Мен – ағылшын тілі мұғалімімін.(эссе)



Дата01.04.2017
өлшемі24,26 Kb.
#12905
Мен – ағылшын тілі мұғалімімін.(эссе)

Ұстаз және ұстаздық ұлағат. Осы бір өзара үндескен сөз тіркестерінде қаншама терең де мазмұнды ой, өткен өмір белестерінің қиындығы мен қызығы, жемісті жылдар нәтижесін тапқандай. Бұл туралы көрнекті педагог К.Д Ушинский «Ұстаздың үздік үлгісі – ешнәрсеге ауыстыруға болмайтын күннің нұрлы сәулесі»- деп бағалаған. «Үйретуден балаға...» - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз – ұлы тұлға, ұлы есім дегім келеді. Жер бетіндегі адамдардың бәрі осы ұлы есімге қарыздар. Өйткені, ұстаз алдынан өтпейтін еш мамандық жоқ. Ұстаз алдынан бас имейтін адам жоқ. Ол - өмірдегі екінші ана! Мен осы керемет мамандықтың иесімін!

Ұстаз ардақты есім. Ұстаз екінші ана. Ұстаз өз шәкірттерінің бойындағы

жақсы қасиеттерді ашуға көп еңбек етеді. Сол ұстаздың бірі – мағанда ұстаздық еткен мұғалім - Шайхиева Гүлшат апай, қәзір зейнеткер жаста. Жазғы демалысымда ауылыма барғанымда жоспарымның бір бөлігі сол ұстазыммен көрісіп амандасу. Менім осы салада жүргенімеде сол кісінің ықпалы тиген шығар.

Әлі күнге есімде алғаш өткізілген ағылшын тілі сабағы. іс- тәжірибе кезінде болатын. Өскемен қаласы, «№37 мектебі» 7- ші сынып оқушылары. Оқушылардың жаңа мұғалімге деген көзқарасы, алғашқы сабақ жоспары, көрнекіліктер, ашық сабақтар, әр оқушымен жүргізілген жеке жұмыстар. Алғашқы жоспарым қолымда дірілдеп, екі көзім оқушыларда, жүрегімдегі қорқыныш, бірақ, оқушылардың жылы жүзі, сабаққа деген ынта мен сенімі менім бойымдағы жігер қайратымды күштеп, сабақты таңғажайып бір ертегіге айналдырғандай болды. Осындай қорқыныш пен үрейлене кірген бірінші сабағым, яғни ұстаздық сабағы басталды.

Мен ағылшын тілі мұғалімімін. Менім алдымда екі жол саласы болатын, бірі аудармашы мамандығы болса, енді бірі ағылшын тілі мұғалімі. Мен өз таңдауымды дұрыс жасағаныма сенімдімін.Үнемі ізденіс үстінде жүріп, сабақты әсерлі де қызықты ету, балаларға білім нәрін сусындау менім алға қойған мақсатым.

Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа технологиялар арқылы оқыту ағылшын тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Ағылшын тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде балабақшаларда ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Балалардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Ағылшын тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет» деген сөздеріне ой жүгіртсек, мұғалім мамандығындағы менің парызым алдыма білім алуға келген әр баланың қолынан жетектеп өмір жолының дұрыс бағытына салу, елімізді әлемге танытатын, ата дәстүрді құрметтеген, ең бастысы Отанын сүйетін азаматты тәрбиелеу, осы жолда еңбектену, іздену, мақсатқа жету...



Ал, көздеген мақсатқа жету менің қолымнан келеріне сенемін.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет