«Мемлекеттік бюджет» Тексерген: Сагимбеков Н.Ә Орындаған: Дәуітбекова Ш. Е



бет5/6
Дата21.05.2020
өлшемі81.88 Kb.
1   2   3   4   5   6
Төтенше мемлекеттік бюджет

  1. Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және Қазакстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.

  2. Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталык уэкілетті орган эзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тэртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

  3. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.

  4. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.

  5. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мэслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла түрады.

  6. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мэслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

  7. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.

  8. Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттык мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет