«Менің тұңғыш Президентім» (1 желтоқсан – тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық әңгіме) Мақсаты



Дата21.11.2016
өлшемі459,93 Kb.
#2240
«Менің тұңғыш Президентім»

(1 желтоқсан – тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық әңгіме)



Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру, үлгі-өнеге ету, балаларды Отанын,халқын, жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың суреті, буклет және ғылыми еңбектері мен кітаптары.

Барысы: 1.Өмірбаяны

2.Елбасының қызмет жолы

3.Елбасының ғылыми еңбектері

4.Елбасының кітаптары

5.Дәйексөздері

6. Реформалары

7.Н.Назарбаев атындағы оқу орындары



Кітапханашы: - Құрметті оқушылар! 1-желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Еліміздің Тәуелсіздігінің 21 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты 1-желтоқсанды мемлекеттік мереке ретінде аталуы жөнінде заң қабылдады. Себебі 1991 жылы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы болып сайланды. Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15-маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды.Ол осы жетістіктеріне өзінің табандылығы мен еңбеккерлігінің арқасында жетті. Талай қиыншылықты елмен бірге көріп, батыл қадамдарарқылы,елімізді дүние жүзіне әйгілі мемлекет ретінде танытып отырған – осы Елбасымыз. Ендігі Қазақстанның тағдыры жастардың қолында екендігін Елбасымыз үнемі айтады, яғни сендердің қолдарыңда.

Елбасымыздың өмірбаяны Тәуелсіз Қазақстанның тарихымен тікелей байланыста. Бүгінгі күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті.Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.

Ұқсаған жарқылдаған жасындарға,

Жарасар сөз мәйегі асылдарға.

Әр ісі әр дәуірге үлгі болып,

Аты қалар ғасырлардан ғасырларға.

Туған ел биік болсын бақ талайық,

Егемен елім бар деп мақтанайын.

Ендеше жерге қорған, елге сүйеу

Нұрсұлтан өміріне тоқталайық.

1- Дария: Елбасының өмірбаяны.

2- Айбаршын; 3- Тайлан: Елбасының қызмет жолы.

4- Ерсайын: Елбасының отбасылық жағдайы.

5- Мадина: Елбасының ғылыми еңбектері:

6 - Асанәлі: Кітаптары

7 – Арыстан: Дәйексөздері

8 – Нұрасыл; 9 -Айгерім: Реформалары

10 -Ділназ: Н.Назарбаев атындағы оқу орындары

11-Шехислам: «Елбасына» атты өлеңін мәнерлеп оқу

Қорытынды: Осымен 1 желтоқсан – тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық әңгімемізді аяқтаймыз.



Өткізген: кітапханашы, 4 «а» сынып оқушылары




Каталог: 887344EE9999D2F9
887344EE9999D2F9 -> «математикалық сандық» ойыны
887344EE9999D2F9 -> Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы «Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жұмыс жоспары 2014-2015 оқу жылы
887344EE9999D2F9 -> Сабақтың түрі: Сабақтың өту барысы: Аралас сабақ Оқушыларды ұйымдастыру
887344EE9999D2F9 -> Ата аналарға арналған сауалнама
887344EE9999D2F9 -> Орта мерзімді сабақ жоспары
887344EE9999D2F9 -> Педагогтың шығармашылық Өсу картасы
887344EE9999D2F9 -> 7 модуль бойынша білім беруді көздейді
887344EE9999D2F9 -> Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе
887344EE9999D2F9 -> Бекітемін: Астрахан №1 орта мектебі директоры


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет