Мерзімі: Сынып: 7 Пән: География



бет1/3
Дата19.02.2017
өлшемі0,59 Mb.
#11013
  1   2   3

Мерзімі:

Сынып: 7

Пән: География

Сабақтың тақырыбы:

Жауын- шашынның таралуы климаттық белдеулер,климат қалыптасуына әсер ететін факторлар. Жер шарының климаттық белдеулері.

Сабақтың мақсаты:

Жер ғаламшарындағы жауын-шашынның таралуы,климаттық белдеулер жайында мағлұмат беру,оның өміріндегі маңызына тоқталу.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

«Ыстық орындық», «Миға шабуыл», Тұжырымдамалық карта, географиялық диктант, Венн диаграмасы, картамен жұмыс,


Табыс

критерийі:

Жер ғаламшарындағы жауын-шашынның таралуы,климаттық белдеулер,оның маңызы жайында білетін болады...Топтық жұмыстағы жолдастық көмекті үлгі ету арқылы топтық жұмысқа бейімделеді

Сабаққа қажетті көрнекіліктер мен құралдар:

Карта, стикерлер, атлас, кескін карта, қима қағаздар,интербелсенді тақта


Күтілетін нәтиже:

Оқушылар климат туралы біліп үйренеді.Климаттық белдеулер туралы алған білімдерін толықтырады.

Сабақтың кезеңі:


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Ресурс

тар мен жабдықтар

І. Ұйымдастыру:


1.Сәлемдесемін;

2.Топқа бөлемін;2мин



1-топ «Экваторлық белдеу»

2-топ «Тропиктік белдеу»

3-топ «Қоңыржай белдеу»

4-топ «Артикалық белдеу»

Оқушылар сәлемдеседі;

Топ атауларына байланысты жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді.




Қима қағаздар

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

«Автор орындығы әдісі»

Әр топтан тақтаға оқушы шығарады,оған өзге топтардың сұрақ қоюын тапсырамын




Оқушылар үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қояды



ІҮ. Жаңа сабақ жоспары:

Білім:


«Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар қоямын

  1. Климат дегеніміз не?

  2. Қандай ауа массалары бар?

  3. Жер шарында қандай климаттық белдеулер бар?




Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.





Түсіну:


Әр топқа мәтінмен жұмыс жасауды тапсырамын, қосымша ресурстар таратамын

Әр топ мәтінмен жұмыс жасайды, тұжырымдамалық картаға өз ойларын түсіреді

Постер

Қолдану:


«Географиялық диктант»

1.Субтропиктік-бұл белдеуде тропиктік және қоңыржай ауа массаларының әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.

2.Субарктктикалық- ұзақ әрі қатал қыс қоңыржай ауа массасының енуіне байланысты қысқа әрі салқын жазға ауысады.

3.Тропиктік-бұл белдеуде жазғы температура өте жоғары, ал қыста сәл төмендеу болады.

4.Қоңыржай – бұл белдеуде жыл мезгілдері айқын байқалады, бүкіл жыл бойы бір ғана ауа массасы әсер етеді.

5.Экваторлық- бұл белдеуде ауа температурасы жыл бойы жоғары, жауын-шашынның жылдық мөлшері өте мол және біркелкі.

6.Жауын-шашынның таралуына географиялық ендік әсер етеді.

7.Негізігі климаттық белдеулер төрт ауа массаларының жыл бойы басым әсер еттетін аудандарына сәйкес келеді.



Оқушылар «Географиялық диктант» бойыншат жұмыс жасайды


қима қағаз

Талдау:


Венн диаграммасын таратамын

Ауа массалары ұқсастығы климаттық белдеулер


А тобындағы оқушыға берілетін тапсырма: Сәйкестендіру кестесі

В тобындағыоқушығаберілетін тапсырма: Климаттық белдеулерді (кесте арқылы)

С тобындағы оқушыға берілетін тапсырма: Жауын-шашынның таралуын (топтастыру)

Оқушыларға салыстырмалы түрде Венн диаграммасын толтырады

А;В;С тобындағы оқушылар берілген тапсырманы орындайды

Қима қағаз.


Жинақтау:


Кескін картамен жұмыс.Жер шарындағы климаттық белдеулерді кескін картаға түсірулерін тапсырамын.

Оқушылар берілген кескін картамен жұмыс жасайды

Кескін карта

Бағалау:


«Туған жер табиғаты» тақырыбында ой толғаныс жазуды тапсырамын

Оқушылар ой-толғаныс жазады

Жоқ

Ү. Бағалау:

Топтағы оқушыларды белсенділігене және жұмыс жасауына қарай бағалау парағы арқылы бағалаймын

бағалау парағын топ басышысы қортындылап бағалайды

Бағалау парағы

ҮІ. Үй тапсырмасын беру:

8-тақырып, кескін картамен жұмысты аяқтау


Күнделіктеріне жазып алады.

Power Point

Рефлексия:


«Екі жұлдыз, бір тілек» жаңа тақырып бойынша өз әсерлерін,ұсыныстарын көрсетулерін тапсырамын.

Жаңа сабақтан түйген ойлары бойынша өздерінің алған әсерлерін көрсетеді

стикерлер


Жауын-шашынның таралуы, климаттық белдеулер және климат қалыптастырушы факторлар тақырыбы бойынша өтілген сабағыма рефлексивті есеп

Осы аталған тақырыпта ашық сабақ өту мақсатым мектеп ұжымына ашық есік ұйымдастырып, өз тәжірибеммен бөлісу болды. Сабақты өтпес бұрын сабағымды жоспарлаудан бастадым. Әрине, жеті модульді енгізуге тырыстым. Бірақ сабақ өту барысында ойдағының бәрі жүзеге аспады. Оқушылар диалогтік қарым-қатынасқа түсе білді. Алайда, ақпараттық коммуникативтік технологияны оқушылар пайдаланған жоқ. Өз сабағымда слайд түрінде және электронды оқулықты қолдандым. Оқушылар сабақ басталмас бұрын жаңа сабаққа қатысты климаттық белдеу аттарымен топтарға бөлінді. Әр топта әртүрлі топ атауы жазылған қағаздар тұрды. Қай оқушы қандай топ атауы жазылған қима қағазды алса сол топқа барып отырды. Бұл сыныпта сабақтар топтарға бөлініп оқытылмасада топқа бөлінуде оқушылар шатаспады. Топқа бөлудегі мақсатым оқушылар бір-бірімен диалогтік қарым-қатынасқа түсіп, бір-бірімен пікір алмасады.Үй тапсырмасын «Автор орындығы» бойынша сұрадым оқушылар үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпті. Ауа массалары туралы біраз ізденгендері байқалады. Бұл әдісті сабағыма қолдану себебім, әр оқушы өзін автор ретінде сезініп, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландырады. Жаңа сабақтың тақырыбын бірден жария етуге болмайды. Себебі оқушының ойлау қабілеті мен болжамдау қасиетін арттыруымыз керек. Осы мақсатта мен оқушыларға өтілген тақырыппен байланыстыра отырып сұрақтар қойдым. Оқушылардың бәрі бірдей дұрыс жауап бере алмаса да, дұрыс жауап беріп жатқандар кездесті. Бұл әдіс «Миға шабуыл» деп аталады. «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыда сыни көзқарас пайда болады. Сыни көзқарасты қалыптастыра отырып, жаңа сабағымызды электронды оқулықтан жаңа сабаққа байланысты бейне көрініс көрсетуден бастадым. Жаңа сабақ барысында әр топқа өз атауларына байланысты қосымша материалдар тараттым және сол тақырыптар бойынша оз ойларын ортаға салды, әр топ өз жұмыстарын тұжырымдамалық картаға түсіре отырып қорғады. Бұл әдіс «тұжырымдамалық карта» ойыны деп аталды.Сабақ барысында оқушыларға геодиктант, венн диаграммасы, кескін картамен жұмыс сияқты тапсырмалар берілді.Кескін картамен жұмыс кезінде С деңгейіндегі оқушы Бөпетай Беркімбай ерекше белсенділік танытып,картаға климаттық белдеулерді нақты түсіре білді. Бөпетай Беркімбайдың тапсырманы тез әрі нақты орындайды деп ойламаған болатынмын. Себебі басқа сабақтарда Беркімбай сабаққа салғырттау қарайтын.Сабақтың бекіту кезеңінде оқушыларға «Туған жер табиғаты» тақырыбында эссе жазу тапсырылды. Эссе жазуда Әлиева Айгерімнің шығармасы өте сәтті шықты.Ол өз шығармасында Қазақстаннның қай климаттық белдеуде жатқанын өмірмен байланыстыра отырып суреттеді. Сабақтың бағалау кезеңінде әр топқа берілген бағалау парақшалары мен формативті бағалау жүргіздім.



Сонымен қатар сабақ барысында топтың алдына кері байланыс парағы таратылған болатын. Сабақ аяқталғаннан кейін оқушылар кері байланыс парағын толтырды. Сабақ аяқталғаннан кейін кері байланыс парағын қарадым. Сыныптағы бір-екі оқушы өздерінің сабақ барысындағы белсенділік таныта алмағандығын жазыпты. Сонымен қатар көңіл-күйлерінің орташа деңгейде болғанын көрсеткен. Кері байланыс парақшаларына қарап отырып келесі сабақтарымда сол оқушыларға назар аударып, тапсырманы орындауда жетістіктерін бағалауға тырысамын. Тек сол оқушыларға ғана емес, бүкіл сыныпты сабақта қамтуға тырысамын.


Каталог: uploads -> doc -> 122d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
122d -> Пәні: Қазақ тілі 4- сынып Біріккен сөздер
122d -> Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы Сабақтың мақсаты: а білімділігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет