Менің жолдас…(-ым; -ім; -ің; -ың; -ы; -і, -ымыз, -іміз, -тарың, -тарыңыз), сенің құрдас…(-ым;-ың,-ің, -ың; -ы; -і, -ымыз, -іміз, -тарың, -тарыңыз), оның дос…


«Зат есім» тақырыбы бойынша  бақылау жұмысы



бет2/4
Дата15.09.2017
өлшемі0,59 Mb.
#32500
1   2   3   4

«Зат есім» тақырыбы бойынша  бақылау жұмысы.

І. Көптік жалғауын жалғаңдар.

1. Оқушы, қыз, қыс, бала, жоспар, әріп, кітап, қағаз, үй, колледж, бор, аға, қарындас;

2. Есік, қағаз, айна, қатар, күнделік, қабырға, терезе, сызғыш, дәрісхана, гүл, перде.

ІІ. 1. Көптік ұғымды көрсетіңдер.

1. Менің апам дүкеннен сүт әкелді.

2. Базарда жарма, тары бар.

3. Қазақстанда қазақ, орыс, неміс, ұйғыр тұрады.

4. Үстелде нан, сүт бар.

5. Менің атам қымыз ішіп отыр.

6. Оқушылар сабаққа келді.

7. Көп адам қонаққа келді.

8. Әлденеше кісі үйге кірді.

9. Дастарханда бауырсақ, кәмпит, қант, нан бар.



2. – қыш, -кіш, -гіш, -лас, -лес, -дас, -дес жұрнақтарымен жаңа сөз жасаңдар.

Көрсет..., заман..., өткіз..., көрші..., дастархан..., тазарт..., өнертап... .



3. Төмендегі сөздерді қазақшалап, жаңа сөз жызыңдар.

Литература, письмо, песня, ребенок, друг, молодой, аул, дорога, ручка.



4. –шы, -ші, -шақ, -шек жұрнақтарымен жаңа сөз жасаңдар.

сурет, көмек, құрылыс, шаңғы, бөл, келе, мақтан;



5. Мына сөздерді аударып, сөйлем құрыңдар.

Писатель, продавец, рабочий, дружба, герой, земляк, детство.



Етістік

Жаттығу. Көрсетілген жұрнақтарды пайдаланып туынды етістіктер жасаңдар.

Мереке, мейрам, құрмет, қадір, бас, маза, есеп, сурет, ой, баян,тіс, тегіс, орын, жөн, салқын, іс, жаман, жақын, шеге, тізе, аяқ, қол.



-лас/лес-

Бір

Бір-лес-у

-дас/дес-

Ақыл

Ақыл-дас-у

-тас/тес-

Сот

Сот-тас-у

Жаттығу. Көрсетілген жұрнақтарды пайдаланып туынды етістіктер жасаңдар.

Ақыл, бір, қате, сәлем, көмек, кез, көз, тіл, ұйым, шарт, үн, серт, сот.




-қар/кер-,-ғар/-гер

Бас

Ес


Бас-қар-у

Ес-кер-у




-а/е-

Ат

Түн


Ат-а-у

Түн-е-у



Жаттығу. Көрсетілген жұрнақтарды пайдаланып туынды етістіктер жасаңдар.

Бас. ес,ат, құт, өз.



-ар/-ер-

Ақ

Көк


Ағ-ар-у

Көг-ер-у


Жаттығу. Көрсетілген жұрнақтарды пайдаланып туынды етістіктер жасаңдар.

Ақ, көк, жақсы, қысқа, жаз.



Жаттығу.Етістіктерді оқып, орысша баламасын табыңыз. Мағыналарын айырмашылығын айтыныз.

Алу-бет алу, рұқсат алу, тіл алу

Аудару-көңіл аудару, мәтін аудару, табан аудару

Ашу-көңіл ашу, жол ашу, көз ашу

Басу-алға басу, ашу басу, аяқ басу

Беру-көмек беру, ант беру, ақыл беру

Ету-ант ету, арман ету, әсер ету

Жету-бой жету, қол жету, хабар жету

Көру-азап көру, күн көру, қызық көру

Қою-ат қою бас қою, сұрақ қою

Салу-ән салу, көз салу, күш салу

Тарту-күй тарту, азап тарту, бауыр тарту

Тию-ауыз тию, кесірі тию, көз тию

Түсу-құда түсу, ақша түсу, қолға түсу

Оқып, орыс тіліне аудырыңыз.

Отырыңдар, дәптерлерді үстелге қойындар. Сіз мына мәтінді оқыңыз, ал сіздер мәтін бойынша сұрақтар қойыңыздар. Талғат сөйлемді тақтаға жазсын, ал Марат және Әлия тексерсін. Біз мәтінді тыңдайық. Келесі сабақта шығарма жазайық. Сендер оқу залына барып, сабаққа әзірленіңдер. Марат, есікті жап! Ал сен қатты сөйле. Тыныш отырыңдар! Мені тыңдаңдар! Сабақтан қалма, дайындал! Сау болыңыздар, сабаққа кешікпей келіңіздер!



Көп нүктенің орнына керекті етістіктердің бірін қойып жазыңыз.

Жазда менің досым оңтүстікті ... . Биыл мен оқуға ... . Сен мектепті үш жыл бұрын ... бе? Сіздер асханадан тамақ ... ме? Біз қазақ тілі сабағында көп нәрсе ... . Мен мектепте қабырға газетінің редактор ... . Сіз Көкшетау облвысында ... ба? Сендер күнде дене шынықтыру ... . Бүгін олар ауылға хат ... . Өткен аптада біз қазақ тілі сабағына көп ... . Кеше біз қонақтан кеш ... . Мұғалім бізге жедел өткен шақтың жасалуын ... .

Керекті сөздер: туу, дайындалу, ішу, түсіндіру, түсу, үйрену, жіберу, болу, бітіру, демалу, жаттығулар орындау, қайту.

Жаттығу.Мына етістіктерді жедел өткен шаққа қойындарҮлгі: айту - айт- ты, ...

Апару, ашу , әңгімелеу , бару , билеу , болу , білу , еру , жабу , жазу , көру , кіру , қарау , қуану , нану , өлшеу , өсу, пісу , сену , сөйлеу , табу.

Жаттығу Етістіктің шақтарын анықтаңдар.



  1. Берік биыл мектеп бітірді. 2. Марат шетел тілі институтының ағылшын факультетіне түсті. 3. Сендер қазақ тілі сабағында сөйлесуді, оқуды және жазуды үйрендіңдер. 4. Мен мектепте қабырға газетінің редакторы болдым. 5. Сіз Көкшетау облысында тудыңыз ба? 6. Біз Семей облысында тудық. 7. Бүгін қазақ тілі сабағы, сондықтан мен кеше көп оқыдым. 8. Сіз кеше дене шынықтыру жасадыңыз ба? Суық суға шомылдыңыз ба? 9. Сіздер асханаға бардыңыздар ма?

Жаттығу. Көп нүктенің орнына етістіктің өткен шақ түрін қойыңыз.

1. Қыз кітап ... . 2. студенттер кітапханада журанл және газет ... . 3. Ол тез және дұрыс ... . 4. Сендер бүгін газет ... ма? 5. Біз бүгін газет ... .

1. Әсия концертке ... . 2. Декан жиналысқа ... . 3. Сендер жиналысқа ... . 4. Мен сабаққа ... . 5. Сіздер сабаққа ... .

1. Кәрім гитарада жақсы ... . 2. Студенттер пианинода ... және өлең айтты. 3. Сен кеше домбырада жақсы ... . 4. Мен домбырада нашар .. . 5. Біз далада футбол ...

Жаттығу. Мына етістіктерді бұрынғы өткен шаққа айналдырыңыз


  1. Мен музыка тыңда ... . 2. Біз көп ұйықта... . 3. Мен сіздің ауылыңызда ту... . 4. Олар қазақ тілі сабағында сөйлесуді жақсы үйрен... . 5. Володя үйге қазақша хат жаз... . 6. Әсел гитара ойна... . 7. Менің ағам заводта істей... . 8. Сіздер асханада бол... . 9. Сендер маған кел... . 10. Сіз ерте тұр... . 11. Оля дене шынықтыру жас... , суық суға шомыл... .


Жаттығу: 1. Біз Талдықорғаннан кел... . 2. Жанар осы институтта оқы... . 3. Жазда олар ауылда демал... . 4. Сен менің үйімде бол... . 5. Сіздер киноға бар... . 6. Сендер музыка тыңда... . 7. Мен жолдасымнан хат ал... . 8. Мен дүкеннен май әкел... . 9. Данияр клубта биле... . 10 Талғат

кітап оқып ... .

Жаттығу.Төмендегі етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдыр. -ма/-ме

Қараймыз, жасайсыңдар, сөйлемді, білімін, көресің, жуасыз, жинайсыздар.-ба/-бе

Жазады, қонамын, үйренеді, көнесіңдер, сеземіз, сенесіздер, жуынасың.-па/-пе

Айтамын, жатасындар, ұшамыз, ашасыз, көшеді, күтесіздер, көмектесесің.



Жаттығу.Мына етістіктерге есімшенің ар/-ер- жұрнағының бірін қосыңыз. Мысалы: сату- сат-ар-сың

Қыдыру, бату, пісу, кіру, шығу, жүргізу, сез, қону, шақыру, итеру, ұнау, беру, жабу, айту,секіру, сату,кездесу.



Жаттығу. Етістіктің жағын анықта.

Серік балмұздаққа қуанар. Әлия мен Берік осы айда үйленер.Мен мейрамханада тамақтанармын. Сіз үйден екіде шығарсыз.Сіз ертең кітапты оқып бітірерсіз. Жұмысыңыды жексенбіде істерсіздер. Сендер оқуды жақсы оқырсыңдар.Сен алтыда дайын боларсың. Студенттер тапсырманы орындар



Жаттығу. Мына етістіктерді мақсатты келер шаққа қойыңыз. Мысалы:алу- ал-мақ-сың

Айту,ашу, әкелу, төгу, жағу, отыру, білу, арту, оқу, кіру, орналасу, нанау, сөйлеу, сену, тұру, ілу, үйлену, сағыну, үндемеу, іздеу, шығу, беру, істеу.



Жаттығу. Етістікті құрамына қарай талда.

Берік биыл мектепті бітірмек. Студенттер қазақ тілін үйренбек. Сіз оқуға жазда түспексіз. Сен ауылға бармақсың. Сәкен емтиханға көп дайындалмақ.Әлішердің әкесі ауруханада емделмек. Біз түскі тамақты мейрамханада ішпекпіз. Салтанат Абай өлеңдерін кітапханадан іздемек.Әсем ертең Мәскеуге жүрмек.



«Етістік» тақырып бойынша бақылау жұмысын орындау.

 1. Болымсыз етістік жасаңдар.



а)         ки - ...                         сана - ...

            істе - ...                       жат - ...

            іш - ...                         бар - ...

            биле - ...                     жаз - ...

            кіріс - ...                      бас - ...

            жина - ...                    оқы - ...



ә) кереуетке отыр! - ...

    Есік аш! - ...

    Қатты сөйлеңдер! - ...

    Хат жазыңыз!  - ...

    Кітап әкел! - ...

    Қарындаш пен қағаз алыңдар! - ...

    Қармен ойна! - ...


б)         аудар - ...                               сөйле - ...

            қайт - ...                                 апар - ...

            күт - ...                                   тыңда - ...

            шақыр - ...                              әкел - ...



2. Мына етістіктерді жіктеңдер.

Күт – күтпе – күтпеген

Келер – келмес – келмек

3. Сөйлемдерді көшіріңдер. Сөйлемдер соңындағы –ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе болымсыз етістік тудыратын жұрнақ па, немесе шылау ма айырып, дұрысын жазыңдар.

1. Сабақтан кешік (пе).

2. Оқушылар клубқа жиналып (па).

3. Өтірік айтушы бол (ма).

4. Айтқаныма түсінбедің (бе).

5. Наданмен ерегес (пе), қатарыңнан қалыс (па).

6. Айтпадым (ба), әлде түсінбедің (бе).

4. Етістікті ауыспалы осы шаққа қойыңдар.

Біз кешке театрға (бару).

Одан үйге қашан (келу).

Студенттер оқу залында сабақ (оқу).

Олар кең бөлмеде (ұйықтау).

Сендер қайда (тұру).

Мен пианинода (ойнау).

Менің інім коньки (тебу).



5. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын жалғаңдар.

1) Мен бүгін лекцияда бола... .

2) Біз үйде сағат үште бола ... .

3) Асқар, сіз қашан келе... ?

4) Сен кітап оқып отыр... .

5) Мен мұғаліммен сөйлеспек... .

6) Ол ертең сабаққа бармақ... .

7) Мен биыл үйлене... .

8) Мұрат суық суға жуына... .

9) Сен оның сөзіне сенді... бе?



6. Етістікті ауыспалы осы шаққа қойыңдар.

1) Мен қалада (тұру). 2) Менің әкем дүкенне азық-түлік (әкелу). 3) Талғат суретті          жақсы (салу). 4) сендер көп (сөйлесу). 5) Ол маған күнде (келу).



7. Етістікті болжалды, мақсатты келер шақта жазыңдар.

ойна - ...                     отыр - ...                    жу - ...

жаз - ...                       жатыр - ...                  тара - ...

сана - ...                     пісір - ...                     сыйла - ...

айт - ...                       қара - ...                      көр - ...

8. Сөйлемді отыр, тұр етістіктерінің бірімен толықтырыңдар.

1. Қарындасым бүгін үйде ... . 2. Орындық бұрышта ... . 3. Сіз мұнда не істеп ... ? 4. Олар мәтінді аударып ... . 5. Менде ақша болмай ... . 6. Біз ұшақта ... . 7. Көрме ашық ... ма?



9. Сөйлемді аяқтаңдар.

Сиыр (не істейді?) мөңірейді.

Жылқы ...                   Ит...                            Әтеш...

Мысық...                    Қозы мен лақ ...        Түйе ...



10. Тиісті қосымшаны жазыңдар.

Мен студент... . Мен Алматы... тұрамын. Біздің үйіміз Әуезов көшесі... . Сен қазақ... ба? Сіздің әке... жас па? Біз қазақша сөйлей... . Олар ағылшын... сөйлейді. Сіздер қай тілде сөйлей... ?



11. Сөйлемді аударыңдар (Жедел өткен шақ).

1. Берік биыл мектеп бітірді.

2. Сіз Алматыда тудыңыз ба?

3. Біз асханада болдық.

4. Олар қазақ тілі сабағында сөйлесуді үйренді.

12. Етістікті жедел өткен шаққа қойыңдар.

1. Мен музыка тыңда... .

2. Біз көп ұйықта... .

3. Федор үйге қазақша хат жаз... .

4. Сіз ерте тұр... .

5. Сендер маған кел... .



13. Сөйлемдегі етістікті бұрынғы өткен шаққа айналдырыңдар.

1. Биыл мен бірінші курсты бітіремін. 2. Мұнда оқу үшін келдім. 3. Біз Алматыға жақын тұрамыз. 4. Сайра інісінен хат алды. 5. Мектепте тоғыз жүз оқушы бар. 6. Қыста адамдар жылы киім киеді.



14. Төмендегі жұрнақтармен етістіктің етіс категориясын жасаңдар:

-ыр, (-ір, -ар, -т, -с) – ыс, -іс, -ын, -ыл, -тыр, -қыз, -      оқу,  жазу, айту, сұрау, кию.

15. Берілген сөйлемдерді жазып, ондағы есімше мен көсемшені тауып, қызметін анықтаңдар:

1. Әдепті қылықтарын өзгерткен емес. 2. Бір тумақ бар, бір өлмек жоқ. 3. Абай соншалық рахаттанып, сүйсініп күлді. 4. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық. 5. Жазарың болса, айт. 6. Қазір уақыт жоқ, сосын жазарсың. 7. Ол елшінің сөзін тыңдамақ.



16. Төмендегі сөйлемдерден есімшені тауып, оның қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңдар.

1. Студенттер оқыған сабақтарынан қыста емтихан тапсырған. 2. Менің айтар сөзім таусылды. 3. Қалаға баратындармен сөйлес. 4. Кететіңдер жиналып жатыр. 5. Әсеттің әкесі кеше келген. 6. Жуған ыдыстарды Әлия сөреге қойды.



17. Мына етістіктерден есімшенің және көсемшенің үш түрін жасаңдар: істеу, орындау, түсу, көрсету, жасау, бару.

18. Етістіктің шақ формаларын анықтаңдар.

1. Әйгерім мектепке келе жатыр.

2. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы Семей облысында туған.

3. Мен асханада бір мезгіл тамақтанамын.

4. Біздің мұғалім деканда отыр.

5. Біз жазда Қырымда демалмақпыз.

6. Бұл фильмді олар кеше көріпті.

7. Ертең кешке маған телефон соғарсың.



19. Етістіктерді өткен шаққа қойыңдар.

Барды, алады, орап береді, сатып алады, жетуге болады, келеді, көтеріледі, соттайды, барады, демалады, жазады, кездеседі, ішеді, емделеді, жақсы көреді.



20. Төмендегі етістіктерді 3 шақта, етіс және рай категориясына айналдыра отырып, қойыңдар.

Хабарлау, талқылау, қолдау, аралау, қол қою, жеткізу;



21. Мына етістіктерді тиісті рай формасына қойыңдар (шартты, қалау, бұйрық рай).

а) Егер мен ішінде сапар (шегу), көптеген мәдениет орындарымен танысамын.

ә) Шетелге қызмет бабымен барып, ол мұражайларды (көру) келді.

б) Оқу бітірген соң, әке-шешеме (көмектесу) келеді.

в) Келіңдер, (танысу)!

г) Егер бастық келісім шартқа қол (қою), жұмысқа шығамын.



22. Мына етістіктерді тиісті рай формасына қойыңдар (шартты, қалау, бұйрық рай).

1. Егер мен базарға (бару), мен көкөніс сатып аламын.

2. Ол Лингвистикалық колледжде оқиды, өйткені оның аудармашы (болу) келеді.

3. Сендер кітапханаға барып, кітап (әкелу)!

4. Ертең күн суық (болу), мен жылы киінемін.

5. Жүріңдер, киноға (бару).

                    

Сын есім

Жаттығу. Cын есімдерді көшіріп жазып, қай түрі екенін ажыратыңыз.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды,

Үсті-басы – ақ қырау, түсі – суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды

Жаттығу.Мына сөздерден жұрнақтар арқылы сын есім жасаңдар.

Бас, дала, сәт, көл, түс, бала, ана, су, қыз, сүт, қала, компьютер, минерал, ауыл, жас, тіл, дәм, бұлт, ақша, жел.



Жаттығу. Мына сөз тіркестерін оқып, орыс тіліне аударыңыз.

А)ақ шаш, ақ сүт, ақ нан, ақ қағаз, ақ қар, ақ ниет.

Ә)жас өсімдік, жас ет, жас мал, жас дәрігер, жас жүрек

Б)ұзын қарындаш, ұзын мойын, ұзын көйлек, ұзын құлақ.

В)ұзақ әңгіме, ұзақ жол, ұзақ жиналыс, ұзақ сөз, ұзақ сапар.

Г)жақсы бала, жақсы ниет, жақсы сурет, жақсы білім, жақсы үлгі.

Ғ)ыстық күн, ыстық кез, ыстық тамақ, ыстық су, ыстық сүт, ыстық жүрек.

Д)сары жапырақ, сары бидай, сары май, сары қағаз, сары жұмыртқа.

Е)алтын жүзік, алтын адам, алтын күз, алтын сөз, алтын жүрек.

Ж)аз адам, аз сөз, аз ақша, аз әңгіме, аз жұмыс, аз көлік, аз тамақ.




Мысалдар

Негізгі сын есім

Туынды сын есім

Дара сын есім

Күрделі сын есім

Сапалық сын есім

Қатыстық сын есім






А

Ә

Б

В

Г

Ғ

1

Биік



















2

Таулы



















3

Ірілі-ұсақты



















4

Кішірек



















5

Қара торы



















6

Сары-көк



















7

Қара



















8

Шөптесін



















9

Ұялшақ



















10

Семіз



















11

Жылы



















12

Қой көзді



















13

Тамаша



















14

Сөзшең



















15

Әсемпаз



















16

Ауыспалы



















17

Ашық



















18

Ардақты



















19

Биік-биік



















20

Балалы



















21

Сұлу



















22

Ұзын



















23

Сұр ала



















24

Қой көзді



















25

Аппақ



















26

Пайдалы



















Каталог: uploads -> doc -> 09d4
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09d4 -> Сабақ Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі»
09d4 -> Сабақтың тақырыбы Мен (бен, пен), және шылаулары Сабақтың жалпы мақсаты
09d4 -> 7-9-сыныптар Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бекболатова Ботагоз Кунанбаевна
09d4 -> Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет