Менің пікірімше



Дата21.05.2020
өлшемі34.27 Kb.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері даму жолында көптеген бағдарламалар мен алғышарттарды жүзеге асыруда. Еліміздің экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси дамуы жасалып жатқан реформалар мен заңдар негізінде іске асырылып отырғаны белгілі. Қазақстан 20 жылдық шепті еңсерді. Еліміздің алдынан жаңа перспективалар ашылды. Алайда, бірнеше жылдан бері әлем мазасыз күй кешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілген жоқ және әлемдік қоғамдастық қысымды турбулентті жағдайда тұр.

Негізінен,қазіргі әлем барлық плюстерімен және минустерімен төтенше деңгейде өзара байланысты болып отыр. Бұл - барлық елдер де есептесуге тиісті шындық. Оның үлкен, орташа және шағын елдердің бәріне де қатысы бар. Осының барлығы мемлекеттен кесімді әлеуметтік саясат жүргізуді талап етеді. Сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді әркез бақылауда ұстап, оларға тұрақты түрде қайта жаңғыртып отыру керек.Қазақстандықтардың өмір үлгі-қалыптары тұрақты жоғарылауда. Бірақ еліміздің тұрақтылық пен игілік жемістерін қаншалықты тиімді пайдаланып келе жатқаны маңызды мәселе болып табылады. Қазақстанға экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасында тиімді тепе-теңдік табуының өмірлік маңызы бар.

Менің пікірімше:әлеуметтік мәселелерді «кейінге» қалдыруға болмайды. Ал бұл, өз кезегінде, жаһандық дауылдарға қарсы тұра алу үшін жаһандық тұрақсыздық жағдайында, жаңа ғасыр жағдайында, Қазақстан қоғамы қандай болуы керек деген сұрақтарға жауапты талап етеді. Елімідегі әлеуметтік мәселелер мен проблемаларды бірнеше бөлікке бөліп қарастыруға болады. Барлық маңызды салалар - білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, азаматтық қоғам институттарының қызметі және т.б. - арнайы заңнамалық актілермен реттеледі. Енді еліміздегі барлық әлеуметтік мәселелерді мына проблемалар бойынша жіктеуге болады. Оларға:орта тап өкілдерінің аздығы, маскүнемдік, қарақшылық, баспанасыздық, жұмыссыздық, жоғарғы өлім көрсеткіші, қоршаған ортаның ластануы, мүгедектер жағдайы, сыбайлас жемқорлық, нашақорлық, балалар құқығының бұзылуы, төменгі туу көрсеткіші, кәрі кісілер жағдайы, өзін өзі өлтіру, діни келіспеушілік, терроризм, жезөкшелік және т.б. жатады. Осы аталған проблемалардың Қазақстан қоғамына және әлеуметтік өміріне әсері жайында толығырық айтсақ.

Бірінші мәселе – маскүнемдік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстан маскүнемдікке салынған азаматтар санының көптігі жағынан әлем бойынша алғашқы ондықтың қатарында тұр екен. Әрине, бұл - дабыл қағатын жағдай. Осыған қарап, егемен елдің ертеңі үшін алаңдауға негіз бар. Себебі, мамандардың пікірінше, алкогольдік ішімдіктер адам ағзасын улап қана қоймай, түрлі ауруларға шалдығуына себепкер болады. Статистикалық деректер бойынша елімізде ішкілікке салынудың салдарынан жыл сайын 28 мыңға жуық адам бауыр, жүрек-қан тамырлары, асқазан жарасы, ми инсульті тәрізді дерттерді асқындырып алып, жарық дүниемен қоштасады екен.

Арнайы зерттеулер маскүнемдер отбасында туған балалардың басым бөлігінің денсаулығы нашар, қабілеті төмен болатынын дәлелдеген. Мәселен, француз дәрігерлері маскүнемдікке салынған он отбасында дүниеге келген 57 балаға зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, 25 бала сәби кезінде шетінеген, 5 бала тырысқақ ауруына, 5-уі ауыр ми ісіктеріне шалдыққан. Сондай-ақ, 12 баланың ақыл-есі кем болып туса, қалған 10 баланың ғана денсаулығы салыстырмалы түрде дұрыс дамығандығы белгілі болған.



Мұндай жағдайдан кейін маскүнем адамы бар отбасында дүниеге келген бейкүнә сәбилердің болашағына үмітпен емес, күдікпен қарамасқа амал жоқ. Әсіресе, «ұрпақтың саулығы – ұлттың саулығы» деген қағиданы ұстанған елімізде бүгінгі күні маскүнемдікке салынған жастар қатарының жыл сайын көбейіп бара жатқаны өкінішті. Отандық наркологтардың айтуынша, соңғы үш-төрт жылда маскүнемдікке бет бұрған балалардың саны 10 есеге артқан. Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда бір жыл бойы сатылатын арақ-шарап өнімдерінің мөлшері жан басына шаққанда әрбір адамға 12 литрден келеді екен. Халықаралық сараптау нәтижесі бұл көрсеткіш 8 литрден асқан жағдайда, ондай елдің болашағы қауіпті екенін алға тартады.Мамандардың сөзіне қарағанда маскүнемдікке салынатындардың үштен бірін психологиялық ауытқуларға ұшырағандар құрайды екен.

Екінші мәселе - қарақшылық, қылмыскерлік. Қазақстанда қылмыс жасаушылардың саны артып барады. Ресми мәлімет қылмыскерлердің көбі жұмыссыздар екендігін айтады. Әйелдер мен кәмелетке толмаған балалардың арасындағы қылмыс да көбейген. Қазақстан статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, 2011 жылдың қаңтар-шілде айларында қылмыс жасаушылардың саны өскен. Осы уақыт ішінде республикада 97 692 қылмыс тіркелген.

Қорытындылай келе, Елбасымыз атап айтқандай, «сыбайлас жемқорлықпен күрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес, бұл – мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының тұтас кешені» болып табылады. Сол себепті әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет