Мерзім: 29. 04. 2016 жыл Тақырып: «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» Құндылық



Дата10.03.2017
өлшемі45,43 Kb.
#11246
түріСабақ
Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Кентау қаласы №14 әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы

Мерзім: 29.04.2016 жыл

Тақырып: «Таза болса табиғат, аман болар адамзат»

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: қамқорлық, аялау, қадірлеу

Мұғалім: Исаева Кенже Жұмабайқызы

Сынып: 4 сынып

Сабақ түрі: кіріктірілген (дүниетану, әдебиеттік оқу, музыка)


Сабақ мақсаты: Оқушылардың “табиғат”, “денсаулық” құндылықтары және “табиғатқа қамқорлық” адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:

  • Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру

  • Денсаулығын күту іскерліктерін дамыту

  • Табиғатты, халқын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.





Ресурстар:

Интерактивті тақта, слайдтар, үнтаспа, ақ қағаздар, ағаш көшеті, құнарлы топырақ, ыдыс, себет, жемістердің суреті.


Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті. «Табиғат аясына серуен (Шопен, «Көктем вальсі» әуені)

Жайланып отырамыз. Көзімізді жұмып, терең тыныс аламыз. Біз табиғат аясына саяхатқа шығайық. Өзіміздің табиғаттың ең көркем жерінде жүргенімізді елестетейік. Біз жұмсақ жерде жалаң аяқ жүрміз. Жасыл шөп аяғыңды сипап жатқанын сезінейік. (Тыныштық). Ашық аспаннан күннің көзі шуағын шашып, жер бетін қыздыруда. (Тыныштық). Біз сан алуан гүлдердің хош иісін, шипалы шөптің және балдың иісін сеземіз. (Тыныштық). Құлағымызға судың сылдырап аққан дыбысы, құстардың көңілді дауыстары естіледі. (Тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат-анамызды тыңдайық. Бар жақсылық, бар мейірім осы Табиғат-анадан бастау алатындай. Осы тамаша сезімді жүрегімізде сақтайық. Көзімізді ашып, күлімсірейік.

Үй тапсырмасын сұрау: «Су – өмір көзі»

Үнтаспа


Әңгімелесу.



  1. Біздің табиғат аясына жасаған серуеніміз ұнады ма?

  2. Табиғатты неге біз Анаға теңейміз?

  3. «Табиғат пен адам – егіз» дегенді қалай түсінесің?






Дәйексөз:

Мың шыбық шаншып, өсірсең, халқыңа орман салғаның,

Халқыңа орман салғаның – өзіңе қорған салғаның.



Халық даналығы

  • Дәйексөзбен танысу, мәнін түсіну, есте сақтау;

  • «Мың шыбық ексең, халқыңа орман салғаның» дегенді қалай түсінесің?

  • Халқыңа салған орман өзіңе қалай қорған болады деп ойлайсың?

  • Ағаш егу жайлы не айта аласың?






Табиғатқа арнап өлең жазбаған ақын, табиғаттың суретін

салмаған қылқалам шебері жоқ. Осы тұста қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың табиғат лирикасы жайлы айтпасақ болмас.

(Балалар өздері білетін өлеңдерін мәнерлеп айту, әннің бір шумағын шырқап беру).






Мәтінмен жұмыс:

«Алтын балық» ертегісін баяндап беремін. Ертегі желісі бойынша сұрақтар қойып, пікірлерін ортаға салу.


  • Жігіт басында қалай өмір сүрді?

  • Оның өмірінің өзгеруіне не себеп болды?

  • Жігіт неге өкінді?






Ән шырқайық бәріміз! «Көктем келді» әні.

Топпен үнтаспаға қосылып ән айту.

Үнтаспа

Мұғалім сыйы:

«Адамның табиғатқа қамқорлығы жайлы аңыз-әңгіме»

Аңыз-әңгімеден түйген ойларын ортаға салу




Шығармашылық жұмыс

Топтық жұмыс. «Егер де мен .......... болсам:

І топ: депутат;

ІІ топ: әкім;

ІІІ топ: кәсіпкер.

Оқушылардың өз ойтолғауларын жазып, жария етуі.

Себет, жемістердің суреті, ақ қағаздар


Оқушылардың ағаш көшетін отырғызып, табиғатқа арнап жылы лебіздерін айтуы.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: «Алтын балық» ертегісі бойынша дәптердегі тапсырманы орындау.

Соңғы тыныштық сәті

Ағащ көшеті, ыдыс, құнарлы топырақ


Кентау қаласы

Әл-Фараби атыңдағы №14 мектеп-гимназиясы

Пәні: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Таза болса табиғат, аман болар адамзат»

Өзін-өі тану пәнінің мұғалімі:

Исаева К.Ж.



2015-2016 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 0866
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0866 -> Сабақ №1 Күні: 11. 2016ж. Тренер: Назарбекова Ф.Қ. 1-сабақ- 1сағ. 30 мин. 2-сабақ- 1сағ. 30 мин
0866 -> Сабақ жоспары Сыныбы: 4г Пәні: Еңбекке баулу
0866 -> Сабақ жоспары «Бизнес-ойын»
0866 -> Оқулықпен жұмыс 27 Пайдаланылған әдебиеттер 31


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет