. Ең бастысы - өзінің менеджментке тиісті кәсіпқойлығын сезіну, менеджментке қатысты бірқатар стандарттарды және білім жиынтығын меңгеру.

Менеджментке деген кең көлемдегі қоғамдық қызығушылықтың пайда болуы менеджменттің мектептері мен бизнес мектептерінің ерекшеліктері мен дамуына байланысты.

Көптеген дамыған елдердің іс-тәжірибесі көрсетіп отырғандай басқарудың мүндай мәденитті жүйесі өндірістің тиімділігін, динамикасын арттырады және оны түтынушылардың әр түрлі талаптарына сәйкестендіреді.


9
Міне сондықтан да осы басылымды әзірлеу үстінде менеджмент пәніне талдәу жасап, оның негізгі мәселелерін оқырмандарға түсіндіріп беруге тырыстық.

Бірақ менеджментке байланысты барлық мәселелерді қысқаша баяндап шығу мумкін емес. Ұсынылып отырған оқу құралында менеджмент теориясының негізгі тақырыптары талқыланып қарастырылды.

Бұл оқу құралы жоғарғы және орта оқу орындарындағы студенттер мен оқытушыларға арналған. Өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жоғарғы деңгейдегі басшыларға, сондай ақ басқару негіздерін түсінуге құштар болған қалың жұртшылыққа осы кітап арқылы жаңа мүмкіндіктер туғызуға болады деп есептейміз.

Болашақта авторлар басылымның мазмұны мен сапасын жетілдіре беру жөніндегі жұмысты одан әрі жүргізетін болады және оны жақсартуға, кеткен кемшіліктерді жоюға септігін тигізетін ескертпелер мен ұсыныстардың бәріне алдын ала алғыстарын білдіреді.

1. Менеджменттің мәні мен мазмұны



  1. Менеджмент туралы түсінік, оның мазмұны

  2. Менеджерге қойылатын талаптар

  3. Менеджменттің негізгі мектептері

І.І.Менеджмент туралы түсінік, оның мазмұны

Бұған дейін біз бизнесті тек "өзінің қара басына пайда табушылар", ал маркетингті — "жеке өзіне ғана пайда табу мақсатында өндірісті басқару мен тауар өткізу жүйесі" деп есептеп келдік.

Бұрьгн "менеджмент" және "менеджер" ұғымдары қанаушылық немесе қанаушы тап өкілі ретінде қолданылды. Ал қазір бұл сөздер жалпы бұқаралық мәнге ие больгп, адамдардың әлеуметтік биік дәрежесін, олардың арнайьг қьгзмет түріне жататындығын бейнелейді.

Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда "басқа біреу арқьглы өз мақсатьгна жету" болып шығады екен. Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді.

"Менеджмент" (басқару) ағьглшын сөзі, оның түп төркіні гректің "монус", яғни "қол", "күш" деген сөзінен шығьгп, алғашында мал бағу саласьгнда, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шебер/\ігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қьгзметінің саласына ауьгсып, адамдарды басқарудың және үйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Ағьглшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:



    1. Адамдармен қарым-қатьгнас жасау әдісі, үлгісі;

    2. билік және басқару өнері;




  1. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

    1. басқару органы, бөлігі.

Күнделіісті тұрмыста меиеджмент сөзі белгілі бір үйымдағы барлык, ф\амдардың қызметіне басшылық етумен шүғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіітті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент үғымы түрліше түсіндіріледі.

Нгер менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. У. Тейлордың пікірінше менеджмент ережелер мен принциптерге иеғізделген іргелі дәл шынайы ғылым дегі есептелсе, Ф. Друкердің түсіндіруінше - жоғарыда аталған злементтері бола түрса да, менеджмент ғылымнан гөрі, практикаға жуықтау. Ол менеджмент үғымына кең мағынада түсінік беруте қарсы болып, оны іскерлік, кәсіпкерлікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

)Менедлсмент үғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек

түсінік береді. Бүлар батыстағы іскерлік әлемге "Бизнес пен

менедлшентгі үйымдастыру» кітабының авторы ретінде танымал.

Олар былай деп жазады: "Кең мағынада әлеуметтік тұрғыдан

қарағанда менеджмент дегеніміз адамдарға тән тенденцияда топты

қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай

топтың мысалы ретінде үкіметті, алуан түрлі клубтарды және іскер

кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның

өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осьт тұрғыдан алғанда

менеджментті тәсь\дер жиынтығы ретінде қарастыруға болады, әрі

сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді".

Басқарудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар топтарының алуан түріне түрліше қолданылғанымен оның түп негізі, мағынасы сол қалпында

сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджмент негізгі 6 түрге тармақталады:


      1. Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

      2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

      3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

      4. Құрама одақтық (ассоциялық) немесе клубтық менеджмент.

Мемлекеттік мекемелер секілді мұнда да қызметкерлер тобының іс- әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

      1. Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.

      2. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес- менеджменттің арнайы түрі.

Жеке меншік іскерлік кәсіпорын функциясына менеджментпен қоса, менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді. Петерсон мен Плоумен былай деп атап көрсетеді: менеджменттегі мұндай өзгешеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы "негізге алынатын түсініктерге" сүйенеді. Осы айтылғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырады, өйткені соңғы айтылғандардың алуан гүрлілігінде шек жоқ.

Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді.


Гальвецияның пікірінше, басқару процесі - өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайға қарап ғылымды тиісінше (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізінен) қолдану. Тіпті маман болмағанның өзіндеде, біздің кез келгеніміздің басқару ғылымы мен өнері туралы азын - аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз.

Менеджмент — нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.

Көрнекті американ экономисі В.В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша "Менеджмент - бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласындағы жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы".

Қазіргі кезеңдегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойындағыдай іс-әрекетімен, басқарумен, -дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасаумен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.

Менеджменттің бірнеше ұғымы бар. В. Хайер өзінің «Европада бизнес қалай жасалады?» кітабында былай деп жазады: "Менеджмент — бұл жұмыс істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы. Егер батыста кез келгең кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар".

Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық. Кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылар немесе менеджмент арқылы ғана әрекет ете алады.

Жеке кәсіпорыдардың өздерінің құқықтық формаларына қарамастан, тиісті басшылығы болуы керек. Басқадай басқару түрлерінен іскер кәсіпорын менеджментінің айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның басқару міндеті, тауар өндіру немесе қызмет көрсету әрекеттері болуы, басқаша айтқанда, жұртшылықтың қажетін өтеу немесе рынок арқылы әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыруы. Өндірістік кәсіпорындағы менеджменттің басқа ұйымдардан озгешілігі, олар өзінің барлық шешімдерінде экономикалық түсінікті басшылыққа алуы тиіс. Оның өмір сүруі мен мәртебесі қызметінің экономикалық нәтижелілігімен негізделеді.

«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез-келген әрекет, кез-келген шешім, - бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігі және менеджерлердің іс-әрекеттерінің экономикалық табыстылығын экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.

Менеджменттегі басты нәрсе - менеджердің өзіне кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қоюы («алдын-ала мақсат қойған менеджмент»). Ескі стильдегі кәсіпорын басшылығынан менеджердің түбегейлі өзгешілігі де осында.

Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны - қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру. Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағалы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.


Капиталист бұл функцияны менеджерге ақыл-ой жұмысын тапсыру
үшін емес, басқару еңбегі ең алдымен ерекше мамандық екендігіне
және де онымен тек білікті мамандар ғана тиімді айналысатындығына
көзі жеткендіктен беріп отыр. "Менеджерлер деп аталатын
басқарушы топтардың өкілдері барлық фирмаларда жұмыс істейді.
Өзінің офицерлері мен унтерофицерлерін қажет ететін армия
секілді. - деп жазды Маркс, бұқара жұмысшылар үшін дәл осындай
өнеркәсіп офицерлері, басқарушы менеджерлер қажет болды".

Қазіргі мемлекеттік-монополистік капитализм жағдайында


экономикалық және ұйымдық-басқару процесінің күрделенуі
монополияньщ басқару аппараты санын сөзсіз арттырады.

АҚШ-та 1935 жылы өнеркәсіп өндірісінде істейтіндердің оннан


бірі инженер-техник қызметкерлері мен қызметшілері болса, қазіргі
кезде бұл басқару қызметкерлерін 3 категорияға бөлуге болады.

Топ менеджменті - басқарудың жоғарғы буыны. Жш сайынғы


анықтамалық басқармада бұған директорлар кеңесінің төрағасын,
президентті, аға вице-президенттерді, фирмалардың вице-
президенттерін, сондай-ақ бақылаушылар мен қазынашыларды
жатқызады. Жоғарғы басқару қызметкері компанияның жалпы
стратегиясын жасаумен, болжаумен және ұзақ мерзімдік
жоспарлаумен, кадр саясаты мәселелерін шешумен, сыртқы
кәсіпорындармен байланыс орнатумен шұғылданады. Осы деңгейде

өнім ассортиментінің өзгеруі, өтім рыногы, өндіріс қуатын ұлғайту,


шетелдерде бөлімшелер ұйымдастыру т.б. мәселелермен
шұғылданады.

Мугеле менеджменті - өндіріс бөлімшелері мен функциялық


қызметтің ортаңғы меңгеруші басшылары, завод директорлары,
олардың орынбасарлары т.б. оперативтік жұмыстарға, ғылыми
зерттеулерді жоспарлау мен ұйымдастыруға, өндіруге және өткізуге,
есеп және бақылауды жолға қоюға, кадр саясатын жүзеге асыруға

Кәсіпорын - ең алдымен адамдар. Осыдан келіп терминнің 3-ші анықтамасы шығады: менеджмент — бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорындағы адамдар өндірістік процестің ең маңызды элементі болып саналады. Жаңа кәсіпорынды құрарда, жаңа инвестицияны жұзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды капиталдар рыногынан алуға болады. Ал, өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу күрделі іс. Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне, жаңа рыноктарды игеруіне негіз болып жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларды ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз - ұжым жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық 'қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.

Сонымен менеджменттің 2 ұғымы бар.


  1. ұғым. Менеджмент — бұл басқару, басшылық ету органы.

  2. ұғым. Менеджмент - бұл адамдарды басқару (әрекет).

К. Маркс «Капиталда» былай деп жазды. Капиталистің жеке меншігіндегі кәсіпорынды арнайы мамандар басқарады, оларға еңбек ақы төленеді. Бұл менеджерлер деп жазды К. Маркс, капиталистік кәсіпорында сол кәсіпорын біршама іріленгенде, мұндай басқарушының жұмысы өзін-өзі ақтағанда пайда болды. Өндірісті басқарғанда жалдамалы қызметшілерді пайдалану, әрине капиталистік формацияларға дейін де болған. Маркс Аристотельге сұйене отырып құл иеленуші басқару функциясын басқа адамға жүктеп, өзіне ауыртпалықты түсірмейтінін атап көрсетті: «Бұл мырзалар мынадай ауыртпалықты (яғни басшылықты) қаламаған жағдайда, бұл міндеттің бір бөлігін бақылаушыға жүктейді де, олардың өзі мемлекеттік іспен немесе философиямен шұғылданады».
жауап береді. «... дәстүрлі ортаңғы басшылардың жұмысы, - деп есептейді Ф. Друкер, - көп жағдайда бір салалы болып келеді. Оған шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Оның міндеті қабылдаған шешімді жүзеге асыру. Көпшілік жағдайда ортаңғы басшылар жергілікті жағдайды ескере отырып шешімді орындауы тиіс».

Ловер меиеджменті — басқарудың төменгі буыны, төменгі басшылар — цех жетекшісі, өндірістік учаске бастығы, мастерлер, функциялық қызметтегі секторлар мен топтардың басшылары, - жұмысшыларға тікелей басшылық етеді.

«Босс» және «менеджер» ұғымдарын бірдей деуге болмайды. Меншік иесі мен басқарушы, бұлар әдетте мүлде бөлек жандар. Басқарушының меншік иесінен өзгешелігі, олар — жұмыскерлерді компанияға адал болуға, әр түрлі әлеуметтік дау дамайды басу, компания мақсатына жету үшін бар ақыл-ой энергиясын жұмыддыра білуі керек,

1,2.Менеджер іс әрекеттерінің бағыттары

Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген бір нәрсені реітеу, меңгеру, басшылық ету деген ұғымды білдіретінін айтып еттік. Мөселен, тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол әрине менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.

Менеджер — ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер.

Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен, американдықтардың түсінігінде, мұндай адамдар қатарына өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нактылы жұмыстарын ұйымдастырумен айналысатындар жатқызылады.

Европалықтардың түсінігінше, менеджер қазіргі тәсілдерді басшьілыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.

«Менеджер» - бұл жауынгер, оның үрей,\енуге және қателесуге қақысы жоқ, өзінің жеке мүлдесін фирма мүмесіне бағындыра білуге, өзінің жанұясы - фирманың гүлденуі үшін күресуге әзір болуға тиіс. Жапониядағы менеджерлер мектебінің негізгі жапон корпорацияларьгаың болашақ басшыларын дайындайтын арнайы оқу орындарының жүздеген таңдаушылары осы өсиетті күн сайын қайталайды.

Менеджер табиғатына Ф. Друкер өзінше сипаттама берді. Оның пікірінше, менеджер арнайы 2 міндетті атқарады және де бұл міндеттер кәсіпорын іскерлерінің ешқайсысында жоқ. Оның біріншісі - қолда бар ресурстардан «нағыз тұтас» өндірістік бірлік құру. Бұл жағынан алғанда менеджер оркестр дирижерына ұқсас. Алайда дирижердың қолында композитор жазған партитура болады да, ол оны түсіндіріп берумен шектеледі, ал «менеджер» әрі композитор, әрі дирижерлік қызметті атқарады

Екінші міндетке - кез келген шешімді қабылдап, іс-әрекетіне кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қоса кәсіпорынның болашағы, перспективасы туралы да ойланып — толғануы жатады. Әрбір менеджерге — деп атап көрсетеді Ф. Друкер, - өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істерді атқаруына тура келеді. Алайда барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеттері болады.

Бірішпідея, менеджер кәсіпорынньщ мақсатын көздейді, сол мақсатқа жету үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға
нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, менеджер үйымдастырушы. Ол жүмыстарды жүйелі түрде бөледі, қажетті үйымдық қүрылымды қүрады, басшы жүмыскерлердің тиісті қүраМын іріктейді т.б.

Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол үжымды өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдардан құрады. Бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті, сыйлық беруді, марапаттауды, жоғары қызметке тағайындауды, т.б. шараларды пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты іскерлік байланыс орнатуы тиіс.

Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, мөлшерлерді белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бақылайды.

Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығын жетілдіруі де, қызмет жағынан жоғарылап не төмендеуі де, ұжым бірлігінің нығаюы, не берекесізденуі де менеджер жұмысына тығыз байланысты.

Әрбір менеджер деп тұжырымдайды Ф.Друкер, - озіне есеп берсін, мейлі бермесін, жоғарыда аталған функцияларды міндетті түрде атқаруы тиіс. Ол бүлардың барлығында жақсы атқаруы да, жаман атқаруы да мүмкін, бірақ ол әйтеуір орындауы қажет. Мұндағы бір ескеретін жәйт, осы аталған функциялардың әрқайсысы жеке элементтерден құралған жиынтық форма болып табылады. Сонымен, қорытындылай келгенде менеджер жұмысы күрделі жиынтық, басқаша сөзбен айтқанда, ол атқаратын функцияның әрбір категориясын орындау алуан түрлі сана мен біліктілікті қажет етеді.

Менеджер алдында тұрған барлық проблемаларды біле бермейді, сондықтан да ол "бесаспап данышпан" болуы да мүмкін емес. Оның арнайы еңбек құралы, атап айтқанда ақпараты болады. Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды, ұйымдастырады. Оның бірден-бір құралы жазбаша немесе ауызша сөзі немесе цифр тілі. Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына, т.б. қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тындау және оқу, айту және жазу қабілетіне байланысты, ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ адамдардың да пікірін айқындай алуы тиіс. Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі келіссөз жүргізе білуі, әріптесінің мүдлесіне сәйкестендіре бь\етін- өнері болуы тиіс. Мұның өзі, әсіресе, қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де аса қажетті қасиет. Келесі онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады деген негізделген болжам бар.

Гринхалдың пікірінше, келіссөзді ойдағыдай жүргізе білу шеберлігі 4 кезеңнен тұрады:



  1. Өз ұйымының мұқтажы мен өз қызметкерлерінің мүддесі үшін келісім жасайтын адамдармен арада тепе-теңдік қарым- қатынас орнатуы қажет.

  2. Өзінің келісім жүргізетін жақты ұнататындығынды, оның пікірлерін ескеретіндігіңді білдіру қажет.

  3. Келісім кезінде қайшылық туа қалған жағдайда "мен бұған келісе алмаймын" — деп айтуды үйрену қажет және не себепті келісе алмайтыныңызды айқын түсіндіру керек.

  4. Өзіңізбен әңгімелесіп отырған адамның басқа мәдени

дәстүрде тәрбиеленуі мүмкін екендігін ұмытуға болмайды.

Проблеманы шешудің американдық жолы — бірден-бір дұрыс

жол деп айтуға болмайды. "Әңгімелесушіге өктемдік ету — келісім жүргізудің түрпайы әдісі. Біз ұзақ мерзімдік іскерлік қарым-қатынас орнатута үйретеміз" (Гринхал).

Г. Хейстің пікірінше менеджерлердің тікелей міндеті жүмысшыларды эксперимент жүргізе білуге, өндірістің тиімді тәсілдерін іздестіруге ықпал ету. Ол жұмысшыларды баулудың бақылау тәсілі ретінде қызметкерлерді басқа кәсіпорындар мен сауда көрмелеріне жіберігі отыруды, сатып алушылармен кездесу өткізуді Жчэде де мүмкіндігіне қарай жарыс ұйымдастыруды ұсынады.

І.З.Менеджерлерге қойылатын талаптар

"Менеджер" " философиясының біріңғай түсінігі жоқ, оған мамандар түрліше түсінік береді. Көп жағдайда ірі корпораңиялар менеджерлерге өз талаптарын қоюға тырысады.

Мөселен, көсіаорындарды басқарудың көп жылғы тәжірибесі негізінде, американдық менеджер Ли Якокка менеджерлер жұмысын ұйымдастырудың мынадай принңиптерін ұсынады:


  • төңірегіне жақсы адамдарды топтастырып, интелигенттерге жөне қабілетті адамдарға сүйен;

  • өзіңнің бірінші кезектегі мүдд,еңді айқында, күнделікті іс- әрекетіңнің жазбасын жүргіз, ең күрделі проблемаларды текстің бірінші бетіне жазып қой;

  • нақты іс жөнінде айт, қалай айтсаң, солай жаза біл, жүргізілген талдаулар мен қорытындылар материалдарға негізделіп, өрі нақты қысқа, кімге арналғаны белгілі, ал ұсынылатын шешімдер варианттары шағын болсын;

  • басқару штабымен өндірістік сала аралығындағы кикілжің қымбат уақыт пен күш-жігерді бос жіберу екендігін ұмытпа. Басшы екі жақтыңда жауапкершілігін шектей білуі керек.

Штабтың бірінші кезектегі міндеті басшыға жәрдемдесу, әрі өндіріс учаскесіне ықпал ету;

еркімнің билік аясын нақты айқында, адамдардың дербес жұмыс істеуіне мүмкіндік бер; . сын ескертпелерді, әр түрлі көзқарастарды ескер. Оларды дұрыс пайдалан;



  • пайда болған өзгерістерге көңіл аудар, әрбір күннің мақсаты барынша пайда табуға қамқорлық жасау екендігін есте сақта;

  • өз жұмьіс стилінді тап, әрі соны қолдан-

Шет елдіҢ кейбір жоғарғы басшы корпорациялары менеджерлер үшін үш қасиет айтады:

  • адамды құрметтеу;

  • клиентке көңіл бәлу;

  • жұмыстың жоғарғы сапасы.

Европалық менеджерлер қазіргі кезде қатал талапты, өзгерістерді және қауіп-қатерді бастан өткізуде. Басқару жөніндегі ағылшын косультанттары М.Вудкон пен Ф.Френсистің "Басы байлықтан босанған менеджер" кітабында алдағы он жылдықта басқару үшін менеджерлерге мынадай дағдылар мен қабілеттер болуы тиіс деп есептейді:

  • өзіңді меңгере білу;

  • жеке басыңның бағалы қасиеттері;

  • жеке өзінің жоспарлары;

  • жеке басын үнемі жетілдіріп отыру;

  • проблемаларды шешуге дағдылану;

  • өнер тапқыштыққа және инновацияға қабілеттілік;

  • маңайындағы адамдарға ерекше ықпал ете білу;

  • қазіргі басқару әдіс-төсілдерін меңгеру;

  • басшылық ете білу;




  • қол астындағы адамдарды баулып, жетілдіре білу;

  • тиімді жұмысшы топтарын қалыптастыра және дамыта білу.

Әрбір басқару міндеттері белгілі бір нақты талаптар қоятындықтан, авторлар жоғарыда аталған факторларды кез келген жағдайға қатысты деп есе"птемейді. Алайда бұл аталған факторлар әрбір жұмыскердің берілген жұмысты орындау мүмкіндігін бағалауды қамтамасыз ететіні сөзсіз. Менеджерлерде осы аталған дағдылар мен қабілеттердің кейбіреуі жетіспеген жағдайда, оларда мынадай шектеулер болады:

  • өзін меңгере білмеу;

  • жеке басының бағалы қасиеттерінің болмауы;

  • жеке мақсаттың болмауы;

  • жеке басын жетілдірудің тоқырауы;

  • проблемаларды шешу дағдысының жеткіліксіздігі;

  • творчестволық ықпалының жеткіліксіздігі;

  • адамдарға ықпал ете алмаушылық;

  • басқару еңбегінің ерекшеліктерін жете түсінбеушілік;

  • баули білмеушілік;

  • басшылық дағдысының осалдығы;

  • ұжымды қалыптастыру қабілетінің төмендігі.

Өзінің болашағына ықпал ету қабілеті, сірә адамдар үшін ең бағалы қасиет болуы тиіс, алайда өз мүмкіндігін толық жүзеге асыратындар елеуде біреу болады. Сондықтан әр адам өз іскерлігін жетілдіріп, дамытып, отыруы тиіс.

Американ менеджмент мектебі жақсы басшылықтың 12 ережесін ұсынады:

1. Басшы қуғындаушы болмауы тиіс, өйткені қуғындаушы қарамағындағы әр адамның ізіне түседі, ал нағыз басшы соңынан ертеді. Қуғындаушы өзінің билігіне, ал басшы-соңынан ерушілердің

ықпалына, комегіне сүйенеді. Қуғындаушы өзіне бағыныштыларды өсек пен күдік әлемінде өмір сүруге мәжбүр етеді, ал басшы қарамағындағыларды қауырт іске, сан алуан проблемаларды шешуте жұмылдырады.



    1. Басшы өз ісіне сенімді болуы тиіс

    2. Батыл мақсат қойғыш, табанды болуы, әрі осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс.

    3. Басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуы тиіс.

    4. Қол астындағылардың уақытын бағалай білуі тиіс.

6- Басшы қатал әрі талап қойғыш болуы тиіс. Алайда қаталдық пен талап қойғыштықтың ешқашанда кінәмшілдікке, мейірімсіздікке, алып бармауы тиіс.

      1. Сынды қабылдай білуі, әрі өзі де сынай білуі тиіс.

      2. Басшы жылы шырайлы, әрі әдепті болуы тиіс.

      3. Әзіл оспақты білуі тиіс. Әдетте әзілдеу жақсы көңіл күйге байланысты,ал көңілділік еңбек өнімділігіне ықпал етеді.

      4. Айта да, тыңдай да білу керек.

      5. Үнемдеуге тырысуы керек. Біреу А. Эйнштейіннен былай деп сұрапты:"Сіз барлығын, тіпті ең күрделі проблемаларды формуламен бейнелей аласыз ба, өміріңіздегі жетістіктерді формуламен жаза аласыз ба?". Сонда Энштейн былай деп жазыпты: "Х + У - жетістік, X- жұмыс істей білу, У- үнемдеуге тырысу".

      6. Басшы қарамағындағыларды жақсы білуі тиіс. Мұның озі әсіресе үлкен ұжымға аса маңызды психологиялық кезең, өйткені ондай ұжымда адамның "үміті үзілуі" мүмкін. Американдардағы қолданбалы психологияның профессоры Д. Дэрд ірі фирманың президентінен мынадай мысал келтіреді. Әр күні таңертең оның хатшысы бүгін кімнің туған күні, кімнің баласы туылғаны, кім үйленгені туралы айтып отырады екен. Содан кейін президент

телефонды алып былай дейтін көрінеді:"Ал Джордж, сенің қызың кеше тұрмысқа шыққанын білемін, құтты болсын!". Президенттің ойынша осылай деу оның жұмыста табысты болуына ықпал етеді.

1.4.Менеджментің негізгі мектептері

М.Х.Мэскон, М.Альберт, Ф.Хедоури "Менеджмент негіздері: басқарудағы ой-пікірдің дамуы" кітабында мектептің 4 түрін белгіледі:

-ғылыми басқару мектебі; - әкімшілік мектебі; - психология және адамдар қарым-қатынасының мектебі; - басқару гылымының мектебі (немесе сандық мектеп).

Мектептің төртке бөлінуіне байланысты басқару мәселелеріде төртке бөлінеді, немесе мұнда басқару 4 түрлі көзқарасты қарастырады.

Ғылыми басқару.

Ғылыми менеджменттің пайда болуы Ф. У. Тейлордың (1856- 1915) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері "Фабриканы басқару", "Ғылыми менеджмент принциптері", т.б. Оның зиратының басына "Ғылыми менеджмент атасы" деп жазылганы, оның

Тейлордың ғылыми менеджменті ұдайы бақылау, эксперименттеу және логикалық топшылау арқылы анықталган нормативтің көмегімен бизнесті жандандыратын менеджмент түрі болып саналады."Мидвейлде", кейіннен "Бетхелем • Стилде" жұмыс істеген кезде Ф. Тейлор ғылыми менеджментті 4 салада дамытты: нормалау;

уақыт пен міндетті зерттеу; үдайы сұраныс жөне баулу; ақшалай

ынталандыру.

Тейлор концепциясының негізі болып келесі қағидалар табылады:


  1. Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінщ орнына ғылыми тұрғыдан зерттеулер жүргізу. Оның ойынша басқаруда да, көпір салу сияқты сенімді асқан дәлдік керек.

Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды тиісті дәрежеде жаттықтыру және баулу.

Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу ісінде әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.

Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтамақтастық, жауапкершілік.

Тейлор жұмысындағы басты жүйе - жекелеген жұмысшылардың еңбегін ұтымды ету, өндіріс процестерін жәнеде осыған сәйкес басқару процесстерін ұйымдастыруды қайта құру болды. Тейлор ілімінің дәл осы жағы өнеркәсіп орындарында жаппай қолданылды.

20-шы жылдары Тейлор ілімінің көрнекті зерттеушілері мен белсенді насихатшылары Генри Гантт, Френк Б. Гилбрет, Аиллиан Гилбрет, Хорес Хетуэй, Сенфорт, Харисон,Г. Эммерсон, Г.Форд болды.

«Ғылыми басқару» қозғалысы АҚШ-тан тыс жерлерге қанат жайып, Германияда, Францияда, Ұлыбританияда, Швецияда және басқа да европалық елдерде кеңінен мәлім болды, мұның өзі оларда «басқару», «ғылыми басқару», «рационализация», «еңбекті ғылыми ұйымдастыру» т.б. аттармен жарияланды.

Егер әуелгі кезде басқару теориясының авторлары тек өндіріс табыстарына, бизнеске қана көңіл бөлген болса, кейіннен адамдар қызметінің барлық саласында бірдей қолданыләтын басқаруды ұйымдастырудың «ғылыми принциптері» концепциясы қалыптасты.


  1. Басқарудың классикалык, немесе әкімшілік мектебі.

Әкімшілік басқару мектебін француз зерттеушісі Анри

Файольдің (1841-1925) есімімен тікелей байланыстырамыз. Файоль өзінің негізгі «Жалпы және өнеркәсіптік әкімшілік» атты еңбегінде капиталистің әкімшілік қызметке жалпы көзқарасын, міндетті принциптерін тұжырымдайды. Басқару деп есептейді ол, кәсіпорынды мақсатқа сай жолға қою, сөйтіп қолда бар ресурстарды пайдалана отырып барлық мүмкіндікті пайдалану. Файольдің пікірінше, әкімшілік ету жан-жақты қызмет ауқымын қамтитын басқарудың бір бөлігі және де техникалық (технологиялық), коммерциялық, қорғаныстық, бухгалтерлік, жұмыскерлерге ықпал ету салаларын қамтиды.

Әкімшілік функцияны талдай отырып, Файоль оның 5 элементін бөліп көрсетгі: жоспарлау; ұйымдастыру; басшылық ету; үйлестіру; бақылау. А.Файоль әкімшілік басқарудың бірқатар принциптерін ойластырды, мұның өзі оның пікірінше кез келген ұйымға қолдануға жарайды. Менеджменттің осындай әмбебап принциптері менеджерлердің өз қызмет міндеттерін қалай орындауы тиіс екендігін көрсетеді.

Енді менеджерлерге арналған 14 принципінде Файоль басқарушылардың қызмет міндеттерін қалай орындау керектігі туралы айтады.



  1. Жұмысты бөлістіру. Еңбекті мамандандыру ұйымдық табысқа жету үшін қажет.

  2. Билік - бұйрық беру правосын жауапке; шілікпен ұштастыруы тиіс.

  3. Тәртіп, тандау және құрметтеу жұмысты байсалды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

  4. Дара басшылық. Әрбір жұмыскер тек бір бастығынан ғана бұйрық алуы тиіс.

  5. Бағыт билігі. Ұйымдастыру негізінде әрбір адамның күш

жігері бір бағытта ғана үйлестірілуі тиіс.

  1. Жеке мүддесін жалпы мүддеге бағындыру. Басқарудағы ең қиын жағдай - жеке мүдде мен ортақ мүддені жалпы ұйымдық игілікке айналдыра білуде.

  2. Ақы төлеу.

  3. Орталықтандыру.

  4. Шенділердің жоғары шенділерге бағыну тәртібі.

  5. Материалдық заттардың реттік құндылығы болуы тиіс.

  6. Әділеттілік.

  7. Қызметшілердің тұрақтылығы және қызмет лауазымында болу мерзімі. Адамдарға өз жұмысын жете білуіне уақыт беру қажет.

  8. Ынта - ықылас. Адамдардың ең толық қанағатгануы — жастардың өз бетінше ұмтылуы және ойлаған ойларына жетуі.

  9. Ерекше рух. Қызметкерлердің күш-жігерін жұмылдыру — ұйымдастырудың табысты болуының кепілі.

Файольдың функциясы мен принциптері уақыт талғамынан ойдағыдай өтіп, кең кеңістікте жаппай қолдалына бастады. Файоль былай деп атап көрсетті: басқару күрделі процесс ретінде тәуелсіз салалар мен функцияларға бөлінуі мүмкін. Оның пікірінше, басқару жоспарлардан басталып, бақылаумен аяқталатын үздіксіз процесс болып саналады. Сол себептен де оның еңбегі күні бүгінге дейін жұртшылықтан кең қолдау тауып отыр.

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет