Менің тұңғыш Президентім Дайындаған: Жунусканова Гульдана Сабыржановна. «Озерки жалпы орта білім беретін мектебі»



Дата31.12.2019
өлшемі40.36 Kb.
Менің тұңғыш Президентім

Дайындаған: Жунусканова Гульдана Сабыржановна. «Озерки жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Бүлдіршін» екінші кіші шағын орталық тобы.

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!

Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.

Түрі: тәрбие сағаты

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз. Балалар бүгінгі ашық сабағымызды әнұранмен ашайық.

Әнұран.

Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Тәрбиеші: Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Оның 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.



Тәрбиеші: Балалар, сендер білесіңдер ме, 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

«Таңбасыз ел болмайды, Найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы. Кез келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады.

Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.

Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков.

Тәрбиеші: - Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып берейін, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

Қазақ елі желбіреп көк байрағың

Гүлге оранды ауылың мен аймағың

Нұрсұлтаның биіктерге бастады

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Тәрбиеші: - Балалар, қазір мен сендерге сұрақтар қоямын, сендер ол сұрақтарға жауап бересіңдер. Жақсы, келістік пе?

- Иә!


Сөзжұмбақтың сұрақтары:

 1. Біздің мемлекетіміздің аты?

 2. Біздің Елбасымыз?

 3. Қазақстан Республикасының астанасы?

 4. Біздің тіліміз, ұлтымыз қандай?

 5. Ал, ұлттық валютамыз, ақшамыз, қалай аталады?

(Балалар сұрақтарға жауап береді).

Тәрбиеші: - Балалар, бүгінгі тәрбие сағатын «Жаса, Қазақстан» әнімен аяқтайық.

Ән: «Жаса, Қазақстан!»

Тәрбиеші: - Балалар, Елбасы күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.

«Менің тұңғыш Президентім» атты тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты 30 қараша 2015 жылы өткізілді. Бұл мерекелік іс-шара «Озерки жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Бүлдіршін» екінші кіші шағын орталық тобының тәрбиешісі Жунусканова Гүлдана Сабыржановнаның ұйымдастыруымен жүргізілді. Тәрбие сағатына «Озерки жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Бүлдіршін» екінші кіші шағын орталық тобының тәрбиеленушілері қатысты.



Тәрбие сағатының мақсаты:

- ҚР –ның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

- Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

- Тәрбиеленушілердің жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Тәрбиеленушілерге ел тарихында алғашқы рет күнтізбеге демалыс күн ретінде енетін айтулы мейрамның мәні мен мазмұны Елбасымыздың тәуелсіз Қазақстанның өнеркәсібі өркендеген, өзін өзге елдерге іргелі мемлекет қалпында таныта білген Президентіміздің ролі презентациялар, видеобейнелермен баяндалды.

Елбасымыздың өмірбаяны, еңбек жолы, тұңғыш президентіміздің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемелекеттік мерекелері мен елдігін танытатын рәміздері туралы тәрбиеленушілерге видеопрезентация көрсетілді.



Жалпы, тәрбиелік сағат үлкен патриоттық сезімде өзінің көздеген мақсатына қол жеткізіп, өз деңгейінде жоғары дәрежеде өткізілді.

Осындай отансүйіспеншілікке, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейтін іс-шаралар әрі қарай өз жалғасын табуда.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет