Мен сөз соңында Ұбт-дан жоғары балл алған барлық балаларды



Дата15.09.2017
өлшемі81,31 Kb.
#33126
Анжелика
Сөз мектеп директоры Сейдахметов Талғат Оспанұлына беріледі. Қайырлы кеш, құрметті қонақтар мен ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер. Сендер бүгін арманнан ақиқатқа, балалық шақтан болашаққа қадам басқалы тұрсыңдар. Қадамдарын құтты, қайырлы болсын. ..

Директордың тақпақша тақ-тақ еткізіп оқыған сөздеріне таң қалып отырған Бибігүл апаның бір өзі. Қуанбай қайтсін енді. Толқып отыр. Әлгінде ғана директор айтқан жолмен енді бұл кісінің қызы, көзінің ағы мен қарасы болған Әйгерім де аттанбақшы. Монщақ жастардың тізбегі апаның көзінен ыршып шығуға дайын-ақ тұр...



  • Мен сөз соңында ҰБТ-дан жоғары балл алған барлық балаларды

құттықтап, арамыздағы Әйгерімді ерекше атап айтқым келіп отыр. Әйгерім біздің үздігіміз, мақтанышымыз. Әйгерім Қазақстанның патриоты, елді ертеңіне еңбек ететін талапшыл талантты жастардың бірі әрі бірегейі...

Шоқ-шоқ гүл, бір-біріне соғылған алақандар, айтылған алғыстар, олай

бұлай өткендерге балан үйрегі мен ортан терегін көрсетіп, шартылдатып жүрген фотограф. Қайта-қайта тыңдаса да құлақ жалықпайтын әндер. Мектеп ішінде – мектеп бітіру кеші. Мереке...


  • Кәне, кане бол жиналыңдар, кафеге кетеміз, ата-аналар бері қарай жүріңіздер.

  • Тууу мұғалім, фотоға түсіп алайықшы, кане бері қараңдар... селфи, селфош десеңші... Қойшы... Ал кеттік...

Жаңа ғана азан-қазан болып, адамдардың ыстық ықыласына бөленіп отырған қара шаңырақ тып-тыныш болып тына қалған. Тірі жанның тынысы сезілмейді. Тек сыртқа темекі шегуге шыққан күзетшінің аяқ тықыры мүлгіген тыныштықты бұзатын сияқты. Күзетші алысқа маңғаздана көз тастайды. Мектептің осылай көзбен алдын шолғаны болмаса, артына барған да емес. Көзі балаларға түсті. Әлі ұзай қоймаған екен. Мәз болған ата-ана, қымбат көйлектердің неше түрін киген оқушы қыздар, смокинг киіп, бабочка таққан жігіттер және артқы жағында кезекшілікке қосып жіберген бір-екі мұғалім кетіп бара жатты. Күзетші басын әрлі-берлі шайқады да қолындағы темекісін тағы бір сорып, лақтыра ішке кіріп кетті. Асаба мен официант қыздар бәйек болып зыр жүгіріп жүрген кафеге мектептен шыққан адамдардың алғашқы легі де қаумалай кіре бастады. Фан фар... Той басталды... Әйгерімнің қызыл сөмкесіндегі қалта телефоны қайта-қайта шырылдап маза бермеді. Көз қиығын салы қарап еді, Ерік екен. Еріктің өзі болса, анадайдан қарап отыр.Қылжақпас. Әйгерміге әзілдеген түрі. Көп күлгеннен бе, жас болса да, көз айналасын әжім басқан. Түрің құрсын деп Әйгерім қоя салды. Тілек, би, ән, көңілдің қылын қозғанаған шақтар, әдемі естеліктер, би, ән, тілек, ойын, фото...

Бибігүл апа темір есікке кілтті салып тық-тық еткізіп екі бұрады. Көп сөзге де келген жоқ, өз бөлмесіне кіріп кетті. Сірә, шаршаса керек. Ұзын көйлектің артындағы түймеге қол әрең жетті. Әйгерім өзінің айнадағы шаршаңқы түріне ырза емес секілді. Тіпті үстіндегі көйлегін де шешуге зауқы жоқ. Сол қолымен баяу ғана көйлегінің оң жақ иығынан ұстап төмен түсіре бастады. Қос анарына кептетіліп, көйлек кеуде тұстан әрең өтті. Бөкседен бір тоқтап, саннан әрі сырғалаған көйлек жерге оңай түсті. Ортасында Әйгерім... Оң аяғымен аттап барды да, төсегіне сылқ құлады. Ұзын сары шаш, ақ боз ерін, барби қуыршағына ұқсағысы келіп әдейі ұқсағыса керек, домалақ көз, ұстаса қолға сыймайтын қос анар, қарасаң көзің тоймайтын,бір біріне айқасып жатқан аяқтардың, керемет мүсіннің куәгері - тек терезеден енді көрініп келе жатқан таңның шапағы болды.

Түске таман Әйгерім асқазанды лоқсытатын иістен оянды. Қанша жақтырмаса да, әлгі исі шығып жатқан дәмді жегісі де келіп тұр. Бибігүл әже ғой. Мейлі ерте, мейлі кеш жатсын оның айырмасы жоқ. Әйтеуір таң намазынан соң апайда қыбыр-қыбыр тірлік. Күректей он жыл... Иә, Тура осылай таңмен таласып, қорадағы қораздан бұрын дауыс шығарып жүргеніне биыл он жыл.


  • Құрғыр ана көк шелегім қайда кеткен, мына бүгінгі сүтті құйып қоюым керек еді. Әлде кеше анда-мында дайындаламыз деп Әйгерім мектептке апарып тастады ма екен?! Қараңқағыр, қалт-құлт етіп бірдеңені тапсамшы. Қызым оянып қалар, жұмыртқа қуырып жіберейін.

Іші мен сырты қатар күйген қара табаның ішіне жарылып бес-алты жұмыртқа кете барды. Әйгерімнің асқазанын жыбырлатып жатқан осы жұмыртқаның исі. Бибігүл апа болса әлгі жұмыртқаларды әрлі-берлі аударып қояды. Біресе жымияды, біресе көзіне жас келеді. Өзін өзі қалай алдап жатса да, ойлар маза берер емес. Ойлар...

  • Мам, неге мұңайып тұрсың, жылағанбысың?

Анасы артынан келіп қалған қызын аңғармай да қалды.

  • Жоға ботам, о не дегенің, мына құрғыр пияз ғой көзді ашытып, әйтпесе мен жылаушы ма едім ботам-ау. Бар-бар, беті-қолыңды жуып кел. Үйбәй түрін қара, а кірәскісі құрғырлардың ағып бет аузыңды быт-шыт қылыпты ғой.

Қарқылдап күліп жатыр.

  • Саған шынымен де жуыну керек, әйтпесе ана үнді сериалдарындағы апайларға ұқсап қалыпсың.

  • Мам, қойшы.

Әйгерім далаға шығып кетті. Анасы дастархан мәзіріне барын қоюда. Кешегі мерекеден қалған сарқыттан да қоюды ұмыт қалдырмапты.

  • Мам, маған қара шай құйшы.

  • Жақсы, ботам. Ана сыныбыңдағы Еркеназ әнші болайын деп тұр екен. Даусы да тамаша.

Ұялы телефонының экранына қарап отырған қызы анасының сөзін аңғармай да қалды.

  • Әйгерім, әй, Әйгерім?

  • Ау, мама

  • Әуі несі, анау алдыңдағы шайыңды іш, суып қалып жүрер. Айтпақшы қалаға билеттерді алып қойдым. Кешкі бестің автобуысмен жолға шығамыз. Әйгерім, сен неге домбыра тартпадың? Мен сені сол мектепте өткен іс шарада өзім үйреткен бір күйді тарта ма десем...

  • Мам, дайындалуға уақыт болмай қалды, үлгермей қалдым. Ертең универге барғанда тартармын күйді бұрқыратып.

  • Өй ботам ау сол, келші бетіңнен сүйейін.

Автобус жарты сағатқа кешігіп келді. Қалаға баратын

адамдардың қарасы көп екен. Автобустың есігі ішке ашыла салысымен нөпір халық ішке қарай құйындай қойып кетті. Іші лық толды. Алдыңғы қатарда үлкен кісілер. Артқы жақта сәләркінің бөшкелері мен он бірінші сыныптың оқушылары. Бәрі қобалжулы. Десе де, балалар байқатпақ емес. Өткен кеткенді айтып, әзілдескен болады.

Автобус қаланың шет жағына келіп тоқтады. Әркім өз бағыты

бойынша қала ішіндегі маршруттарға мініп, қалаған бағыттары бойынша кете барды. Әйгерім де көптен қалған жоқ. Университетке барып, халықаралық қатынастар мамандығына құжат тапсырған. Қаланың у-шуы мен тынымсыз тіршілігі де арада өткен біраз күнді білдірмей де жіберіпті. Бүгін грант иегерлері есімі жарияланатын күн. Университеттің хабарландыру тақтасында тек алға қарай созылған адамдардың қолдарын ғана аңғаруға болады. Азан-қазан болған көпшіліктің ішінен Әйгерім де қалыс қалмай халықаралық қатынастар мамандығы бойынша грантқа түскендер деген қиқымдай қағазды тауып алды. Небәрі он төрт-ақ адам. Анасы да апыл-ғұпыл



  • не болды, қызым, бар ма?

  • Міне мам, қарайын деп жатырмын.

  • Ботам-ау болсаңшы...

  • Аликулов Ермаганбет, Болат Рамазанұлы, Рашидова Кунимай Кайсаровна...

Әйгерім он үш адамның атын оқып шықты.

  • Он төртінші – Воронова Анжелика Викторовна...

Кешқұрым уақыт. Автобус ауылға қарай заулап бара жатыр. Терезенің түбінде отырған Бибігүл апаның өткен өмірі қайта басынан басталып, көрсетіліп жатқан сияқты. Осы ауылда тұрып жатқанына міне, қанша жыл. Тағдырды ащысы мен тұщысына күйеуі екеуі қатар көніп жүргенде, ажал бір-ақ күнде алды да кетті. Көз алды қарайып, әлем енді жарық болмайтындай, таң енді атпайтындай көрінді. Жалғыздық Жаратқанға ғана тән. Рас, Бибігүл төсек жылытатын, арқа сүйейтін азамат емес, жанын рахатқа бөлейтін, жүзіне күлкі шақыратын, өзіне алданыш болатын нәрестелі болғысы келді. Алғаш балалар үйіне келгенде екі бала қатар тұрған. Сонда Бибігүл апаның көзі алғаш осы Анжеликаға түскен-ді. Ақыры осы қызды өзінің қанатының астына алды. Бары мен нәрін аямады. Бибігүл өзі мектепте мұғалім. Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Анжеликаға қазақтың ақындарының өлеңдерін жаттатқызып, әрісі домбыра тартуды да үйретіп қойған. Ұзын сары шашы, тек қана көзі сыр беріп тұрғаны болмаса. Анжелика нағыз қазақ. Тіпті оны еркелетіп Әйгерім дейтін де болды. Күнделікті тірлік пен мектептің бітпейтін шаруасы. Қала да шалғайда орналасқан. Сол себепті ме екен Әйгерімнің құжаттағы есімі Анжелика болып қала берді. Әйгерім зерек болып өсті. Орысша-қазақша судай. Ізденімпаз. Кеше ғана мектепті жоғары баллмен аяқтады. Міне, бүгін университетке оқуға түсті. Әйгерім мен анасының қуаныштан аққан көз жасын бәрі де көрді. Бір-бірін құшақтап тіпті ұзақ жылады. Әйгерімді жатақханаға орналастырып, енді өзі ауыл жаққа қайтып бара жатқан беті. 10 жыл. Аз уақыт емес. Елу бестен енді асқан кісіні ауылдың көп балалары апа дейтін. Бетінің әр әжімінде бір өмірдің өрнегі жататын. Және өзі басынан бір көне байламын тастамайтын-ды. Содан ба, әлде бетін әжім басып қартаң тартқандығы ма, жоқ әлде ақылды болғандығынан ба, әйтеуір жұрттың көбі Бибігүлді апа деп сыйлайтын.

Әдетінше Бибігүл апа таңнан бері үй тірлігінде жүр. Бар ойлайтыны Әйгерімі. Тіпті оған әдей арнап құрт, май, қаймақ, қымыз дайындап қойған. Таяу күндері реті келсе, жатақханасына барып қайтпақ.



  • Құрғырдың машинасы құртылайын деген бе? Дұрыс айырмайтын болыпты, мұнысы несі и

Сүт тартатын машинамен ұрысып отыр. Әйгерімге апаратын қаймағы дәмді болса екен дейді. Телефон даусы естілгендей болды. Бағып қараса, шынымен де үйдегі ескі телефон ес тандырып ескі үйінен бақырып шақырып жатыр.

  • Ало, ало бұл кім екен?

  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметпіз. Сіз кімсіз?

  • Қала жақтан. Университеттенбіз. Сіз Анжелика Викторовнаның анасы боласыз ба?

  • Иә, иә?

  • Қызыңыз Ресейге кетейін деп жатыр. Соны сізге хабарлауды жөн көрдік.

  • Өй айналайын балам, жарысқа бармақшы ғой

  • Бибігүл апай сіз дұрыс...

  • Рахмет, рахмет ботам...

  • Сіз түсінбедіңіз.

  • Түсінгенде қандай, ботам сол, -деп Бибігүл апа қуаныштан трубканы қалай қоя салғанын да аңғармай қалды. Көңілді. Бар жиған тергенін алып жолға шықты. Ботасы. Баласы, қуанышы Әйгеріммен кездеседі. Жүрегі де қуаныштан қатты соғып тұр. Қалаға бет алған автобус бұл жолы қала шетіне емес, кәдуілгі сапаржайға келіп тоқтады. Заттарын алып ентігіп енді түсе бергені сол еді. Әйгеріммен бірге бір бөлмеде тұратын Вераны көріп қалды.

  • Ого, тет Бибигуль привет! Как Ваши дела? А кстати, Анжелика вам записку оставила. Возмите, - деп сөмкесінен алып берді. Құдай-ау мұнысы несі? Қайдағы зәпискі? Орындыққа отыра кетті. Қызым ертерек кетіп қалған болды-ау деп қапаланып қалды. Әйгерімнің әдемі анасына арнаған сөздері болар, туу, қызым ай мені уайымдамасын деген ғой ботам. Не жазып жүр өзі, ашып оқиын... Бибігүл хатты ашып, оқи бастады.

«Құрметті Бибігүл Асанқызы. Мен сізге мені осы уақытқа дейін бағып-қағып ешкімнен кем қылмай өсіргеніңіз үшін айтар алғысым шексіз. Мен өз мамандығым бойынша Ресейге ауысамын. Неге? Мам, білмеймін. Мені бір нәрсе осылай қарай тартады да тұрады. .. Бүгін төртте пойызға мінемін. Спасибо Вам! До свидания! Простите меня!»

Жүрек тоқтап барып қайта соқты. Тез тез дем алады. Не күлер не жылар емес. Вокзал қабырғасына қарады, төртке бес минут бар. Пойыздар жаққа қарай жүгірді. Қолындағы сөмкелерін де аңғармады. Банкідегі қаймағы сынып, жерге төгіліп кетті. Қымыз, құрт, сары май бәрі шашылды. Вокзалды маңына ақ төгілді, жер аппақ болып кетті. Бибігүл енді жылап жіберді. Қызым, қызым-ау кеткені несі? Қайда? Сенің Отаның осы жер, сенің анаң мен емес па едім, ботам. Сен абайды жатқа оқып, қара сөздің түбін түсірген қазақ қызысың. Сенің тілің – қазақ тілі. Мен, мен, мен – менмін анаң.



Пора-пора болып аққан жас Бибігүлдің бетін жуып кетті.

  • Қызым. Тоқтатыңдар мына пойызды. Кім бар, Құдай-ау.. Қалайша? Неге? Не үшін? Әйгерім, Әйгерім... Пойыз орнынан жылжи бастады. Енді тоқтамайтыны да белгілі. Бибігүл далбалақтап вогондардық артынан қуып барады. Сүрініп кетті. Талықсып бара жатып, баяғы күн қайтадан көз алдына келді. Анжеликаны балалар үйінен алған күн...

Сол күні екі бала қатар тұрды. Бірі Анжелика болса екіншісі Айнұр. Айнұр қазақтың қызы. Қазақ қызы. Неге соны алмадым екен? Бибігүл талып қалды. Вокзал маңы у-шу. Жерде төгілген ақ, талып жатқан ақ жүрек ана, кетіп бара жатқан пойыз. Анжеликаның елесі. Ән айтып отыр. Бірақ бұл жолы домбыраның орнына балалайка ұстап алған. Пойыздың соңғы сигналы. Енді қайтып келмейді.....
Каталог: wkeiaqko -> kuquisga
kuquisga -> Сабақтың тақырыбы: Тармақталған алгоритмдер. Тармақталған алгоритмдермен жұмыс Сабақтың мақсаты
kuquisga -> «ҚЫСҚы бақ» жобасы
wkeiaqko -> Сабақ жоспар Пәні : география, химия Сыныбы : 8
wkeiaqko -> Пәнді оқыту арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникативті құзіреттіліктерін арттыру
wkeiaqko -> «Көптілді оқытуды дамыту»
kuquisga -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: Сутек, қышқылдар, тұздар 8 сынып
kuquisga -> «Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»
kuquisga -> Жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру Уралбаева Қызғалдақ Ризабекқызы «№61 Жалпы білім беретін орта мектебі»
kuquisga -> Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың әдістері: түсіндіру, слайдпен жұмыс, электронды оқулықпен жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет