«Мемлекеттік бюджет» Тексерген: Сагимбеков Н.Ә Орындаған: Дәуітбекова Ш. Е


Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры



бет6/6
Дата21.05.2020
өлшемі81.88 Kb.
1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің каржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспғанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады.

  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттің түрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.

  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және түрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық активтердің және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Түрақтандыру функциясы шикізат ресурстарына элемдік бағаның конъюнктурасына республикалык бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған.

  4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалды тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімі мен жүмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептілігі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы өзаратөлем операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып табылады. Сонымен, бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысына негізделген және оларды жасақтау, қарау, бекіту, орындау, бақылау тэртібімен, сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесін ұйымдастыру келесідей негізгі қағидаларға сүйенуі тиіс: 

Біртұтастық қағидасы ұйымдық-экономикальіқ орталықтандырылған бюджет жүйесін көрсетеді

толықтылық қағидасы бойынша үкіметтін барлық қаржылық операцияларының бюджетте жинақталған және барлык түсетін табыстар мен жүмсалған шығындарды білдіреді; 

нактылық қағидасы қаржылық операциялардың бюджеттегі нақты көрінісін, бюджеттік бұрмалаушылықты болдырмау қажеттілігін қарастырады;

жариялылық қагидасы бойынша бюджеттердің шығындары мен табыстары туралы мэліметтер баспасөз беттерінде жарияланады. Дегенмен, қазіргі кезеңде Қазақстанның бюджет жүйесінде осы қағидалар толық орындальш отыр деп тұжырым жасауға болмайды. Бүгінгі күні бюджет жүйесіндегі бюджетаралық қатынастардың реттелмегендігі күрделі мәселелердің біріне айналды. Сондықтан бюджетарлық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне жеке бөлім арналып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет